бейбiт уақытта Конституцияның 53-бабының
3) тармақшасына сәйкес;
соғыс уақытында Конституцияның 45-бабының 2-тармағына және 53-бабының 4) тармақшасына сәйкес республика Президентiне заң шығару өкiлеттiгiн беруге хақылы.
Конституцияның аталған баптары негiзiнде республика Президентi заңдар шығару, олардың қолданылуын тоқтата тұру және күшiн жою, заңдарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiндегi Парламент берген өкiлеттiктi iске асыруға хақылы.
2. Республика Президентiнiң өзiне берiлген заң шығару өкiлеттiгiн iске асыруының шегi мыналар:
бейбiт уақытта, Конституцияның 53-бабының 3) тармақшасын негiзге ала отырып, — Парламенттiң республика Президентiнiң бастамасы бойынша Палаталардың бiрлескен отырысында әр палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң даусымен Мемлекет басшысына бiр жылдан аспайтын мерзiмге заң шығару өкiлеттiгiн уақытша беру туралы заң қабылдауы;
соғыс уақытында, Конституцияның 45-бабының 2-тармағын және 53-бабының 4) тармақшасын негiзге ала отырып, — Парламенттiң палаталардың бiрлескен отырысында соғыс кезiн жариялауы.
Республика Президентi өзiне заң шығару өкiлеттiгi берiлген жағдайда, Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 3-тармағында көрсетiлген қатынастар реттелетiн заңдар шығаруға хақылы.
3. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген реттi ескере отырып, түпкiлiктi болып табылады.
4. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.