Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 28 қазан №1225 Астана, Үкімет Үйі



Дата22.08.2017
өлшемі175,83 Kb.
#24153
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2011 жылғы 28 қазан №1225 Астана, Үкімет Үйі
Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері

бойынша оқыту, нұсқама беру және олардың білімдерін тексеру

қағидалары мен мерзімін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15-бабының 25) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, нұсқама беру және олардың білімдерін тексеру қағидалары мен мерзімі бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы«28» қазандағы



№1225 қаулысымен

бекітілген


Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, нұсқама беру және олардың білімдерін тексеру қағидалары мен мерзімі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15-бабының 25) тармақшасына сәйкес әзірленді және қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, нұсқама беру және олардың білімдерін тексерудің тәртібі мен мерзімін айқындайды.

2. Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды, нұсқама беруді және олардың білімдерін тексеруді жұмыс беруші өз қаражаты есебінен жүргізеді.

3. Жұмысқа қабылданған адамдар міндетті түрде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша жұмыс беруші ұйымдастырған алдын-ала оқытудан өтеді, кейіннен міндетті түрде оның білімін тексеру жүргізіледі. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша алдын-ала оқытудан, нұсқама беруден және олардың білімдерін тексеруден өтпеген қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді.

4. Өндірістік ұйымдардың қызметкерлері, басшы қызметкерлері мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың тізімін, оқыту жүргізіліп жатқан жұмыстар мен мамандықтар тізбесін, сондай-ақ оқытудың тәртібі мен нысанын жұмыс беруші мамандықтың сипатына, жұмыс түріне, өндірістің ерекшелігі мен еңбек қауіпсіздігі жағдайына қарай, қызметкерлердің өкілдерімен келісе отырып, ал ол болмаған жағдайда жұмыс берушінің актісімен белгілейді.
2. Ұйымдарда қызметкерлерді кәсіптер бойынша оқыту және білімін тексерудің тәртібі
5. Қызметкерлерді жұмысшы кәсіптер бойынша оқыту және білімдерін тексеру жылына кемінде 1 рет жүзеге асырылады. Қызметкерлерді жұмысшы кәсіптер бойынша оқыту еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімдерін тексерумен (емтиханмен) аяқталады. Білімді тексеру нәтижесі осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес хаттамамен ресімделеді.

6. Өндірістік ұйымдарда кәсіптер бойынша оқытуды (сабақтар, дәріс, семинарлар) жұмыс беруші тиісті саладағы жоғары білікті мамандарды, тәжірибелі инженер-техникалық қызметкерлерді және ұйымның өзінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметін тарта отырып жүргізеді.

7. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқу бағдарламалары осы ұйымның ерекшелігін ескере отырып, теориялық және өндірістік оқытуды көздеуі және оны жұмыс беруші бекітуге тиіс.

8. Еңбектің қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне өндірістік оқыту ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға жауапты адамдарының басшылығымен оқу сыныптарында, шеберханаларда, учаскелерде жүргізіледі.

9. Еңбек қауіпсіздігінің заңнамада белгіленген арнайы талаптары қойылатын жұмыстармен байланысты жекелеген өндірістерде қызметкерлер қосымша арнайы оқудан өтеді.

10. Жұмыстың, лауазымның, мамандықтың осы түрі бойынша жұмыста үш немесе одан да көп, ал қауіптілігі аса жоғары жұмыста – бір жылдан артық уақыт үзілісі бар қызметкерлер өздік жұмыс басталғанға дейін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан өтеді.

11. Жұмыс берушінің бұйрығымен құрамы үш адамнан кем болмайтын емтихан комиссиясы құрылады.

12. Комиссия төрағадан, хатшыдан және комиссия мүшелерінен тұрады. Емтихан комиссиясының құрамына тиісті комиссиядан білімін тексеруден өткен бөлімшелердің басшылары, ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің мамандары, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдар, кәсіпорынның еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторы кіреді.



