* * *
… Терминдерді қазақшалаудың мынадай талаптары болуы керек:
салаға аса қажетті терминді ғана қазақшаға аудару (бұл тілдің шұбарлануына жол бермейді);
терминді аудару жөнінде нақты тапсырыстың болуы және оған сала мамандарының бастан-аяқ қатысуы (айталық, Әділет министрлігі, прокуратура, Парламент аппараты, т.б.);
қазақшаға аударылған терминдер жобасының арнайы басылым беттерінде жария етілуі (мәселен, бұған «Ана тілі» немесе «Терминологиялық жаршы» газеті (дұрысы «Терминологиялық хабаршы» бюллетені болар – Д.Д.) таңдалынуы мүмкін);
4) терминнің нақты түсіндірмесінің жариялануы;
5) әрбір ұсынылған балама сөздің авторы, баламаның қазақ тілінің заңдылығына сәйкестігі мен терминнің баламасы болуға жарайтындығына қажетті дәйектің болуы;
6) балама сөздердің көпшілік ортада жан-жақты талқылануы;
7) Терминкомның ең жарамды деген нұсқаны тапсырыс жасаушының құптауымен сынақ мерзіміне (3 ай) жөнелтуі;
8) сынақ мерзімінде айтарлықтай дәлелді қарсылық жоқ болған жағдайда баламаны тапсырыс жасаушымен бірге бекіту;
9) бекітілген баламаны арнайы терминологиялық сөздікке енгізу.
«Евразия» газеті, 02.09.05.
* * *
Знание казахского языка дает мне огромные привилегии, открывает передо мной все двери. Я разговариваю на равных со всеми, это – настоящее богатство.
Татьяна Бурмистрова,
әнші.
Әне, әйтпесе!
Намыстан жарыл, қазақ!..
Қостанай мемлекеттік университеті практикалық қазақ тілі пәнінің оқытушысы Анна Носкова «Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріндегі анафора мен эпифораның қолданылуы» деген тақырыпта қазақша диссертация қорғап шықты.
Анна 1980 жылы Ресейдің Свердлов қаласында дүниеге келген. Ұлты – орыс.
«Астана хабары»
(04.06.05).
* * *
Нормативтік құқықтық құжаттарды өздері әзірлеп жүрген қызметкерлерге министрліктің 2004 жылғы 1 қазандағы № 308-к бұйрығымен жалақының 10%-ынан 30%-ына дейін үстемеақы төленеді (Орталық аппарат бойынша 11 адамға, комитеттер бойынша 8 адамға).
Иван Кравченко,
ҚР Индустрия және
сауда министрінің бірінші орынбасары.
* * *
... Түбі бәріміз қазақша сөйлейміз.
Александр Юн,
«Қазақмыс» корпорациясы бас
басқарушысының бірінші орынбасары.
* * *
… Сыртқы істер министрлігіндегі оң тәжірибелер басқаларға үлгі етуге тұрарлық. … Министрлік жылына екі рет қызметкерлердің мемлекеттік тілді игеру мүмкіндіктерін байқау мақсатымен аттестация өткізеді. Сондықтан қызметкерлердің біразы екі аттестация аралығында қазақшаны үйренуге тырысады. Сонымен қатар Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер министрлігінің қызмет бабындағы құжаттары өте сапалы әзірленеді.
«Егемен Қазақстан»,
07.06.05.
* * *
Қаладағы қазақтардың бәрінің кіндігі Қосағашқа байланған. Нәріміз де, әріміз де сонда. Менің Нұрсұлтан деген ұлым осындағы орыс мектебінде оқиды. Алайда жылда жазғы демалысында Қосағаштағы ата-апасына апарып тастаймын. Тілді, салт-дәстүрін ұмытпау үшін.
Асқар Зиянұров,
Алтай Республикасы, Ресей.
* * *
Адамның ниеті болса, тілді үйрену қиын емес. Сондықтан тіл мәселесін бұл жерде проблемаға айналдырудың қажеті жоқ. Біз қайта елде жетекші ұлтқа айналып отырған қазақ халқына рахмет айтуымыз қажет.
Абу-Қасым Хожалиев,
«Вайнах» шешен-ингуш
мәдени орталығының төрағасы.
* * *
… Қазақшаны меңгергеніме қуаныштымын. Тек бір өкінішім – Қазақстанның орыс тіліне әлі де тәуелді екендігі. Өзім орысша білмеймін. Бірақ, амал жоқ, кейде дүкенге кіру үшін, көшеде жөн сұрау үшін орысша білмесең болмайды екен.
… Қазақстандағы барлық ұлт қазақша сөйлеуі керек дегенді мен үнемі айтып жүремін. Қазақстанға келетін болғандықтан, орыс тілін емес, қазақ тілін үйрендім. Мен неге бір елге келіп, басқа елдің тілін үйренуге тиіспін? Олай болмайды ғой.
Чарльз Уеллер,
Орталық Азия тарихи-мәдени зерттеу
орталығының құрылтайшысы әрі төрағасы.
* * *
… Германиядағы тіл мәселесі Қазақстандағыдан мүлдем басқаша, мұндағыдай қиындық жоқ. Неміс тілінің 500 жылдық тарихы бар, ол Мартин Лютерден бастау алады. Германияда мемлекеттік тіл деген ұғым қалыптаспаған. Неміс тілі әрі ресми, әрі ұлтаралық қатынас тілі болып табылады. Басқа жақтан керген шетелдіктерге неміс тілін білу Германия азаматтығын алу үшін қажетті негізгі шарт.
Мирко Круппа,
елшіліктің І хатшысы.
* * *
Жапон тілі – бүкіл Жапония мемлекетінде, оның ішінде Хоккайдо, Хонсю, Сикоку, Кюсю және Окинава аралдарында қолданылатын тіл. Жапон тілінде сөйлейтіндердің көпшілігі аталған жерлерде өмір сүріп, сол тілді өзінің ана тілі деп есептейтіндер … жапондар. «Жапон тілі» атауы әлем тілдерінің бірі ретінде «Жапония тілі» деген ұғымға ие. Сондай-ақ «ұлттық тіл» сөзі мемлекет, халық ұғымын, «менің елімнің тілі» дегенді білдіреді.
Тосио Цунодзаки,
Жапония елшісі.
* * *
Балаларды жас кезінен бастап шет тілдерінде оқытпасақ, дамымай қалуымыз ықтимал деген сыңаржақ пікір бар. Бұл пікірге үзілді-кесілді қарсымын. Біріншіден, ең басты сылтауымыз - өркендеген мемлекет бола алмаймыз дегендік. Олай болса, алдыңғы қатарлы елдерді санамалап көрейікші.
Германия – Еуропадағы өркениетті елдердің бірі. Неміс балалары сауатын неміс тілінде ашып, гимназия бітіргенше кемінде үш тілді меңгеріп шығады. Бірінші-төртінші сыныпта сабақ тек неміс тілінде жүргізіледі. Одан кейін 5-сыныпта ағылшын тілі қосылады. Жетінші сыныпта екінші шет тілін таңдау мүмкіндігі туады. Яғни гимназия бітірген бала өз тілінде сөйлеп-ақ, қалауы бойынша үш тілді меңгеріп шығуға мүмкіндік алады.
Францияда 1995 жылы компьютер бағдарламаларын ағылшын тілінде жүргізуге тыйым салынып, 3500-ден астам ағылшын тілінен енген терминдерді қолданыстан шығаруды ұйғарған. «Англо-америкалық тіл империализмімен» күресу үшін тіл комитеті құрылған. Бұл шаралардың ұлт болашағын ойлаудан туындағанын кім жоққа шығара алады?
Жалпы, дамыған елдерде білім беру жүйесі үшке бөлінеді: қажетті, пайдалы және ұнамды. Соның ішінде ұлттық білім жас балаларға қажетті білім ретінде алғашқы баспалдақта қалануы тиіс. Жапония, Қытай, Индонезия қатарлы шығыстың дамыған елдерінде де осы үрдіспен оқытылады.
Жапонияда тілге қойылатын талап күшті болғандықтан, балалардың 3-4 жасынан, яғни балабақшадан ана тіліне икемдей бастайды. Индонезия 1996 жылдан мемлекеттік тілге жаппай көшіру саясатын ұстанып келеді.
… ТМД мемлекеттеріне назар аударсақ, Балтық бойындағы мемлекеттерде «Тіл полициясы» жұмыс істейді, тіл тазалығын қадағалайды.
Ресейде «англо-америкалық тіл империализміне» алаңдап: «… Комитет министров рекомендовал обучать по крайней мере одному современному языку всех учеников начиная с 11-го возраста»(Педагогика, 07.2000 г.) деп жазады. Қарап отырсақ, өркениетке осы елдердің ешқайсысы өз тілін өгейсітіп жетпеген, керісінше, ана тіліне баса назар аударып отырған.
Екіншіден, біздің көтеріп отырған мәселеміз бүгінгі күні ғана туындап отырған жоқ.
XVI-XVII ғасырларда чех педагогы Ян Амос Коменскийдің:
Туғаннан 6 жасқа дейін «Ана мектебі»;
6-12 жас аралығы «Ана тілі мектебі»;
12-18 жас аралығы Латын гимназиясы;
18-24 жас аралығы Академия сатылары осының тағы бір дәлелі.
Рәшида Ұзақова,
Қазақ қыздар педогогика институтының студенті.
* * *
Қытайда екі телеарна тәулік бойы тынбай, қазақша сайрап тұрады.
Болат Бопай,
этнограф.
* * *
Араб тілі – Сауд Арабиясы Корльдігінің барлық мемлекеттік құрылымында қолданылатын, сондай-ақ мектепке дейінгі орындардан бастап, жоғары оқу орындарына дейін оқыту жүргізілетін тіл…
Араб тілі – ең ежелгі, өте бай тілдердің бірі. Қасиетті Құран-кәрімнің араб тілінде түскенін ұмытпаған жөн. Ол, сондай-ақ БҰҰ мен оның бүкіл құрылымындағы ресми тілдердің бірі. Араб тілін білу Сауд Арабиясы Корольдігінің барлық азаматтарына міндетті. Мемлекеттік қызметке орналасу үшін араб тілін үздік меңгерген болу қажет.
Әли әл Хамдан,
Сауд Арабиясы Корольдігінің елшісі.
* * *
Еврей халқы иврит тілінде 4 мың жылдан бері сөйлеп келеді. Иврит тілінде Інжіл жазылған…
Иврит тілін білу Израильдің барлық азаматтарына бірдей міндетті емес. Ол қызметі немесе қызметіне қарай міндеттері иврит тілін қолданумен тікелей байланысты азаматтарға ғана міндеттеледі. Азаматтық алу кезінде иврит тілін меңгеруін қадағалау елге оралу жөніндегі заңға қатысы жоқ адамдар үшін ғана ескеріледі.
Моше Камхи,
Израильдің Қазақстандағы елшісі.
* * *
Голландықтардың өз елінде ұзақ уақыт мекен етуге келген мигранттарға ел үкіметі голланд тілін білуді міндет еткен. Голланд мектептерінде 8 жылдай білім алғандардың бәрі дерлік тест (голланд тілінен – Д.Д.) тапсырады, ал жаңадан келгендер 5 жыл ішінде сынақтары өтіп үлгерулері керек. Бұл талап орындалмаған жағдайда 400 евро айыппұл салынып, елден кету қаупі төнеді. Ол елде имигранттар сынақты өз қалталарынан ақша шығарып тапсырады. Ал егер олар сынақтан сүрінбей өтсе, шығарылған ақшаларының көп бөлігі өз иелеріне қайтарылады.
Б.Жантөреева,
Астана.
* * *
Жапонияда болғанымда «Мицубиси-Корпорейшн» басшысынан «Сіздердің маман-менеджерлеріңіз қайда оқыған? Массачусетсте ме, Гарвардта ма?» деп сұрадым. Ол: «Біздегі ең үлкен менеджерлер өзіміздің ұлттық университеттерді бітірген. Олар тілді (жапон тілін – Д.Д.), мәдениетті, ұлт болмысын жақсы біледі, жапон қоғамымен жұмыс істесе алады» деп жауап қайырды. Әне, жапон түсінігі осындай…
Мен Павлодарға келгенде, «анау» деп, «мынау» деп кежегесі кейін тартқандар болды. Оларға айттым: «Бір бала қазақша оқимын десе, жағдай жасаңдар. «Қазақша оқимын» деген талабы үшін бүкіл оқытушы оның айналасында жүгіруіміз керек. Бұл – намысы бар, жүрегі бар, тілге сенімі бар бала деген сөз. Егер қазақ тобына қиянат жасасаңдар, сол күні жұмыстан қуамын» деп. Құдайға шүкір, бұл мәселе бізде реттелген.
Ерлан Арын,
экономика ғылымдарының докторы.
* * *
… Француз тілі… БҰҰ-ның тілі. Яғни әлемдік тіл. Сол әлемдік тілді Франция үкіметі қызғаштай қорғайды. Француз тілін (Қазақстандағы қазақ тілі сияқты білмеу, тіпті, білгісі келмеу, тіпті, білуден ашықтан-ашық бас тарту былай тұрсын) шұбарлап, былғап сөйлегендердің бәріне айып салады. 1984 жылы ол айыппұл 5000 франк болған («Техника и наука» журналы, №3, 1984), ал қазір – 20000 франк («Известия», №77, 23.04.1994).
… Біз, қазақ, тірі тілімізді өзге түгіл, өз қазағымызға үйрете алмай келеміз. Ал еврейлер ше? Бұдан 1000 жыл бұрын өліп қалған тілін олар Израильде тұратын (еврейі бар, еврей емесі бар) барлық халыққа үйретіп отыр. Қалай? Израильде министрлік болсын, басқа болсын, барлық мекеме қызметкерлері 6 сағат жұмыстан кейін (және біздегідей басқа тілде емес, өз мемлекеттік тілінде жұмыс істегеннен кейін) сол отырған орындарында, орындарынан тұрмай, мемлекеттік тілді тағы да 6 сағат оқиды екен.
Сейілбек Қышқашұлы,
25.09.03.
* * *
… Тілді алға жылжыту өте қиын болып тұрғандығы: біріншіден, тілдің ілгері жылжуына барша бірдей құқықты емес; екіншіден, не істеу керек екендігін, қалай іске асыруды білмейміз; үшіншіден, тіл жанашырлары мен қарсыластарының ара салмағының айырмасы мол. Бір-бірімізден көп бөлінеміз.
* * *
… Қазақстанда әзербайжан тілін дамыту мәселесін қозғау саяси тұрғыдан да, әлеуметтік-ғылыми тұрғыдан да дұрыс емес. Әзербайжан тілін Әзербайжанда дамытады. Ал Қазақстанға келіп алып, менің ана тілімді дамыт деу ақылға сыймайтын шара ғой. Қазақстанда қазақ тілі жан төзгісіз хал кешіп отырғанда өзге ұлттардың тіліне қамқорлық жасау қисынсыз шаруа.
Асылы Осман,
ғалым.
* * *
Ана тілі негізінде екінші, үшінші, т.б. тілді үйрену әлдеқайда жеңіл әрі сапалы болатынын, баланы табиғатына жат тілде сөйлеуге мәжбүр ету оның психологиялық, физиологиялық өзгерістерге, әр түрлі дағдарыстарға жиі ұшырауына соқтыратыны педагогика ғылымында айтылып, жазылып, дәлелденгеніне ден қоймайды, жеткілікті мән бермейді. Бауыр еті – балаларының табиғатына мұндай зорлық, өктемдік жасайтын ата-аналар педагогика, психология ғылымынан мүлдем хабарсыз болуы да мүмкін.
Сайраш Әбішқызы,
М.Сералин атындағы сыйлықтың иегері.
* * *
Қазақ мектебі көбеймей, қазақ мектебінің көктемі көгермейді.
Жақау Дәуренбеков,
жазушы.
* * *
Меніңше, мамандарды жұмысқа қабылдауда мемлекеттік тілді білмейтіндігін тексерудің ешбір заңға қайшы жері жоқ, өйткені тіл туралы заң баптарының зер сала қарап отырсақ, іс қағаздары, ең бірінші, мемлекеттік тілде жүргізілуі тиіс. Олай болса, мемлекеттік қызметтегі кез келген маманның жұмысқа қабылданарда қазақ тілінде іс жүргізе алатын дәрежеде тілді білуін талап ету орынды деп ойлаймын.
Сәрсенғали Әбдіманапов,
Л.Гумилев атындағы Еуразия университетінің ректоры.
Керек сөз
Өзгеден үйрен де жирен...
... Қазіргі замандағы 10 миллионнан асатын қазақтарға басылым беттерінде, теледидар экрандарынан қазақ тілінің қажеттілігін арттыруға күштері жетпей жатқанын, осы мәселеде қауқарсыз екендіктерін айтып жылаудың түк те қажеті жоқ. Бұл, әрине, түк бітпей жатыр деген сөз емес. Дегенмен, келісіңіз, егер мен өз ана тілімді ауызша да, жазбаша да қолданбайтын болсам, менің балаларым оны қайдан біледі? Егер анасы асүйде «екі қасық қант» деп жазудың орнына «две ложки сахара» деп жазатын болса, қызы ешқашан ана тілін қолдана отырып торт пісірмейтін болады. Бұл – қарапайым заңдылық.
Тілді қалай сақтап қалуға болады деген сауалға қыпшақ тілді армяндар тамаша мысал бола алады. Олар Украинадағы Галицко-Подольскіге келіп тұрақтағаннан кейін, Львов пен Каменец-Подольскідегі колониясын үш мың адам ғана құраған. Олардың барлық жазба ескерткіштерін зерттей келгенде, бірде-бір жерде бөгеде елде жүрген аз халықтың тілді сақтау қиын болып барады дейтін дерегін таппадым. Ана тілінде дәріс беретін мектептерін де өздері қаражаттандырған. Осының арқасында 30 мың беттік жазба мұраларын қалдырған. Және сол бес ғасыр бойы Львов пен Каменецте әкімшілік билігі талай өзгерсе де сол жердің қожайындарын өздерімен есептесуге көндіріп, дәулетті тұрмыс құрған.
Александр Гаркавец,
ғалым.
* * *
... Біріншіден, аралас мектеп жайлы. ... Аралас мектеп әлсіз ұлттарды біртіндеп жою үшін жасап шығарылған отарлық жүйе тетігі... Біз одан тездетіп бас тартпасақ, уақыттан ұтыламыз.
... Әркімнің өз дерті өзіне батады... Өз ауруымызды өзіміз емдемесек, оның ешкімге де керегі жоқ және оны «неге емдейсің» деуге де ешкімнің құқы жоқ.
Екіншіден, «Мемлекеттік тілде іс жүргізу» пәні жоғары оқу орындарына арналған мамандықтардың Мемлекеттік білім беру жүйесіндегі негізгі пәндер қатарынан алынып тасталған. Тек таңдау пәндері қатарында қалдырылған. Міне, басты түйіткілдердің бірі осы жерде. Білім министрлігімен бірлесе отырып, мұны қайтадан қалпына келтірмесек, тек қана ұлт ұтылады.
Үшіншіден, мемлекеттік тіл – кәсіпкерлік тіліне айналмай, көсегесі көгермейді. Мұның алғышарттары жасалмаған, әлі іске асыра алмай отырмыз.
Төртіншіден, мәжбүрлеу мәселесі. Кез келген баланы азамат қылып қалыптастыру үшін ата-анасы тәрбиеге мәжбүрлеп көндіреді. Сол сияқты, бірнеше ғасырға созылып кеткен орталық езгінің кесірінен, көптеген ұлттық құндылықтарды жоғалтып алған халқымызды аялап сүйе отырып, мәжбүрлеуіміз керек.
Қырымбек Көшербаев,
Маңғыстау облысының әкімі.
* * *
... Бірінші сыныптан орта мектепті бітіргенге дейін ғана емес, Қазақстанда тұратын барлық халықтардың бүкіл өмірінде қазақ тілі ең басты қажеттілік болу керек деп санаймын. Қазақ мектептерінің санын, әсіресе, қалаларды ұлғайту, оқулықтардың сыртқы түрін ғана емес, сонымен бірге мазмұнын да сапалық түрде жақсарту, қазақ тілінің жоғары білікті оқытушыларын даярлау керек.
С.Башоян,
Армян мәдени орталығының өкілі.
* * *
Ұлт рухын сақтау – сол ұлттың абыройлы парызы. Рухын сақтаған ел өміршең болады. Ұлт та, ұлттың рухы да ең әуелі тілі арқылы танылады. Тілін сақтай алған ел өзін, өзінің ертеңі мен болашағын қамтамасыз ете алады. Сондықтан бұл мәселелер туралы айтқанда, сана төрінен орын алар ең киелі ұғым – Тіл. Тілдің мемлекеттік мәртебесін сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде қамтамасыз ету – сол тілді «мемлекеттік тіл» деп жариялаған, мойындаған елдің міндеті…
Қазақ тілінің тек Қазақстан Республикасында ғана өмір сүретіндігін ұрпақ санасына сіңірудің еш артықшылығы жоқ.
Фаузия Оразбаева,
педагогика ғылымдарының докторы.
* * *
Тілдік орта қазақылануға бет бұрған соң күнделікті қолданыстағы сөздер құлаққа сіңіп қалады. Мысалы, басқа ұлттардың өкілдері көшелердегі қазақша жарнамаларды, маңдайшадағы жазуларды жақсы түсінеді... Алматы қаласындағы ұлттық мәдени орталықтардың жетекшілері «Екі тілділікті біз дұрыс түсініп жүрміз бе?» деген үндеуін Интернет арқылы таратты. Олар қазақша жазылған «Арман» кинотеатры», «Самал» кафесі» деген атаулардың аудармасының қажетсіздігі, «нан-хлеб», «май-масло», «ет-мясо» деген сөздерді осылай қосарлап жазудың дәуірі өтіп кеткені туралы айтады. Коммерциялық жарнамалардан басқа көрнекілік аппараттарды мемлекеттік тілде жазып ілуге шақырады. Демек тіл үйренудің алғышартының біреуі осы.
Бауыржан Омаров,
профессор.
Күн тәртібіндегі мәселе
Дәлелді сауал... неге?
Адамгершілік құндылықтың барлығының мәні тіл мен мәдениетте! Сәбиін ана тілінде әлдилей алмайтын ана баласына қайтіп қазақы тәрбие бермек? Сіз ауылдың қарадомалағы мен қаланың асфальтта өскен баласын салыстырып көріңізші. Аралары жер мен көктей!
... Түркияда қаншама ұлттың өкілі тұрады. Алайда сол ұлттардың бірде біреуі «Мені армян мектебіне бер», «Мен Әзірбайжан мектебіне барамын», «Мені орыс тілінде оқыт», «Маған еврей балабақшасы керек» деген талап қоймайды. Олардың барлығы өздерін түркиялықпыз, түрікпіз деп санайды. Түрік тілінде тәрбиеленіп, түрік мектептеріне барады.
... «Ресми» деген мәртебе «мемлекеттік» деген мәртебеден де жоғары тұр. Бірақ мүмкін Елбасымыз дәл сол кезде барлық ұлттың өкілдері орыс тілін жетік білгендіктен, солай бекіткен болар. Мен оған да онша ашынбаймын. Менің жанайқайым: Ата заңымыздың 1-бабында қазақ тілінің Қазақстанда мемлекеттік тіл екендігі айтылса, 2-бапта орыс ресми тіл болып табылатыны жазылған. Біз неге бірінші бапты шетке ысырып тастаймыз да, екінші бапты мүлтіксіз орындаймыз?
Асылы Осман,
ғалым.
* * *
Қазақстанда бір ғана ұлт болуы керек. Ол – қазақ. Оның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Көптеген елдерде осындай. Мәселен, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Иран және тағы басқа елдер өзге ұлт өкілдерін өзіне сіңіріп алған. …Өзбекстанның қазақтарын ешкім «қазақ» демейді. Олардың тегі – қазақ, бірақ ұлты - өзбек.
* * *
Маған орыстілді БАҚ өкілдері сұхбат алуға келеді. Келісемін, бірақ қазақша деп шарт қоямын. Онда ала алмаймын дейді, мен де мейлі деп қоя саламын. Өйткені сұхбат маған емес, оған керек. Қажет болса, жолын тапсын. Бәріміз де сондай принципке көшуіміз керек. Дәрісті қазақша оқы, ешкім қуып шықпайды. Бұл Прибалтика мен Польшаның принципі ғой…
Мен ойлаушы едім, Франция Еуропалық одаққа кіргеннен кейін француз тілі қолданыстан қалған шығар деп. Қайдағы, барлығы тек французша сөйлеседі. Содан кейін ақшаны қайда шашады, дүние жүзіне француз тілін тарату үшін.
Әзімбай Ғали,
саясаттанушы.
Ұрымтал сөз:
Қазақ тілі қолға алынғалы... сөйлеу мәдениеті де былтырғы, алдыңғы жылдарға қарағанда жөнделіп келеді. Қазақтың жігіттері сондай шешен сөйлейді... Патсайы жеңгей: «Керіліп өскен кербезім, Айдындағы аққудай, Бере жатар жауабын, Іркілместен жатсынбай, Танысайық әуелі, Жағалбайлы – жалпақ ел, Боласыздар қай туған?» дейді. Осы сөздерді сонша шығын етпей-ақ, салған жерден: «Танысайық. Сосын қайтасыздар» десе, несі кетеді. Жоқ, психологиясын аңдап, айналып, үйіріліп, тамыр басып, бетін бері қаратады.
... 1991 жылы егемендік, одан бұрын Тіл заңы жарияланды. Енді барша қазақстандықтар жұмылып, бәрі сөйлемейінше, оған басшы болмайынша, мемлекеттік тіл өркендемейді. Ал, жалпы, меніңше, халық дайын. Басшыларға қарап отыр. Біз – үлкен семьямыз. Семьяда балалар әкесін, яғни халқы басшысын тыңдайды, бағынады. Менің бір ұл, бір қызым бар, мемлекеттік тілді түсінеді, рас, сөйлемейді. Егер орта, облыс, қала мемлекеттік тілде сөйлесе, олар да, немерелерім де көштен қалмайды.
Василий Илющенко,
зейнеткер
(«Ана тілі», 25.05.00).
* * *
Алматы қазақша сөйлемейінше, Қазақстан қазақша сөйлемейді.
Қасымхан Бегманов,
ақын.
* * *
Қазақ тілі маған әлі күнге ауылдың ғана тілі секілді көрінеді.
… Тілімізге қауіп төніп тұрғанын бар жән-тәнімізбен сезінетін шаққа жеттік. Оның үстіне «бұрынғы күнім күн екен, ендігі күнім мұң болуы» мүмкін – аяушылық білмейтін «аждаһа» ағылшын тілі күн санап төрімізге озып келеді. Тіл үшін күресте қорғана-қорғана шаршадық, шабуылға шығатын сәт бүгін. Бұған дейін кешеуіл – өліммен тең!
Өмірзақ Ақжігіт,
журналист.
* * *
Малайзия халқының ұлттық менталитетіне революция жасаған Махатхир Мохаммад елдің 23 жыл бойы үздіксіз премьер-министрі болған. Англияда білім алып, ағылшын тілін еркін меңгерген. Лоббистік саясаттың құйтырқыларын сезінген ол шетелдерде ағылшын тілінде оқыған өз елінің азаматтарына мемлекеттік жауапты қызметтерді ұсынбауды алдына мақсат етіп қойған.
Халықтың 35 пайыз ауқатты тобын құрайтын қытай қоғамын ортақ құндылықтар үшін қызмет етуге шақырған. Сөйтіп ол әлемнің 52 елінде мемлекеттік мәртебеге ие болып отырған ағылшын тілінен өз елін қызғыштай қорыған.
... Мемлекеттің айбыны болып табылатын әскери орта да ағылшын тілін оқуға ден қойып отыр. Ұлыбритания Қорғаныс министрлігі біздің әскери мамандарымызды онсыз да дүние жүзін жаулап алған ағылшын тіліне оқытуды қолға алуда.
... Қазақстан әскерилері неге ағылшын тілін меңгеруге сонша құмар болып қалды? Олар дипломатиялық салада қызмет атқармайды ғой. Меніңше, британдықтарға тілдік орта қажет. Оның стратегиялық маңызы бар. Өз мүддесін әріден ойлайтын ағылшындардың лоббистік саясаты болашақта біз арқылы бүкіл Орта Азияға бақылау орнату болмақ.
... Кезінде Ливия революциясының көсемі М.Каддафи өз еліне ойда жоқта АҚШ әскери шабуыл жасай қалса, қиындыққа ұшырасын деп, өз әскерилеріне ағылшын тілін білуге қатаң тыйым салған көрінеді. Ал әскерде тіл алу, байланыс орнату деген өте маңызды.
... 1920 жылдары 30-ға жуық ұлттың әскери оқу орындарында талапкерлер дәрісті ана тілінде тыңдаған екен. Әскери Жарғы, көмекші құрал, нұсқаулар, бұйрықтар ұлт тілдеріне аударылыпты. Ұлттық жасақтардың басшылығы өзге ұлт өкілдеріне ол тілді біліп, оқуды өмірдің өзі мәжбүр еткен.
Тіпті сол кездегі әлеуметтік ортаға байланысты Түркістан майданының қолбасшысы М.Фрунзе саяси қызметкерлер мен командирлердің бәріне: «өздерің қызмет етіп жүрген жерлердегі жергілікті ұлттың тілін үйренуге міндеттісіңдер» деп бұйрық берген. Міне, мәжбүрлеу деген осы.
Ермек Жұмахметұлы,
Алматы.
Дөп сөз
Ұяттың ең үлкені – өз тіліңді білмеу
Біз халықтың саны жағынан әлемдегі үлкен елміз ғой. Соған қарамастан, тұтастай өз тілімізде сөйлейміз. Қытай елінде әуелі өз ана тіліңді жетік меңгермей, өзге тілге ұмтылу мүмкін емес. Бұл – ұлттық заңымыз. Ұяттың ең үлкені - өз тіліңді білмегенің.
Қытайда өз тіліңді білгенің - әке-шешеңді құрметтегенің деген қағида бар. Яғни, ұлттық тіл – ұлттығыңның айнасы.
Ли Лэтень,
«Ақтөбемұнайгаз» ААҚ үкімет және қоғамдық байланыстар
бөлімінің бастығы («Ана тілі», 07.03.02).
Білуге тиіссің!
Мемлекеттік тіл – мәртебелі тіл
«Қазақстанская правда» газетінің тілшісі Гүлнәр Нұрпейісова 2004 жылы жергілікті жерлердегі мемелекеттік тілдің мәртебесін зерделеу мақсатында Украина, Беларуссия, Литва, Латвия, Эстония елдерінде болып қайтқан еді. Гүлнәрдің әкесі – қазақ, шешесі – орыс. Төменде сол сапардан келгенде «Ана тілі» газетіне берген сұхбатынан қысқаша үзінді.
... Балтық жағалауындағы елдердің мемлекеттік тілі – олардың құндылығында. «Мәртебелі тіл» деген түсінік бар ол жақта. Халық сол мәртебелі тілде сөйлейді. Ол - өздерінің ана тілі. Басқа ұлттарда тұрып жатқан елінің тілін білмеуден артық сұмдық жоқ. «Мемлекеттік тілді білесіз бе?» деген сұрақ қойылса: «Мен неге білмеуім керек» деп өзіңізге сауал тастайды. «Мен Эстонияда тұрамын, мемлекеттік тілді білуге міндеттімін!» деп таңданыспен қарайды олар мұндай сұрақ қойғандарға.
Литвада беделді «Еңбек» деген партия бар. Партия басшысы – орыс. Литва тілін өте жақсы меңгерген. Өзі Парламентте қызмет етеді. Оны литвалықтар да, басқа ұлттар да ұлтына қарамастан, қадірлейді. Тілін білгені үшін, тілді қастерлегені үшін.
... Литвада «Мемлекеттік тілді білу, білмеу» деген әңгіме жоқ. Меңгерген тіліңнің сапасына назар аударылады. Өте жақсы білуге тиіссің. Литва тілінде дұрыс сөйлеу қадағаланады. Айыппұл салу жүйесі тіл мәселесінің басын ашып берді деуге де болады. Себебі, инспектор бір тексерер, айыппұл салар. Келесі жолы бұл тағы қайталанса, жұмыссыз қаласыз. Кейбіреулер бізді тіл үйренуге мәжбүрлеуде деп даурығады. Мұндай жағдайда былайғы тағдырыңды таңдауың керек. Не үйде отырасың, не тілді үйреніп қызмет істейсің.
... Эстонияда азаматтық алу үшін мемлекеттік тілді білуің шарт. Бұны қысым деп те атады Ресей. Бірақ «өз елдеріңе қайтыңдар!» деген бір ауыз сөз айтылмады ғой. Елде тұрыңыз, жұмыс істеңіз, тек тілін біліңіз – деген ғана талап қойылды.
Гүлнәр Нұрпейісова,
«Казахстанская правданың» тілшісі
(«Ана тілі», 12.08.04).
* * *
… Маған бір ой келеді. Тіл білмейтін министрлерді орындарынан алып тастаса қайтеді? Тіпті, бір-екі министрді алып тастаса да жетіп жатыр. Сонда бәрі қазақша үйренер еді. Тілге шын жанымыз ашыса, сөйткен дұрыс!
Нұрмахан Елтай
(«Жас Алаш», 13.11.03).
* * *
… «Жалпықазақстаншылардың» дәріптеп жүрген қазіргі идеяларының түпкі мақсаттары төмендегідей:
Біріншіден, қазақи мүддеден жұрдай қандастарымызға қаржылай-моральдық көмек көрсету арқылы солардың қолымен «жалпықазақстандық ұлт» идеясының тұжырымдамасын жасау;
Екіншіден, осы идея негізінде Қазақстанды мекен етуші диаспора өкілдері мен қазақ халқының конституциялық, ұлттық құқықтарын теңестіру;
… Төртіншіден, «көпұлтты» елдегі орыс тілінің ұлтаралық тіл деген коституциялық құқығын бетке ұстап, оны шын мәнісінде мемлекеттік дәрежеге жеткізу…
Елбасы саясатының нәтижесінде ұлттық мәселелер түйіні біртіндеп тарқатылып, қоғамды «қазақ тілділер» мен «орыс тілділер» деп бөлу арқылы ұлттық құндылықтарға үнемі соққы беріп отыруды көздегендердің әрекетіне тосқауыл қойылды. Әділетсіз түрде орыстілділер тобына жатқызылып келген еліміздегі жүздеген ұлт пен ұлыс өкілдері Қазақстан халықтары Ассамблеясы шеңберінде өз тілдері мен мәдениетін дамытуға белсене кірісті. Бұл арқылы өз жоспарларына айтарлықтай нұқсан келгенін түсінген кейбір топ енді «жалпықазақстандық» идеясын дәріптеуге кірісті.
Жомарт Жеңіс,
тарих ғылымының кандидаты.
* * *
… Бос лауазымды орынға қызметке қабылдау кезінде үміткердің мемлекеттік тілді білуіне үлкен мән беріледі…
Күнсәуле Аралбекова,
Батыс Қазақстан облыстық әділет
департаменті бастығының орынбасары.
* * *
Мемлекеттік тілді қазақтарға ғана керек тіл деп қарауға болмайды. Ол қазақстандықтардың тілі болуға тиіс. Әлемдегі барлық өркениетті елдердегідей, мемлекеттік басқару жүйесінде қызмет істейтіндер бұл тілді білуге міндетті. Онсыз ол мемлекеттік тіл болып есептелмейді…
Кез келген мемлекеттік лауазымды қызметке өтерде үміткердің мемлекеттік тілді білетін-білмейтіндігін немесе қазақ халқының тарихы мен салт-дәстүрінен хабары бар-жоқтығы басты көрсеткіш ретінде өлшемге алынып, бұл талапқа сай келмеген кез келген үміткер қызметке қабылданбайтын болса, қазіргі мемлекеттік тілді менсінбей жүрген мансап қуып, өзінің қара басының қамын ойлаған талайлар, сөз жоқ, өзінің болашағы үшін мемлекеттік тілді үйренер еді.
Әбен Қонысбаев,
Тараз қаласы прокурорының аға көмекшісі.
* * *
Қысқа мерзімге арналған мақсат:
Қазақ тіліне деген сұранысты қанағаттандыру. Қазіргі кезде қазақ тіліне деген сұраныс, шамамен, жалпы ел көлемінде 20-30% құрайды (менің пікірімше).
Жүзеге асыру жолдары (жоспар):
1. Қазақ тілді мамандардан тұратын мемлекеттік қызметкерлер қабатын қалыптастыру;
2. Мемлекеттік тіл еркін айналымға түсе алатын жүйе қалыптастыру.
Егер осы мәселеге байыппен қарасақ – шешімі тіпті де күрделі емес.
… Қайткенде мекемелер арасында қазақ тілі еркін айналымға түсетін арналар орнатуға болады? Ол үшін белгілі бір мекеменің белгелі бір бөлімінде кем дегенде бір қазақтілді маман болуы керек. Бұл мекеменің қызмет кестесінде тайға таңба басқандай көрсетілуі керек. Яғни белгілі бір мемлекеттік мекеме құрамында он бөлім болса, онда кем дегенде он қазақтілді маман болуы керек.
Жандос Асанов
(«Ана тілі», 26.05.05).
* * *
… Екі балам да мектепті өте жақсы деген бағалармен бітіріп, шет елдерде жоғары білім алды. Кіші балам 1992 жылы туысқан Түркияға тек қана бір орыс тілімен оқуға кетіп, үш тілді – түрікше, ағылшынша және қазақша үйреніп келді. … Үйде үстел басында отырып қазақша «нан», «пышақ» деген бір-екі сөзді айтқыза алмаушы едік… Қазақстанда қазақша үйренгісі келмеген бала Түркияда түрік тілінде университет бітіріп, қазақ және ағылшын тілдерін игерді.
Шөкен Қылышбекұлы,
инженер-экономист.
* * *
Тілдің мемлекеттік мәртебені алып жүруі оның толыққанды тәуелсіздігіне тікелей байланысты. Ал тіл тәуелсіздігі оның қабілеті мен мүмкіндіктеріне барып тіреледі. Ол қандай қабілет пен мүмкіндік? Тілдің орфографиялық орнықтылығы, орфоэпиялық қанықтығы, әліпбилік дербестігі және терминологиялық тиянақтылығы әлгі критерийлерді анықтайды.
Серік Ерғали,
саясаткер
(«Жас Алаш», 15.09.05).
* * *
... Облыстық ауыл шаруашылығы департаментінің бастығы Аманкелді Кәрентаев жұмысқа қабылдау туралы газетке берген хабарландыруында тендерге қатысушы үміткердің мемлекеттік тілді жетік білуін талап етеді. Өз қызметінде де іс қағаздарын қазақша жүргізеді, барлық мамандары қазақтар. Көріп, біліп жүргендер осы сияқты ұлтжанды азаматтан үлгі алмай-ақ келеді.
Өзге мекеме иелері «мемлекеттік тілді мүмкіндігінше меңгерген» деп береді. Бұл деген сөз қазақ тілін білсең біл, білмесең қой дегенін олардың өзі түсінбейді-ау. Міне, осындайлардан шошыну керек.
Таңсықбай Әбдіралиев,
«Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысы
Жамбыл облыстық филиалының төрағасы.
Темірхан Медетбек, ақын:
... Бәріміз намыстануымыз керек
... Тіл қауіпсіздігі шекарадан да мықты бекіністе болуға тиіс. Егер тіл қауіпсіздігін жоғары деңгейге көтерсек, ол ертең ұлттың қауіпсіздігін сақтайтын үлкен рухани құралға айналады. Мысалы, болгарлар 500 жыл бойы түріктердің отарында болған. Бірақ неге Болгария қайтадан мемлекет болды, ел болды? Өйткені тілін, дәстүрін, дінін сақтады.
Қазір Польша деген мемлекет бар. 120 жыл бойы осы елдің әр бөлігі әр жаққа – бір жағы Германияға, бір жағы Ресейге қарап, мемлекет ретінде жойылған. Тіпті, әлемдік картадан алынып тасталған. Солар тілін, дәстүрін, дінін сақтап қалуының арқасында ғана қайтадан мемлекет болды, картаға қайта кірді.
Бұған кері мысалдар айтайық. Филиппин мемлекеті жүздеген жылдар испандықтардың қоластында болды. Оны кейін АҚШ жаулап алды. Қазір тәуелсіз, демократиялық мемлекет сияқты. Бірақ аты-жөндері испанша, өздері католик дінін қабылдаған... Ана тілдері әлсіз, сөніп бара жатқан шырақ сияқты.
Осыдан біраз бұрын мен Ник Хоакин деген филиппиндік жазушының «Өзін-өзі жоғалтқан әйел» деген романын оқыдым. Автор мұнда қос кіндікті әйел туралы жазады. Қазақта да «кіндігінен байланып қалған» деген ұғым бар ғой. Оларда да соған мағыналас түсінік бар болуы керек... Кейіпкер – дәстүрін, дінін жоғалтқан әйел... Ол үшін қасиетті, қастерлі ештеңе жоқ... Бұл – адамның рухани күйреуі. Ол – жарымжан. Кіндігін жоғалтқан. Ол – қоскіндік. Біреуі – испандық, біреуі – американдық.
Осындай мәселелер тұрғысынан келгенде, қазір біз де қорқамыз. Біздің тіліміз үлкен мінбелерге шығудан қалып барады. Өз елімізде, өз жерімізде кірме адамдар сияқтымыз біз. Теледидардың бәрі түн жарымында қазақша көрсетеді. Кірме, кірмелік деген осы емес пе? Бұл мәселеге сен де, мен де, ол да, ... бәріміз намыстануымыз керек. Намыс қана бізді осы тығырықтан алып шығуы мүмкін.
... Тіл мәселесі өте шетін, өте нәзік мәселе. Жақында Латвия президенті Вайра Вике-Фрейберганың «Аргументы и факты» газетіне берген сұхбатын оқыдым. Латвияда орыс мектептерінің өзінде дәрістің 60 пайызы латыш тілінде жүргізіледі, орысша – 40 пайыз ғана. Осыған байланысты тілші сұрағына президент: «Латвиядағы орыстар латышқа айналуы керек. Латыш болып шығуы керек. Егер латыш болғысы келмесе, онда мұнда тұрмасын, кете берсін» деп жауап берді.
Мұны өз басым тым қатал, асырасілтеушілік деп есептеймін. Тіпті, қатыгездік те болуы мүмкін. Бізде ондай болмай-ақ қойсын... орысша сөйлейтіндердің бетін бері қаратуымыз керек қой. Соны жасай алмай отырмыз. Біз бүгін тілді қорғай алмасақ, ертең тіл бізді қорғамайды. Тілден басқа бізді қорғайтын ешқандай күш те, құрал да жоқ.
Кеңес өкіметі Ауғанстанмен он жыл соғысты. Дамбал киіп, арбамен жүрген ауғандарды ала алмады. Қару-жарағымыз тіреліп тұрды. Соғыс арсеналы да сұмдық. Сонымен ала алмады. Неге? Ол да ауған халқының рухының күштілігінен. Рух тек қана тіл арқылы келеді. Рухтың одан басқа келетін, жүретін жолы жоқ.
«Кеңес өкіметімен бірге империя құлады» делініп жүр ғой. Шын мәнінде, империя құлаған жоқ. Кеңес өкіметінің құлағаны рас, бірақ Ресей - әлі империя. Қаншама елді бауырына басып жатыр. Қытай - ежелден, біздің дәуірімізге дейінгі уақыттан, Цинь Шихуандидің кезінен империя. Әлі құлаған жоқ... күшейіп келе жатыр. Сол екі империяның ортасындамыз. Мына тұстан өзбек шовинизмі бас көтеріп келеді... Осындай ортада отырған кезде біздің аса сақ болуымыз керек. Әскерімізді қанша күшейткенмен, бізді сақтайтын, әлгі Болгарияны, Польшаны сақтағандай, бір-ақ күш бар. Ол – рух күші. Рух тек тілмен қалыптасады.
(«Жас Алаш», 15.06.04).
Дерек пен дәйек
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
… Туған тілімізді түлеттік. Егер 1990-91 жылдары республикамызда қазақ тілінде оқытатын 2768 мектеп болса, 2005 жылы олардың саны 3700-ге дейін жетті. Соның нәтижесінде республика мектептерінде қазақша оқитын балалардың үлесі 60 пайызға дейін көтерілді. Қазақ тілінде білім беретін жоғары оқу орындарының саны да арта түсуде. Жыл сайын ана тілімізде шығатын кітап, газет-журнал өнімдерінің таралымы көбейіп, теледидар, радио хабарларының мөлшері де арта түсуде. Қазір Қазақстанның 14 облысының бесеуінде іс қағаздарын жүргізу қазақ тіліне көшірілді.
Ең бастысы, елімізде қазақ халқының үлес салмағы артты. Егер 1989 жылы республикадағы қазақтардың үлесі 40 пайызға жетер-жетпес болса, қазір бұл көрсеткіш 58 пайызға жетті. Кеңес заманында биліктің есігін сығалап жүретін қандастарымыздың мемлекеттік қызметтегі үлес салмағы 80 пайызға көтерілді.
… Соңғы кездегі деректер бойынша, Өзбекстанда бір жарым миллион, Қытайда 1 миллион 700 мың, Ресейде миллионға жуық, Түркіменстанда 100 мың, Монғолияда 80 мың, Қырғызстанда 45 мың қазақ бар. Өзге елдердің арасынан Түркия, Иран және Ауғанстанда қазақтар біршама көп және олар жинақы орналасқан. Еуропа мемлекеттерінде қазақтар қадау-қадау, ал мұхиттың арғы жағындағы елдерде тіпті бірен-саран кездесетіні белгілі. Әрбір үшінші қазақтың, шекараның сыртында өмір сүріп жатқан қазақтың қилы тарихы осылай қалыптасты, енді өткенге өкіне бергеннен ештеңе өзгермейді…
Дүние жүзі қазақтарының үшінші
құрылтайында сөйлеген сөзден үзінді
(«Егемен Қазақстан», 30.09.05).
ТІЛ ТУРАЛЫ ТЕЗИСТЕР
1. Белгілі тілші-лингвист Дуг Уоленнің пікірінше, дүние жүзіндегі қазіргі бар тілдердің келешекте тек бес пайызы аман қалады екен. Қалғандары біржола құрдымға кетіп жоғалмақ. Мұны ойлағанда жаның түршігеді, жүрегің сыздайды.
Есептеп көрелік. Қазіргі таңдағы тілдер мен диалектілер алты мың қаралы екен. Жыл сайын жиырма бес тіл қолданыстан шығып қалады дейді ғалымдар. Демек, XXI ғасырда дүниежүзілік тілдердің сексен пайызы ақи-тақи ұмытылмақ. Бұдан асқан трагедия бар ма? Әлгі ғаламдастыру дегеннің кесірі емес пе?
Халқының кем дегенде бір миллионы ана тілінде сөйлесе, ол тілдің азын-аулақ келешегі бар екен.
Жер шарында ең көп таралған қай тілдер? Жалма-жан блокнотымды ашып қарасам, былай екен:
Қытай тілінде 844 млн. адам сөйлейді
Ағылшын тілінде 434 млн.
Хинди тілінде 338 млн.
Испан тілінде 331 млн.
Орыс тілінде 291 млн.
Араб тілінде 192 млн.
Бенгал тілінде 181 млн.
Португал тілінде 171 млн.
Индонезия-малай
тілінде 138 млн.
Жапон тілінде 124 млн.
Француз тілінде 119 млн.
Неміс тілінде 118 млн.
Бұл ООН (БҰҰ)-ның – оншақты жыл бұрынғы мәліметі. Пәлендей өзгере қоймаған деп ойлаймын.
Содан шығатын қорытынды: бұл тілдерге таяу ғасырда қауіп жоқ екен.
Ал қазақ тілінің халі нешік? Қазақстандағы сегіз миллион қазақтың ең кемі бір миллионы, Құдай біледі, ана тілінде еркін сөйлейтін шығар. Оған шетел қазақтарын қосыңыз. Демек, қазақ тілі де, иншалла, таяу арада ес-түссіз жоғала қоймас. Дегенмен сақ болған жөн. Әйтпесе, сексен пайыз үмітсіз тілдердің қатарына қосылып қалуымыз ғажап емес.
2. Осыған орай тағы бір мәлімет. Алматыдағы кіші ассамблеяның дерегі бойынша, оңтүстік астанамызда мемлекеттік жалпыбілімдік 171 мектеп бар екен. Оларда 182576 оқушы оқиды. Ал сол 171 мектептің 33-інде оқу қазақ тілінде жүреді екен. 72 мектепте сабақ орысша, 57-сінде орысша-қазақша аралас, 3-інде ұйғырша, 2-інде орысша-ұйғырша, 1-інде орысша-қазақша-ұйғырша аралас оқытылатын болып шықты.
«Аралас» дегенге менің о бастан күмәнім бар. «Аралас» болған жерде орыс тілінің басым екендігі өзінен-өзі түсінікті. Ол тұрмақ «таза» қазақ мектептерінде де оқушылар көбінесе орысша шүлдірлейді.
3. Ойыма ұбых тілінің тағдыры орала кетті... Дағыстан өңірінде XXI ғасырдын орта тұсында сондай халық болған. Олар ұбых тілінде сөйлеген. Жылдар өте, сол ұбых тілінде сөйлей алатын әкелі-балалы екі-ақ адам қалыпты. Олар да Түркияға қоныс аударған екен. Осыдан он-он бес жыл бұрын 102 жасқа келіп, жаңағы ұбых шал о дүниелік болыпты. Ұбых тілін сақтап қалған сексендегі баласы ғана. Ол қазірде бар ма, жоқ па білмеймін. Тіл құрыған, адам құрыған, бір тайпаның мәдениеті өшкен. Аз халықтың тағдыры осы. «Өлдің, Мамай, қор балдың». Тілің өлді – өзің өлдің. Дүниеде ізің де қалмады. «Мен өлгенде, тілім не болмақ?» деген ойда жүрген дұрыс-ау.
4. Орыс тілі жайында Пушкин айтқан екен: «Он один останется неприкосновенной собственностью несчастного нашего отечества». Қазақшаласақ, былай болып шығады: «Біздің бақытсыз отанымызда бірден-бір басыбайлы меншігіміз тіл болып қалмақ».
Әй, осыны көбіміз (қазағы, немісі бар) түсіне бермейміз-ау...
5. Тіл тек қатынас құралы емес. Ол – халықтың жүрегі, жаны, ділі, діні, мақсат-мүддесі, ой-арманы, болмыс-тірлігі. Осыны жиі айтамыз, бірақ байыбына бара бермейміз.
6. Көптен бері ұлттық идея іздеп келеміз. Бір кездері үй-күйі жоқ, сақалы беліне түскен қаңғыбас, есі ауысқан, қысы-жазы тыржалаңаш жүруге әуес Порфирий Иванов дегенді уағыздап, ұлттық идеяға жақындатып едік. Соңғы бір-екі жылдан бері байқаймын, ол шалды мазаламайтын болдық. Оған да шүкір, әйтпесе масқара емес пе?
Енді бірде «жалған сөйлеме, өтіріктен ада бол!» деген Солженицынның қағидасы ұлттық идеяның тұғыры бола алады деп ойлаушы едік. Маған бұл қағида да теріс емес сияқты. Бірақ қазаққа, мен білсем, Солженицынның өзі де, сөзі де ұнамайды, ал өтіріктен ада болу тіпті де қиын. Мүмкін де емес шығар. Өтірік бізде сасық қулықтың бір нұсқасы іспеттес. Ал қулық, қазақтың ұғымында, пәлендей жағымсыз мінез емес. Сонда не қалады? Сол бабалардан қалған тілің ұлттық идея болу керек деп топшылаймын. Қазақты біріктіретін бірден-бір қасиетті күш ана тілі болуға керек.
7. Қазақ тілі – жаралы тіл. Оған күн сайын жара салатын өзіміз. Атадан қалған рухани байлықты шұбар-шұбар, кедір-бұдыр, мәнсіз, сәнсіз, көріксіз, жұтаң, қаны-сөлі жоқ былжырақ, қойыртпақ бірдеңеге айналып келеміз. Сөйтіп жүріп, жалғыз байлығымыз – тілді құртамыз.
8. Аяған Сәндібаев таяуда «Известия-Қазақстанда» жақсы айтты: «Біздер, қазақтар, ана тілімізден басқа тілдерді үйренуге оңтайлы тұрамыз». Шынында да, қазіргі қазақтар ана тілінен гөрі шет тілдерін меңгеруге әуес.
9. Не жетпейді? Намыс жетпейді. Ыждағаттылық жетпейді. Құрмет жетпейді.
Баяғы қазақшылық: «Әй, қойшы! Өзіміздің тіліміз ғой. Қайда қашар дейсің?».
10. «Тілбұзаризм» жалғыз қазақта емес, көбінде бар індет. Орыстар да, немістер де, француздар да зар жылап жүр. Ресейде «русский лапоть» атты сыйлық қарастырылып жүр. Ол сыйлықты («орыстың шатабасы») Черномырдин сияқты қалай болса, солай сөйлейтін «сөлкебайларға» бермекші. Біздің Мырқымбайларға да осы тақылеттес сыйлық керек-ақ. Министр, депутаттарды, Президенттің маңайындағы білгіш-белсенділерді қазақша сөйлету керек. Сөйлей алмайды екен, кеуделеріне үлкендігі таба нандай «Сақау» орденін тағу керек. Бізде кедір-бұдыр, шұбар, қотыр сөйлеу дағдыға айналған. Оны көбінесе өзіміз сезбейміз. Тілді қор қылудың басы осы.
11. Көшелердегі ірі-ірі мекемелер мен зәулім дүкендердегі жарнама-жазуларға бірауық назар аударыңызшы. Бүкіл Қазақстан қазақ үшін емес, шетелдіктерге арналып, солардың құзырына бағышталғандай. Мұны құлдық психология демей не дейміз?
12. Тілді зорлап үйрету мүмкін емес. Иә, қажеттілікте үйренеміз (мәселен, бізден Алманияға көшкен немістер қазіргі немістің әдеби тілін амалсыздан үйренеді, өйткені онсыз күні жоқ), иә ыждағаттылықтан. Ана тіліңе зәру болмасаң, қалай үйренесің.
13. Мен қазақ арасында 61 жылдан бері тұрамын. Әлбетте, қазақ тілінің қуаныш-қайғысына немқұрайды қарай алмаймын. Біздің ресейлік немістер соңғы алпыс-жетпіс жылдың ішінде өздерінің диалектілерінен айырылып қалды. Оған халық жазықты емес: жер аударылды, қорлық-зорлық көрді, қудаланды, мәдениетінен айырды, тоз-тоз қылды, мектептері жабылды, оқулықтары болмады, тілін-ділін мазақ етті. Ол өз алдына мәселе.
Ал қазақтың елі-жері аман. Тәуелсіз болды. Өз билігі өзінде. Керек жағдайдың бәрі бар. Тарихы, мәдениеті, діні қаз-қалпында. Игі дәстүрлер де ұмытылған жоқ. Демек, ана тіліне ие болу керек, оны қастерлей білу керек. Осы жайында мен биыл «Казахское слово» деген кітапша жаздым. «Елордада» шықты. Сол еңбегімді шама-шарқымша қазақ тілінің құдірет-қасиетін, байлығын, көркемдігін, бейнелілігін, көп мағыналығын ашып айтқан сияқтымын. Кітапшам, негізінен, шала мен ада қазақтарға арналған. Енді кейде ойлаймын: сол кітапшам мақсатына жетті ме, оқушысын тапты ма, қажеттілікке асты ма, қазақ тіліне септігі тиді ме?
Ай, қайдам...
* * *
Со-о-на-ау замандарда жер шарында, мамандардың есебінше, 150 мыңдай тіл мен диалект болғанға ұқсайды. Бүгінде олардың саны 6 мыңға жетер-жетпес. Демек, әрбір екі апта сайын бір тіл жантәсілім болады.
… Қолдану аясының кеңдігі жағынан БҰҰ-ның дерегі бойынша жапон тілі – 10, француз тілі – 11, неміс тілі 12 орынды алады. Қазақ тілінің бұл тізімдегі орнын білмеймін, бірақ шамалауға болады. Өркениеттің қарқынды ағымына шыдай алмай көп тілдер әлсізденіп, қажеттіліктен шығып, көмескіленіп, сал болып, «шықпа, жаным, шықпалап», ақыры өледі екен. Оның ең бір айқын көрінісі – архаизм сөздерінің көбейіп, жаңа сөздердің азайып қалуы…
… Қазақтың күнделікті тұрмыс-салтына, жер бедеріне, мал шаруашылығына, туыстық қарым-қатынасына, этнографияға, қолөнеріне, санаға, дүние танымына байланысты ұғым-атаулар санында, Құдай біледі, сан жоқ. Жылқы мен түйеге қатысты сөздердің өзі жүздеп саналады. Бір киіз үйдің төңірегінде жүз сөз табылып қалады… Бір ғана «вид» деген сөзге қазақтың 26 синонимі бар. Бір ғана сырғаның қазақта 20-30 түрі табылады. Бір ғана пышақтың ұшы, қазинегі, кежегесі, ілдірігі, жүзі, сағасы, алқымы, жемесі, сырты, сақинегі, құрсауы, дүмі, шығыршығы болатынын марқұм Дәркембай ұста жазып та, суретін салып та түсіндіріп еді.
Герольд Бельгер,
жазушы.
* * *
… Ең соңғы деректеме бойынша … 2004 жылдың 1 қаңтарында Қазақстандағы қазақтың жиын саны 8 миллион 550 мың 846 жанға жетіпті, елдегі халықтың 57,2 пайызы.
Мұхтар Мағауин,
жазушы.
* * *
Деректерге сүйенсек, бүгінгі таңда еліміздегі қазақтардың саны 8 миллионнан асса, қазақша сөйлейтіндер саны 9,5 миллионға жетіп жығылады. Келесі он жылдықта қазақша сөйлейтіндер мен түсінетіндер саны қазақтан асып түсуі ықтимал.
Әзімбай Ғали,
саясаттанушы.
* * *
Мемлекеттік деректеме орталығының 2002 жылғы мәліметіне сенсек, Қазақстандағы қазақтар – 55,8; орыстар – 28,3; украиндер – 3,3; өзбектер – 2,6; немістер – 1,8; татарлар – 1,6; ұйғырлар – 1,4; белорустар мен кәрістер – 0,7; әзірбайжан мен түріктер 0,6 пайыз. Яғни аталған 11 ұлт қазақстандықтардың 94,7 пайызы. Ал қалған 119 ұлттың еншісіне бар-жоғы 2,6 пайыз ғана тиесілі.
Руслан Ерболұлы
(«Жас Алаш», 18.11.03).
____________________
Статистикалық мәліметтер
(Қазақстан халқының саны)
|
Халық саны,
адам
|
Ұлттың барлық халыққа шаққандағы саны %-бен
|
25.02.
1999 ж.
|
01.01.
2004 ж.
|
25.02.
1999 ж.
|
01.01.
2004 ж.
|
Барлық ұлттар
|
14953126
|
14951302
|
100,0
|
100.0
|
оның ішінде:
|
|
|
|
|
қазақтар
|
7985039
|
8550846
|
53,4
|
57,2
|
орыстар
|
4479620
|
4072566
|
30,0
|
27,2
|
украиндер
|
547054
|
469423
|
3,7
|
3,1
|
өзбектер
|
370663
|
409746
|
2,5
|
2,7
|
немістер
|
353441
|
237672
|
2,4
|
1,6
|
татарлар
|
248954
|
232744
|
1,7
|
1,6
|
ұйғырлар
|
210365
|
223007
|
1,4
|
1,5
|
кәрістер
|
99665
|
100243
|
0,7
|
0,7
|
белорустар
|
111927
|
96243
|
0,7
|
0,6
|
әзірбайжандар
|
78295
|
84429
|
0,5
|
0,6
|
түріктер
|
75933
|
82972
|
0,5
|
0,6
|
басқа да ұлттар
|
392170
|
391411
|
2,6
|
2,6
|
(1999 жылғы мәлімет бойынша)
арабтар – 533 адам;
армяндар – 14758 адам;
болгарлар – 6915 адам;
башқұрттар – 23225 адам;
гректер – 12703 адам;
грузиндер – 5356 адам;
дүнгендер – 36946 адам;
еврейлер – 6743 адам;
ингуштар – 16900 адам;
қарақалпақтар – 1497 адам;
қарашайлар – 1400 адам;
қырғыздар – 10897 адам;
қытайлар – 3510 адам;
күрдтер – 32764 адам;
тәжіктер – 25659 адам;
шешендер – 31799 адам;
қалғанын басқа ұлт өкілдері құрайды.
(Мәлімет 2002 жылы жарық көрген Қазақстан халықтары
Ассамблеясының ақпараттық-анықтамалық бюллетенінен алынды).
* * *
Қазақстан халқының саны 15 миллион 74 мың 231 адамға жетіпті. Оның ішінде қазақтар саны 8 миллион 725 мың 32 адам екен. Бұл көрсеткіш жалпы халықтың 57,9%-ын құрайды.
Ермек Сахариев,
журналист
(«Ана тілі», 08.09.05).
* * *
Қазақстанда қазақтардың үлесі күннен-күнге өсу үстінде. Биыл 1 қаңтардағы есеп бойынша қазақтар саны жалпы көрсеткіштің 58,6%-ын құрады. Ал орыстардың үлес салмағы – 26,1%, қалған ұлттар – 15,3%.
2005 жылдың басындағымен салыстырғанда республика халқы 144,5 адамға көбейіп, жалпы саны 15219,3 мың адамға жетті.
Оның ішінде қазақтардың саны – 8913,3 мың адам;
орыстар – 3973,3 мың;
украиндар – 448,8 мың;
өзбектер – 428,9 мың;
ұйғырлар – 229,8 мың;
татарлар – 229,6 мың;
немістер – 222,7 мың;
кәрістер – 101,7 мың.
Бұл сандарды одан әрі тарата түссек, өткен жылы қазақтар саны 188 мың адамға немесе 2,2%-ға, өзбектер – 9,4 мыңға (2,2%-ға), ұйғырлар – 3,3 мыңға (1,4%-ға), кәрістер 0,7 мыңға (0,7%-ға) көбейген. Ал орыстардың саны, керісінше, 45 мың адамға немесе 1,1%-ға, украиндар – 10,2 мыңға (2,2%), немістер – 5,4 мыңға (2,4%) және татарлар 1,6 мың (0,2%) адамға азайған...
Статистика жөніндегі мемагенттік қазақтардың саны табиғи өсім есебінен, сондай-ақ оралмандардың арқасында артып отыр деп хабарлайды.
Салтанат Өтеуғалиева,
журналист
(«Ана тілі», 17.04.06).
Қазақстанды мекен еткендердің қаншасы қазақ тілін,
қаншасы орыс тілін біледі?
Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің 1999 жылғы 25 ақпанда жүргізілген халық санағы бойынша мәліметтер
1. Қазақтар.
Жалпы саны – 7 985 039 адам. Агенттік мәліметтерінде қазақтың 99,4 %-ы, яғни түгелге жуығы өз ана тілін біледі деп көрсетілген. Ал орыс тілін қазақтардың 75 %-ы біледі.
Орыстар.
Жалпы саны – 4 479 620 адам. Мемлекеттік тілді білетіндері – 14,9 % (666 499 адам). Орыс тілін бәрі біледі.
Әзірбайжандар.
Жалпы саны – 78 295 адам. Мемлекеттік тілді білетіндер – 63,4 % (49 630). Орыс тілін 86 % (67 368) меңгерген.
Белорустар.
Жалпы саны – 111 927 адам. Мемлекеттік тілді білетіндері – 9,9 % (11 081). Орыс тілін игергендер – 99,4 % (111 213).
Гректер.
Жалпы саны – 12 703 адам. Мемлекеттік тілді білетіндері – 26,4 % (3 349). Орыс тілін меңгергендер – 98,2 % (12 472).
Кәрістер.
Жалпы саны – 99 665 адам. Мемлекеттік тілді меңгергендер – 28,8 % (28 693). Орыс тілін білетіндер – 97,7 % (97 397).
7. Немістер.
Жалпы саны – 353 441 адам. Қазақ тілін меңгергендер – 15,4 % (54 604). Орыс тілін білетіндер – 99,3 % (351 091).
8. Тәжіктер.
Жалпы саны – 25 659 адам. Мемлекеттік тілді меңгергендер – 67,9 % (17 423). Орыс тілін білетіндер – 35,8 % (9 190).
9. Түріктер.
Жалпы саны – 75 933 адам. Мемлекеттік тілді меңгергендер – 74,7 % (56 756). Орыс тілін білетіндер – 75,9 % (57 661).
10. Өзбектер.
Жалпы саны – 370 663 адам. Мемлекеттік тілді меңгергендер – 80 % (296 400). Орыс тілін білетіндер – 59,2 % (219 403).
11. Ұйғырлар.
Жалпы саны – 210 365 адам. Мемлекеттік тілді меңгергендер – 80 % (169 343). Орыс тілін білетіндер – 59,2 % (124536).
12. Украиндар.
Жалпы саны – 54 705 адам. Мемлекеттік тілді меңгергендер – 12,6 % (68 664). Орыс тілін білетіндер – 99,5 % (544 360).
13. Шешендер.
Жалпы саны – 31 799 адам. Мемлекеттік тілді меңгергендер – 39,5 % (12 549). Орыс тілін білетіндер – 94,1 % (29 907).
1999 жылдан бері орыстілділер атажұрттарына ақтарыла көшіп,
қазақша меңгерген өзбектер, қырғыздар, ұйғырлар, т.б. (қайта
көшіп келген оралмандарымыз қаншама – Д.Д.) көптеп келіп
жатыр. Ендеше қазақша жаппай іс жүргізу өмір талабына
айналғаны даусыз («Ана тілі», 16.09.05).
__________________
Қазақ тілін меңгеруге алты топ та мүдделі
… Бес жылдың ішінде (1999 жылғы тұңғыш ұлттық санақтан кейінгі есеп бойынша) қазақтардың өз ішінде қазақ тілді орта қалыптасты. Пайыздық көрсеткіштерге үңілейік. Қызылорда облысында ол – 98%, Атырау облысында – 97%, Оңтүстік Қазақстан облысында – 89%, Маңғыстау облысында – 87%, Ақтөбе облысында – 77%, Алматы облысында – 75%, Жамбыл облысында – 73%, Батыс Қазақстан облысында – 71%, Астана қаласында – 60%, Шығыс Қазақстан облысында – 54%, Алматы қаласында – 52%, Павлодар облысында – 46%, Ақмола облысында – 45%, Қарағанды облысында – 44%, Қостанай облысында – 37%, Солтүстік Қазақстанда 33%-ды көрсетті. Ал орта есеппен Қазақстан Республикасындағы қазақ тілді орта – 67%.
Қазақ тілін еліміздегі өзге ұлттар меңгереді. Не себептен дейсіз ғой? Ол үшін еліміздегі ұлттарды алты топқа бөлуіміз шарт.
Бірінші топ. …Қазаққа тілі мен ділі, мәдениеті мен діні жақын 1 млн. 495 мың өзге халықтар бар. Олар қазақ тіліне көшуге дайын тұр.
Екінші топ, бізде қазаққа ділі жақын мұсылман дінді халықтар бар. Олар – күрдтер, тәжіктер, дүнгендер, ингуштар, шешендер… Осы халықтар өз ұлтын сақтау үшін де қазақ тіліне бет бұрады. Егер ұрпағы орыс тіліне бас ұрса, өздерінің ұлттық таным-түйсіктен жұрдай болатындығын сезеді олар. Сондықтан да қазақша сөйлесе, ең болмаса мұсылман боп қалатындығына сенеді.
Үшінші топ – «сары нәсілділер». Олар түркі тілдес те, мұсылман да емес. Тегі – шығыс. Біздің елде кәрістер көп. Қытайлар да келіп жатыр. Қажеттіліктің бар екенін сезсе, олар орыс тілін емес, қазақ тілін меңгереді.
Төртінші топ. Қазақстанда еуропалық халықтар тұрады. Орысша сөйлейді. Мәселен, немістер. Оларды Қазақстанға жер аударғанда қалаға емес, ауылға қоныстандырды. Орыс шовинизмінен қорғанған немістер қазақтардан қорғаныс іздеді.
Немістерді қазақ тіліне жақындататын да осы – тарихи тағдыры болмақ.
Бесінші топ, біздің елді славян халықтары – украиндар, белорустар, болгарлар, поляктар мекен етеді. Орыс тіліне сіңіп кетсе де, олардың қазақ тіліне деген ниетін өзгертуге әбден болады.
Алтыншы топ – орыстар. Оларды қазақ тіліне көшіру өте қиын. Бірақ біздегі орыс халқы әбден сұрыптаудан өтті. 6,5 млн. орыстың 4 млн-ы қалды. Алдағы демографиялық, миграциялық екшеулерден соң, олардың саны 2 мл-ға түсіп, құлдырамақ. Дәл осы сұрыптаудан өткендері Қазақстанға мойынсұнғандары. … Бұлар қазақ тілін меңгеру керектігін мойындағандар.
Әлемдегі қазақтардың саны
(2005 жылдың жартысындағы көрсеткіш бойынша)
Өзбекстан – 2,0 млн. БАӘ - 2,5 мың
Австрия – 2 мың Қытай – 1,5 млн.
Эстония – 2 мың Ресей – 1,0 млн.
Литва – 2 мың Түркіменстан – 125 мың
Израиль – 2 мың Монғолия – 145 мың
Армения – 2 мың Қырғызстан – 94 мың
Австралия – 1,5 мың Ауғанстан – 30 мың
Аргентина – 1 мың Түркия – 25 мың
Бельгия – 1 мың Тәжікстан – 20 мың
Нидерланд – 1 мың Украина – 15 мың
Чехия – 1 мың АҚШ – 14 мың
Сауд Арабиясы – 1 мың Иран – 13 мың
Йордания – 1 мың Германия – 10 мың
Қырым республикасы Канада – 9 мың
(Украина) – 1 мың Франция – 6 мың
Египет – 0,9 мың Белорус – 5 мың
Греция – 0,8 мың Англия – 4 мың
Сирия – 0,7 мың Пәкістан – 3 мың
Марокко – 0,6 мың Әзірбайжан – 3 мың
Жапония – 0,5 мың Индия – 3 мың
Корея – 0,4 мың Грузия – 3 мың
Тайвань – 0,3 мың Швеция – 2,5 мың
Индонезия – 0,2 мың Молдова – 2,5 мың
Швейцария – 0,1 мың Латвия – 2,5 мың
Оңтүстік Корея – 0,1 мың.
_______________________
Қазақстандағы халықтың ұлттық құрамының өзгеруі
(2005-2010 жылдар)
Ұлттар
|
2005 ж. басындағы көрсеткіш
|
2010 жылға болжам
(пайыздық көрсеткіш)
|
Қазақтар
Орыстар
Өзбектер
Украиндар
Ұйғырлар
Татарлар
Немістер
Кәрістер
Әзербайжандар
Түріктер
Беларусьтар
Дүнгендер
Күрдтер
Поляктар
Шешендер
Тәжіктер
Басқалар
|
8 млн. 720 мың
4 млн. 025 мың
423 мың
458 мың
227 мың
230 мың
225 мың
101 мың
86 мың
84 мың
94 мың
44 мың
42 мың
41 мың
34 мың
31 мың
207 мың
|
9 млн. 900 мың (62%)
3 млн. 750 мың (23%)
470 мың (3%)
400 мың (2,5%)
250 мың (1,6%)
220 мың (1,3%)
200 мың (1,2%)
105 мың (0,7%)
95 мың (0,6%)
90 мың (0,5%)
85 мың (0,4%)
50 мың (0,3%)
45 мың (0,3%)
40 мың (0,2%)
35 мың (0,2%)
35 мың (0,2%)
215 мың (1,4%)
|
Барлығы
|
15 млн. 065 мың
|
15 млн. 980 мың (100,0%)
|
І. Түркітілділер
ІІ. Славянтілділер
ІІІ. Қалғандары
|
9 млн. 817 мың (65%)
4 млн. 620 мың (30%)
628 мың (5%)
|
11 млн. 077 мың (69%)
4 млн. 278 мың (27%)
625 мың (4%)
|
Мақаш Тәтімов,
демограф.
Қазақтар қалай көбейеді?
Қазақстан халқы Ресейге бодан болғаннан бастап, Кеңес заманында да негізінен сырттан келген келімсектер көші-қоны нәтижесінде өсіп, 1897 жылғы 4.147.7 мыңнан 1989 жылы 16.464.4 мыңға жетіп, осы 92 жыл ішінде 4 есеге жуық көбейгенін айта кеткен жөн.
Елімізге көшіп келушілерден гөрі көшіп кетушілердің басым бола бастауы 1970 жылдардан басталғанымен, республика халқының саны табиғи өсім (қазақ, өзбек, ұйғыр және т.б. тұрақты тұрғындар есебінен) нәтижесінде 1980 жылдардың аяғына дейін өсе түсті. Осы жылдар арасында 1.675.5 мыңға, яғни 12,9% көбейген-ді. 1989 жылы халық санағы бойынша республикада қазақтар – 39,7%, орыстар – 37,8%, украиндар – 5,4%, белорустар – 1,1%, немістер – 5,8%, татарлар – 2,0%, өзбектер – 2,7%, ұйғырлар – 1,1%, кәрістер – 0,6%, әзірбайжандар – 0,6%, басқа ұлт өкілдері 3,8% еді.
Егемендіктің алғашқы жылдары кезінде үрдіс алған демографиялық дағдарыстың ең ауыр салдары – Қазақстан халқы 1989-1999 жылдар аралығында 1,5 млн.-нан асты. Бұл жағдайдың негізгі себебі тек 1991-1999 жылдары сыртқа кеткен көші-қон нәтижесінде республика халқы 1 млн. 54 мыңнан астам адамға кеміді.
Сыртқа кеткендердің басым көпшілігі өз тарихи отандарына қайта оралғандар еді, олардың ішінде тек 1993-1998 жылдары – 1 млн.-нан астам шығыс славяндар (орыс, украин, белорус), 400 мыңға жуық немістер болды.
Бұл көші-қон толқындары Қазақстан халқының ұлттық құрамына күшті әсер етіп, олардың үлестік ара салмағын күрделі түрде өзгертіп жіберді. Қазақтар 1939 жылдан кейін өз Отанында көпшілікке айналып, 1999 жылы 53,4 пайызға жетті, бұрын басым болған орыстардың үлесі 30,0%-пайызға тоқтап, төмендей түсті. 2005 жылдың басында Қазақстан халқының саны 15 млн.-нан асып, ұлттық құрамы төмендегідей болды: қазақтар саны – 8.725.206 адамға жетіп, үлесі 57,9%-ға көтерілді, ал орыстар – 4.024.357 – 26,7%, украиндар – 458993 – 3,0%, өзбектер – 419529 – 2,8%, немістер – 228123 – 1,5%, татарлар – 231236 – 1,5%, ұйғырлар – 226513 – 1,5%, кәрістер – 100982 – 0,7%, белорустар – 94212 – 0,6%, әзірбайжандар – 86138 – 0,57%, түріктер – 84035 – 0,55%, басқалар – 395441 – 2,6%.
Осы жерде республикаға өз атын берген қазақ ұлтының кейбір демографиялық қасиеттерін айта кеткен жөн болар. Атырау, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары мен Астана, Алматы қалаларынан басқа республика жерінде жалпы халық саны негізінен кеміген болса, қазақтар қатары барлық облыстарда өсумен болды. 1989-2005 жылдары қазақтар саны 2 млн. 228,3 мыңға, яғни 34,2% өсті. Қазақтар Батыс және Оңтүстік аймақтарда едәуір басым болды. 1999 жылы Қызылорда облысында – 94,2%, Атырау облысында – 89,0%, Маңғыстау облысында – 78,7%, Ақтөбе облысында – 70,7%, Оңтүстік Қазақстан облысында – 67,6%, Батыс Қазақстан облысында 64,7% болды. Ал Солтүстік және Орталық Қазақстанда қазақтар әлі де аз-тын. Олар халықтың үштен бірінен төмен, не аз ғана жоғары еді. Солтүстік Қазақстан облысында – 29,5%, Қостанайда – 31,1%, Ақмолада – 37,4%, Қарағандыда – 37,6%, Павлодарда – 38,2%, Шығыс Қазақстанда (бұрынғы Семей облысын қосқанда) қазақтар халықтың жартысына да жетпеді – 48,5% болды. Дегенмен кейінгі жылдары барлық облыстарда дерлік қазақтар саны мен үлесі өсе түскені байқалады.
Қазақтар орыс, украин, неміс және басқа еуропалық ұлт өкілдеріне қарағанда табиғи өсімі жоғары саналғанмен, 1990 жылдары олардың арасында үш және одан көп балалы болу азая түсті. Тіпті бұл жағдай көп балалық тән Оңтүстік Қазақстан аймағында да байқалуда. Қазақтардың табиғи өсімі төмендеуі нарықтық қатынасқа, ауылдың қиыншылықтарына, қымбатшылық пен жұмыссыздықтың өрістеуіне, әсіресе қазақтар басым орналасқан ауыл-село жағдайының күрт нашарлауына және басқа өтпелі кезеңнің ауыртпалықтарына байланысты еді. Осының салдарынан адам мүмкіндігінің дамуы индексі (қалыптасқан халықаралық есептеу әдістеріне сай) бойынша (бұған өмір ұзақтығы болжамы, жан басына шаққан нақтылы табыс мөлшері мен білім алу мүмкіндігі де жатады) Қазақстан 1993 жылы дүниежүзінің 175 мемлекеті ішінде 54-орынға ие болса, 1997 жылы 93-ші орынға төмендеді. Республика халқы ішінде әйелдер үлесі еркектерден басым дегенімізбен, қазақтар арасында еркектер көп болып отыр. Сонымен қатар республика халқы көбіне қартая түссе, қазақтардың басым көпшілігі жастар мен балалар екені байқалуда. Қазақтардың арифметикалық орта жасы бар болғаны 25 жас, ал некеге тұру мен бала тууға байланысты орта жас – 21. Бұл кезеңде ауылдағы жұмыссыздықтан қазақтардың қалаға бет бұрғаны айқын көрінгенімен, олардың әлі де жартысынан көбі (2004 ж. 51,8%) ауылдық жерде қоныс тепкен. Дегенмен қала тұрғындары арасында қазақтар үлесі 1989 жылы 27,1%-ден 1999 жылы 43,1%-ға, 2004 жылы 48,2%-ға жеткенін басып айту қажет.
Қазақстанда адамдардың өмір сүру ұзақтығы 1991 жылы 67,6 жас болса, 1998 жылы – 64,4 жасқа түсіп, 2003 жылы 65,8 жасқа жетті. Бұл жағынан Қазақстан жеті ТМД елдері арасында Ресейден жоғары – алтыншы орынға ие болған-ды. Басым көпшілігі ауылдық жерде тұратын қазақтардың өмір сүру ұзақтығы орыстардан кем, бұған Арал, Семей және басқа экологиялық апат аймақтарының зардаптарын қоссақ, қазақтардың өмір сүру ұзақтығына тигізетін теріс әсерлердің көбейе түскенін түсінуге болады. Салыстыру үшін шетелдердегі орташа өмір сүру көрсеткішіне назар аударсақ та болады. Ол Жапонияда – 76,1, Испанияда – 75,7, Гонконг пен Израильде – 75,1, Австралияда – 75, Швецияда – 74,8, Грецияда – 74,6, Ұлы Британияда – 74,6 жас.
Білім деңгейінде де қазақтар өз Отанында алдыңғы қатарда тұрған жоқ. Мысалы, 1999 жылғы санақ бойынша республикадағы 44 ұлт өкілі ішінде қазақтар жоғары білім бойынша – 8-орында, аяқталмаған жоғары білім бойынша – 10-орында, арнайы орта білім бойынша – 27-орында, ал орта білім бойынша – 11-орында, бастауыш білім бойынша 34-орында болды.
Қазақтардың жалпы саны мен үлесінің өсуі (1989 жылдан – 2005 жылға – 2 млн. 190,6 мыңға, яғни 18,2%) біріншіден, табиғи өсімінің басқа ұлт өкілдерімен салыстырғанда жоғарылау болуына, екіншіден, республиканың егемендік алуымен басталған шетелдегі қазақтардың өз тарихи Отанына қайту көші-қонына тығыз байланысты еді. Жалпы, шетелдегі қазақтар проблемасы, әсіресе, олардың саны мен әлеуметтік құрамы, білім деңгейі, ұлттық тілді, мұсылман дінін, дәстүрлі мәдениет пен тұрмыс жағдайын сақтау және басқа мәселелер осы күнге дейін тарихи демографиямыздың аз зерттелген және ерекше көңіл бөлуді қажет ететін саласы болып отыр.
… Шетелдердегі қазақтар саны да едәуір пікірталас тудырып келеді. Зерттеуші Г.М.Меңдіқұлов 1997 жылы жарияланған еңбегінде бұрынғы Кеңес Одағының 14 мемлекетінде және дүние жүзінің 25 елінде 4,5 млн. қазақ өмір сүреді деген мәлімет бергенімен, оның негізі болған деректерді көрсетпеген. Ал 2000 жылы жарияланған М.Х.Асылбеков пен В.В.Козинаның «Қазақтар» деген еңбегінде шетелдердегі қандастарымыздың саны 3.211.208 адам деп көрсетілген. Бұл мәлімет ҚР Сыртқы істер министрлігі консулдық қызмет департаменті басқармасының бастығы Б.Ж.Сейітбатталовтың 2000 жылғы 20 сәуірдегі «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған мақаласына сүйеніп берілген. Сайлау Батыршаұлы жоғарыда көрсетілген мақаласында 2004 жылдың басында шетелдердегі қазақтар саны 5,2 млн. адамнан асып түседі деген болжам айтады. Осы пікір шындыққа жақынырақ деп санаймыз. Себебі қазақтардың Дүниежүзілік қауымдастығы жинаған мәліметтер бойынша 40 шетелдердегі қазақтардың саны 5 млн. 600 мыңнан астам деп көрсетілген. Оның ішінде жақын шетелдерде – 3 млн. 137 мың; алыс шетелдерде – 2 млн. 529 мың 800. Қазақтар көп шоғырланған мемлекеттер Қытай – 2.260 мың; Өзбекстан – 1.750 мың; Ресей – 1.100 мың; Моңғолия – 150 мың; Түркіменстан – 150 мың; Қырғызстан – 95 мың; Ауғанстан – 30 мың; Түркия – 15 мың; АҚШ – 14 мың; Тәжікстан – 10 мың; Иран – 10 мың; Германия – 9 мың және т.с.с.
2000-2005 жылдар аралығында шетелдердегі қазақтардың саны 3,2 млн.-нан 5,6 млн.-ға дейін өсуін екі себеппен түсіндіруге болар еді. Біріншіден, алғашқы көрсетілген мәлімет толық болмай, 1,5-2 млн.-дай қазақ есептен тыс қалып қоюы мүмкін. Екіншіден осы 5-6 жыл ішінде едәуір табиғи өсім нәтижесінде қазақтар саны тез өскен де шығар деп ойлаймыз.
Қазақтар көп орналасқан мемлекеттегі олардың жағдайы туралы бірер сөз айта кеткен жөн. Қытайдағы қазақтар «Іле-Қазақ автономдық облысында, Шыңжан аймағының уездерінде (Мори-Қазақ, Баркөл-Қазақ), Ганьсу провинциясының қазақ автоном уезінде және аз тобы Пекинде тұрады. Өзбекстанда қазақтар, негізінен, Қарақалпақстанда, Бұхара, Жизақ, Сырдария, Ташкент және Науаи облыстары мен Ташкент қаласында орналасқан. Ресейдегі қазақтар Қазақстанмен шекаралас Орынбор, Самара, Астрахань, Саратов, Қорған, Челябі, Түмен, Волгоград, Новосібір облыстарында, Алтай өлкесі мен Алтай республикасында тұрады; Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларында, Татарстан мен Қалмақ республикаларында да біраз қазақ бар. Моңғолиядағы қазақтар Баян-Өлгей, Хобда аймақтарында, Ұлан-Батор мен оның төңірегінде, Эрденет, Дархан, Бэрх және Шарыгол сияқты өнеркәсіп орталықтарын мекендейді. Қазақтар Түркіменстанның Дашогуз, Балкан, Мары және Лебап облыстарында орналасқан. Түркиядағы қазақтар Мәрмар және Эгей теңіздері жағалауындағы жерлерде, Ыстамбұл, Анкара, Измир қалаларында тұрады. Бұлар – Қытай, Ауғаныстан мен Ираннан келген босқындар. Ирандағы қазақтар Гүлстан провинциясын мекендейді, олардың көбі 1920-1930 жылдарғы қуғын-сүргіннен қашқан Маңғыстау облысының тұрғындары.
… Қандастарымыздың өз атамекеніне оралуы заңды құбылыс. Бірақ оралмандарды елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына бейімдеу өзекті мәселе күйінде қалуда. 90-жылдардың басында «Қайт, қазақ, еліңе!» деген ұранның көтерілуі асығыс болғандығын мойындауымыз керек. Оралмандардың елде жеткілікті деңгейде қолдаушылық таппай, бірқатар қиындықтарды бастан кешкені көпшілікке аян. Сонымен қатар Қазақстанға келуге тілек білдірген қандастарымыздың саны артқанына қарамастан, 90-жылдардың аяғында оларға бөлінген квота көлемінің азая түскендігі көңілге кірбің келтірмей қойған жоқ. Өз тарихи отанына оралушылар үшін 1993 жылы 10 мың отбасына (50 мың адамға) квота бөлінсе, ол кейінгі жылдары қысқара түсіп, 1994 жылы 7 мың отбасына, 1995 жылы 5 мың отбасына, 1996 жылы 4 мың отбасына, 1997 және 1998 жылдары 3 мың отбасына, 1999 жылы 500 отбасына, 2000 жылы 600 отбасына ғана квота бөлінді. Кейінгі жылдары ғана квота көбейе түсті.
Сонымен, Қазақстандағы қазіргі демографиялық ахуал және шетелдердегі қазақтар мен оралмандар мәселелеріне қорытынды жасай келгенде, қазақтар қалай көбейеді деген сұрақ туындайды. Ол заңды да, себебі ұланғайыр жері бар, ал халқының саны бар болғаны 15 млн. ғана Қазақстан мемлекетінің әрбір шаршы километріне 5,5 адамнан келіп, әлемдегі халық аз қоныстанған елдер қатарына жататыны үлкен ой және қатерлі күдік туғызады. Ұлттық қауіпсіздігімізді сақтап қалу және экономикамызды жаңа еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету үшін Елбасымыз 2015 жылға дейін республика халқы санын 20 млн.-ға жеткізу қажеттігін баса айтып келеді.
Міне, сондықтан халықтың санын көбейтіп, құрамын нығайтатын, тарихи-демографиялық ғылым айқындаған екі жолды, табиғи өсім мен сырттан келетін көші-қонды оң пайдалану керек.
Мәлік Асылбек,
академик
(«Егемен Қазақстан», 28. 09.05).
* * *
… Сыртта жүрген исі қазақтың саны 6,5 миллионға жетеді екен.
… Қазақтардың тарихи отанға оралғысы келетіндерін 2015-2020 жылдарға дейін толық жинай алсақ, біздің үлес салмағымыз елде екі есе жедел жоғарылап, қазіргі – 55-тен, 77 пайызға дейін тез көтерілген болар еді. Қазақстанның қазақылану үрдісі солтүстікте біржола және түпкілікті жеңіп шығар еді. Ал әзірше Қазақстанның Ресеймен шекарасы бойынша қазақтар 15-16 пайыз ғана. Демек көші-қон өсе түспесе, Солтүстік Қазақстан өңірінде 2015-2020 жылдары қазақтардың өздері де демографиялық «қақпанға» түсіп қалу қаупі бар…
Артықбай Үкібаев,
Қазақстан Оралмандар одағының төрағасы
(«Егемен Қазақстан», 28. 09.05).
Жағымды жаңалық!
Халықта өсім бар ма?
Қазақстан халқының саны өсіп келеді. Халықтың саны биылғы сәуірде 15 млн. 259 мың адамға жеткен екен. Республика бойынша қаңтар айынан сәуірге дейін 70173 бала дүниеге келіпті. Бұлардың 36091 ұл бала, 34082-сі қыз. Қалалық жерде туған балалар саны 41075 болса, ауылда дүниеге келгендер – 29098.
2005 жылмен салыстырғанда биыл өмірге келген ұл балалардың саны – 2,1%, қыздар 1,4% артық.
«Парасат», №7, 2006, шілде.
* * *
... Бүгінгі таңда елімізде 8221 мектеп бар. Ал министрлікке тікелей қарайтыны – 7944. Оның 3686-сы қазақ тілінде оқытатын мектептер. Бұл еліміздегі барлық мектептің 46,4 пайызын құрайды. Еліміз тәуелсіздік алған 1991 жылдан бері 781 мектеп іске қосылды. Соның ішінде Атырау облысында – 80, Жамбыл облысында – 52, Оңтүстік Қазақстан облысында 78 мектеп соңғы алты жылда қатарға қосылды. Елімізде, сондай-ақ 2086 орыс (26,2%), 2075 – аралас (26,1%), 15 – ұйғыр (0,19%), 78 - өзбек (0,1%), 3 – тәжік (0,04%), 1 – украин тілінде оқытатын мектептер де жұмыс істейді.
Мемлекеттік тілде оқитын балалар саны да ұдайы өсу үстінде. 1990 жылы олардың саны 908,9 мың болса, биылғы жылы – 1628,0 мың болып отыр. Олар барлық мектеп оқушыларының 56,4%-ын құрайды.
Мектеп оқушыларының 39,9%-ы орыс тілінде, қалған 3,7%-ы өзбек, ұйғыр, тәжік, украин, неміс тілдерінде оқиды. Өз ана тілінде білім алатын қазақ балаларының саны да үздіксіз артуда. Бүгінгі күні мектеп жасындағы қазақ баласының 80,3%-ы өз ана тілінде білім алады. 1990 жылы бұл көрсеткіш 60% болатын. Сонымен бірге 20128 басқа ұлт өкілдері қазақ тілінде оқиды. Дегенмен жекелеген облыстарда қазақ мектептері желісінің жеткіліксіздігіне байланысты қазақ тілінде білім беру көлемі төмен деңгейде қалып отыр. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында барлық оқушылардың - 20,4%-ы, Қостанай облысында – 22%-ы, Павлодар облысында – 31,5%-ы, Алматы қаласында 35%-ы, Астана қаласында 37,3%-ы ғана мемлекеттік тілде білім алуда. Осыған байланысты мектеп жасындағы қазақ балаларының 19,7%-ы орыс тілінде оқиды.
Қазақ мектептерінің желісі, әсіресе қалаларда дамымай отырғанын ашық айтуға тиістіміз. Барлық қазақ тілінде оқытатын мектептің 86%-ы ауылдық жерлерде орналасқан. Олардың 60,3%-ы шағын комплекті мектептер. Мысалы, Қостанай қаласындағы 39 мектептің - 4-еуі, Өскемендегі 47 мектептің 5-еуі ғана қазақ мектептері. Республикадағы көптеген қалалар бойынша осындай мысал келтіруге болады. Қазіргі кезде республикадағы 1195 бөбекжайлар мен балабақшалардың 335-і (28%) қазақ тілінде оқытып, тәрбиелейді. Сонымен бірге аралас тілді бақшаларда 1337 топ қазақ тілінде жұмыс істейді. Оларда барлығы 61,3 мың (барлық балабақшадағы баланың 35%-ы) бала тәрбиеленеді. 2003 жылға қарағанда бақшалар саны 35-ке, топтар саны 203-ке, тәрбиеленушілер құрамы 13 мың адамға артты.
Білім және ғылым министрлігінің 2001 жылғы 19 қыркүйектегі №739 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының базистік оқу жоспарына сәйкес орыс және басқа тілдерде жұмыс істейтін балабақшаларда мемлекеттік тілді оқытуға төмендегідей оқу жүктемесі бөлінген: орта топта (4, 5 жастағы балалар) – аптасына 1 сағаттан; жоғары топта (5, 6 жастағы балалар) – аптасына 2 сағаттан; дайындық тобында (6, 7 жастағы балалар) – аптасына 3 сағаттан; мектепалды тобында – аптасында 3 сағаттан.
Бірғаным Әйтімова,
ҚР Білім және ғылым министрі
(«Егемен Қазақстан», 25.01.05).
Қазақ мектептері орыс мектептерінен әлдеқайда озық
екенін зейнеткер Қали Назрахметтің «Қазақ әдебиетінің»
2005 жылғы 21 қазанында жарияланған
мына зерттеуінен көруге болады:
… Қазақ мектептерінде оқу сапасы төмен емес, керісінше, әлдеқайда жоғары. Мысалы, 2002 жылы Алмытыдағы 20 «Алтын белгі» иегерінің 14-і қазақ мектебінің оқушылары. 2003 жылғы ғылыми жобалар бойынша жүлдегер атанған 23 алматылық оқушының 16-сы қазақ мектебінің түлектері болды. Ал Қазақстан бойынша 2001-2002 оқу жылында «Алтын белгі» алған 122 оқушының 81-і қазақ мектебін бітіргендер болса, 2002-2003 оқу жылында Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетіне қабылданған 34 «Алтын белгі» иегерінің 28-і қазақ мектебін бітіргендер болды.
… 2004 жылы ең жоғары 120 балды алған жалғыз бала қазақ мектебінің түлегі… Биылғы 120 балл алған 43 оқушының жартысынан көбі қазақ мектебінің оқушылары.
2005 жылдың 13 және 16 тамызындағы «Егемен Қазақстанда»… мемлекеттік білім гранты иелерінің ресми тізімі жарияланды. Осындағы ғылымдардың ғылымы – математикадан болған байқау бойынша қазақ және орыс бөлімінің балдарын салыстырып көрейік: қазақ бөліміне 225 бала қабылданған. Ең жоғарғы балл – 120, ең төменгі - 71. Ал орыс бөліміне 150 бала қабылданған. Ең жоғары балл – 113, ең төменгі – 42. Орыс бөлімінің 71 балл алған баласы 59-шы орында тұр. Демек, орыс мектебін бітіріп келген баланың қазақ мектебін бітіргендермен 59-ының ғана білімі теңесіп тұр. Қалған 91-інің білімі төмен.
Ал енді физика пәнінен алған балдарды саралап көрейік: қазақ бөлімінің ең жоғары балы – 112, ең төменгісі – 77. Орыс бөлімінің ең жоғары балы – 99, ең төменгісі – 41. Қазақ бөлімінің ең төменгі балы – 77-ні алған орыс бөліміндегі бала 16-орында тұр. Демек, орыс мектебін бітірген 83 баланың білімі қазақ мектебін бітіргендерге жетпей жатыр.
Ал химия бойынша қазақ бөліміне 130 бала қабылданыпты. Ең жоғары балл – 115, ең төменгі – 72. Орыс бөліміне 103 бала қабылданған, ең жоғары балл –98, ең төменгі – 40.
Көңіл аударып қарасаңыз, осы үш пәннен орыс бөлімі алған ең төменгі балдар –42, 41, 40. Ескі жүйемен есептегенде бұл «2»-нің ар жақ, бер жағы. Дәлірек айтқанда, «минус «үш»…
Бұдан шығатын қорытынды, «қазақ мектептерінде білім сапасы төмен» дейтіндер «болашақта орыс мектептері жабылып қалады» деп алдын ала үрейленген орыстілділер. Осындай өсек-аяңдарға сеніп, балаларын орыс мектептеріне беріп жүрген ата-аналар ертең бармақтарын тістеп, өкініп қалары анық.
Тәрбие тілмен келеді. Ана тілінде оқып, сөйлемеген бала ұлттық ділден (менталитеттен) жұрдай болады. Оған ұлттық тәрбие – салт-сана, әдет-ғұрып сіңбейді, психологиясы өзгереді, қазақтың ең асыл қасиеті - «үлкенге – құрметі, кішіге – ізеті» жоғалады (мұны біз қоғамдық орындардан күнде кездестіреміз). Сонда өзге халықтарда тәрбие жоқ па, іззеттілік, үлкенді сыйлау оларда кездеспей ме? Деген де сұрақтар болуы мүмкін. Неге болмасын, бар, бірақ мүлде басқаша. Яғни әр елдің өзіне жарасатын өз салты бар. Ол тек өздеріне ғана тән, өзгелерге оғаш көрініп тұруы мүмкін. Мысалы, орыс халқында баласы – әкесіне, атасына, бабасына, қызы – шешесіне, апасына, әжесіне немесе керісінше «сен» деп сөйлей береді. Оларға жарасымды. Бізде сыйластыққа жатпайды, оғаш көрінеді, дөрекі естіледі. Айта берсе, мысал көп.
* * *
… Білім беру грантына бөлінген 31210 орынға 94614 талапкер бақ сынасты. Олардың 62536-сы қазақ тілінде, 32078-і орыс тілінде білім алуға өтініш берген…
Шығыс медицинасының қазақ бөлімінің грантқа өту балы 95 балл болса, орыс бөлімі – 73 балл, емдеу ісі – 96/75 балл, педиатрия – 91/65 балл, медициналық-профилактикалық іс – 96/73 балл, мұнай-газ – 86/57 балл, философия – 91/71 балл, мәдениеттану – 85/65 балл, археология-этнология – 89/74 балл, химия – 82/69 балл, физика – 82/65 балл, математика – 84/66 балл, биология – 93/81 балл (соңғы төрт мамандық бакалавр және педагогикалық болып бөлінгендіктен де балл өзгешеліктері бар) т.б… Мұнай-газ мамандығының қазақ бөлімі мен орыс бөлімінің балл айырмасы – 29 балл.
«Қазақ әдебиеті», 19.08.05.
* * *
Университет студенттерінің 81 пайызы қазақ, оның ішінде 62 пайызы қазақ тілінде оқиды. Сондай-ақ бұрындары қазақ мектептерін бітірген балалар тест тапсырғанда төмен көрсеткіштермен өтуші еді, 2003 жылы сынақтан өткендердің ішінде орыс мектебін бітіргендердің орташа көрсеткіші 58 балл болса, қазақ мектептерін бітіргендердің орташа балы 62 болыпты.
Лұқпан Сыдықов,
Қазақ Ұлттық техникалық
университетінің проректоры
(«Жас Алаш», 06.11.04).
Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге көшірген
облыстар, аудандар мен қалалар
(2004 жылғы қаңтар айының ақпараттары бойынша)
1. Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге көшірген Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Елордасы Астана қаласы мен Алматы қалаларын қоспағанда 27 қала бар, олардың 7 қаласы (Ақтөбе және Қарағанды облысының Балқаш, Жезқазған, Қаражал, Сараң, Теміртау, Шахтинск қалалары) іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге көшірген.
2. Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүгізуге көшірген 5 облысты қоспағанда елімізде 120 аудан бар, бүгінде олардың 54 ауданы (Ақмола облысының 4, Алматы облысының 8, Ақтөбе облысының 9, Батыс Қазақстан облысының 10, Шығыс Қазақстан облысының 7, Павлодар облысының 3, Солтүстік Қазақстан облысының 2, Қостанай облысының 2, Қарағанды облысының 9 ауданы ) іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге көшірген.
БАҚ-ТЫҢ ТІЛ БОЙЫНША БӨЛІНУІ
БАҚ-тың тіл бойынша бөлінуі
18%
34%
35%
13%
0
10
20
30
40
Достарыңызбен бөлісу: |