Ќазаќстан Республикасы Конституциясыныѕ 52-бабыныѕ



бет94/332
Дата06.02.2022
өлшемі7,99 Mb.
#39349
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   332
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң 292-бабының алтыншы бөлiгi Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес деп танылсын.


2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабы
3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi, түпкiлiктi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабы 4-тармағында көзделген жағдайды ескерiп, шағымдануға жатпайды.


Республика Конституциясының 44-бабының
13) тармақшасын, 53-бабын және 54-бабының
4) тармақшасын ресми түсiндiру туралы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің


1999 жылғы 30 маусымдағы N 10/2 қаулысы

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Төраға Ю.А. Ким, Кеңес мүшелерi Ж.Д. Бұсырманов, А.К. Котов,


Қ.Ә. Омарханов және В.Д .Шопин қатысқан құрамда, өтiнiш субъектiлерiнiң өкiлдерi – Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты мен Мәжiлiсi депутаттары С.Г. Темiрболатов пен
Н.С. Каптильдiң қатысуымен ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламентi Палаталары Төрағаларының Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 13) тармақшасын,
53-бабын және 54-бабының 4) тармақшасын ресми түсiндiру туралы бiрлескен өтiнiшiн қарады.
Қолда бар материалдарды зерделей келе және баяндамашы Қ.Ә. Омархановтың хабарын және өтiнiш субъектiлерiнiң сөздерiн тыңдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық
Кеңесi мынаны


АНЫҚТАДЫ:

1999 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне келiп түскен Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты мен Мәжiлiсi Төрағаларының өтiнiшiнен Конституцияда және Республиканың қолданылып жүрген заңдарында Мемлекет басшысын Қазақстанның мемлекеттiк наградаларымен наградтау туралы шешiм қабылдау субъектiсiнiң анықталмағаны келiп шығады.


Баяндалғанды ескерiп, Парламент Палаталарының Төрағалары Мемлекет басшысын наградтау туралы шешiм қабылдау субъектiсi кiм болып табылатыны және Республика Парламентi мұндай шешiм қабылдай ала ма деген бөлiгiнде Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының
13) тармақшасына, 53-бабына және 54-бабының 4) тармақшасына ресми түсiндiру берудi сұрайды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының
13) тармақшасын, 53-бабын және 54-бабының 4) тармақшасын ресми түсiндiруде Конституциялық Кеңес мынаны ескердi.
Республика Конституциясының 44-бабының
13) тармақшасына сәйкес мемлекеттiк наградалармен наградтау құқығы Қазақстан Республикасы Президентiнiң айрықша құзыретiне жатады. Республика Парламентiне келер болсақ, ол мемлекеттiк наградаларды тек қана тағайындайды (Республика Конституциясының 54-бабының 4) тармақшасы).
Республика Парламентi мәртебесiнiң ерекшелiгi оның құзыретiн Республика Конституциясының толық анықтауында. Конституцияның 3-бабының 3-тармағында және 53-бабының
13) тармақшасында баянды етiлген бұл қағида императивтi сипатқа ие, ол жайлы Конституциялық Кеңес Парламент Мәжiлiсiнiң Төрағасы М. Оспановтың өтiнiшi бойынша Республика Конституциясының 53-57-баптарына ресми түсiндiру бере отырып өзiнiң 1997 жылғы 15 қазандағы N 17/2 қаулысында атап
көрсеткен болатын.
Конституциямен Республика Парламентiне мемлекеттiк наградалармен наградтау уәкiлеттiгi берiлмегендiктен, ол Мемлекет басшысын наградтау туралы шешiм қабылдау субъектiсi болуға құқылы емес.
Қазақстан азаматтары заңда белгiленген шарттарды сақтай отырып наградтауға ұсынылуы мүмкiн. Атап өту ләзiм, ұсынылған кандидатуралар үшiн Республика Конституциясында да, заңдарында да нендей бiр ниеттердегi (қызметтiк, әлеуметтiк жағдайына байланысты және т.б.) шектеулер жоқ. Республика Президентiн наградтауға да тыйым жоқ.
Шешу үшiн қойылған мәселелердi және Республика Конституциясының нормаларын талдауды ескерiп, Конституциялық Кеңес Мемлекет басшысы Қазақстанның мемлекеттiк наградасымен наградталуы мүмкiн деп пайымдайды.
Сонымен бiрге, Конституциялық Кеңес Республика Президентiне қатысты мемлекеттiк наградалармен наградтаудың өзгеше тәртiбiн белгiлеу дұрыс болар едi деп пайымдайды. Парламент Мемлекет басшысын наградтау туралы шешiм қабылдау субъектiсi бола алар едi. Қазақстан Республикасы Конституциясының 91-бабының талаптарын сақтағанда мұндай тәртiптi белгiлеу мүмкiн.
Баяндалғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасын, 37-бабын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Президентiн Қазақстанның мемлекеттiк наградаларымен наградтау туралы шешiм қабылдау субъектiсiн және Республика Парламентiнiң мұндай шешiм қабылдай алу мүмкiндiгiн анықтау бөлiгiнде Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 13) тармақшасын, 53-бабын және 54-бабының 4) тармақшасын ресми түсiндiру тәртiбiнде Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Республика Конституциясының 44-бабының


13) тармақшасын, 53-бабын және 54-бабының 4) тармақшасын өтiнiш мәселелерiне қатысты мынадай түрде түсiну керек:
- Республика Парламентi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен наградтау туралы шешiм қабылдауға құқылы емес;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен наградтау құқығы тек қана Қазақстан Республикасының Президентiне тиесiлi.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес осы қаулы қабылданған күнiнен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларды ескерiп, түпкiлiктi болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   332




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет