Іс – шара орындалды Қазіргі уақытта еліміздің жоғары оқу орындарында 852 ерекше білім қажеттіліктері бар студенттер білім алады (мүмкіндігі шектеулі студенттер). Мүмкіндігі шектеулі студенттер арасында жоғары оқу орындарында дайындаудың ерекше сұраныстағы бағыттары: педагогикалық білім беру, арнайы (дефектологиялық) білім беру, әлеуметтік жұмыс, эконимика және бухгалтерлік есеп, юриспруденция, тарих, бейнелеу өнері және дизайн, қолданбалы информатика, менеджмент және т.б. болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру стандартына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Аталған стандартта ерекше білім қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескеруді қажет етуші білім алушылар үшін тең дәрежедегі қолжетімділікті қамтамасыз ететін инклюзивті білім беру қарастырылған.
Тиісінше жаңа Типтік оқу жоспарлары өзектендірілді (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 05.07.2016 жылғы № 425 бұйрығы).
Барлық педагогикалық мамандықтар үшін типтік оқу жоспарының міндетті компонентінде «Инклюзивті білім беру» пәні 2 кредит көлемінде қарастырылған.
«Инклюзивті білім беру» пәнінің мақсаты инклюзивті білім беру ортасында тәрбиелеу мен оқытудағы ерекшеліктерін және мүмкіндігі шектеулі балалардың негізгі даму заңдылықтарын, инклюзивті білім берудің әлеуметтік - мәдени негізін студенттерде жүйелі қалыптастыру болып табылады.
Сонымен қатар, «Дефектология» мамандығы бойынша білім беру бағдарламалары инклюзивті білімнің дамудың өзекті тенденцияларына сәйкес, еңбек нарығының талаптарына сәйкес білім алушыларға қажетті кәсіби білім мен дағдылардың алуына бағдарлана қарастырылған.
Сонымен бірге жоғары оқу орындарындағы дамуындағы мүмкіндігі шектеулі тұлғалар категориясы үшін қашықтан оқыту білім беру технологиялары қолданылады (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 20.03.2015 жылғы №137 бұйрығы).
Қазақстан Республикасындағы барлық тәуелсіз аккредитациялау агенттіктерінде білім беру бағдарламаларын аккредитациялау бойынша аккредитациядан өтіп жатқан жоғары оқу орындарымен жасалған жағдайлар және ерекше білім қажеттіліктері бар студенттер үшін қолжетімді ортаны бағалаудың нормалары қарастырылған.
Жоғары білім беру саласында инклюзивті білім беру Ақмола, Алматы, Батыс-Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Оңтүстік-Қазақстан облыстарында, Астана және Алматы қалаларының жоғары оқу орындарында белсенді енгізілуде.
Жоғары оқу орындары білім беру қажеттіліктері ерекше студенттерді оқыту үшін төмендегі жағдайларды қарастырған:
оқу корпустарында және жатақхана ғимараттарында пандустармен қамтамасыз етілген;
корпустарға кіру үшін арнайы жабдықтау қарастырылған, олар қажеттіліктері ерекше адамдарға көмек көрсету үшін жақсылап бекітілген;
- аудиторияның табалдырығы төмен бірдей алаңдарды қамтиды;
- көптеген жоғары оқу орындарында кірме жолдар, автотұрақ және келген топтар ғимаратта баспалдақтар жоқ, қажеттіліктері ерекше барлық адамдарға қолжетімді;
- аудиториялардың есік орындары мүгедектік арбамен өту қарастырылған;
- лифтілер және баспалдақтарда көтергіштер бар;
- асхана және буфеттер 1 қабатта
орналасқан, баспалдақтары жоқ және есіктері университеттің ауласынан шығады, қажеттіліктері ерекше адамдарға кіріп-шығуға қол жетімді.
Сонымен қатар, жоғары оқу орындарының стратегиясын дамытуда білім беру қажеттіліктері ерекше студенттерді оқыту үшін тең жағдайлар мен кедергісіз қолжетімділік жасау іс-шаралары қарастырылған. Осы бағыттағы жұмыстар жалғастырылатын болады