Ќазаќстан Республикасы Конституциясыныѕ 52-бабыныѕ



бет210/332
Дата06.02.2022
өлшемі7,99 Mb.
#39349
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   332
АНЫҚТАДЫ:

Республика Парламентiнiң бiр топ депутаттары Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 5-тармағын,


51-бабының 5-тармағын, 52-бабының 4 және 5-тармақтарын ресми түсiндiру туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне жүгiндi. Өтiнiш субъектiсi мынадай мәселелердi
түсiндiрудi сұрайды:
1) Конституцияда Парламент депутаттарының өкiлеттiк мерзiмiнiң басқадай тұрғыдан қарастырылмағандықтан, депутат өкiлеттiгiнiң мерзiмiн Республика Конституциясының 51-бабының
5-тармағына сәйкес депутаттыққа кандидат сайланған болып есептелетiн кезден бастап есептеу керек пе.
2) "кандидат сайланған болып есептеледi" деген тiркес, Республика Конституциясының 73-бабының 1-тармағына сәйкес тiркеу тоқтатыла тұратын жағдайды қоспағанда, сайлау қорытындылары шығарылғаннан кейiн дереу тiркеу қажеттiгiн бiлдiре ме.
3) Республика Конституциясының 50-бабының
5-тармағындағы Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi – алты жыл, Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi – бес жыл деген жазба депутаттардың кезектi сайлауын өткiзгеннен кейiнгi ғана өкiлеттiк мерзiмiнiң мөлшерiн бiлдiре ме. Конституция кезектен тыс сайлауда сайланған депутаттар үшiн өкiлеттiк мерзiмiнiң қысқа болуын көздей ме. Кезектi сайланым басында және оның барысында Республика Президентi тағайындаған Сенат депутаттары өкiлеттiгiнiң мерзiмi қалай анықталуға тиiс.
4) Республика Конституциясының 52-бабының
4-тармағында жазылған норма Парламент депутаты өкiлеттiк мерзiмi аяқталғаннан кейiн депутаттың өкiлеттiк мерзiмi кезiнде жасаған әрекеттерi үшiн Палатаның келiсiмiнсiз тиiстi жауаптылыққа тартылуы мүмкiн екендiгiн бiлдiре ме.
5) Республика Конституциясының 52-бабының
5-тармағындағы "мандат" деген сөз сайлау қорытындыларының көрiнiсi және сайлаушылардың депутатқа тиiстi өкiлеттiк беруi дегендi бiлдiре ме.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының
5-тармағын, 51-бабының 5-тармағын, 52-бабының 4 және
5-тармақтарын өтiнiште қойылған сұрақтарға қатысты түсiндiрген кезде, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны ескердi.
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 5-тармағы, Сенат депутаттары үшiн – алты жыл, Мәжiлiс депутаттары үшiн – бес жыл өкiлеттiк мерзiм белгiлей отырып, депутат өкiлеттiгiнiң басталу мерзiмiн көрсетпейдi.
Бұл жағдайды шешкен кезде Конституцияның 49-бабының
4-тармағын басшылыққа алу керек, бұл бапқа сәйкес Парламенттiң ұйымдастырылуы мен қызметi, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституциялық заңмен белгiленедi.
Конституцияның бұл нормасына сәйкес заң шығарушы "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабының 2-тармағында, Парламент депутатының өкiлеттiгi оны Республиканың Орталық сайлау комиссиясы Парламент депутаты ретiнде тiркеген сәттен басталады, деп белгiлеген.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 49-бабы
2-тармағын ресми түсiндiру туралы" Республика Конституциялық Кеңесiнiң 1999 жылғы 14 шiлдедегi қаулысында , Парламенттiң алқалы мемлекеттiк орган ретiндегi өкiлеттiгi өзiнiң ұзақтығы жағынан өз депутаттарының өкiлеттiктерiмен түгелдей сәйкес келмейдi, деп белгiленген. Кеңес, Парламент депутатының өкiлеттiгi оны Орталық сайлау комиссиясы тiркеген сәттен басталады деп атап көрсеттi. Бұл құқықтық позиция, сондай-ақ Конституцияның
73-бабының 1-тармағынан келiп шығады. Парламенттiң өкiлеттiгi оның бiрiншi сессиясы ашылған сәттен басталады, ол сайлаудың қорытындылары бiрiншi сессиясы ашылған сәттен басталады, ол сайлаудың қорытындылары жарияланған күннен бастап отыз күннен кешiктiрiлмей шақырылады.
2. Республика Конституциясының 51-бабының
5-тармағында көрсетiлген, "кандидат сайланды деп есептеледi" деген сөздердiң мағынасынан, Конституциялық Кеңестiң пiкiрiнше, депутатты дереу тiркеу мiндеттiлiгi келiп шықпайды. Бұл ереже Парламент депутатының қызметiне кiрiсуi және оған өкiлеттiк берiлуiнiң тәртiбiн емес, сайланған кандидатты анықтаудың өлшемiн белгiлейдi. Сайлаушылардың немесе таңдаушылардың көбiрек дауысын жинап, нақты бiр сайлау округiнде (өңiрде) сайланды деп есептелетiн кандидатқа, бүкiл халықтың өкiлi ретiнде депутаттың субъективтi құқықтары мен мiндеттерiне ие болу үшiн, оны осы сипатта заңдастыратын бiрқатар заңды фактiлер орындалғаны қажет. Оларға: сайлау қорытындыларын анықтау және жариялау; Конституцияның 52-бабының 3-тармағына және Республика заңдарына сәйкес Парламент депутатының мәртебесiмен сыйыспайтын өз мiндеттерiн доғару туралы өтiнiш беру; тиiстi сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде депутатты тiркеу және Қазақстан халқына ант беру жатады. Демек, депутатқа өкiлеттiк беру оның сайлануымен тұспа-тұс келмейдi.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заң Парламент депутаттарын сайлау қорытындылары туралы хабарды жариялау мерзiмiн ол өткiзiлгеннен кейiн он күннен кешiктiрмейтiндей етiп белгiлейдi, бiрақ депутаттарды тiркеу мерзiмiн көрсетпейдi. Заң шығарушының бұл мәселеге "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңдағы мұндай көзқарасы Орталық сайлау комиссиясына депутаттарды тiркеу уақытын белгiлеуге негiз бередi, ол өз құзыретi шегiнде нормативтiк-құқықтық актiлер қабылдайды.
3. Конституцияның 50-бабымен белгiленген Республиканың ең жоғары өкiлдi органы депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi, кезектi де, кезектен тыс та сайлауда сайланған депутаттар үшiн бiрдей болып табылады.
Конституцияның 63-бабының 1-тармағымен көзделген Республика Президентiнiң Парламенттi таратуы кезектен тыс сайлау өткiзуге негiз болуы мүмкiн. Конституцияның 52-бабының
5-тармағына сай Парламенттiң таратылуы депутаттардың өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылуына негiздердiң бiрi болып табылады.
Парламент таратылған жағдайда, Сенат депутаттарының жартысы кезектен тыс сайлауда үш жыл мерзiмге, ал екiншi жартысы – алты жыл мерзiмге сайлануға тиiс, бұл 50-баптың
5-тармағының, сондай-ақ Сенаттың сайланатын депутаттарының жартысы әрбiр үш жыл сайын қайта сайланып отыруын көздейтiн 51-баптың 2-тармағының нормаларынан келiп шығады.
Шығып қалған депутаттың орнына депутат сайлаған кезде, мәселе былай шешiледi. Конституцияның 50-бабы Парламенттiң өкiлеттiк мерзiмiн белгiлемей, әр Палата депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi туралы ғана айтады (5-тармақ). Республика Конституциясының мұндай мазмұнын, Парламенттiң әрбiр депутаты, оның қашан – тиiстi Палатаға өткiзiлген жалпы сайлау кезеңiнде ме, әлде шығып қалған депутаттың орнына ма – сайланғанына қатыссыз, өз өкiлеттiгiн Конституцияның 50-бабында көзделген бүкiл мерзiм iшiнде жүзеге асыруы мүмкiн деп түсiнуге болмайды. Депутаттардың өкiлеттiк мерзiмi туралы конституциялық норманы бұлай түсiндiру Парламенттiң ұйымдық бiрлiгiне және конституциялық өкiлеттiк мерзiмiне, қос палаталы заң шығарушы орган ретiнде Парламент пен оны құрайтын депутаттардың қарым-қатынасына сай келмес едi.
Республика Конституциясының 50-бабының 2-тармағында, Сенаттың жетi депутатын өкiлеттiгi мерзiмiне Республика Президентi тағайындайды деп жазылған. Алайда не Конституцияның өзiнде, не "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" Конституциялық заңда Сенаттың өкiлеттiк мерзiмi туралы нормалар берiлмеген. Сенаттың депутатын кезектi сайланымның басында Президент тағайындайтын жағдайларға қатысты қолданыста, "Сенаттың өкiлеттiк мерзiмi" деген ұғымның анықсыздығы жекелей алған депутат-сенатордың өкiлеттiк мерзiмiн белгiлеуге әсер етпейдi, өйткенi бұл мерзiм Конституцияның 50-бабы 5-тармағымен тiкелей аталған.
Сенаттың сайланатын депутаттарының жартысы әрбiр үш жыл сайын қайта сайланып отыратындығы туралы Конституцияның 51-бабы 2-тармағының ережесi Президент тағайындайтын депутаттарға қолданылмайды. Демек, өкiлеттiк мерзiмi аяқталғаннан кейiн әрбiр алты жыл сайын бұл депутаттардың кезектi жаңартылуы өтiп отырады. Егер бұл мерзiм iшiнде Президент тағайындаған депутаттардың бiрi тиiстi негiздер бойынша шығып қалатын болса, онда бос орынға тағайындалған адамда депутат өкiлеттiгi тек алты жылдық цикл аяқталуына дейiн қалған мерзiм iшiнде ғана өз күшiнде болады.
4. Республика Конституциясының 52-бабының 4-тармағына сәйкес Парламент депутаты "өзiнiң өкiлеттiк мерзiмi iшiнде" қол сұғылмаушылыққа ие. Бұл, өкiлеттiгi тоқтатылғаннан кейiн депутат жалпы негiзде заңды жауаптылыққа тартылуы мүмкiн дегендi бiлдiредi. Бұл орайда құқық бұзушылық жасау уақыты, – депутаттық өкiлеттiк мерзiмi кезеңiнде ме, ол тоқтатылғанға дейiн немесе кейiн бе, – маңызға ие емес.
Өзiнiң өкiлеттiк мерзiмi кезеңiнде депутаттар толық көлемде және жалпы негiзде азаматтық-құқықтық жауапкершiлiк арқалайды. Олардың сот тәртiбiнен тыс белгiленетiн әкiмшiлiк жауапкершiлiгi туралы мәселе де осылайша шешiледi.
5. Конституцияның 52-бабының 5-тармағында Парламент депутаты белгiлi бiр жағдайлар туындаған кезде "өз мандатынан айрылады" делiнедi.
Мандат Парламент депутатының қайсы бiр өңiрдiң немесе сайлау округының емес, халықтың өкiлi ретiндегi өкiлеттiгi заңды екендiгiн куәландырады. Сайлаушылар заң жүзiнде депутаттың позициясын айқындамайды.
Осылайша, Конституцияның 52-бабының 5-тармағындағы "мандат" сөзiн, Конституциямен және конституциялық заңдармен көзделген, Орталық сайлау комиссиясының тiркеуi арқылы заңды түрде ресiмделген Парламент депутатының өкiлеттiгi деп түсiнген жөн. Конституцияның бұл нормасының мәтiнiндегi "мандаттан айрылады" деген сөздер мағынасы бойынша "өкiлеттiктен айрылады" деген сөздерге бара-бар.
Баяндалғанның негiзiнде және Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4-тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 1-бабын, 17-бабы 3-тармағының
1) тармақшасын, 31-33-баптарын, 37-бабын және 41-бабы
1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   332




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет