Іс-шара орындалды МЖС механизмдерін қолдана отырып, өңірлерде тестілеу орталықтарын құру бойынша мәселе білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 298 бұйрығымен бекітілген Министрліктің 2016-2018 жылдарға арналған Мемлекеттік- жеке меншік серіктестігінің жобаларын жүзеге асыру жөніндегі жол картасы бойынша пысықталуда.
Мәселені талқылау үшін 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 4 бұйрығымен бекітілген жұмыс тобы құрылды. Жобаның концепциясы жұмыс тобында қолдау тапты. Жоба туралы ақпарат БАҚ-та жарияланып, ҚР БҒМ сайтында орналастырылды.
«U-FUTURE» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Өңірлік тестілеу және педагогикалық құзыреттілік орталығы» мемлекеттік-жеке меншік серіктестігі жобасы бойынша тапсырыс берді.
Осыған байланысты Министрлік жаңында жеке меншік серіктестікті белгілеу бойынша тікелей келісім сөздер жүргізу жөнінде комиссия құрылды. Комиссия құрамына ҚР басқада мемлекеттік органдарының өкілдері кірді, оның ішінде ұлттық экономика және қаржы министрліктерінен.
Ақпарат ҚР ПМК-ға 2016 жылғы 7 қазандағы № №1-697-Д-17-69/956П хатымен енгізілді.
Тармақ ҚР Премьер-Министрінің орынбасары И.Тасмағамбетовтың 2016 жылғы 12 қазандағы №21-32/02-170 бұрыштамасымен бақылаудан алынды.
86-іс-шара Мектеп директорларының қызметін бағалау мен мониторингтеуді жүргізу бойынша ұсыныстар енгізу