209
Көмірсулар номенклатурасының негізін моносахаридтердің
тривиалды атаулары құрайды: ксилоза, рибоза, глюкоза, фруктоза
т.б. Кетозалар атына
– улоза деген жалғау қосылады: мысалы, кетоза С
5
– пентулоза.
Барлық моносахаридтерге оптикалық изомерия тəн, яғни
олардың D жəне L түрлері болады.
Моносахаридтердің молекулаларын бейнелеу үшін Хеуорс
формулаларын (перпективтік) пайдалануға болады.
Олигосахаридтерді екі топқа бөледі:
-
тотықсызданбайтын;
- тотықсызданатын.
Олигосахаридтер ішінде табиғатта көп таралғаны: дисахарид-
тер (мальтоза, сахароза, целлобиоза т.б.).
Табиғаттағы көмірсулар көбінесе полисахаридтер түрінде
кездеседі (крахмал, гликоген, целлюлоза, хитин т.б.).
Полисахаридтер
ішінде крахмал мен гликоген ағзада қор
14–519
210
ретінде
жиналады, өсімдік жасушаларында – крахмал, жануарлар
жасушасында – гликоген.
Көмірсулардың атқаратын қызметтері қандай?
1. Көмірсулардың энергетикалық қызметін көбінесе қор тү-
рінде болатын крахмал мен гликоген атқарады. Ағзаға қажетті
энергияның 70%-ын қамтамасыз етеді, 1 г көмірсу ыдырағанда ~
16,9 кДж энергия бөлінеді.
2. Тіректік қызмет. Өсімдіктерде целлюлоза, адам сүйегінде
хондроитинсульфат тіректік қызмет атқарады,
белоктармен, ли-
пидтермен қосылып, барлық биомембраналар құрамына кіреді.
3. Қорғаныштық қызмет. Қышқылдық гетерополисахаридтер:
мысалы, гиалурон қышқылы, кератосульфат (көздің мүйіздік қа-
батында т.б.) биологиялық майлағыш зат ретінде қолданылады.
Синовиалды сұйықтық қан тамырларында, асқорыту жолдарын-
да, өңеште, қолқада, буындарда қорғаныштық қызмет атқарады.
4. Гидроосмостық жəне ионды реттеушілік қызмет. Мысалы,
гиалурон қышқылы гидрофилді молекула, ол жасушааралық су мо-
лекулаларын жəне
катиондарды байланыстырып, жасушааралық
осмостық қысымды реттеп отырады.
5. Кофакторлық қызмет. Кейбір гетерополисахаридттер ко фак-
торлық қызмет атқарады, Мысалы, гепарин белокпен байланы-
сып, активті полисахаридті белок комплексін түзіп, қанды ұюдан
сақтауға
қатысады, қандағы майлардың ыдырауын күшейтіп,
олардың қандағы мөлшерін азайтуға да ықпалын тигізеді.
6. Белок, нуклеин қышқылдары, липидтер синтезіне қажетті
көміртек көзі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: