ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексiнiң
361-бабының ("Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне қылмыстық-атқару жүйесi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы
26 наурыздағы N 240-III Қазақстан Республикасы Заңының редакциясында) бiрiншi бөлiгi және төртiншi бөлiгi (бiрiншi бөлiктiң саралау белгiлерiн анықтауға қатысты) конституциялық емес деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 2-тармағына сәйкес конституциялық емес деп танылған, оның iшiнде адамның және азаматтың Конституцияда баянды етiлген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiредi деп танылған заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң күшi жойылады және қолданылуға жатпайды, ал "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 39-бабының 2-тармағына сай мұндай заңға немесе өзге де нормативтiк құқықтық актiге негiзделген соттардың және өзге құқық қолданушы органдардың шешiмдерi орындалуға жатпайды.
3. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағы негiзiнде қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген реттi ескере отырып, түпкiлiктi болып табылады.
4. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.
Қостанай облысы Қостанай қаласының N 2 сотының өтiнiшi бойынша "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы"
Достарыңызбен бөлісу: |