Іс-шара орындалды Оқу-өндірістік шеберханалар мен зертханаларды заманауи жабдықтармен жасақтау жергілікті бюджет есебінен қамтамасыз етілетін болады.
Осы іс-шараға жергілікті бюджет есебінен 106,7 мың теңге қарастырылған. Техникалық және кәсіптік білім ұйымдарының оқу-өндірістік шеберханалары мен зертханаларын заманауи жабдықтармен жасақтау үшін жабдықтар алынды (оның ішінде Ақмола облысы – 7732,0 мың теңге, Батыс Қазақстан облысы – 68928 мың теңге және Оңтүстік Қазақстан облысы – 30000,0 мың теңге).
Ақмола облысында 7 колледжге робототехника, Батыс Қазақстан облысында «Индустриалдық колледж» базалық колледжіне заманауи жабдықтардың кешені, Оңтүстік Қазақстан облысында 3 колледжге мультимедиялық жабдықтар алынды.
103-іс-шара Жұмыс істеп тұрған ТжКБ оқу орындарының базасында жетекші шет елдермен бірлесе отырып кадрлар даярлайтын орталықтар құру жөнінде ұсыныстар әзірлеу