ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң мына нормативтiк қаулыларының толығымен күшi жойылды деп танылсын:
1.1. "Қазақстан Республикасы Конституциясының
5-бабының 2-тармағын ресми түсiндiру туралы" 1997 жылғы
29 сәуiрдегi N 8/2 ;
1.2. "Парламент Мәжiлiсi депутатының өкiлеттiгiн тоқтату үшiн негiздер бөлiгiндегi Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 1 және 5-тармақтарын ресми түсiндiру туралы" 1997 жылғы 23 мамырдағы N 12/2;
1.3. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы
26 маусымда Қазақстан Республикасы Парламентi қабылдаған "Сауда-өнеркәсiп палаталары туралы" Заңның Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгi туралы өтiнiшi туралы" 1998 жылғы 31 шiлдедегi N 5/2 ;
1.4. "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
1998 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламентi қабылдаған "Сауда-өнеркәсiп палаталары туралы" Қазақстан Республикасының Заңын конституциялық емес деп тану жөнiндегi өтiнiшi туралы" 1999 жылғы 18 ақпандағы N 15/2 ;
1.5. "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң "Сауда-өнеркәсiп палаталары туралы" Қазақстан Республикасының Заңын конституциялық емес деп тану жөнiндегi өтiнiшi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 1999 жылғы 18 ақпандағы N 15/2 қаулысына Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарсылығы туралы" 1999 жылғы 29 наурыздағы N 15/3;
1.6. "Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабы 1-тармағын және 84-бабы 1-тармағын ресми түсiндiру туралы"
2000 жылғы 26 желтоқсандағы N 23/2 ;
1.7. "Қазақстан Республикасы Конституциясы 3-бабының
3-тармағын, 6-бабының 1-тармағын, 8-бабын және 66-бабының
5) тармақшасын ресми түсiндiру туралы" 2001 жылғы 12 сәуiрдегi
N 1/2;
1.8. "Қазақстан Республикасы Конституциясы 52-бабының
3 және 5-тармақтарын ресми түсiндiру туралы" 2001 жылғы
17 мамырдағы N 7/2 ;
1.9. "Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының
1 және 4-тармақтарын ресми түсiндiру туралы" 2001 жылғы
8 маусымдағы N 8/2 ;
1.10. "Қазақстан Республикасы Конституциясының 16 және 83-баптарын ресми түсiндiру туралы" 2003 жылғы
31 желтоқсандағы N 13 ;
1.11. "Қазақстан Республикасы Конституциясының
50-бабының 3-тармағын ресми түсiндiру туралы" 2004 жылғы
12 ақпандағы N 1 .
2. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң мына нормативтiк қаулыларының:
2.1. "Қазақстан Республикасы Конституциясы 4-бабының
1-тармағын, 14-бабының 1-тармағын, 77-бабы 3-тармағының
3) тармақшасын, 79-бабының 1-тармағын және 83-бабының
1-тармағын ресми түсiндiру туралы" 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3:
дәлелдеме бөлiгiнiң 4-тармағының бiрiншi абзацы; дәлелдеме бөлiгiнiң 7-тармағы; қаулы бөлiгiнiң 4-тармағының бiрiншi сөйлемi; қаулы бөлiгiнiң 6-тармағындағы "тек қана" деген сөздер алынып тасталып;
2.2. "Парламент Сенаты депутаттарының өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату бөлiгiндегi Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 3 және 5-тармақтарын ресми түсiндiру туралы" 1997 жылғы 16 мамырдағы N 11/2:
дәлелдеме бөлiгiнде "Конституцияның 52-бабының
1-тармағында Парламент депутаты қандай да болсын аманатты мандатпен байланысты емес делiнген. Бұл нормалардың мәнiнен шығатын жәйт, депутаттың қызметi ешқандай да аманатқа немесе тапсырмаға қатысты емес, ол жалпы мемлекеттiк мүдделердi басшылыққа алады. Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы"
1995 жылғы 16 қазандағы Жарлығының 24-бабының 1-тармағында: "Парламент депутаты қандай да болсын аманатты мандатпен, соның iшiнде аманат немесе тапсырмамен байланысты емес және Парламентте өз сенiмi бойынша дауыс бередi" деп көрсетiлген" деген сөздер алынып тасталып;
2.3. "Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 3-тармағының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiлiгi туралы" 1999 жылғы 2 шiлдедегi
N 12/2:
дәлелдеме бөлiгiнiң жетiншi абзацындағы "және сондай-ақ қоғамдық бiрлестiктердi мемлекеттiк қаржыландыруға" деген сөздер алынып тасталып;
2.4. "Қазақстан Республикасы Конституциясының
52-бабының 1 және 5-тармақтарын, 72-бабы 1-тармағының
4) тармақшасын және 74-бабының 3-тармағын ресми түсiндiру туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 19/2:
дәлелдеме бөлiгiнiң 1-тармағы;
дәлелдеме бөлiгiнiң 3-тармағы тоғызыншы абзацының бiрiншi сөйлемi;
қаулы бөлiгiнiң 1-тармағы алынып тасталып;
2.5. "Қазақстан Республикасы Конституциясының
61-бабының 7-тармағын және 63-бабының 1-тармағын ресми түсiндiру туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы N 6: дәлелдеме бөлiгiнiң 4-тармағы; қаулы бөлiгiнiң 4-тармағы алынып тасталып, iшiнара күшi жойылды деп танылсын.
3. "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 40-бабына сәйкес, осы қаулының керi күшi болмайды, сондықтан Конституциялық Кеңестiң бұдан бұрын қабылданған нормативтiк қаулыларының толығымен не iшiнара күшiн жою, Конституцияның 74-бабының 1 және 2-тармақтарына орай, конституциялық емес деп танылған заңдарға Республика Президентi қол қоюы немесе оларға заңдық күш қайтарылуы мүмкiн екендiгiне әкеп соқтырмайды деп белгiленсiн. Қажет болған кезде мұндай заңдар Конституцияда және нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу мен қабылдау тәртiбiн регламенттейтiн заңнамада белгiленген рәсiмдердi сақтай отырып қайта қабылдануы мүмкiн.
4. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген реттi ескере отырып, түпкiлiктi болып табылады.
5. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.
Достарыңызбен бөлісу: |