Қазақстан Республикасы Үкіметінің



бет25/199
Дата05.02.2022
өлшемі3,04 Mb.
#17551
түріБағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   199
Көрсеткіш орындалды
«Өрлеу» АҚ-ның ақпараты бойынша 2016 жылы орта білім беру ұйымдарының басшыларына арналған менеджмент саласында біліктілікті арттыру курстарының 14 білім беру бағдарламаларының 10-ы жаңартылған (ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 92 бұйрығы):
Мектеп директорларына:
1) «Білім берудегі жаңа философиялық тұжырымдамалық ойлар негізінде мектептегі педагогикалық жүйені басқару»;
2) «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында орта білім беру ұйымдарының педагогикалық менеджменті»;
3) «Педагогикалық квалиметрия: инклюзивті білім беру жағдайында жалпы білім беретін мектептердің оқыту сапасын басқару».
Шағын жинақты мектептер директорларына:
4) «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында шағын жинақталған мектептің білім беру процесін басқару».
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарларына:
5) «Педагогическая квалиметрия в системе управления качеством образования»;
6) ««Білім беру мазмұнын жаңарту аясында мектепті басқарудың құзырлылық амалы».
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарларына:
7) «Шағын жинақталған мектеп директоры орынбасарының инклюзивті білім беруді ұйымдастырудағы кәсіби құзыреттіліктерін дамыту».
Мектеп директорының бейіндік оқыту жөніндегі орынбасарларына:
8) «Мазмұнды жаңарту аясында мектеп тәжірибесіндегі коучинг пен тәлімгерлікті ұйымдастыру».
Мектеп директорларының тәрбие жөніндегі орынбасарына:
9) «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында отаншылдық және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру тұлғаны тәрбиелеу мен әлеуметтендірудің негізі ретінде»;
10) ««Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде тәрбие мазмұнын жаңарту».
Осылайша, орта білім беру ұйымдарының басшыларына арналған менеджмент саласында біліктілікті арттыру курстарының жаңартылған білім беру бағдарламаларының үлесі 71%-ды құрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   199




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет