Ақпараттық саясат бойынша SWOT-талдау:
Мықты тұстары:
мемлекеттік ақапараттық саясатты іске асыруды қаржыландыру көлемін өсіру қамтамасыз етілген;
мемлекеттік органдардың жетекші облыстық, қалалық және аудандық БАҚ-мен өзара іс-қимылының кешенді жүйесі ынтымақтастық негізінде жолға қойылған.
Әлсіз тұстары:
қазіргі замандағы ақпараттық рыногтың талаптарына сай келетін кәсіби мамандардың жеткіліксіз саны;
журналист кадрлардың құқықтық сауатының төмендігі.
Қатерлер:
өңірдің қоғамдық-саяси өмірін тұрақсыздандыруға бағытталған материалдардың мемлекеттік емес БАҚ-да шығуы.
Мүмкіндіктер:
мемлекеттік емес БАҚ-ын мемлекеттік ақпараттық тапсырысты іске асыруға тарту;
жергілікті журналист кадрлардың біліктілігін арттыруға бағытталған оқыту іс-шараларын өткізу.
Жастар саясаты. Өңірде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мақсатында, өңірде жастар саясаты мәселелері басқармасы, басқарма жанында 2014 жылдан бастап облыстық жастар ресурстық орталығы, сондай-ақ облыстың қалалары мен аудандарында 7 жастар орталығы мен 30 жастар ұйымы жұмыс істейді.
Облыста мемлекеттік органдардың жастардың қоғамдық бірлестіктерімен тиімді өзара іс-қимыл жасауы үшін барлық жағдай құрылған.
Мемлекеттік органдар мен жастар бірлестіктерінің өзара іс-қимылының маңызды иниституттары:
барлық деңгейдегі әкімдердің жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестер;
облыстың барлық аудандары мен қалаларындағы әкімдіктер жанындағы жастар орталықтары мен бөлімдер болып табылады.
Өңірдегі мемлекеттік жастар саясатын тиімді іске асыруға облыстық бюджеттен 2014 жылы 214,9 млн. теңге мөлшерінде қаражат бөлінді (2013 жылы – 182,5 млн. теңге, 2012 жылы – 122,6 млн. теңге, 2011 жылы – 63,7 млн. теңге).
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру үшін, облыстық бюджеттен 40,7 млн. теңге сомасында қаражат көздестірілді (2013 жылы – 35 млн. теңге, 2012 жылы – 178 млн. теңге, 2011 жылы – 145 млн. теңге).
Жастар арасында, оның ішінде «Дипломмен ауылға», «Жастар практикасы» және «Жасыл ел» бағдарламаларының аясында жұмыссыздық деңгейін азайту бойынша нақты жұмыс жүргізілуде.
«Дипломмен ауылға» жобасының аясында 2014 жылғы 1 желтоқсанға облыстың қалалары мен аудандарының елді мекендеріне 955 жас маман жұмысқа орналастырылды (2012 жылы – 462 жас маман).
Жастар практикасы» жобасының аясында 718 жас адам (2013 жылы – 755), жұмысқа орналастыру органдары арқылы 1883 жас адам жұмысқа орналастырылды (2013 жылы – 1233).
Тіркелген жастар жұмыссыздығы 2014 жылғы 1 желтоқсанға 1,1% құрайды (2013 жылы – 0,6%).
«Жасыл ел» бағдарламасының аясында ағымдағы жылы облыстың қалалары мен аудандарында «Жасыл ел» еңбек жасағының көгалдандыру жұмыстарын жүргізуі үшін 800-ден астам жастар тартылды (2013 жылы – 750).
Ресурстық орталықтар мен жастар ұйымдары өкілдерінің қатысуымен 2014 жылы облыстың қалалары мен аудандарында Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын және мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды, сондай-ақ «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын жастар арасында түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізілді.
Талантты жастарды қолдау мақсатында, облыстық Дельфийлік ойындар «Жыл студенті – 2014» жастар конкурсы, «Қазақстан, тек алға!» жыл сайынғы жастар форумы және «Жас тұлпар – 2014», КВН «Жайдарман» ойындарының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өткізілді.
Өңірде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мақсатында, жастар саясаты мәселелері басқармасы, жастардың ресурстсық орталықтары, сондай-ақ жастар ұйымдары көптеген іс-шаралар, оның ішінде: «Ауыл жастары – 2014» ІІ облыстық слетін, қалалар мен аудандардың жастарымен «Болашақ білімді жастардың қолында» тақырыбында кездесулер, «Мәңгілік ел» тақырыбында патриоттық акция, жастар фестивалін, «Ауылым-алтын бесігім» атты жастар керуенін, «Жастар Отанға!» аясында ауыл жастарының жазғы саяси лагерін, «Студенттік көктем – 2014», «Менің Қазақстаным» атты жастардың республикалық патриоттық фестивалін өткізді.
Жалпы білім беретін оқу орындарының жастарымен «Теріс пиғылды ағымдардың алдын алу және діни наным» тақырыбында кездесу өткізілді.
Сондай-ақ, жастар саясатын іске асыру үшін қалалармен аудандарда 600-ден астам іс-шаралар (дөңгелек үстелдер, семинарлар, акциялар, сенбіліктер және т.б.) өткізілді.
Облыстың барлық жоғары және техникалық-кәсіптік оқу орындарында 26 Жастар ісі жөніндегі комитет жұмыс істейді, 2013 жылы 24 комитет болған. 2013 жылы облыстың 5 кәсіпорнында жастармен жұмыс жөніндегі ұйымдар мен комиттеттер бболса, 2014 олардың саны 17-ге артты..
Достарыңызбен бөлісу: |