Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі тіл комитеті мемлекеттік тілді жеделдете оқыту республикалық орталығЫ



бет60/71
Дата30.11.2022
өлшемі1,02 Mb.
#160620
түріМонография
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   71
Байланысты:
Құрманова Н.Ж. ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

217-жаттығу. ІПығарма жазудағы өзіңнің стилін мен көршіңнің стилін салыстырып, саған және көршіңе тән сөз тіркестерінің қолданысына назар салып, нормадан ауытқу кімде көбірек байқалатыныңа сипаттама жаса.


Сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясында оқушылардың шығармашылық кабілетің дамытуға, шешендіктің алғашқы элементтерін меңгеруге, тілдік шешімдерге келу дағдысын қалыптастыру


218-жаттығу. Берілген екі шешеннің сөзін жақсылап оқып шығыңдар. Мазмұның айтып беріңдер. Осы екі сөз үлгісіндегі сөз тіркестерін іріктеп жазып, олардың қолданыс ерекшеліктеріне сипаттама беріңдер.
Төле би:
Алты атасын арқалап жүрген бар ма екен?
Жеті атасын жетектеп жүрген бар ма екен?
Алмасың болса, мойным бар,
Асылың болса, қойным бар.
Бұл сөзімді ойлай бер.


Едіге:
Кигіз кімдікі болса, білек сонікі,
Ауыз кімдікі болса, сөз сонікі.
Бала шыққан жеріне қайтып сыймайды,
Сөз шыққан жеріне қайтып сыймайды.
Жарлық өзіңізден болғанда,
Жабдық та өзіңізден болсын... (Шешендік сөздер).
218-жаттығу. Берілген сөз үлгілесіндегі сөздердің тіркесу ерекшеліктеріне назар аударыңдар. Сөз тіркестерін іріктеп, дәптерлеріңе теріп жазыңдар. Осы сөз тіркестерінің бір мүшесін басқа сөзбен ауыстырып, орнына қолданып көріңдер. Қандай мағыналық өзгерістер жасалғанына сипаттама беріңдер.
219-жаттығу. Мәтіннің көп нүктелер қойылған тұстарына қажетті деп санаған сөз тіркестерін тауып қойыңдар. Соны таңдау себебін түсіндіріңдер.
220-жаттығу. Берілген сөз тіркестерін қосып, рифмалық үлгідегі шешендік сөз үлгісін жасаңдар.
Тау белгісі, бай белгісі, азған елдің белгісі, тозған елдің белгісі, көргенділік белгісі, сұлулықтың белгісі, надандылықтың белгісі, білімдінің белгісі, даналықтың белгісі, балалықтың белгісі, шалалықтың белгісі.
221-жаттығу. Берілген шешендік сөз үлгісіне мағыналық-мазмұндық талдау жасаңдар. Мәтіннің негізгі ойы мен оның берілу логикасын графикалық модель түрінде суреттеңдер. Түпкі ойды беріп тұрған қандай тіл бірлігі «сөз, сөз тіркесі, сөйлем) екенін анықтап, ойларыңды нақты дәлелдеңдер.
222-жаттығу. Берілген жоспар бойынша тілдік оқиға құрастырыңдар. Тілдік шешімге келуде тақырыптан ауытқымау жағын бақылаңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет