Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы



бет6/144
Дата06.02.2022
өлшемі3,44 Mb.
#35473
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   144
2.1.1. Географиялық орналасуы
Облыс 1973 жылы құрылды және Қазақстан Республикасының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан, солтүстік-шығыста Атырау және Ақтөбе облыстарымен, батыста теңіз бойымен Ресей Федерациясымен, Әзірбайжанмен және Иранмен, оңтүстікте Түрікменстанмен және шығыста Өзбекстанмен шектеседі.
Облыстың аумағы 165,6 мың шаршы километрді құрайды (Қазақстан аумағының жалпы ауданының 6,1 %, 14 өңірлердің ішінде – 7-орын). Облыс халқы 2014 жылғы 1 қарашаға 585,7 мың адамды немесе Қазақстанның бүкіл халқының 3,5%-ын құрады. Облыс бойынша орташа алғанда халық тығыздығы (аумақтың 1 шаршы километріне) 3,6 адам құрайды. Қала халқының саны 298,0 мың адамды (49,4%), ауыл халқының саны 305,7 мың адамды (50,6%) құрайды.
Облыс орталығы – Каспий теңізіндегі порт болып табылатын және 1963 жылы құрылған Ақтау қаласы. Қалада 2014 жылғы 1 қарашаға 182,1 мың адам немесе облыстың бүкіл халқының 31,4%-ы тұрады. Ақтау қаласынан Астана қаласына дейінгі арақашықтық – 2 413 км.
Облыста облыстық маңызы бар 2 қала (Ақтау қаласы, Жаңаөзен қаласы), 5 ауылдық аудан (Форт-Шевченко шағын қаласын қоса алғанда), 27 ауылдық округ (61 ауылдық елді мекен) орналасқан.
Облыс Каспий өңірінің мультиұлттық жүйесіне шығатын Қазақстан Республикасының шекара бойындағы облысы ретінде қуатты транзиттік, көлік-логистикалық және халықаралық маңызы бар инфрақұрылымдық-сервистік әлеуетке ие.
Облыс аумағы арқылы Шығыс Еуропаны Орталық Азиямен және Солтүстік Еуропаны Парсы шығанағының елдерімен қосатын ТРАСЕКА және «Солтүстік- Оңтүстік» екі халықаралық көлік дәлізі өтеді.
Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, Қазақстанның туристік көзге көрінерлік орындарының үштен бір бөлігі Маңғыстау облысында орналасқан. Облыстың Каспий теңізінің жағасында географиялық ыңғайлы орналасуы негізгі туристік ағындарды шығаратын елдерге жақындауын қамтамасыз етеді.
Көлік логистикасы және туризм облыстың маңызды бәсекеге қабілетті басымдықтарымен анықталған, олар экономиканы әртараптандыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етпек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет