Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы


Қоғамдық қауіпсіздік және төтенше жағдайлардан сақтандыру



бет80/144
Дата06.02.2022
өлшемі3,44 Mb.
#35473
түріБағдарламасы
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   144
2.2.2.8. Қоғамдық қауіпсіздік және төтенше жағдайлардан сақтандыру
Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп. Соңғы үш жылда облыс аумағында 14149 қылмыс тіркелді (2011 жылы – 3401, 2012 жылы – 4368, 2013 жылы – 6380).
2014 жылдың 11 айында 5771 қылмыс тіркеліп, 2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда (5812) қылмыстардың 0,7%-ға (немесе 41 фактіге) төмендеуі байқалады.
Өңірдегі криминогенді жағдай тұрақты және құқық қорғау органдарының бақылауында екенін атап өткен жөн.
Жыл басынан бері облыс ІІД-нің бөлімшелері облыс аумағында «Құқықтық тәртіп», «Қару», «Мигрант», «Нелегал», «Қаңғыбас», «Тұрмыс», «Қадағалау», «Жасөспірім», «Назар аударыңыздар, балалар», «Қауіпсіз жол», «Такси», «Контрафакт», «Іздеу», «Пәтер», «»Айдап әкету», «Арна», «Мак» сияқты 60-тан астам жедел-алдын алу іс-шараларын өткізді.
2013 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда, облыс ІІД-нің жедел-қызметтік жұмысының бірқатар негізгі көрсеткіштерінің жақсаруға беталғаны көрінеді. 2014 жылғы 11 айдың қорытындысында 2500-ден астам (2012 жылы – 1945, 2013 жылы – 2273), оның ішінде 324 ауыр (2012 жылы – 305, 2013 жылы – 371) және 50 аса ауыр қылмыс (2012 жылы – 60, 2013 жылы – 56) ашылды.
Адам өлтіру саны – 39,4%-ға (2013 жылғы 33-тен 2014 жылы 20-ға дейін, 2012 жылы – 37), ауыр дене жарақатының саны – 36,2%-ға (649-дан 414-ке дейін, 2012 жылы – 400), қарақшылық саны – 33,0%-ға (327-ден 219-ға дейін, 2012 жылы – 366) және өзгенің мүлкін ұрлау саны – 1,3%-ға (3045-тен 3005-ке дейін, 2012 жылы – 2456) қысқарды.
Көшеде жасалған қылмыстардың саны – 19,5%-ға (866-дан 697-ге дейін, 2012 жылы - 1010), кәмелектке толмағандар жасаған қылмыстардың саны – 23,6%-ға (110-нан 84-ке дейін, 2012 жылы - 106), топпен жасалған қылмыстардың саны – 8,9%-ға (395-тен 360-қа дейін, 2012 жылы - 402) және тұрмыс саласында жасалған қылмыстардың саны – 62,5%-ға (8-ден 3-ке дейін, 2012 жылы - 6) азайды.
Елді мекендердің қоғамдық орындары мен көшелеріндегі жедел жедел жағдайды тұрақтандыру ұйымдастырушылық-практикалық шаралар кешені іске асырылуда. 2013 жылғы қарашада Маңғыстау облысында жол және патрульдік полиция бөлімшелерінің екі ірі саптық бөлімшесінің бірігуі болып өтті. Қоғамдық тәртіпті қорғайтын және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметкерлердің саны артты, патрульдік тексерудің бұрыннан бар бағыттары толықтай қайта қаралды, автопатрулдердің саны көбейді.
ІІД облысының аумағында 251, оның ішінде 159 жаяу патрульдеу бағытын, оның ішінде 6 стационарлық полиция пункті мен 72 автопатруль, 11 атпен патрульдеу бағытын, 3 «Шеп» тосқауыл жүйесiндегi арнайы бақылау бекеттерiн ұйымдастырды.
Бүгінгі күнге облыстың әкімшілік полициясының желісі бойынша 14 «Сақшы» отряды (58 адам), 18 студенттер отряды (145 адам), учаскелік полиция пункттері жанындағы 60 «Қоғамдастық кеңесі» (479 адам), полицияның 75 қоғамдық ерікті көмекшісі мен 49 консьерж қызмет етеді.
Қоғамдық құрамалардың қатысуымен 2014 жылдың 11 айында 334 (2012 жылы – 576, 2013 жылы – 443) әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, олардың көмегімен 35 (2012 жылы – 30, 2013 жылы – 41) қылмыс ашылды.
Қоғамдық тәртіпті қорғауға, сондай-ақ қылмыстың жолын кесу мен ашуға қатысып үздік шыққан азаматтар ақшалай қаражатпен көтермеленеді. 2014 жылдың 11 айында қоғамдық тәртіпті қорғауға белсене қатысқан және ішкі істер органдарына жәрдем көрсеткен 109 азамат 2 млн. теңге жалпы сомасында көтермеленді.
Ішкі істер органдарын материалдық-техникалық жарақтандыру мәселелеріне ерекше назар аударуда.
Ақтау қаласында ішкі істер органдарының қызметкерлеріне арналған 120 пәтерлік тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. 100 және 60 пәтерлік тағы 2 тұрғын үй Жаңаөзен қаласында ағымдағы жылғы желтоқсанда аяқталмақ.
Облыстың Жедел басқару орталықтарының техникалық жарақталуын жақсарту үшін ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 314,5 млн. теңге бөлінді. Мәселен, Ақтау қаласы ІІБ-ның ЖБО үшін 40 бейнебақылау камерасы сатып алынып, орнатылды. Бүгінгі күнге Ақтау қаласы бойынша 114 бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр, оның 21 камерасы облыстық ҚАЖД-нің түзету мекемелері орналасқан аудандарда орнатылған.
Ақтау қаласы ІІБ ЖБО-ның операциялық залында соңғы үлгідегі «Planar» бейнеқабырғасы орнатылды.
Бүгінге Жаңаөзен қаласы бойынша 20 бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр. Қазіргі кезде Жаңаөзен қаласында 33 млн. 220 мың теңге сомасына 18 қосымша бейнебақылау камерасын орнату және қосу жұмыстары жүргізілуде.
Бейнебақылау камераларының көмегімен 23016 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, жолы кесілді (2013 жылы – 11039), 158 қылмыс ашылды (2013 жылы – 68).
Облыстың автожолдарында 2014 жылдың қаңтар-қарашасында 322 жол-көлік оқиғасы тіркеліп (2012 жылы – 359, 2013 жылы – 436), оларда 91 адам (2012 жылы – 79, 2013 жылы – 106) қаза тапты және 409 адам (2012 жылы – 456, 2013 жылы – 572) жарақат алды. 2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда ЖКО-ның саны 16,1%-ға, қаза тапқандар саны 1,1%-ға және жараланғандар саны 18,7%-ға төмендеді.
Облыс ІІД-нің Жол полициясы басқармасы авариялардың алдын алу бойынша мақсатты жұмыс жүргізуде. Мәселен, «Нұр Отан» ХДП облыстық филилалы өкілдерінің қатыуымен және БАҚ-ын тартумен облыс аумағында жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша бірқатар жедел-алдын алу және рейдтік іс-шаралары өткізілді.
Әкімшілік полиция қызметкерлері жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында 2014 жылдың 11 айында Жол қозғалысы қағидаларын 102818 бұзушылықты (2013 жылы – 68619), оның ішінде көлік құралын мас күйінде айдаудың – 1727 (2013 жылы – 1971), қарсы қозғалыс жолағына шығудың – 586 (2013 жылы – 666), белгіленген қозғалыс жылдамдығын арттырудың – 9836 (2012 жылы – 6970) және тағы басқа оқиғаларын анықтап, жолын кесті. Өрескел бұзушылықтардың үлесі 49,3% құрады (2013 жылы – 45,1%).
Облыс бойынша барлығы 131751 құқық бұзушылық анықталып (2013 жылы – 102770), 1043,8 млн. теңге сомасына айыппұлдар салынды (2013 жылы - 715,1 млн. теңге), мемлекеттік ірісіне 710,3 млн. теңге өндіріліп алынды (2013 жылы – 529,4 млн. теңге).
2013 жылды бағалау қорытындысында 10 мың халыққа шаққанда ЖКО санын төмендету көрсеткіші бойынша қол жеткілмегені анықталды (жоспары – 10 мың бірлік автокөлікке шаққанда 26 жағдай болғанда, нақтысы 30,6-ны құрады).
Көрсеткішке қол жеткізбеудің себептері облыстың автомобиль паркінің өсуі (оның саны бүгінге 159 мың бірлік автомото көлік құралынан асып кетті), автожолдардың параметрлері мен жай-күйінің жол қозғалысы қауіпсіздігінің және нормативтік құжаттардың талаптарына сай келмеуі (облыс автожолдарының негізгі бөлігі өту бөлігінің ені 7 метр ғана болатын 3 техникалық санатқа жатады), сондай-ақ жүргізушілердің тәртіпсіздігі болып табылады.
Қазіргі кезде облыс орталығы Ақтау қаласының көше-жол желiсiнің ұзындығы 150,6 километрді құрайды, ол 10-15 мың автокөлік құралына есептелген. Автомобиль паркінің жыл сайынғы өсімі 5-6 мың бірлікті құрайды немесе 2010 жылдын бастап 2014 жылға дейінгі кезеңде 35 мың автомашинаға артты.
Ақтау қаласының халқы 188 мың адам болғанда, әр үшінші тұрғынға бір автомашинадан, ал жолдардың әр километріне 500-ден астам автомобильден келеді (өзге қаланың тұғындары мен автомашиналарын есепке алмағанда). Ал, қауіпсіз және үздіксіз қозғалыс үшін белгіленген нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес, автобустар мен жүк көлігі құралдарын есепке алмағнда, жолдың бір километріне 130-дан аспайтын жеңіл автокөліктен келуге тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет