Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі



бет1/6
Дата07.11.2016
өлшемі1,89 Mb.
#1253
  1   2   3   4   5   6



министр

(«Ана тілі», 22.06.06).
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
... Арнайы жоспарлы шаралар бекітіліп, орындалуына тиянақты бақылау орнатылды.

... Министрлікте атқарылып жатқан оң істердің және бір тиімді жолын атау орынды болар. Қазақстан республикасы Премьер-министрінің 2000 жылғы 21 қыркүйектегі №117 өкіміне сәйкес және 2001 жылғы 23 шілдедегі №И-683 тапсырмасын орындау үшін еліміздегі орталық басқару органдарының арасында алғашқылардың бірі болып мемлекеттік тілде құжат әзірлейтін 61 қызметкер сынақтан өткізіліп, олардың ішінен 14 маманның жалақысына тиісінше 20-30 пайыз аралығында үстемеақы белгіленіп, төленіп отыр.

... 2004-2005 жылдары министрлік Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті жанындағы Республикалық мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталығымен келісім-шарт жасасып, қазақ тілін оқыту курсын ұйымдастырды. Ол курстан 35 қызметкер оқытылып, оларға арнайы сертификат берілді. Ал үстіміздегі жылы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жанында ашылған Еуразия мемлекеттік тілді оқыту орталығы арқылы 25 қызметкер бастауыш және жалғастырушы екі топта оқытылуда.

Осындай ізденістердің нәтижесінде министрлікте аудармашылармен қатар тікелей мемлекеттік тілде құжат дайындап жүрген мамандар қатары көбеюде.

... Мемлекеттік тілде құжат дайындау бөлімінде ресми құжаттарда жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерінің, атаулардың жазылуын бірізділікке түсіру мақсатында «Мемлекеттік тілде іс жүргізу жөніндегі ұсынымдар» жасалды. Ол қазір мамандардың күнделікті пайдаланатын аса қажетті көмекші құралына айналып отыр.

Мұнымен қоса, министрліктің құрылымдық бөлімшелерінде Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығының екі тілдегі «Заң» деректер қоры орнатылып, күнделікті жұмыста пайдаланылуда.

... Министрлік орналасқан ғимаратта барлық түсініктемелер, ақпарат пен анықтамалар тек мемлекеттік тілде жазылған, алқа мәжілістері мен жиындар өткізілетін залдар ілеспе аударма жасауға қажетті техникалық құрал-жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілген. Мәжіліс құжаттары, алқа шешімдері мен хаттамалар екі тілде жазылады. Сондай-ақ осы ғимараттағы көлік-коммуникация кешенінің мұражайындағы барлық мағлұматтар мемлекеттік және орыс тілдерінде құрастырылған.
Асқар Мамин,

министр

(«Ана тілі», 07.09.06).
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны

қорғау министрлігі
... Қазіргі уақытта барлық нормативтік құқықтық актілер, министрдің бұйрықтары, шығыс құжаттары, сондай-ақ Үкіметке бекітуге жіберілген құжаттар мемлекеттік тілде және орыс тілінде дайындалады. Мемлекеттік органдармен, түрлі мекемелермен және ұйымдармен, жеке азаматтармен хат-хабар алмасу өтініш білдірілген тілде жүргізіледі.

... Бұйрыққа сәйкес орталық аппараттың қызметкерлері 5 бетке дейінгі құжаттардың мәтінін өздері дайындайды. Менің өзім жұмыс барысындағы барлық бұрыштамалар болсын, алқа отырысындағы баяндамалар болсын қазақ тілінде жазып, қазақ тілінде баяндаймын. Айта кетер жайт, үстіміздегі жылдың маусым айында өткен алқа отырысы бастан-аяқ қазақ тілінде өтті.

Күнделікті жұмыста пайдалану үшін 90 беттік Мемлекеттік тілде іс жүргізу құралы дайындалуда. Бұл құралда қазақ тілінде мемлекеттік органдардың атаулары, министрліктің нормативтік құқықтық актілерінің үлгілері, Президенттің жарлықтары мен Үкіметтің қаулылары және экологиялық терминдер қамтылды.

Ведомстволық бағыныстағы құрылымдардың мамандарын тарта отырып, орталық аппараттың қызметкерлері қоршаған ортаны қорғау саласындағы терминдердің қазақша-орысша және орысша-қазақша сөздігін құрастырды.

Қазіргі кезде министрлікте кадр және мемлекеттік тілді енгізу бөлімінде аудармамен, мемлекеттік тілдегі мәтіндерді редакциялаумен және мемлекеттік тіл саясатын іске асыру мәселелерімен айналысатын білікті мамандар бар.

Үкіметтің мемлекеттік тілді енгізу жұмысына қолдау көрсетіп отырғанын ерекше атап өткім келеді. Жыл сайын мемлекеттік тілде құжат дайындайтын қызметкерлеріміз ҚР Премьер-министрі Кеңсесінде тағлымдамадан өтеді. Білік-тіліктерін көтеріп, Үкіметке жіберілетін құжаттарды дайындауға қойылатын жаңа талаптармен танысады. Өткен жылы министрліктің 5 қызметкері тағлымдамадан өтті.

Қоршаған ортаны қорғау органына бұдан әрі жұмысқа қабылдау кезінде мемлекеттік тілді білу деңгейін тестілеу жүйесімен анықтау тәжірибесі анықталады және енгізілетін болады. Сонымен қатар министрлік қызметкерлерінің қазақ тілін білу деңгейін тексеру енгізіледі. Нәтижесінде мемлекеттік тілде іс жүргізе алатын қызметкерлер көтермеленетін болады.

Орталық аппаратта және аумақтық басқармаларда компьютерлер қазақ тіліндегі драйверлермен жабдықталады. Басшылар жұмысқа қабылдау кезінде мемлекеттік тілді білуін бағдарлайтын болады...


Н.Ысқақов,

министр

(«Ана тілі», 14.09.06).
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
... Министрлік бойынша мемлекеттік тіл мәселесі алқа отырысында жыл сайын талқыланып, комитеттер мен құрылымдық бөлімшелердің, аумақтық инспекциялардың іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуі бақыланып тұрады.

Іс қағаздарын мемлекеттік тілге кезең-кезеңімен көшіру жөнінде министрдің 2004 жылғы 5 шілдедегі 348 бұйрығымен бекітілген кесте бойынша Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы 2007 жылы, ал Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы іс қағаздарын жүргізуді мемлекеттік тілге көшіруді 2009 жылы іске асырмақ. Басқа облыстық, қалалық аумақтық инспекциялардың барлығы, сонымен бірге министрліктің орталық аппараты іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге көшті.

Ауылшаруашылығы министрінің 2005 жылғы 5 тамыздағы №495 бұйрығымен Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың 2005-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, іс жүзінде қолданылуда.

Қазақ тілін үйрету курсы үзбей жұмыс істеп келеді. Мысалы, өткен жылы қазақ тілі курсын ұйымдастыруға 704 мың теңге қаржы бөлініп, 6 топқа бөлінген 88 қызметші тіл үйренді...

Министрлікте ауылшаруашылығы салаларында жиі қолданылатын терминдер бойынша арнайы сөздіктер шығару жөнінде редакциялық кеңес құрылып, біршама ауқымды жұмыстар атқара бастады.

Атап айтқанда, барлық салалар бойынша терминдер жинақталып, Егіншаруашылығы, Ауылшаруашылығы машиналарын жасау, Өсімдік қорғау, Орман, аңшылық, су және балық шаруашылығы, мал шаруашылығы, ветеринария және ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу салалары бойынша сөздіктердің үш томдығы «ЕЛОРДА» баспасынан биылғы жылы шығарылды.

2006 жылы 30 наурызда министрлікте Алқа отырысы болып өтті. Онда «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңның... орындалу барысы туралы мәселе қаралып, қаулы қабылданды.

Іс қағаздарын жүргізуді мемлекеттік тілге көшірген облыстар мен қалалардың аумақтық инспекциялары Ауылшаруашылығы министрлігімен хат алмасуды тек қазақ тілінде жүргізеді.

Елбасы өз сұхбатында: «Мемлекеттік қызметкерлердің қабілет-қарымдысына, соның ішінде қазақ тіліне қамшы салдырмайтындарына жан-жақты қолдау көрсетуіміз керек» деп атап айтқан.

Бұл тұрғыда мемлекеттік тілді жетік меңгерген қызметкерлерімізге министрлік тарапынан материалдық ынталандыру шаралары ұдайы қолданылып тұрады. Олардың айлық еңбекақыларына үстеме төленеді, лауазымда жоғарылату кезінде басымдық беріледі...


Ахметжан Есімов,

министр

(«Ана тілі», 21.09.06).
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Біздің министрлікте жұмыс істейтін қызметшілердің барлығына жуығы өз ұлтымыз. Ал олардың негізгі дені ана тілдерін еркін меңгерген, әрқайсысы мемлекеттік тілде еркін іс жүргізе беретінін көріп жүрмін. Рас, арамызда бірен-саран орыстілді өзіміздің қаракөз жастардың да, өзге ұлт өкілдерінің бар екенін жасыра алмаймыз. Бірақ олардың біздің сала қызметінде жұмыс істегеннен кейін өзін-өзі қажеттілікке қарай мемлекеттік тілде іс жүргізіп, сөз сөйлеуі үйреншікті құбылысқа айналған.

Қазіргі кезде біздегі құжаттардың денін мемлекеттік тілде жүргізуге барынша көңіл бөліп жатырмыз. Өйткені бізге жан-жақтардан толассыз келіп жататын хаттар легінің көпшілігі де қазақ тілінде жазылатындықтан, сол тілде жауап беру әрбір қызметшінің тікелей міндетіне жатады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы Елбасының 2006 жылғы 30 мамырдағы №127 Жарлығына сәйкес биылғы жылдан бастап... іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуді сіке асыру белгіленген.

Қазіргі кезде осы Жарлыққа сәйкес министрлік тарапынан нақты іс-шаралар белгіленіп, мемлекеттік тілде іс жүргізу мен оны қолдану бойынша тиісті жоспарлар жасалды. Нақты айтқанда, мемлекеттік тілді оқытып-үйрету, іс жүргізу, сөйлесе білу және де басқа да барлық іс-шараларымызды, жұмыстарымызды қазақша жүргізуге тырысудамыз.

... Қазір мен осы саланың министрі ретінде басқаға үлгі бола біліп, мемлекеттік тілге – ана тіліме деген ерекше ықыласты танытуға тиістімін...
Ермұхамед Ертісбаев,

министр

(«Ана тілі», 28.09.06).
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы...
... Республиканың прокуратура органдарында іс жүргізудің мемлекеттік тілге кезең-кезеңімен өту кестесі бекітіліп, оның орындалу барысы қатаң бақылауға алынды.

... Прокуратураның негізгі міндеті ... заңдардың орындалуын қадағалауды жүзеге асыру болып табылады.

... Жүргізілген тексеріс барысы көптеген мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мәселелерін іске асыру мақсатында қабылданған құжаттардың іс-шаралары жоспары түрінде ғана қалып, онда қойылған талаптарын іс жүзінде орындалмайтынын анықтап отыр.

Республиканың барлық облыстарындағы «Тұран-Әлем банкі», «Валют-Транзит банкі», «Каспий банкі», «Алматы сауда банкі», «Темір банкі» акционерлік қоғамдарында көрнекі ақпараттары орыс тілінде жазылған. Ал «Валют-Транзит банкі» ААҚ-ның Орал қаласындағы филиалында кіріс-шығыс құжаттарға қойылатын мөртаңбалар тек орыс тілінде жасалған.

Прокуратура органдары 2005 жылы мемлекеттік органдар, құқық қорғау, сот және жергілікті атқарушы және өкілді органдардың, меншік нысандарына қарамастан, ұйымдардың қызметтерінде мемлекеттік тілдің қолданылуына тексеру жүргізді. Тексеру барысында бұйрықтар, нұсқаулықтар, хаттамалар, тапсырмалар, өкімдер және тағы басқа құжаттардың 85%-дан астамы орыс тілінде жүргізілетіні анықталды.

Аталған заң бұзушылық фактілері Республика аумағындағы барлық дерлік мекемелерде орын алып отыр.

Тексеру нәтижесінде 322 ұсыныс, 154 заңға түсініктеме берілді, 45 әкімшілік іс қозғалды және 7 наразылық келтірілді, жалпы 76 лауазым иелері әрқилы жауапкершілікке тартылды.

Ал жақында Ақмола облысының прокуратурасы Көкшетау қаласындағы 87 дүкеннің 52-сінде, 22 билбордтың 6-сында, 87 жарнаманың 29-ында, 14 дәмхананың 6-сында, 13 шаруашылық нысанның 3-еуінде, 9 ойын-сауық орнының 2-еуінде қазақша атаулардың қазақша жазылып тұрғанын анықтады.

Жалпы, мемлекеттік тілдің хал-ахуалы Бас прокуратураның ұдайы қадағалауында. Осы орайда жер-жердегі прокуратура органдарына аталған заң талаптарының бірыңғай қолданылуын қадағалауды өз уақытында жүзеге асырып отыру жөнінде тиісті нұсқаулар мен тапсырмалар берілді.

Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі өркениетті қоғам құруға ұмтылған ұлтымыздың ұлы мұраттарының бірі. Ұлттың өресі өскен сайын тілінің де қадір-қасиеті айқындала бермек.


Рашид Түсіпбеков,

ҚР Бас прокуроры

(«Ана тілі», 11.05.06).
Облыстық әкімдіктерде:
Алматы облысының әкімдігі...
... Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес облыс мемлекеттік тілге 2007 жылы толық көшуге тиіс.

Бүгінгі күнге дейін облыстың 8 ауданы мен 17 облыстық және ведомостволық басқару органы мемлекеттік тілге көшті. Қалған 8 аудан мен қала, 36 облыстық және ведомстволық мекеме 2007 жылдың аяғына дейін толық көшіп болады.

Өткен жылы облыстық мекемелердің шығыс құжаттарында мемлекеттік тілдің қолданылуы 35,5 пайыз болса, үстіміздегі жылдың жартыжылдығында бұл көрсеткіш 52,7 пайызға дейін өсті.

Облыста мемлекеттік тілді оқыту орталығы ашылып, курсты аяқтаған 150 мемлекеттік қызметкер сертификат алды. Қазіргі кезде мұндай орталық Қарасай, Алакөл аудандарында да бар.

Қазақ мектептері мен қазақ сыныптарының санын арттыру ісі де тұрақты назарымызда. Бүгінде облыста 371 қазақ, 41 орыс, 12 ұйғыр, 316 аралас мектеп бар. Қазақ мектептерінде 99692 оқушы білім алса, солардың 2641-і өзге ұлт өкілдері.

Қазір облыста 52 балабақшадағы балалардың 51,2 пайызы қазақ тілінде тәрбиеленеді. Алдағы уақытта да қазақ тілді балабақшалар санын көбейту көзделіп отыр.

... Облыстық тілдерді дамыту басқармасы тарапынан тоқсан сайын «Тіл – тағдыр» журналын шығарып отыру жолға қойылған.

... Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге бағытталған «Мемлекеттік тіл және БАҚ» атты облыстық байқау, оқушылардың «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» тақырыбындағы үздік шығармаларына облыстық байқау жарияланды. Жыл сайынғы дәстүрлі «Үздік аудармашы», «Мемлекеттік тіл – менің тілім», «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» және О.Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқаулары да өткізілуде.


Серік Үмбетов,

әкім

(«Ана тілі», 24-30.08.06).
Солтүстік Қазақстан облысы...
... Біз бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік тілдің лайықты дамуының көп қырлы проблемаларын шешу бойынша біраз нақты жұмыстар атқардық және алға қойылып отырған мақсаттарымыз да жоқ емес.

Біріншіден, қазақ тілді балабақша санын көбейту.

... 2004 жылы біздің облыста тек қана бір қазақ балабақшасы болса, бүгінгі күні барлық 77 балабақшада қазақ тілі жаңа әдістемемен оқытылады.

... Осы орайда 2004 жылы ашылған «Айгөлек» балабақшасының тәжірибесі ерекше атауға лайық. Бұл мекеменің басты мақсаты – балаларға мемлекеттік тілде терең және тиянақты білім беру... Бүгінгі күні бұл балабақшада тәрбиеленетін 280 баланың 120-сы басқа ұлт өкілдерінің балалары.

Екіншіден, қазақ мектептерінің санын өсіру және осы заманғы технологияның ең соңғы жетістіктерімен жабдықтау.

2005 оқу жылы жалпы мектептер саны 693 болса, соның 147-сі қазақ мектептері. Бұнда қазақ тілінде білім алатын оқушылар саны 21667 (49,5) жетті...

2005 жылы облыс мектептері 28 мультимедиялық кабинеттермен жабдықталды. Облыс мектептерінің 100% телефондандырылған, жалпы білім беретін мектептердің 95,1% Интернет жүйесіне қол жеткізді. Облыста жаңа буынның «ОқуNetKz» ақпараттық білім беру жүйесі табысты жүзеге асырылуда. Жобаның бірінші кезеңінде Петропавл қаласы мен 7 ауданның білім ұйымдары (69...) әлемдік білім берудің жетістіктерімен қамтамасыз етілді.

Үшіншіден, «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдерге оқуға жіберу... Конкурсқа қатысуға берілген өтініштер саны – 364 болса, конкурстық іріктеуден орта мектептің 20 түлегі өтті, оның 7-і ауыл мектептерінің бітірушілері.

Төртіншіден, білім, денсаулық, сауда және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласы мамандарының қазақ тілін жетік меңгеруіне ұмтылуымыз керек. Облысымызда халықтың мемлекеттік тілді меңгеруге деген ынтасы зор. Біздің бүгінгі мақсатымыз – оларға жағдай жасау.

Бұл ретте мектептерді, балабақшаларды қазақ тілінің білікті мұғалімдерімен қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды. Осы мақсатта 2004 жылы Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік унивеситеті жанынан Тіл және әдебиет институтын аштық. Мұнда кәсіби ұстаздар, ең алдымен, қазақ тілі пәнінің мамандары даярланады. 2005 жылы осы институттың қазақ тілі мен әдебиеті бөліміне 10 басқа ұлт өкілдерінің балалары өз қалауларымен оқуға түсті. Біз мұндай ұмтылысты қолдап, оларға ай сайын стипендия тағайындадық.



Бесіншіден, мемлекеттік қызметкерлерге қазақ тілін үйренуге жағдай жасау. Облысымызда қазақ тілін үйренемін деушілер жылдан-жылға көбейіп келеді. Бүгінгі таңда облыста 994 үйірме жұмыс істейді, оларда 14 мыңнан астам адам қазақ тілін үйренуде.

... Жыл сайын мекеме, ұйым, кәсіпорын қызметкерлерін тегін оқытуға облыс бюджетінен 5 миллион теңге бөліп отырмыз...



Алтыншыдан, өзге ұлт өкілдерінің қазақ тіліне жетіктерін баспасөз, теледидардан жиі насихаттап, сәлт-дәстүр, әдепке байланысты түрлі конкурстар ұйымдастыру қажет.

2005 жылы солтүстікқазақстандықтардың қалалық қазақ газетін шығару жөніндегі көптен бергі арманы жүзеге асып, «Қызылжар нұры» жарық көре бастады. Бұл басылым да туған тіліміздің дамуына оң ықпал етеді деген ойдамыз.


Тайыр Мансұров,

әкім

(«Ана тілі», 31.08.06).
Жамбыл облысы...
Біздің облыс 2001-2004 жылдардың өзінде аудандар мен Тараз қалалық әкімдіктерінде жергілікті бюджеттің есебінен тіл басқармаларын ашқан республикадағы бірден-бір облыс болды. Мұның өзі облыс саясатының небір түйінді проблемаларын жедел шешуге, қайсыбір салада болсын мемлекеттік тілдің іс қағаздарына жаппай енгізілуіне септігін тигізді. Нәтижесінде 2002 жылдан бастап облысымызда республикада Атырау, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан кейінгі төртінші облыс болып іс қағаздары мемлекеттік тілге көшірілді.

Облыстағы 153 кенттік, ауылдық (селолық) округтер мен кент, ауыл әкімдерінің 146-да іс қағаздары мемлекеттік тілге толықтай көшірілген, тек өзге ұлт өкілдері көп шоғырланған 7 ауылдық округте ғана іс қағаздары екі тілде (мемлекеттік және орыс тілінде) жүргізіледі.


Бөрібай Жексембин,

әкім

(«Ана тілі», 02.11.06).

Бүгінгі күннің талабы
Құжат мемлекеттік тілде дайындалады...
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2000 жылғы 21 қыркүйектегі №117 өкімі «Тіл туралы» Заңның 4-бабына сәйкес шығарылған. Оның орындалуына Қаржы министрлігі бөгет болуда. Мысалы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2002 жылғы 6 мамырдағы №01/И – 423 тапсырмасының 3-тармағында: «Қаржы министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік (келісім бойынша): «Мемлекеттік тілде құжат дайындауды жүзеге асыратын әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2000 жылғы 21 қыркүйектегі №117 өкіміне үнемделген еңбекақы қорының кемінде 50 пайыз бөлігін мемлекеттік тілде жұмыс істей алатын мемлекеттік қызметшілерді көтермелеуге арнайы жұмсау бөлігінде нақтылайтын өзгеріс енгізсін және басқа да көздерді анықтау мүмкіндігін қарастырсын» деп айқын айтылғанымен, бұл тармақ жұмыс істемей тұр.

…Барынша демократиялық ел деп саналатын Швейцарияда үш бірдей мемлекеттік тілді (неміс, француз, итальян) толық игермеген адам мемлекеттік қызметке жолай алмайды.

…Екі тілде деген үрдіс қашанға дейін созылады? Мәселен, мемлекеттік тілде жазылған құжаттың неге орысша нұсқасы қоса сұралуға тиіс? Онда мемелекеттік тіл – қазақ тілі мен ресми қолданылатын орыс тілінің айырмашылығы не? Біздің ұғымымызша, мемлекеттік тілде әзірленген құжаттың орысша нұсқасы болуы шарт емес, ал орыс тілінде әзірленген қандайда құжаттың міндетті түрде мемлекеттік тілдегі мәтіні болуы тиіс (бөлектеген біз – Д.Д.). Мемлекеттік тілдің артықшылығы да, басымдығы да осында деп білеміз.
«Тіл және қоғам»,

1, 2004 жыл.

* * *
... Ана тілінде сөйлейтіндер көбеймей, қанша жерден ұрандатқанымызбен, ойдағыдай тілдік орта қалыптаса қоймаса керек. Баяғы даурыққан қалпымызбен, әлдекімдерді кінәлап, әлдекімдермен айтысып-тартысып шуласқанмен іс бітпейді. Басқаны былай қойғанда, ана тілімізге арашашы болып, шырылдап жүрген, таным-түсінігі бар деген зиялыларымыздың өзінің кейбірі отбасында әлі күнге бала-шағасымен орысша шүлдірлеседі.
Қойшығара Салғараұлы,

жазушы.
* * *
Кейбіреулер орысша сөйлегенді мақтан тұтады. Керісінше, ол «Мен мемелекетімді, халқымды кемсітіп тұрмын» деп ойлауы керек.
Шәмша Беркімбаева,

ғалым-ұстаз.
* * *
Ағылшын тілінің алдында орыс тілі дәрменсіз... Ғаламдық ақпарат қазақ тілінде. Ең өкініштісі, шет тілімен бірге жастардың санасында шетелдік психология да, дәлірек айтқанда, туған тілін ғана емес, туған елі мен туған жерін де жатсыну психологиясы қоса келе жатқандығы.
Сейітқұл Оспанов,

жазушы.
* * *
Шешендермен шын тіл табысқың келсе, олармен шешен тілінде сөйлесуің керек. Сондықтан да мен бүгіннен бастап, шешен тілін үйренуге кірісемін.
Сергей Абдрахманов,

Шешенстан Үкіметінің төрағасы.
* * *
Қытайда (негізінен, Синьцзянда) тұратын орыстардың жалпы саны 11 мыңға жуық. Осы 11 мың орыстың басым көпшілігі, тіпті, түгелге жуығы десем де болады, тегіс аралас некеге отырған. Таза орыс отбасын Құлжада ғана кездестірдім. Оның өзі 20 шақты ғана отбасы. Құлжада орыс мектебі бар екен. Онда жүзден астам бала оқиды. Орысша оқып жүрген осы орыс балаларының тек 8-і ғана - таза орыс отбасынан шыққан (яғни әкесі де, шешесі де – орыс). Қалған орыс балаларының бәрі – аралас некеден туғандар. «Рас, бізге бүкіл сабақты орыс тілінде өткізсек те ешкім қой демейді. Бірақ ертеңгі күні балалар жоғары оқу орындарына түсу кезінде қиналмасын деп, сабақтың жартысын қытай тілінде өткіземіз» дейді мектеп директоры Николай Лунев.
Игорь Ротарь,

«Русский Newsweek»

журналының арнаулы тілшісі.
* * *
Менің ойымша, мемлекеттік тілге көшкен облыстар жоғарыдан қай тілде келсе де, оған жауапты мемлекеттік тілде жіберуі керек. Өйтпесе олар өздерінің мемлекеттік тілге көшкендігі туралы шешімдерін өздері бұзған болып шығады. Орталық органдарды осылайша ғана тықсыру керек. Бұл да мәселенің субъективті шешілуі ғана. Ал, шын мәнінде, әрбір министрлік өздерінің мемлекеттік тілге қашан көшетінін нақты белгілейтін уақыттары келді. Шамасы, мәселенің шешілуін біз енді осылай қоятын боламыз.

... Ата-ана ретінде қаладағы балабақшаларды орыстілді, қазақтілді деп бөлуге қарсымын. Олардың барлығына жаппай қазақ, орыс тілдерін үйретіп, сәбилердің тілін екі тілде бірдей шығару керек. Әйтпесе, біз орыстілді жас ұрпақтан құтыла алмайтын халге келдік.

... Бұдан басқа, менің ойымша, әрбір мектеп бітіруші мемлекеттік тілдегі іс жүргізу пәнін бітіріп, одан нақты сертификат алып шығуы тиіс.
* * *
Біз қанша әдемі сөз айтсақ та, ағылшын тілін білетін маманның жалақысы мемлекеттік тілді білетін маманның жалақысынан көп болып тұрғанда, тілге деген көзқарасты қазіргі орнынан жылжыта алмаймыз.
* * *
Қазақстанның әрбір азаматы өзінің өмірдегі мұратына жету үшін тілді білу керек екеніне, онсыз мансабының өспейтініне, тілсіз өз елінің толыққанды азаматы болып саналмайтынына көзі жеткенде ғана қазақ тілін мемлекеттік тіл деп ауыз толтырып айтуға болады.
Ерден Қажыбек,

ҚР Мәдениет және ақпарат

министрлігі Тіл комитетінің төрағасы.
* * *
Қазақтілділерді «орыстілділер елден көшіп кетеді» деп қорқытпау керек. Керісінше, орыстілділерді қазақ тілін үйренуге, біздің мәдениетімізге жақындатуға шақыруымыз қажет. Бұл – ғаламдық процесс. Өркениетті елдердің тәжірибесі.
Бақытжан Тайжан,

саясаткер.
* * *
... Бізде үйде де, түзде де қазақша сөйлемесең, әбес болып саналады.
Икрам Адырбеков,

Қызылорда облысының әкімі

(«Ана тілі», 03.08.06).
* * *
Швецияда тұрғанына үш жыл толған эмигранттар да сайлауға дауыс беруге құқы бар. Ең бастысы, депутаттыққа кандидат болып тіркелгендердің швед тілін білуі міндетті.
Жұмагүл Қуанышбекқызы,

жазушы.
* * *
Орыстар өздері тұратын елдегі негізгі халықтың тілін меңгерудің қажет екенін сезбейінше, оларда проблемалар болып тұрады.
Татьяна Кривощекова,

Еуразия университеті орыс әдебиеті кафедрасының

меңгерушісі, Астанаға В.Путин келгенде сөйленген сөзі

(«Қазақ әдебиеті», 03.06.05).
* * *
2005 жылдың басынан бері облыс әкімінің грантына 750 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері ие болды. Осы жылы грант иелерін марапаттауға 50 млн. теңгеден астам қаржы жұмсау көзделіп отыр.
Роза Жолдыбаева,

Солтүстік Қазақстан

Облыстық тілдерді дамыту



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет