Іс-шара орындалды Қазіргі уақытта Білім және ғылым министрлігі дүниежүзілік банктің « еңбек нарығының талаптарына сәйкес еңбек дағдыларын дамыту» қарызының шеңберінде педагогтің кәсіптік стандарты әзірленді. Ол кәсіптік қоғамдастық өткізген ұлттық біліктілік тестін тапсыруға бағыттай отырып түлектерді даярлау сапасын жұмысқа орналасуды жақсартуға ықпалын тигізетін болады.
2016 жылғы 29 қарашада бұл кәсіптік стандарт «Атамекен» ҰКП-ге бекітуге ұсынылды (қазіргі уақытта ҰКП-де бекітуде).
Одан басқа 2017 жылғы 9 қаңтарда «Педагог» кәсіптік стандарты ҚР Премьер-Министрінің орынбасары И.Н. Тасмағамбетовта өткен кеңесте қарастырылды.
2017 жылғы 13 қаңтарда И. Тасмағамбетовтің тапсырмасы бойынша жоғары оқу орындарының өкілдері үшін кәсіптік стандартты түсіндіру бойынша семинар-тренинг өтті.
Осыған байланысты «Педагог» кәсіптік стандартының жобасы кеңінен талқыланды және мектепке дейінгі ұйымдар, мектептер, колледждердің педагогикалық қызметкерлері, қосымша білім беру ұйымдары, аудандық, қалалық білім бөлімдері, облыстық білім басқармалары, кәсіптік ассоциациялар, ҮЕҰ, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен сауалнама жүргізілді.
Қазіргі уақытта кәсіптік стандарттың жобасы респонденттердің ұсыныстарына сәйкес пысықталуда, содан соң ол ҰКП-ге бекітуге жіберілетін болады.
154-іс-шара ИИДМБ-ның базалық ЖОО-ларының тәжірибесін және кәсіпкерлік дағдыларды дамытуды ескере отырып, педагог кадрларды, ЖОО-ның ОҚП-сын даярлауды күшейту үшін ОПҚ-ның біліктілігін арттыру, оның ішінде онлайн режимде арттыру