«Өзі болған жігіттің түп атасын сұрама»
Құны тимей жүрген елі.
Арғынғазы хан және оның тегі.
Жауғашар Меңдібайдың оны білуі.
Сөз бастау рәсімі.
Төрт босаға – (бір би сөзі).
Сегіз босаға – (Жауғашар сөзі).
Арғынғазы қызығуы.
Шешімі.
223-жаттығу. Төменде берілген графикалық модель бойынша «себеп пен салдар» мәтінін құраңдар.
Салдар Себеп
С е б е п т е р С а л д а р л а р
Оқушыларды шешендікке баулу үшін жасалған жаттығулар – сөз тіркесінің грамматикалық болмысын дұрыс танып, қолдануын талап ететін жаттығулар. Шешендікке байланысты жаттығуларды орындауда оқушылардың логикалық операцияларды тез және дәл әрі тиімді қолдану дағдылары жетіледі. Оқушылардың рефлексиялық қабілеті ұштала түседі. Сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясындағы жаттығулардың барлығын орындау барысында үйренген теориялық білімі мен әдіс-тәсілдер осы шешендік жаттығуларында кең көрінеді.
Сөз тіркесін дамыта оқытуда қолданылатын диктанттар
Диктант – жазба жұмыс түрі. Диктант жазу барысында мәтінді оқушылар тыңдап алып, өзгеріссіз не болмаса мұғалім ұйымдастырған тапсырмалар бойынша ішінара өзгертулер жасап мәтінді дәптеріне жазады. «Диктант – жазба жұмыстың бір түрі, қабылданған мәтінді қатесіз жазу. Диктант фонетиканың, лексиканы, морфологияны, синтаксисті оқыту барысында қолданылады. Диктант өткізу формасы бойынша көру және көру-есту диктанттаары болып бөлінеді» (129). Әдістемеде мұнан басқа диктантқа мынадай анықтама берілген: «Диктантты жазу түрлі қосымша грамматикалық тапсырмалармен жазуға болады. Есту, көру, еркін, шығармашылық, терме, өзіндік, аралас диктанттары болып бөлінеді. Қолданатын материалына қарай мәтіндік диктант, жеке сөйлемдерден құралған, сөздік (лексикалық) диктант бөлінеді» (130). «Біздің пікірімізше, диктантты жүргізілу мақсатына қарай үйрету диктанты, бақылау диктанты деп екі топқа бөлген дұрыс сияқты», - дейді кей әдіскерлер (131). Диктантты қазақ тілі сабағында қолданудың тиімділігі жете қарастырылмаған, диктанттың тілді меңгерудегі маңызды орны әлі де арнай зерттеу обьектісіне айналып, ғылыми негізделмеген. Солай бола тұрса да, диктанттың қазақ тілін оқыту процесінде рөлі кемімей келеді. Диктантты мол әрі жиі қолдану арқылы оқушылардың сапалы білім алуына негіз қалауға болады. Л.П.Федоренконың атап көрсетуінше, диктанттың тиімділігі оқушының үнсіз, дыбыстарды іштей айтып, дыбыстар мен әріптерді салғастырып, дыбыстың, сөздің табиғатын сезінуге дағдылануында (132). Оқушының диктант жазуы барысында айтылым мен жазылым заңдылықтарының диалектикалық қарама-қайшылығы айқын байқалады, сөйтіп оқушының зейіні мен тыңдау, есту дағдылары биік деңгейге өсе түседі.
Диктантты жаздыру кезеңдері:
диктантты жазбас бұрын мәтінмен танысу;
диктант мәтінін жаздыру;
жазылған мәтінді тексеру;
Сөз тіркесін дамыта оқытуда диктанттардың мынадай жүйесі қолданылды:
Терме диктант – сөз тіркесін оқытудың алғашқы сабақтарында, 2-9 сыныптарда қолданылады. Терме диктантты жазу барысында мәтінмен алдын ала танысы алған оқушылар сөз тіркесіне байланысты кейбір тапсырмаларды да орындайды.
Сөз тіркесінің сыртқы белгілерімен танысқан соң оқушыларға түсіндірмелі, алдын алу, комментарийлік диктанттар жаздыру керек. Диктанттың мұндай түрлері оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау қабілетін шыңдап, өзіндік ізденістерге даярлайды.
Одан соң оқушының өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру мақсатында негіздемесі бар диктант жаздырылады, мұнда оқушы сөз тіркесінің белгілі бір заңдылығына өз бетімен түсініктеме береді.
Оқушының сөз тіркесін грамматикалық заңдылықтар тұрғысынан автоматандыра меңгеруін мүмкін етуге игі жағдай жасайтын диктанттардың бірі – терме-бөлу диктанты. Диктанттың бұл түрі оқушының ойлау қызметін белсендіре түседі.
Шығармашылық диктант – оқушылардың сөз тіркесі туралы алған білімін өмірде жүзеге асыруына, қолдануына мүмкіндік беретін диктант түрі. Шығармашылық диктант – бақылау-жинақтау мақсатында қолданылғаны дұрыс.
Еркін диктант – оқушылардың өз бетімен ізденуі жеделдете түсетін диктант түрі.
Қайта өңдеу диктанты – оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауын аса талап ететін, ой құрастыру әдістерінің тиімділікпен қолданылуын талап ететін диктант түрі.
Ұқсастық диктант (диктант по аналогии). Мұндай диктантты орындау барысында оқушы форма мен мазмұнның түрліше болып келетіндігі туралы білім мазмұнын меңгереді.
«Өзімді -өзім тексеремін» атты бақылау-білім беру диктанты. Мұндағы негізгі бағыт – оқушылардың өткен тақырыптарды меңгергендігін, білімін тексеру болып табылады.
Сөз тіркесін дамыта оқытумен байланысты қолданылатын диктанттар сипаттамасы осындай. Диктанттың түрлерін тиімді терең назар аудару керек. Бұл жерде диктанттардың мәтіндерін емес, оларды қолдану мақсаттары мен міндеттерін және нақты қолданатын диктант түрін сипаттап өтеміз. 1-11 сыныптар үшін диктанттар мәтіндері іріктелініп, ол диктанттардың мазмұнында адамгершілік, достық, патриоттық, білім мен ғылымның маңызы, табиғатты қорғау, ғылым мен техника жетістіктері, ұлттық педагогика мәселелері тақырыбындағы мәтіндер алынды.
Достарыңызбен бөлісу: |