ҚАУЛЫ ЕТТI:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабы
1-тармағының мәнi бойынша "қолданылып жүрген құқық" деп белгiлi бiр сәтте бұзылмаған Конституция нормалары мен Республиканың басқа да осы бапта келтiрiлген нормативтiк құқықтық актiлерi, сондай-ақ бұзылмаған халықаралық мiндеттемелерi түсiнiлуi тиiс. Бұрынырақта қабылданған актiлерге белгiленген тәртiпте өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлген, сондай-ақ жаңа актiлер қабылданған жағдайда, бұл актiлердiң нормасы қолданылып жүрген құқық құрамына енгiзiледi, ал күшi жойылды деп танылғандар – ол қатардан шығарылып тасталады. Жаңадан қабылданған нормалар өз күшiне Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 5-тармақшасында бекiтiлген Заңның керi күшi туралы ережелер сақтала отырып енгiзiлуi тиiс.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 2-тармағында сөз етiлiп отырған адам құқығы мен бостандығы деп Конституцияға сәйкес мемлекет таныған және кепiлдiк берген адам құқығы мен бостандығын санау керек.
Құқық пен бостандықты абсолюттi деп тану – олардың Қазақстан Республикасы аумағында тұратын адамға, оның Республика азаматты болу-болмауына қарамастан, қолданылады дегендi бiлдiредi.
Адамды құқығы мен бостандығынан ешкiм айыра алмайды дегенiмiз белгiленген құқық пен бостандықтан адамды ешкiм, соның iшiнде, мемлекет те, Конституцияда және соның негiзiнде қабылданған заңдарда көзделгеннен басқа жағдайларда айыра алмайды.
Адам құқығы мен бостандығының заңдар мен басқа да нормативтiк актiлердiң мазмұны мен қолданылуын белгiлейтiндiгi жөнiндегi 12-баптың 2-тармағының ережесiн осы құқық пен бостандықтың жүзеге асырылуының жағдайлары мен тәртiбiн белгiлеушi заң жасаған және қабылдаған кезде Конституция жарияланған адам құқығы мен бостандығы негiз болады деген мағынада түсiну керек.
Адам құқығы мен бостандығын белгiлеушi заңдарды, Конституцияның 39-бабының 3-тармағында келтiрiлгендердi қоспағанда, мемлекеттiң шынайы әлеуметтiк-экономикалық мүмкiндiктерiне қарай, белгiленген тәртiпте заң шығарушы орган өзгерте алады.
3. "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар Жарлығының 38-бабының 1-тармағына сәйкес бұл Қаулы қабылданған күннен бастап күшiне енедi, Республиканың барлық аумағында жалпыға мiндеттi, үзiлдi-кесiлдi және шағымдануға жатпайтын болып табылады.
4. "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар Жарлығының 41-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес бұл Қаулы ресми республикалық басылымдарда жарияланады.
Достарыңызбен бөлісу: |