Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы



бет107/144
Дата06.02.2022
өлшемі3,44 Mb.
#35473
түріБағдарламасы
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   144
2.2.4.3. Қоршаған ортаны қорғау
Облыстың түгелдей дерлік аумағы табиғи-климаттық жағдайы бойынша қолайсыз қуаңшылық аймаққа жатады. Қоршаған ортаның компоненттеріне жағымсыз әсер ететін климаттық жағдайлардың ерекшеліктері: жоғары күн радиациясы, шаңды дауылдар, жылдық және тәуліктік температуралардың тұрақсыздығы, жауын-шашынның аз мөлшері болып табылады.
Өңір аумақтарының ландшафты антропогендік ықпалға тұрақсыз шөлден және шөлейттен тұрады, сол себепті климаттық жағдай топырақ-өсімдік жабынының қалыптасына аз ықпал етеді.
Облыстағы өнеркәсіптік өндірістің қалыптасуы және дамуы бірыңғай көмірсутегі шикізатының қорына негізделген.
Өңір бұрынғыға қарағанда айтарлықтай өзгерген және қазіргі кезде мына себептер бойынша экологиялық жүйенің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етпейді:
бәрінен бұрын химиялық өндірістегі құрамында уран бар кендерді өндіру және өңдеу кезінде, экологиялық қауіпсіздік мәселелерінің уақытылы және қанағаттандырарлықсыз шешілуі;
Каспий теңізіне іргелес жатқан аудандарда мұнай мен газ кен орындарын игеру кезінде экологиялық нормалар мен ережелердің бұзылуы;
өткен ғасырдың 60 жылдарының соңында ядролық сынақтардың жүргізілуі;
жер қорының ұтымсыз пайдаланылуы;
топырақ және өсімдіктер қорынығ жел және су эрозиясынан жеткіліксіз қорғалуы;
Өткен жылдардан қалған қоршаған ортаны ластаудың шешілмеген мәселелерімен бірге ластанудың жаңа түрлері де пайда болуда, экожүйенің нашарлауы жалғасуда, биотүрленудің бір мезгілде жұтаңдауынан құрлық пен теңіздің биологиялық ресурстар қорының азаюы.
Облыста қалыптасқан экологиялық жағдаймен бірге, сумен жабдықтаудың табиғи көздерінің болмауы себепті ауыл халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету проблемалық мәселе болып қалуда.
Қарақия ауданының Сенек, Маңғыстау облысының Үштаған және Тұшықұдық елді мекендері, осы жерлерді ұтымды пайдаланбау (мөлшерден көп мал жаю, талдарды кесу және т.б.), құмды алаптарды су алу нәтижесінде жерасты суларының төмендеуінен пайда болған жылжымалы құмдардың басуына байланысты экологиялық қысымға ұшырауда. Кен орындарын пайдаланатын өнеркәсіптік кәсіпорындар жерасты суларының пайдалану қорына қайта бағалау жүргізбейді; осылайша су алу кезінде осы аудандағы экологиялық жағымсыз салдар есепке алынбайды.
Ескі мұнай кен орындарымен бірге жаңа кен орындарын игеруге байланысты, Каспий айдыны экожүйесінің мұнаймен және мұнай қалдықтарымен ластануының алдын алу проблемасы өткір күйінде қалуда.
Қазіргі кезде суы таяз аймақтағы топырақтағы мұнай өнімдерінің мөлшері шекті ұйғарынды концентрациядан (ШҰК) 15-20 есе асып түседі. Қорықтық аймақтың ерекше мәртебесіне ие Солтүстік Каспий суының мұнай өнімдерімен ластану нормасының асып түсуі 10 есеге дейін құрайды. Фенолдың шоғырлануы нормадан жүз еседен астам асып түседі. Суда үнемі хлорорганикалық пестицидтер жүреді. Ихтиологиялық фауна ағзаларының шикі мұнаймен, ауыр металлдармен және өзге де заттармен ластануы орын алуда.
Маңғыстау облысының негізгі экологиялық проблемалары ретінде мыналар айқындалды:
уран өндіретін кәсіпорындардың, оның ішінде «Қошқар ата» қалдықтар қоймасында жинақталған радиоактивті қалдықтары, мұнда жиынтық белсенділігі 11,2 мың Кюри болатын 52 млн. тонна радиактивті қалдықтар көмілген;
көптеген елді мекендердің тазарту құрылыстарының болмауы;
Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде кешенді мемлекеттік экологиялық мониторингтің болмауы;
Қарақия ауданының Сенек, Маңғыстау облысының Үштаған және Тұшықұдық елді мекендерін жылжымалы құмнан қорғау проблемалары, деградацияға ұшыраған жер учаскелерінің өсімдік жабынын қайта қалпына келтіру қажеттілігі;
үстірт арқары, қарақұйрық сияқты жануарлар, сондай-ақ сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан өзге де жануар түрлері санының ондаған есе қысқаруы;
өңірдің сусыздығына байланысты көгалды алаптың аздығы;
облыс аумағындағы өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың бей-берекет тасталуы;
бұрынғы карьерлердің бұзылған жер учаскелерінің болуы.
Облыстық бюджетке түскен қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемдердің көлемі 2011 жылы – 1739,38 млн. теңгені, 2012 жылы – 4174,13 млн. теңгені, 2013 жылы – 11318,38 млн. теңгені, 2014 жылы – 2279,8 млн. теңгені құрады.
Қоршаған табиғи ортаны қорғау саласындағы іс-шараларды іске асыру үшін облыстық бюджеттен 2011 жылы – 1961,1 млн. теңге немесе түскен эмиссия сомасына 112,7%, 2012 жылы – 2601,3 млн. теңге немесе 62,3%, 2013 жылы – 1989,8 млн. теңге немесе 17,6% бағытталды. Табиғат қорғау іс-шараларын іске асыруға 2014 жылға 4065 млн. теңге немесе түскен эмиссия сомасына 178,3% жұмсалды
2011-2013 жылдардағы кезеңде облыстың барлық аудандары мен қалалары бойынша қоршаған ортаны қорғауға арналған ағымдағы шығындардың өсу қарқынының артқаны байқалады. Облыс бойынша – барлығы 17263,7 млн. теңге. Қоршаған ортаны қорғауға арналған ағымдағы шығындардың негізгі үлесі Ақтау қаласына (40,1%), Түпқараған ауданына (98,7%), Қарақия ауданының (5,8%) және Жаңаөзен қаласына (4,2%) келеді.
Жерлерді қалпына келтіруге арналған ағымдағы шығындар негізінен Ақтау қаласы (60,6%) мен Жаңаөзен қаласына (37,8%) келеді.
Қоршаған ортаны қорғауға арналған ең көп шығындар 2011-2013 жылдарда жерді қалдықтармен ластанудан қорғауға келеді – 11889,6 млн. теңге.
Маңғыстау облысында стационарлық көздерден ластаушы заттардың атмосфераға шығарылуы 82,4 мың тоннаны құрап, олардың деңгейі 2011 жылмен салыстырғанда 1,1%-ға артты. Оның ішінде, тиісінше 92,2% және 93,5% тазартылмастан шығарылды.
Ластаушы заттарды тастаудың үлкен көлемі, негізінен ластаушы көздердің ауа тазарту құрылыстарымен жеткілікті дәрежеде жарақталмауына байланысты болып отыр.
Облыс бойынша мұнай өндіру қалдықтарын қайта өңдеудің және жоюдың олардың пайда болуына қатынасы туралы деректер келесі кестеде келтірілген:



Мұнай өндіру қалдықтары

Қайта өңдеудің пайда болуыға үлесі

Жылдар



Пайда болуы (мың тонна)

Жойылды/қайта өңделді (мың тонна)

%

2010

365,607

153,537

42 %

2011

493,214

110,779

22,4%

2012

478,67

206,48

43,1%

2013

470,744

200,209

42,5%

2014 жылдың
1 жартыжылдығы

163,72

61,67

37,7%

Облыстың басты экологиялық проблемаларының біреуі 105 млн. тоннадан астам улы, оның ішінде 52 млн. тонна радиоактивті қалдықтар көмілген «Қошқар ата» қалдықтар қоймасы болып табылады. Сұйық фазаның кебуіне байланысты жалаң учаскелердің тозаңдануы болып, аэрозольді бөлшектер атмосфераға таралады. Орналасқан қалдықтардың жалпы ауданы 66 шаршы километрді, жалаң жағажайдың ауданы шамамен 55 шаршы километрді құрап, сұйық фаза деңгейінің төмендеу үдерісі жалғасуда.


Осыған байланысты, жасанды көлдің сұйық фаза деңгейін тұрақтандыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Қалдықтар қоймасына жыл сайын Ақтау қаласының 6,3 млн. текше метр тазартылған шаруашылық нысап суы айдалады.
Халықтың химиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, «Қошқар ата» қалдықтар қоймасын қалпына келтірудің 2013 жылы ТЭН-і, 2014 жылы ЖСҚ-ы әзірленді.
Облыс әкімдігі Каспий теңізінің айдынын қорғау бойынша жұмыс жүргізуде. Облыс әкімдігінің қаулысымен Каспий теңізінің барлық жағалауындағы Түрікменстаннан бастап Атырау облысының шекарасына дейінгі қашықтығы 1399,5 км су қорғау аймақтары мен жолақтары белгіленді.
Жылжымалы құмдармен күресу проблемасы Қазақстанның көптеген құрғақ өңірлері,әсіресе Қарақия ауданының Түйесу, Маңғыстау ауданының Бостанқұм және Қызылқұм құмды алаптары жататын белсенді өзгеру аудандары үшін өзекті болып табылады.
Осыған байланысты, Сенек ауылының жанындағы Түйесу және Үштаған ауылының маңындағы Бостанқұм құмды алаптарының деградацияға ұшыраған өсімдік жабынын жыл сайын 200 га бойынша қайта қалпына келтіру бойынша жұмыс жалғасуда. 2011 жылдан бастап Маңғыстау ауданының Тұщықұдық ауылындағы жыкөгалды алқаплжымалы құмдармен күрес бойынша жұмыс басталды. Қазіргі кезде елді мекендердің айналасындағы көгалды алқаптардың ауданы 2100 гектарды құрайды.
Бірегей табиғатты сақтау, экологиялық туризмді дамыту және жабайы жануарлардың санын арттыру мақсатында, облыс әкімдігінің қаулысымен 2012-2013 жылдары облыста жалпы ауданы 613 мың га болатын жергілікті маңызы бар төрт ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет