Қазіргі әлеуметтанудың даму бағыттары Әлеуметтанулық зерттеу танымдық қызметтің түрі ретінде Зерттеудің әлеуметанулық әдістер Қоғамдық даму теориялары
Сауранбаева Зере
Негізгі дамуы
Әлеуметтанудың ХХ ғасырдағы негізгі тенденциялары – эмпирикалық әлеуметтанудың дамуынан басталады. Эмпирикалық әлеуметтану деп, нақты зерттеулер жүргізуді, осылардың негізінде арнаулы әдістер қолдану (сұрау, бақылау, тәжірибе) арқылы жаңа фактілерді жинап, талдауды, қорытындылауды айтады. Адольф-Кетле (франко-бельгиялық статист), Чарльз Бут (Англия), Ульям Томас, Флориан Знанецкий (поляктар) осы салада еңбек етті.
Эмпирикалық нақты зерттеулер теориялық әлеуметтанудың дамуына белгілі бір шамада кедергі жасады, теорияның маңызы мен рөлін төмендетті. Сондықтан теориялық әлеуметтануды қайтадан көтеріп, жаңғырту қажет болды. Әлеуметтанулық теорияны американ әлеуметтанушылары Талкотт Парсонс, Роберт Мертон, Питирим Сорокин, т.б. дамытты.
Әлеуметтанулық зерттеу жүргізу
Әлеуметтанудағы эмпирикалық зерттеулер – тәжірибе жүзінде қолдануға бағытталған зерттелетін құбылыс немесе үрдіс туралы сенімді мәліметтер алуды мақсат ететін логикалық ретке келтірілген методологиялық, әдістемелік және ұйымдастыру-техникалық процедуралардың жүйесі.Эмпирикалық зерттеулердің бірнеше түрлері бар: әлеуметтік мәселені талдау тереңдігіне және оқиғаларды қамту ауқымына байланысты барлау, суреттеу және талдау зерттеулері; мәліметтерді жинаудың қолданылатын әдістеріне қарай сұрау, бақылау, құжаттарды талдау, эксперимент; құбылыстың статикасы немесе динамикасы зерттелуіне байланысты – нүктелік және қайталанбалы; зерттеу объектісін қамту деңгейіне байланысты – жаппай және іріктемелі зерттеулер; жүргізілетін орынына байланысты – далалық және лабораториялық болып бөлінеді.
Қолданбалы зерттеудің бағдарламасы келесі кезеңдерден тұрады: зерттеудің проблемасын тұжырымдау; зерттеу объектісі және пәнін анықтау; зерттеудің мақсат міндеттерін тұжырымдау; негізгі түсініктердің интерпретациясы және операционализациясы; гипотезаларды анықтау; іріктелген жиынтықтың санын есептеу.
Қоғамның дамуы
Қазіргі заманғы қоғам – бұл индустриялық қоғам. Қоғам модернизациясы оның ең алдымен индустрияландырылуын білдіреді. Қазіргі заманғы қоғамның тарихи пайда болуы өнеркәсіптің тууымен тығыз байланысты. Осы заманғы өзгерістердің бәрі осыдан екі жүз жыл бұрын басталған индустриялық қоғам типіне тән. Дегенмен, «индустрияландыру» және «индустриялық қоғам» терминдері тек экономикалық және технологиялық мағынаға ғана ие емес. Индустрияландыру – өте терең экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени өзгерістерді қамтитын өмір салты. Қоғам дәл осы жан-жақты индустриялық трансформация үдерісінде заманауи бола түседі.
Модернизация – үздіксіз және шет-шегі жоқ үдеріс. Модернизацияның тарихи кезеңдері жүздеген жылдарға созылуы да, тіпті, жедел түрде өтуі де мүмкін. Кез-келген жағдайда модернизация – қол жеткен нәтиже. Қоғамның дамуы әркезде біркелкі және біртекті болған емес. Даму деңгейі қандай болса да, қоғамда әрдайым «артта қалған» аймақтар мен «перифериялық» топтар міндетті түрде болады. Олар үнемі шиеленіс пен қайшылық көзін құрайды. Бұл бір мемлекетішілік жағдайға ғана емес, бүкіләлемдік ауқымда да солай. Даму деңгейі әртүрлі елдердің болуы әлемдік жүйеге тұрақсыздық аухалын орнатады. Дәстүрлі және заманауи қоғамды қарсы қою арқылы 1950-60 жылдары француз әлеуметтанушысы Р.Арон және американдық экономистер У.Ростоу мен Д.Гэлбрейт индустриалды қоғам теориясын құрды. Бұл теория қоғамның натуралдық шаруашылығы бар және сословиелік иерархиялы артта қалушы аграрлық қоғамнан механикаландырылған және автоматтандырылған өндіріске ие, бұқаралық мәдениеті, күрделі еңбек бөлінісі бар индустриалды қоғамға эволюциялануы туралы идеядан тұрады. Оның негізінде «технологиялық детерминизм» жатыр, оның мәні бойынша қоғамдағы бүкіл өзгерістер мен даму өндірістегі техникалық және ғылыми жаңалықтар туғызған технологиялық төңкерістер арқылы себептеледі. Технологиялық төңкерістерге іле-шала экономикада, саясатта, мәдениетте де тиісті өзгерістер жүреді, бірақ бұл өзгерістер әлеуметтік жанжалдарға, революцияларға әкеп соқпайды, олар әлеуметтік реформалар жасау жолымен шешіледі. Бисмарктің әлеуметтік реформаларды революцияға теңегені бар. Яғни, нәтижесі жағынан әлеуметтік реформалар бейбіт түрде терең өзгерістерге алып келеді. 1970 жылдары индустриалды қоғам теориясы Д.Белл құрған «постиндустриалды қоғамға», Збигнев Бжезинскийдің «технотронды қоғамына», Ж.Фурастьенің «ақ-параттық қоғамына», О.Тоффлердің «жоғары индустриалды қоғамына» айналды. Аграрлық қоғамда әлеуметтік өзгерістер биліктен басталса, индустриалды қоғамда – ақ-ша, постиндустриалдыда – ақпарат пен білім алдыңғы орында тұрады.