13. Емтихан комиссиясының жұмыс істеуі тұрақты негізде жүзеге асырылады.

14. Емтихан комиссиясының жұмыс тәртібін жұмыс беруші айқындайды.

15. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімі тексерілетін қызметкерлер оны өткізуден отыз күн бұрын ескертілуге тиіс.

16. Білімін тексеруден ойдағыдай өткен қызметкерге осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес куәлік немесе хаттамадан үзінді көшірме беріледі.

17. Қызметкер қанағаттарлықсыз деген баға алған жағдайда, білімін қайта тексеру бір айдан кешіктірілмей белгіленуі керек. Білімін қайта тексеруге дейін қызметкер өздік жұмысқа жіберілмейді.
3. Өндірістік ұйымдардың басшы қызметкерлері мен еңбек қауіпсіздігі

және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек

қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқытудың және білімін

тексерудің тәртібі

18. Өндірістік ұйымдардың басшы қызметкерлері мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдары (бұдан әрі – басшы қызметкерлер) мерзімді, бірақ үш жылда кемінде бір рет тиісті білім беру ұйымдарындағы біліктілік арттыру курстарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан және білімін тексеруден өтеді.

19. Басшы қызметкерлерге арналған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқу бағдарламалары экономика саласындағы ұйымдардың ерекшелігін ескере отырып, теориялық және өндірістік оқытуды көздеуі және оны еңбек жөніндегі аумақтық мемлекеттік орган бекітуге тиіс.

20. Басшы қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту (сабақтар, дәріс, семинарлар) мемлекеттік қадағалау және бақылау органдары мамандарын, оқу орындарының оқытушыларын, тәжірибелі заңгерлер мен инженерлік-техникалық қызметкерлерді және ірі өнеркәсіп ұйымдарының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметін тарта отырып жүргізіледі.

21. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша басшы қызметкерлердің білімін тексеруді оқу бағдарламасы аяқталғаннан кейін біліктілікті арттыру курстарында (сабақ болған жерде) еңбек жөніндегі аумақтық мемлекеттік органның бұйрығымен құрылған, құрамы үш адамнан кем болмайтын емтихан комиссиясы жүргізеді.

Емтихан комиссиясының жұмыс істеуі тұрақты негізде жүзеге асырылады.

22. Комиссия төрағадан – мемлекеттік еңбек инспекторынан және комиссия мүшелерінен тұрады. Емтихан комиссиясының құрамына біліктілікті арттыру курсының басшысы, сондай-ақ мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының мамандары (келісім бойынша) кіреді.

23. Басшы қызметкерлердің білімін тексеру үшін емтихан комиссиясы тестілеу әдісін немесе емтихан билеттерін пайдалана алады. Емтихан билеттері немесе тест өндірістік ерекшеліктерді, мамандарға қойылатын біліктілік талаптарын және оқу бағдарламасын ескере отырып әзірленеді.

24. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша басшы қызметкерлердің білімін тексергеннен кейін емтихан комиссиясы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімін тексеруден өтті;

2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімі қайта тексерілуге тиіс.

25. Емтихан комиссиясының шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

26. Басшы қызметкерлердің білімін тексеру нәтижелері осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес хаттамамен ресімделеді. Хаттамаға төраға және емтихан комиссиясының мүшелері қол қояды.

27. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімін тексеруден өткен басшы қызметкерлерге осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес Қазақстанның барлық аумағында жарамды белгіленген үлгідегі сертификат беріледі.

28. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімін тексеруден өтпеген басшы қызметкерлер білімін қайта тексергенге дейін өздерінің атқаратын лауазымдарында қалады. Білімін қайта тексеру алғашқы білімін тексеру өткен күнінен бастап үш айдан кешіктірмей өткізіледі.

29. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімін қайта тексеруден өтпеген басшы қызметкер Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыстан шеттетіледі.

30. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген мерзімнен тыс білімін қайта тексеруден басшы қызметкерлер мына жағдайларда:

1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде жаңа нормативтік құқықтық актілер қолданысқа енгізілгенде, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде;

2) жұмыс берушінің шешімі бойынша пайдалануға жаңа жабдықтар мен жаңа технологиялық үдерістер енгізілген кезде;

3) жұмыс берушінің шешімі бойынша жауапты адам басқа жұмысқа ауыстырылған немесе ол еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша қосымша білімді талап ететін басқа лауазымға тағайындалған кезде;

4) жазатайым оқиғаларды тексеру жөніндегі комиссияның шешімі бойынша соңы адам өлімімен немесе мүгедектікпен аяқталған топтық жазатайым оқиғалар орын алған кезде, сондай-ақ авария, жарылыс, өрт немесе улану кезінде;

5) жұмысында бір жылдан астам уақыт үзіліс болған кезде өтеді.

31. Емтихан комиссиясының шешіміне байланысты дауларды еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган немесе сот қарайды.

32. Жұмысқа қабылданған басшы қызметкерлер еңбек шартына қол қойған күннен бастап бір айдан кешіктірмей еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімін тексеруден өтеді.

33. Ұйымдарда басшы қызметкерлердің оқудан және білімін тексеруден уақтылы өтуін бақылауды жұмыс беруші осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.
4. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқама беру тәртібі
34. Нұсқама сипаты мен жүргізілу уақытына қарай былай бөлінеді:

1) кіріспе;



2) жұмыс орнындағы алғашқы;

3) қайталама;

4) жоспардан тыс;

5) мақсатты.



35. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша кіріспе нұсқама білімі, осы кәсіп немесе лауазым бойынша жұмыс стажына байланыссыз жұмысқа жаңадан қабылданған барлық қызметкерлерге, уақытша қызметкерлерге, іссапарға келгендерге, өндірістік оқуға немесе тәжірибеге келген оқушылар мен студенттерге жүргізіледі.

36. Ұйымдағы (кәсіпорындағы) кіріспе нұсқаманы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қызмет немесе бұл міндеттер ұйым бұйрығымен жүктелген тұлға жүргізеді.

37. Кіріспе нұсқаманы жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі стандартының талаптарын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағиданы, нормалар мен нұсқаулықтарды ескере отырып бекіткен, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағиданы әзірлеген бағдарлама бойынша жүргізеді.

38. Өндірістік қызмет басталғанға дейін жұмыс орнындағы алғашқы нұсқама:

1) ұйымға жаңадан қабылданған, бір бөлімшеден екіншісіне ауысқан қызметкерлердің бәріне;

2) өздері үшін жаңа жұмыс орындап жатқан қызметкерлерге, іссапарға келгендерге, уақытша қызметкерлерге;

3) жұмыс істеп жатқан ұйымның аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізіп жатқан құрылысшыларға;

4) өндірістік оқуға немесе тәжірибеге келген оқушылар мен студенттерге жүргізеді.

39. Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқама ұйымның өндірістік құрылымдық бөлімшелерінің басшылары еңбек қауіпсіздігі стандартының талаптарын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі тиісті қағиданы, нормалар мен нұсқаулықтарды ескере отырып әзірлеген және бекіткен бағдарламалар бойынша жүргізіледі.

40. Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқама еңбектің қауіпсіз тәсілдерін практика жүзінде көрсете отырып, әрбір жұмысшыға жүргізіледі.

41. Қызметкерлер өздік жұмысқа тағылымдамадан өткеннен кейін, теориялық білімі мен жұмыстың қауіпсіз дағдыларын меңгергендігі тексерілгеннен кейін жіберіледі.

42. Қайталама нұсқамадан қызметкерлер біліктілігі, білімі, отаны, орындайтын жұмысының сипатына байланыссыз жартыжылдықта кемінде бір рет өтеді.

43. Қайталама нұсқаманы біртекті жабдыққа қызмет көрсететін жеке қызметкерлерге немесе қызметкерлер тобына және жалпы жұмыс орны шегінде жүргізіледі.

44. Жоспардан тыс нұсқама:

1) қолданысқа еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынща жаңа немесе өңделген стандарттар, қағидалар, нұсқаулықтар, сондай-ақ оларға өзгерістер енгізілген кезде;



2) технологиялық үдеріс өзгерген, жабдықтар, құрылғылар мен құралдар, бастапқы шикізат пен материалдар және еңбек қауіпсіздігіне әсер ететін басқа да факторлар ауыстырылған немесе жаңартылған кезде;

3) қызметкерлер жарақаттануға, аварияға, жарылысқа немесе өртке, улануға әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкін еңбек қауіпсіздігін бұзған кезде;

4) бақылаушы қадағалау органының талабы бойынша жүргізіледі.

45. Жоспардан тыс нұсқама жеке қызметкерге немесе кәсібі бір қызметкерлер тобына жүргізіледі. Нұсқаманың көлемі мен мазмұны оны жүргізу қажеттігін тудырған себептер мен жағдайларға байланысты әрбір нақты жағдайда айқындалады.

46. Мақсатты нұсқама мамандық бойынша міндеттермен тікелей байланысты емес біржолғы жұмыстарды (жүк арту, түсіру, аумақты жинау, ұйымнан, цехтан және учаскеден тыс біржолғы жұмыстар) орындаған кезде жүргізіледі, авария, табиғи және басқа апаттардың зардаптарын жою, наряд-рұқсатнама ресімделетін жұмыстарды жүргізу кезінде өткізіледі.

47. Жұмыс орнындағы алғашқы, қайталама, жоспардан тыс және мақсатты нұсқамаларды жұмысты тікелей басқарушы (ұста, цех бастығы) жүргізеді.

48. Жұмыс орнындағы нұсқамалар ауызша сұрау немесе оқытудың техникалық құралдарының көмегімен тексерумен, сондай-ақ жұмыстың қауіпсіз тәсілдері бойынша меңгерген дағдысын тексерумен аяқталады. Қызметкердің білімін нұсқау жүргізген қызметкер тексереді.

49. Қанағаттанғысыз білім көрсеткен қызметкерлер өздік жұмысқа жіберілмейді және нұсқаманы қайта өтеді.



50. Нұсқаманы жүргізген қызметкер жұмыс орнында алғашқы, қайталама, жоспардан тыс нұсқаманы жүргізу туралы және жұмыс істеуге рұқсат беру туралы жұмыс орнындағы нұсқамаларды осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес тіркеу журналына нұсқаушы мен нұсқау алушының қолдарын міндетті түрде қойғыза отырып, жазады. Жоспардан тыс нұсқаманы тіркеу кезінде оның жүргізілу себебі көрсетіледі.

51. Наряд-рұқсаттама бойынша жұмыс жүргізетін қызметкерлерге жүргізілетін мақсатты нұсқама наряд-рұқсатнамада немесе жұмыстарды жүргізуге рұқсат беретін басқа құжаттамада белгіленеді.

52. Ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі нұсқаманы тіркеу журналдарын нөмірлейді, тігеді және жұмысты тікелей басқарушыларға (ұста, цех бастығы) қолын қойғызып береді.
Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі

және еңбекті қорғау мәселелері бойынша

оқыту, нұсқама беру және

олардың білімдерін тексеру

қағидалары мен мерзіміне

1-қосымша
_______________________________________________________________________

(ұйымның, кәсіпорынның атауы)


Қызметкерлердің кәсіптері бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімдерін тексеру жөніндегі емтихан комиссиясы отырысының хаттамасы
20_ ж. « »

Мына құрамдағы комиссия:



Төраға

(лауазымы, Т.А.Ә.)

Комиссия мүшелері

(лауазымы, Т.А.Ә.)



20_ ж. « » № бұйрықтың негізінде

____________________________________

білімін тексеру түрі (мерзімді, қайталама)

емтихан қабылдап, мынаны анықтады:




Тегі, аты, әкесінің аты

Ұйым атауы

Лауазымы

Білімін тексеру туралы белгі (өтті, өтпеді)

Ескерту

1

2

3

4

5
















Комиссия төрағасы

(Т.А.Ә.)

Комиссия мүшелері ___________________

(Т.А.Ә.)

___________________

(Т.А.Ә.)

Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі

және еңбекті қорғау мәселелері бойынша

оқыту, нұсқама беру және

олардың білімдерін тексеру

қағидалары мен мерзіміне

2-қосымша


Мұқабасы
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі білімді, қағидаларды, нормалар мен нұсқаулықтарды тексеру жөніндегі

КУӘЛІК
Келесі парақтары

Азамат

Лауазымы:

Жұмыс орны:

бойынша емтихан тапсырғаны туралы берілді.



Негіздеме: 20 ж. № хаттама

Емтихан комиссиясының төрағасы Т.А.Ә.



Комиссия мүшесі Т.А.Ә.

м.о.
емтиханды қайта тапсырғаны туралы мәліметтер



Лауазымы:

Жұмыс орны:

бойынша емтихан тапсырғаны туралы.



Негіздеме: 20 ж. № хаттама
Емтихан комиссиясының төрағасы Т.А.Ә.

Комиссия мүшесі Т.А.Ә.

м.о.
Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі

және еңбекті қорғау мәселелері бойынша

оқыту, нұсқама беру және

олардың білімдерін тексеру

қағидалары мен мерзіміне

3-қосымша

Қазақстан Республикасы Еңбек және Қазақстан Оқу орталығының

халықты әлеуметтік қорғау Республикасының атауы

министрлігі еңбек жөніндегі мемлекеттік

уәкілетті мемлекеттік органның елтаңбасы

аумақтық бөлімшесінің атауы

СЕРТИФИКАТ
«________________________________________________»

(Т.А.Ә.)


«__________________________»

курсы бойынша оқу бағдарламасын успешно закончил (а)

өткендігін куәландырады программу обучения по курсу

«_________________________»


Комиссия төрағасы ______________ Оқу орталығының

(Т.М.Ә.) басшысы ________________

(Т.М.Ә.)
______________ қаласы

20___ ж. _______________ Тіркеу № _______________

Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі

және еңбекті қорғау мәселелері бойынша

оқыту, нұсқама беру және

олардың білімдерін тексеру

қағидалары мен мерзіміне

4-қосымша


Жұмыс орнында нұсқама беруді тіркеу журналының нысаны

Мұқабасы


_________________________________________________________ ұйым, кәсіпорын
Басталуы: 20___ ж. ________

Аяқталуы: 20 ___ ж. _____

Келесі беттер


Күні

Нұсқау берілетін адамның

Т.А.Ә.


Туған жылы

Нұсқау берілетін адамның

кәсібі, лауазымы



Нұсқама

түрі (алғашқы,

жұмыс орнындағы, қайталама, жоспардан

тыс)


Жоспар-дан тыс

нұсқа-


маны

жүргізу


себебі

Нұсқау берушінің

Т.А.Ә., лауазымы



қолы

Нұс-

қау


беруші

Нұсқау алушы

1

2

3

4

5

6

7

8

9




























Каталог: old -> img
old -> Қазақ мемлекеттік қыздар
img -> 2011 жылғы 9 наурыз №238 Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы №2102 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
old -> Встречи в пути. Самому замечательному человеку,повстречавшемуся мне
img -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 27 маусым №713 Астана, Үкімет Үйі
img -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 7 сәуір №404 Астана, Үкімет үйі
img -> 2010 жылғы 6 қазан №793 Астана қаласы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы №770


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет