ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабының, 61-бабы 3-тармағының 1) және 3) тармақшалары нормаларының мазмұнынан, мемлекеттiк органдардың құзыретi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, конституциялық заңдарымен және заңдарымен ғана емес, заңға тәуелдi актiлерiмен де белгiленетiндiгi келiп шығады.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабының 1-тармағына сәйкес прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президентi жарлықтарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәлме-дәл әрi бiркелкi қолданылуын, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтау мен тергеудiң, әкiмшiлiк және орындаушылық iс жүргiзудiң заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады.
Басқа мемлекеттiк органдар қадағалау функцияларын өз құзыретi шегiнде iске асыруға хақылы.
3. "Мемлекеттiк функция" және "мемлекет көрсететiн қызмет" ұғымдарының мазмұны мен көлемi ұқсас емес.
Мемлекеттiк функцияны мемлекеттiк орган өз құзыретiне сәйкес iске асырады, ол жария-құқықтық сипатқа ие, субъектiлердiң шектеусiз санына қатысты қолданылады, мемлекеттiң мәжбүрлеуiне негiзделуi мүмкiн.
"Мемлекет көрсететiн қызмет" ұғымы Қазақстан Республикасының Конституциясында жоқ. Бұл ұғымның мазмұнын анықтау кезiнде заң шығарушы, Конституциялық Кеңестiң пiкiрiнше, мынаны негiзге алуы мүмкiн. Мемлекет көрсететiн қызмет мемлекеттiк органдардың жекелеген функцияларын жүзеге асыру нысандарының бiрi болып табылады, ол көбiнесе азаматтық-құқықтық сипатқа ие, әдетте мемлекеттiң мәжбүрлеуiн қолданбай жеке көрсетiледi.
4. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген реттi ескере отырып, түпкiлiктi болып табылады.
5. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.
Достарыңызбен бөлісу: |