Қазақстан Республикасы Үкіметінің



бет160/199
Дата05.02.2022
өлшемі3,04 Mb.
#17551
түріБағдарламасы
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   199
Іс-шара орындалды
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің (қазіргі уақытта - ЕӘХҚМ) ақпараты бойынша 2012-2014 жылдары 345 кәсіптік стандарт әзірленді.
Алайда бүгінгі күні ҚР Әділет Министрлігінде 183 кәсіптік стандарт тіркелген, олардың 43-і күшін жойды.
ЖОО-лар кадрлар даярлаудың 8 бағыты бойынша кәсіптік стандарттар негізінде 253 оқу бағдарламасын әзірледі:
1) Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес – 75 ОБ;
2) білім беру – 61 ОБ;
3) ауылшаруашылық ғылымдары – 35 ОБ;
4) техникалық ғылымдар және технологиялар – 26 ОБ;
5) құқық – 18 ОБ;
6) қызмет көрсету – 15 ОБ;
7) гуманитарлық ғылымдар – 12 ОБ;
8) ветеринария – 8 ОБ.
Сонымен қатар қазіргі уақытта ЖОО-лар кәсіптік стандарттарды әзірлеуге қатыс мәселесі пысықталуда.
Бекітілген МЖБС-ға сәйкес мамандықтар бойынша Типтік оқу жоспарлары әзірленді. Олар ҚР БҒМ-ның 5.07.2016 ж. № 425 бұйрығымен бекітілді (ҚР БҒМ-ның 2012 ж. № 343 бұйрығына өзертулер мен толықтырулар енгізу).
Оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде сонымен қатар бекітілген біліктіліктің салалық шегі мен кәсіптік стандарттар есепке алынатын болады.
Жоғары оқу орындарында білім алушыларда кәсіпкерлік білімнің негізін қалыптастыру, олардың экономикалық білімін және әлеуметтік бейімделуін жетілдіру мақсатында тұтыну мәдениетін арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіледі.
Кәсіптік құқық және кәсіптік мәдениет негіздері «Құқық негіздері», «Экономикалық теория негіздері» пәндерінің мазмұнына енгізілді.
Одан басқа ЖОО-лардың оөу-әдістемелік бірлестіктері «Құқық», «Әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес», «Қызметтер» бағыттары бойынша кәсіпкерлік білім беру мен элективті курстар тізбесін кеңейту бойынша оқу-әдістемелік материалдарды жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Типтік оқу жоспарларына мынадай: «Экономика» бакалавриат мамандығы бойынша – «Кәсіпкерлік», «кәсіпкерлік қызметтің қаупі», «Қаржы» (бакалавриат) – «Салық және салық салу», «Шаруашылық ету субъектілерілерінің салығы», «Салық әкімгершілігі» пәндері енгізілді.
Бұл пәндердің мазмұны бұдан әрі де жетілдірілетін болады.
Одан басқа ЖОО-лардың кәсіпкерлік университеттер ретінде қалыптасуы бойынша шаралар қабылдануда.
Қазақстандық ЖОО-лардың кәсіпкерлікке айналуының негізгі тәсілдерін әзірлеуде мына ЖОО-лар: Назарбаев Университеті, Алматы Менеджмент университеті, С. Торайғыров атындағы Павлодар ұлттық университеті, Тараз инновациялық гуманитарлық университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Қарағанды мемлекеттік медицина университеті және т.б, белсене жұмыс істеуде.


151-іс-шара
Білім беру саласындағы кәсіптік стандарттарды әзірлеу




*

«Атамекен» ҰКП,
жұмыс берушілер бірлестіктері

2016-2019 жылдардағы IV тоқсан



«Еңбек нарығының талаптарына сәйкес келетін еңбек дағдыларын дамыту» ДБ қарызы шеңберінде













Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   199




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет