Ќазаќстан Республикасы Конституциясыныѕ 52-бабыныѕ



бет309/332
Дата06.02.2022
өлшемі7,99 Mb.
#39349
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   ...   332
АНЫҚТАДЫ:

"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын Қазақстан Республикасының Парламентi 2008 жылғы 26 қарашада қабылдап, 2008 жылғы 2 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президентiне қол қоюға ұсынған.


Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы
1-тармағының 2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы
N 2737 Конституциялық заңының 17-бабы 2-тармағының
1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Президентi 2009 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне осы заңды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгi тұрғысында қарау туралы өтiнiш жiбердi.
"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының конституциялығын тексеру кезiнде Конституциялық Кеңес мынаны негiзге алды.
1. "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрi – Заң) дiни сенiм бостандығына құқығын жүзеге асыруға және дiни бiрлестiктер мен топтардың қызметiне байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды құқықтық регламенттеудi күшейтуге бағытталған, бұл мемлекеттiң осы саланы заң арқылы реттеуге өкiлеттiгi тұрғысынан қарағанда әбден орынды. Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Конституциясының 39-бабының 1-тармағына сәйкес, адамның және азаматтың жеке де, ұжымдық та құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртiптi, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажеттi шамада шектелуi мүмкiн. Сол арқылы, Конституция заң шығарушыға мемлекет пен қоғамның айрықша қорғалатын мүдделерi мен құндылықтарына төнетiн қауiп-қатерге барабар құқықтық шаралар айқындау мүмкiншiлiгiн бередi (Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2005 жылғы
23 тамыздағы N 6 қаулысы ). Қаралып отырған өтiнiш нысанасына қатысты бұл, дiни қажеттiлiктердi қанағаттандыру үшiн бiрлесу бостандығына құқығы және дiни нанымдарды тарату бостандығына құқығы абсолюттi болып табылмайтынын және Конституцияға сәйкес заңнамалық жолмен шартталатынын бiлдiредi (Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2002 жылғы 4 сәуiрдегi
N 2 қаулысы).
Мұндай көзқарас адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарға және халықаралық құқық нормаларына, атап айтқанда, Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1966 жылғы 16 желтоқсандағы 2200А (XXI) резолюциясымен қабылданған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактiнiң (бұдан әрi – Пакт) қағидаларына сәйкес келедi. 2005 жылғы
28 қарашадағы N 91-III Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланып, Республика Конституциясының 4-бабының
1-тармағына сәйкес Қазақстанда қолданылатын құқықтың құрамдас бөлiгi болып табылатын бұл халықаралық-құқықтық құжаттың
18-бабына сай, дiнге сену еркiндiгiн "қоғам қауiпсiздiгiн, тәртiптi, денсаулық пен имандылықты, сондай-ақ басқалардың негiзгi құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшiн" заңмен шектеуге жол берiледi. Сол сияқты, Пактiнiң 19 және 22-баптарына сәйкес, кез келген ақпарат пен идеяларды тарату бостандығын қоса отырып, өз пiкiрiн еркiн бiлдiру құқығын, сондай-ақ қауымдасу (бiрлесу) бостандығына құқығын заң арқылы шектеу мүмкiншiлiгi көзделген.
Заңның 1-бабы 3-тармағының 5) және 9) тармақшаларын талдай отырып, Конституциялық Кеңес, олар мемлекеттiң, Конституцияның 1-бабының 1-тармағымен жария етiлген, дiннiң мемлекеттен бөлiнгендiгi және дiни бiрлестiктердiң заң алдында теңдiгi көзде ұсталатын зайырлы сипатынан туындайтын мемлекет пен дiни бiрлестiктердiң өзара қарым-қатынасының, сондай-ақ дiни тәрбие мен бiлiм берудiң принциптерiн баянды етедi, деп атап көрсетедi. Бұл нормалардағы шектеулер мен тыйым салулар, солардың iшiнде дiни экстремизм мен құқыққа қарсы өзге де iс-әрекеттердiң бой көрсетуiне салынатын тыйымдар, Негiзгi Заңның нормаларына (5, 12, 14, 20, 22, 34 және 39-баптар) негiзделген және мемлекеттiң жеке және заңды тұлғалар қызметiнiң шарттарын және олардың жауапкершiлiгiн Конституцияға сәйкес заңмен белгiлеу құзыретiмен байланыстырылған.
Қаралып отырған Заңның қабылдану рәсiмi Республика Конституциясының ережелерiне сәйкес келедi. Заң жобасын Негiзгi Заңның 61-бабы 1-тармағының негiзiнде бiр топ депутаттар заң шығару бастамасы тәртiбiмен Парламент Мәжiлiсiне енгiзiп, Парламент Палаталарының әрқайсысында өз кезегiмен қарау арқылы, Конституцияның 61-бабы 3-5-тармақтарының талаптарын сақтай отырып қабылданған.
2. Сонымен бiрге, жүргiзiлген талдау "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заңның жекелеген нормалары Конституция ережелерiне сәйкес келмейтiнiн көрсеттi.
Заңның 1-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сай уәкiлеттi орган "Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын, азаматтардың дiни сенiм бостандығы құқықтарын қамтамасыз ету және дiни бiрлестiктермен өзара iс-қимыл саласындағы мемлекеттiк орган" деп айқындалады. Заңның 1-бабы 3-тармағының
9) тармақшасына сәйкес "күндiзгi рухани (дiни) бiлiм беру ұйымдарында оқитын азаматтар... оқу уақытын еңбек стажына енгiзу жөнiндегi құқықтар мен жеңiлдiктердi бiлiм беру ұйымдарында оқитындар үшiн белгiленген тәртiппен пайдаланады". Сонымен бiрге, "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгi тұрғысында тексеру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесiнiң 2004 жылғы 21 сәуiрдегi
N 4 қаулысында , Конституцияда қолданылатын "әрбiр" және "бәрi" деген терминдердiң орнына заңда "азамат" ұғымын пайдалану, заңның қолданылу аясын тарылтады деп атап көрсетiлген. Конституциялық Кеңестiң отырысында Үкiмет өкiлiнiң түсiндiруiнше, Заңның мәтiнiнде қолданылатын "азаматтар" ұғымын "Қазақстан Республикасының азаматтары" мағынасында түсiнген жөн. Осылайша, қаралып отырған құқықтық нормалардың түп мәтiнiнде "азаматтар" ұғымын пайдалана отырып, заң шығарушы жеңiлдiктер берiлуге тиiс адамдар тобын, сондай-ақ, Қазақстан аумағында заңды түрде жүрген шет елдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды олардың қатарынан шығарып тастап, заңды мүдделерi уәкiлеттi орган тарапынан қорғалуға тиiс адамдар тобын заңсыз тарылтады, ал бұл, соның iшiнде, адам құқықтарын мемлекеттiң тең қорғайтынын бiлдiретiн (Конституциялық Кеңестiң 1999 жылғы
10 наурыздағы N 2/2 қаулысы ), заң алдында жұрттың бәрi тең деген конституциялық принципке (12-баптың 4-тармағы, 14-баптың 1 және 2-тармақтары) қайшы келедi.
Заңның 1-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес "дiнге сену және нанымды тарату бостандығының жүзеге асырылуы қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi, басқа азаматтардың өмiрiн, денсаулығын, имандылығы немесе құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында ғана Қазақстан Республикасының заңдарымен шектелуi мүмкiн". Заң шығарушы "Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы" 1992 жылғы 15 қаңтардағы N 1128-ХII Қазақстан Республикасы Заңының және қаралып отырған Заңның ұғымдық аппаратында "дiнге сену бостандығы" деген сөз тiркесiнiң дәл анықтамасын бермейдi және әркiмнiң Конституцияда көзделген, тумысынан жазылып, абсолюттi болып табылатын, ешкiм айыра алмайтын және ешбiр жағдайда шектелмеуге тиiс ар-ождан бостандығына құқығымен (Конституцияның 12-бабының 2-тармағы және 39-бабының 3-тармағы) ара-жiгiн ажыратпайды. Алайда қолданыстағы "Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы" Заңның мәтiнiндегi (3-бап. "Дiни сенiм бостандығы хұқығы") дiни сенiм бостандығының "жеке өзi, сондай-ақ басқалармен бiрге кез келген дiндi еркiн ұстануға немесе ешқайсысын ұстанбауға" хұқығы, дiнге деген көзқарасты айқындау кезiнде қандай да бiр күштеп мәжбүр етуге... жол берiлмейдi" деген белгiлерi, Конституциялық Кеңестiң пiкiрiнше, ар-ождан бостандығының белгiлерiне iшiнара сәйкес келедi. Демек, қаралып отырған Заңның 1-бабы 3-тармағының 4) тармақшасы "дiнге сену бостандығын" шектеу мүмкiн екенi бөлiгiнде Конституцияның 39-бабының
3-тармағына сәйкес келмейдi. Одан тыс, Заңның көрсетiлген нормасында саналып, соларға жету үшiн мұндай шектеуге жол берiлетiн мақсаттар, Конституцияның 39-бабының 1-тармағында аталған конституциялық маңызды мақсаттармен салыстырғанда кеңейтiлген және оларға сәйкес келмейдi. Конституциялық Кеңес сондай-ақ, осыған ұқсас редакциядағы құқықтық норманы Конституциялық Кеңес нанымды тарату бостандығын шектеу мүмкiндiгi белгiленген бөлiгiнде тексергенiн (Конституциялық Кеңестiң 2002 жылғы 4 сәуiрдегi N 2 қаулысы ) және Конституцияға сәйкес емес деп (осы бөлiгiнде) танығанын атап көрсетедi.
Заңның 1-бабы 3-тармағының 15) тармақшасында "бұрын Қазақстан Республикасында белгiсiз болған дiни iлiмге" сенетiн дiни бiрлестiктi тiркеу мерзiмi алты айға дейiнгi мерзiмге үзiлуi мүмкiн екенi көзделген, ал өзге дiни бiрлестiктердi тiркеу, көрсетiлген нормаға сай, белгiсiз уақытқа үзiлуi мүмкiн. "Бұрын Қазақстан Республикасында белгiсiз болған дiни iлiмге" сенетiн адамдарды және өзге конфессиялар өкiлдерiн құқықтық теңсiз жағдайға қоя отырып, бұл құқықтық норма осы бөлiгiнде сондай-ақ, "бiр тектес қызмет түрiн iске асырушы тиiстi құқықтық қатынастары субъектiлерiнiң барлығы үшiн құқықтар мен мiндеттердiң теңдiгiн, талаптар мен құқықтық жауапкершiлiктiң бiрыңғайлығын" (Конституциялық Кеңестiң 2005 жылғы 31 қаңтардағы N 1 қаулысы ) назарда ұстайтын, Конституцияда баянды етiлген (14-баптың 1 және 2-тармақтары) заң алдындағы теңдiк принципiн бұзады.
2001 жылғы 30 қаңтардағы N 155-II Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 375-бабында (бiрiншi, екiншi, үшiншi бөлiктерiнде) санкциялар белгiлеу бөлiгiнде Заңның 1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасын тексеру кезiнде Конституциялық Кеңес оның қазақ және орыс тiлдерiндегi мәтiндерiнен мағыналық сәйкессiздiктi анықтап, ол
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi мамандарының қорытындысымен расталды. Конституциялық Кеңестiң пiкiрiнше, құқықтық норманың мазмұнын бұрмалап, оны бiр мағынада түсiнбеушiлiк туындататын мағыналық сәйкессiздiк, Республика Конституциясының 7-бабы 2-тармағының мағынасын ескере отырып, мұндай норманың практикада қолданылуын жоққа шығарады (Конституциялық Кеңестiң 2007 жылғы 14 ақпандағы N 2 және 2008 жылғы 27 ақпандағы N 2 қаулылары).
3. Осылайша, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, жоғарыда жазылған бөлiгiнде (осы нормативтiк қаулының
2-тармағында):
Заңның 1-бабы 3-тармағының 2) және 9) тармақшалары Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының
4-тармағына, 14-бабының 1 және 2-тармақтарына;
Заңның 1-бабы 3-тармағының 4) тармақшасы Конституцияның 39-бабының 1 және 3-тармақтарына;
Заңның 1-бабы 3-тармағының 15) тармақшасы Конституцияның 14-бабының 1 және 2-тармақтарына;
Заңның 1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасы Конституцияның 7-бабының 2-тармағына сәйкес келмейдi
деп есептейдi.
4. Конституциялық Кеңес, Заңның бiрқатар нормалары заң техникасының ережелерi бұзыла отырып тұжырымдалғанын, соның
салдарынан оның кейбiр нұсқамалары анық айтылмағанын атап көрсеттi, конституциялық iс жүргiзуге қатысушылар мұнымен келiстi.
Бұл орайда заң заңдық тұрғыдан дәлме-дәл және әкеп соқтыратын салдары болжаулы болуға тиiс, яғни оның нормалары жеткiлiктi дәрежеде анық тұжырымдалып және заң ережелерiн өзiнше пайымдау мүмкiндiгiн жоққа шығара отырып, заңды мiнез-құлықты заңсыздығынан мейлiнше айқындықпен ажыратуға мүмкiндiк беретiн түсiнiктi өлшемдерге негiзделуге тиiс (Конституциялық Кеңестiң 2008 жылғы 27 ақпандағы N 2 нормативтiк қаулысы).
Заңның техникалық-заңдық жағынан алғандағы кемшiлiктерi ондағы кейбiр ережелердi көп мағынада түсiнуге мүмкiндiк жасайды, бұл практикада осы заңнамалық актiнiң өз еркiнше түсiндiрiлiп, барабар қолданбауға, және соның нәтижесiнде, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары негiзсiз шектелуiне әкеп соқтыруы мүмкiн.
Баяндалғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын,
1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737 "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-бабы 2-тармағының 1) тармақшасын, 31–33 және 37-баптарын , 38-бабының 1-тармағын және 41-бабы
1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   ...   332




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет