ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақ КСР-сының 1963 жылғы желтоқсанның 28-iнде қабылданған Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң (АIЖК) 115 және
310-баптары адамның және азаматтың Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 3-тармақшасында бекiтiлген құқығына қысымшылық жасаушы бап ретiнде конституциялық емес деп танылсын.
2. "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар Жарлығының 39-бабының 2-тармағына сәйкес адамның және азаматтың Конституция бекiткен құқығы мен бостандығына қысымшылық жасайды деп, соған байланысты конституциялық емес деп танылған заңдар заңдылық күштерiн жояды және қолданылуға жатпайды. Мұндай заңға негiзделген сот және басқа құқық қорғау органдарының шешiмдерi орындалуға жатпайды.
3. Қаулы қабылданған күннен бастап күшiне енедi, Республиканың барлық аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және үзiлдi-кесiлдi болып табылады, шағымдануға жатпайды.
Достарыңызбен бөлісу: |