Ќазаќстан Республикасы Конституциясыныѕ 52-бабыныѕ



бет32/332
Дата06.02.2022
өлшемі7,99 Mb.
#39349
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   332
АНЫҚТАДЫ:

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы


3-тармағының 3-тармақшасына ресми түсiндiрме беру және Қазақ КСР Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 115 және 310-баптарын Конституцияға қарама-қайшы деп тану жөнiнде Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Н.К.Чиняев ұсыныс жасады.
Конституциялық Кеңестiң 1997 жылғы қаңтардың 27-сiндегi қаулысымен Маңғыстау облыстық соты төрағасының ұсынысының Қазақ КСР Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 115 және 310-баптарын Конституцияға қарама-қайшы деп тану жөнiндегi бөлiгi ғана iс жүргiзуге қабылданды. Ал Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 3-тармақшасына ресми түсiндiрме беру жөнiндегi өтiнiштi (ұсынысты) iс жүргiзуге қабылдаудан бас тартылды, себебi соттар Конституция нормаларына ресми түсiндiрме беру мәселесi бойынша Конституциялық Кеңеске өтiнiш жасайтын субъектiлер қатарына жатқызылмайды.
Баяндамашы – Конституциялық Кеңестiң мүшесi
О.Қ. Ықсановтың хабарламасын тыңдай келiп, Конституциялық Кеңестiң сұрауы бойынша келiп түскен жадығаттармен, атап айтқанда, Республикасының Жоғарғы Соты және Бас прокуратурасының қорытындысымен таныса келiп, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Маңғыстау облыстық соты төрағасының Қазақ КСР Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң
115 және 310-баптарын конституциялық емес деп тану жөнiндегi өтiнiшiн қанағаттандыруға болады деп тапты.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 78-бабына сәйкес, егер сот адам мен азаматтың Конституцияда бекiтiлген құқықтары мен бостандығына қолданылуға тиiстi заң немесе басқа да нормативтiк құқықтық актiлер қысымшылық жасайды деп тапса, Конституциялық Кеңеске өтiнiш жасауға құқықты.
Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Қазақ КСР Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 115 және 310-баптарын конституциялық емес деп тану жөнiндегi өз өтiнiшiн былай деп дәлелдейдi: бiрiншiден, бiрiншi инстанциядағы (сатыдағы) сот ретiнде азаматтық iстi қарауға өзiнiң iс жүргiзуiне қабылдауға облыстық сотқа мүмкiндiк беретiн Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң аталған нормалары Конституцияның 77-бабы 3-тармағының
3-тармақшасымен үйлеспейдi, екiншiден, азаматтардың құқығына қысымшылық жасайды, себебi, ұсыныста айтылғандай азаматтар "сот шешiмiне шағымданудың бiрнеше сатысынан" айырылады, яғни қабылданған шешiмге облыстық сотта кассациялық, қадағалау тәртiптерiнде шағымдана алмайды.
Маңғыстау облыстық сотының өтiнiшiндегi Қазақ КСР Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 115 және 310-баптарының Конституцияның 77-бабының 3-тармағы 3-тармақшасының нормасына сәйкес еместiгi жөнiндегi дәлелдерi көңiлге қонымды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы
3-тармағының 3-тармақшасына сәйкес ешкiмге оның өз келiсiмiнсiз ол үшiн заңда көзделген соттылығын өзгертуге болмайды. Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 114-бабымен соттардың қай санатқа жататындығына қарамастан, өздерiне қарасты азаматтық iстер аудандық (қалалық) соттардың қарауына жатқызылған. Iстi қарау үшiн оны бiрiншi инстанциядағы (сатыдағы) сот ретiнде жоғары тұрған соттың iс жүргiзуге өзiнiң қабылдауы Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 114-бабында белгiленген топтық соттылықты өзгерту дегендi бiлдiрмейдi. Әйтсе де, АIЖК 115 және 310-баптары iстi жоғары тұрған соттың, атап айтқанда, облыстық соттың iс жүргiзуге қабылдауы iс бойынша тараптардың келiсiмiн алуға байланысты болмайды, сөйтiп, жоғарыда аталған ешкiмге, оның өз келiсiмiнсiз ол үшiн заңда көзделген соттылықты өзгертуге болмайды деген конституциялық норма бұзылады.
Көрсетiлген осындай жағдайларда, қаралып отырған АIЖК баптары Конституцияға сәйкес деп танылуы мүмкiн емес, себебi Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 3-тармақшасында көзделген субъектiнiң құқығына қысымшылық жасайды.
Конституцияның 74-бабының 2-тармағына сәйкес адам мен азаматтың Конституцияда бекiтiлген құқықтары мен бостандығына қысымшылық жасайды деп танылған заңдар және басқа нормативтiк құқықтық актiлер жойылды және қолданылуға жатпайды.
АIЖК-iнiң 310-бабына сәйкес бiрiншi инстанциядағы (сатыдағы) сот ретiнде жоғары тұрған сот азаматтық iстi өзiне iс жүргiзуге өз инициативасымен емес, төменгi сот шешiмiнiң екiншi рет бұзылуына байланысты заң бұйрықтарын орындау мақсатында қабылданғанда, бұл жағдай АIЖК-iнiң аталған бабын конституциялық емес деп тануға ықпал ете алмайды. 310-бапта жазылған ереже Қазақ КСР-сының АIЖК-iне басқа құқықтар мен бостандық қатарында, ешкiмге оның өз келiсiмiнсiз ол үшiн заңда көзделген соттылығын өзгертуге болмайды деген принциптi бекiтiп берген Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы қабылданғанға дейiн енгiзiлген болатын. Конституцияның
92-бабының 4-тармағына сәйкес, Конституция күшiне ену сәтiндегi қолданылып жүрген Қазақстан Республикасы заңдарының Конституцияға қарама-қайшы келмейтiндерi қолданылады. Конституцияның жоғары заңдық күшi бар және Республиканың барлық аумағында тiкелей қолданылады. Егер жоғары тұрған сот (екiншi инстанциядағы - сатыдағы) төменгi тұрған сот шешiмiнiң бiрнеше рет бұзылуына байланысты iстi өзiнiң iс жүргiзуiне қабылдауды тиiмдi деп таныса, ол соттылықты өзгертуге тараптардың келiсiмiн алуға тиiстi.
АIЖК-iнiң 115 және 310-баптарын конституциялық емес деп тану жөнiндегi Маңғыстау облыстық сотының ұсынысы тағы да мынадай жағдайлармен дәлелденедi: азаматтық iстi облыстық сот iс жүргiзуге қабылдағанда азаматтар "сот шешiмiне шағымданудың бiрнеше сатысынан" айырылады, яғни қабылданған шешiмге облыстық сотта кассациялық, қадағалау тәртiптерiнде шағымдана алмайды. Егер тараптардың бұған келiсiмi болған жағдайда, ұсыныстың бiрiншi инстанция (саты) бойынша азаматтық iстердi облыстық соттардың қарау мүмкiндiгiнен айыратын дәлелдерiмен Конституциялық Кеңес келiсе алмайды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 13-бабының
2-тармағында әр адамның және азаматтың өз құқығы мен бостандығының сот арқылы қорғалу құқығын мойындай отырып, сот шығарған қаулылардың қайта қаралу тәртiбiн белгiлемейдi. Қолданылып жүрген iс жүргiзу заңдары бойынша, соның iшiнде, Қазақ КСР АIЖК бойынша, тек заңда белгiленген тәртiппен мерзiм сақтала отырып берiлген кассациялық шағым (сондай-ақ кассациялық наразылық) iстi кассациялық инстанцияның (сатының) мiндеттi түрiнде қарауына әкелiп соғады. Кассациялық шағым iстi бiрiншi инстанция (саты) бойынша қарайтын Жоғарғы Соттан басқа кез-келген соттың шешiмiне жасалуы мүмкiн, бiрақ бiр рет қана.
Демек, iстi бiрiншi инстанция (саты) бойынша облыстық соттың қарағанынан iстi кассациялық инстанцияның бұл жағдайда Республиканың Жоғарғы Соты мiндеттi түрде қарауына әкелiп соғатын кассациялық шағым беру құқығынан тараптар айырылмайды. Тек қана iстi бiрiншi инстанциядағы (сатыдағы) сот ретiнде Жоғарғы Сот қараған жағдайда, қабылданған шешiмге кассациялық шағым жасауға немесе наразылық бiлдiруге жол берiлмейдi, бұл шағым жасауға берiлген құқыққа қысымшылық жасау деп қаралып, мiндеттi түрде шешiмдi тексеруге әкелiп соқтырар елдi. Дегенмен, Маңғыстау облыстық сотының ұсынысында Қазақ КСР АIЖК-i 116-бабының конституциялылығы талас тудырмайды, сондықтан да бұл бапты Конституциялық Кеңес қарамайды.
Егер, кассациялық шағым түсуiне байланысты бiрiншi инстанциядағы (сатыдағы) сот шешiмi жойылмаған болса, ол шешiм iстi жоғарғы тұрған сот қараған кезден заңды күшiне енедi. (Қазақ КСР АIЖК-iнiң 205-бабы.) Бұдан кейiн шешiм тек өкiлеттi лауазымды адамдар наразылық бiлдiрген жағдайда ғана соттың қадағалау тәртiбiнде қайта қаралуы мүмкiн. Заңды күшiне енген шешiмге өздiгiнен шағым берiлуi оны мiндеттi түрде қайта қарауға соқтырмайды. Сонымен, бiрiншi инстанция (саты) бойынша iстi облыстық сот қараған кезде жоғары тұрған инстанция (саты) санының қысқартылуынан iске қатысушы адамдардың мүддесiне ешқандай қысымшылық жасалмайды, себебi iстi мiндеттi түрде қарауға әкелiп соқтыратын облыстық соттың шешiмiне кассациялық шағым жасау құқығынан олар айырылмайды, ал заңды күшiне енгiзiлген шешiмдердi соттық – қадағалаушы инстанциялардың (сатылардың) мiндеттi түрде қайта қарауын олар талап
ете алмайды.
Демек, азаматтық iстi бiрiншi инстанция бойынша облыстық соттың қарауына, бiл iс үшiн белгiленген соттылықтың өзгертiле отырып қаралуына iске қатысушы адамдардың (тараптардың) келiсiмi алынған жағдайда iстiң мұндай қаралуын олардың Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 3-тармақшасында бекiтiлген құқықтарына қысымшылық жасау деп қарауға болмайды.
Жоғарыда баяндағандар негiзiнде және "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар Жарлығының 31-33, 37-39-баптарын басшылыққа ала отырып, Конституциялық Кеңес




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   332




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет