Қазақстан Республикасы Конституциясы 52-бабының 3 және
5-тармақтарын ресми түсiндiру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң
2003 жылғы 12 мамырдағы N 5 қаулысы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Төраға Ю.А. Хитрин, Кеңес мүшелерi Х.Ә. Әбiшев, Қ.Ж. Балтабаев,
С.Ф. Бычкова, А. Есенжанов, A.K. Koтoв және Қ.Ә. Омарханов қатысқан құрамда, мыналардың:
өтiнiш субъектiсiнiң өкiлi – Республика Парламентi Сенатының депутаты Е.Ж. Жұмабаевтың,
Республика Жоғарғы Сотының судьясы Ж.Н. Бәйiшевтiң,
Республика Бас Прокурорының орынбасары
А.Қ. Дауылбаевтың,
Республика Орталық сайлау комиссиясының мүшесi
В.К. Фоостың,
Республика Әдiлет вице-министрi М.Қ. Раевтың қатысуымен, өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламентi Сенаты Төрағасының Қазақстан Республикасы Конституциясы
52-бабының 3 және 5-тармақтарын ресми түсiндiру туралы
өтiнiшiн қарады.
Қолдағы бар материалдарды зерделеп, баяндамашы – Конституциялық Кеңестiң мүшесi А.К. Котовты, өтiнiш субъектiсi өкiлiнiң, отырысқа қатысушылардың сөздерiн және сарапшы – заң ғылымының кандидаты, Қазақ гуманитарлық-заң университетiнiң доцентi Қ.Ж. Қапсалямовтың қорытындысын тыңдап шығып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны
Достарыңызбен бөлісу: |