Ќазаќстан Республикасы Конституциясыныѕ 52-бабыныѕ



бет189/332
Дата06.02.2022
өлшемі7,99 Mb.
#39349
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   332
АНЫҚТАДЫ:

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне


2001 жылғы 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсi Төрағасының Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы 1 және 5-тармақтарын, 72-бабы 1-тармағының
4) тармақшасын және 74-бабының 3-тармағын ресми түсiндiру жөнiндегi өтiнiшi келiп түстi.
Өтiнiш субъектiсi бұл ретте мынаны түсiндiрiп берудi сұрайды:
1) Конституцияның 52-бабы 1-тармағының ережесi саяси партия тiзiмiнiң негiзiнде сайланған Парламент депутаты өз өкiлеттiгiн орындауы кезiнде депутаттың позициясына ықпал ету үшiн саяси партияға кедергi болып табыла ма? Партиялық тiзiм негiзiнде сайланған депутатты оның позициясы партияның саяси бағытынан алшақ болуына байланысты партия мүшелiгiнен шығару депутаттың өкiлеттiгiн тоқтатуға апарып соқса, Конституцияның осы нормасын бұзу ретiнде қаралуы мүмкiн бе? 
2) Қазақстан Республикасы Конституциясы 72-бабы
1-тармағының 4) тармақшасында жазылған "Конституцияның нормаларына ресми түсiндiрме бередi" деген тұжырым Конституциялық Кеңестiң кеңейтiп түсiндiру құқығын және Конституцияда тiкелей жазылмаған нормаларды жасайтын түсiнiк беру мүмкiндiгiн көздей ме? 
3) Қазақстан Республикасы Конституциясы 74-бабының
3-тармағында көзделген Конституциялық Кеңестiң шешiмi "түпкiлiктi" дегенде ненi түсiну керек? Конституциялық Кеңес Конституцияның белгiлi бiр нормасы бойынша жаңа шешiм қабылдауы мүмкiн бе? 
Өтiнiште атап көрсетiлгенiндей, бұл сұрақтарды түсiндiру қажеттiлiгi Конституцияның жоғарыда аталған нормалары мен Конституциялық Кеңестiң қолданыстағы 1997 жылғы 16 мамырдағы N 11/2 мен 23 мамырдағы N 12/2 және 2001 жылғы 17 мамырдағы
N 7/2 үш қаулыларын қолданудағы қиыншылықпен анықталады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы 1 және 5-тармақтарын, 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын және
74-бабының 3-тармағын ресми түсiндiру кезiнде, Конституциялық Кеңес мыналарды ескердi:
1. Конституцияның 72-бабы 1-тармағының
4) тармақшасында Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi "Конституцияның нормаларына ресми түсiндiрме бередi" деп көзделген.
Сол арқылы Конституция өзiнiң iшiндегi нормаларға ресми түсiндiрме беру үшiн Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне айрықша құқық бердi.
Конституцияның нормаларын ресми түсiндiру дегенiмiз, Конституциялық Кеңестiң конституциялық нормалардың мазмұны мен мағынасын анықтауы және түсiндiруi. Ол, конституциялық нормалардың кейбiрiне дерексiздiк пен арнайы терминология тән болғандықтан, сондай-ақ Конституцияның жекелеген ережелерiн өтiнiш субъектiлерi анық қабылдай алмауына және оларды қолдану практикасында қайшылықтар туындауынан келiп шыққан.
Конституцияның нормаларын ресми түсiндiре отырып, Конституциялық Кеңес тәуелсiз болады және тек Конституцияға ғана бағынады. Конституцияның нормаларына ресми түсiндiрме беру құқығынан, Конституциялық Кеңес шешiмдерiнiң, Конституциялық Кеңестiң түсiндiру нысаны болған нормалардың заңдық күшiне тең, заңдық күшi келiп шығады. Конституциялық құқықтың нормалары, Конституцияның 4-бабының 1-тармағымен Қазақстан Республикасында қолданылатын құқықтың қайнар көзi болып танылған, Конституциялық Кеңестiң тиiстi қаулыларының ережелерiмен бiрге қолданылады. Конституциялық норманың тоқтата тұрылуы, жойылуы немесе өзгертiлуi Конституцияның нормасын ресми түсiндiру жөнiндегi Конституциялық Кеңестiң тиiстi қаулысының тоқтата тұрылуына, жойылуына немесе өзгертiлуiне әкеп соқтырады.
Конституцияның нормаларын ресми түсiндiру – бұл нормативтiк түсiндiру, оны Конституциялық Кеңес Конституция нормаларының мазмұнынан үзiндi алып, анықтаудың түрлi тәсiлдерi көмегiмен Конституция нормаларының сөзбен берiлген мағынасына сәйкес бередi. Түсiндiрудiң көлемiн алдын-ала белгiлеу мүмкiн емес, Конституциялық Кеңес Конституция нормаларын ресми түсiндiрудiң ғылыми заңдық әдiстерiн таңдауда тек Конституцияның өзiне ғана тәуелдi. Конституция нормаларының, оның жалпы ережелерiмен және принциптерiмен қисынды түрде байланыстылығы мен қабаттастығы назарға алынады. Конституциялық Кеңестiң нормативтiк түсiндiрулерi, Конституция нормаларын тек өтiнiш субъектiлерiнiң мәселелерi бойынша ғана түсiндiруге жағдай жасай отырып, бұл нормалардың мағыналық түсiндiрмесiн тiкелей конституциялық реттеу үшiн толықтыра түседi. Бұл орайда Конституциялық Кеңестiң, Конституцияның нормаларынан келiп шығатын, құқықтық позициясы Конституцияның өзiне сәйкес келедi. 
Конституцияның мазмұнынан, онда жазылған нормалардан, жалпы ережелер мен принциптерден тiкелей келiп шықпайтын ұйғарымдарды Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi жасамайды. Конституцияның нормаларын түсiндiре отырып, Кеңес конституциялық реттеу нысанының шегiнен шығып кетпейдi.
2. Конституция 74-баптың 3-тармағында Конституциялық Кеңес шешiмдерiнiң жалпыға бiрдей заңдық күшiн баянды етiп, күшiне енуiнiң кiдiрiссiз тәртiбiн белгiлейдi. 
Конституциялық Кеңес шешiмiнiң түпкiлiктiлiгi оның заңдық күшiнiң ажыралмас қасиетi болып табылады, ол қорытынды қаулы қабылдау арқылы конституциялық iс жүргiзудiң қисынды түрде аяқталғанынан айғақ бередi. Конституциялық Кеңес шешiмiнiң түпкiлiктiлiгi оның сол бәз-бiр себеп бойынша өтiнiш беру субъектiсi үшiн, сондай-ақ сөзсiздiгiне меңзейдi, өйткенi Конституцияның
74-бабы 3-тармағына сай, Конституциялық Кеңестiң шешiмдерi "шағымдануға жатпайды". Бұл, шешiмге шағымдануға ешкiмнiң құқығы да, ондай саты да жоқ, дегендi бiлдiредi. Сонымен бiрге, ерекше жағдайларда конституциялық құқықтың нормаларында Конституциялық Кеңестiң өзi үшiн, қолданыстағы қаулыны қайта қарау немесе оны түсiндiру жөнiнде қосымша қаулы қабылдау мүмкiншiлiгi жоққа шығарылмайды.
Конституциялық Кеңестiң қаулылары тек Қазақстан Республикасының Конституциясына ғана негiзделедi және өзге нормативтiк құқықтық актiлер оларға қайшы келмеуге тиiс. Конституциялық Кеңестiң қаулыларында баяндалған құқықтық позициялардың күшi, Кеңес конституциялық емес деп тапқан заңдық нормаларды қайта қабылдау арқылы еңсерiлмейдi.
Конституцияның нормаларын ресми түсiндiру туралы Конституциялық Кеңестiң қаулылары Қазақстан Республикасының аумағында барлық мемлекеттiк өкiмет, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, ұйымдар, лауазымды тұлғалар, азаматтар мен олардың бiрлестiктерi үшiн мiндеттi.
Конституциялық Кеңестiң шешiмiне толығымен немесе бiр бөлiгiне, Конституцияның 73-бабы 4-тармағына сай, Республика Президентi қарсылық бiлдiруi мүмкiн. Қарсылық шешiмнiң мәтiнiн ол алған күннен бастап он күндiк мерзiм iшiнде бiлдiрiледi, бұл Конституция мызғымастығының кепiлi ретiнде Республика Президентiнiң тез арада шара қолдану қажеттiгiнен туындайды. Конституциялық Кеңес Президенттiң қарсылығын Кеңес мүшелерi жалпы санының үштен екiсiнiң даусымен еңсеруге хақылы.
Бұндай жағдайда Конституциялық Кеңестiң қаулысы заңдық
күшiн сақтайды.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 40-бабына сәйкес, Конституциялық Кеңес өзi қабылдаған шешiмдердi орындау тәртiбiн белгiлеуге хақылы. Мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалар, Конституциялық Кеңес белгiлеген мерзiм iшiнде, Конституциялық Кеңестiң шешiмiн орындау бойынша қабылданған шаралар туралы оған хабарлауға мiндеттi. 
Конституциялық Кеңестiң Конституцияның сол бәз бiр нормасы бойынша жаңа шешiм қабылдауы өзге мәселеге, өтiнiш субъектiсiнде басқа жағдайда белгiсiздiк туындауына, сол бәз бiр конституциялық норманың нақты нұсқауын немесе нұсқауларын қолдану немесе орындауға байланысты болуы мүмкiн.
Конституцияның сол бәз бiр нормасы бойынша Конституциялық Кеңестiң жаңа қаулысы, осы конституциялық нормаға қатысты бұдан бұрынғы қаулыға кереғар болмауға тиiс. Бұндай қаулы Конституцияның осы нормасын ресми түсiндiру жөнiндегi Конституциялық Кеңестiң бұдан бұрынғы қаулысының құқықтық позициясын толықтыруы және дамытуы мүмкiн.
Конституцияның 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы және 74-бабының 3-тармағы тиiсiнше Конституциялық Кеңестiң Конституция нормаларына ресми түсiндiрме беру құқығын және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi шешiмдерiнiң нормативтiк сипатын баянды етедi.
Баяндалғанның негiзiнде, және Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 1-бабын, 17-бабы 3-тармағының
1) тармақшасын, сондай-ақ 32, 33, 37-баптарын және 41-бабы
1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   332




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет