Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі



бет200/237
Дата06.02.2022
өлшемі9,17 Mb.
#36785
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   237
Жазылым тестілері


Күзекова З.С.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Қазақстан)
В статье рассматривается разные задании в тестовой форме по письменной речи, приводятся примеры для организации текущего контроля знаний, самостоятельной работы.
The article considers different tasks in test form for written speech, examples are given to organize knowlfqe check and self study.

Жазбаша сөйленім бойынша коммуникативтік құзіретіне тексеруге арналған тестілер де ауызша сөйленімді бақылау сияқты:



  • функционалды-коммуникативтік бағытымен;

  • мазмұнымен;

  • композициялық құрылымымен;

  • тілдік формаларымен ерекшеленеді.

Жазбаша жанр олардың міндетіне орай қолдану салалары мынандай түрлерге бөлінеді:

  • академиялық оқытудағы жазылым: конспект, реферат, белгілер, рецензия, эссе, қысқа мазмұндама және т.б.;

  • кәсіби, мамандыққа қатысты жазылым: іскери хаттар, құжатнама, хабарландыру, мақалалар, визиткалар және т.б.;

  • қатысымды қолдану мақсатындағы жазылым: жеке хаттар, ашық хаттар, электронды жолдамалар, телефондық-хабарламалар;

  • жеке мақсаттарда қолданылатын жазылым: күнделіктер, еске сақтау үшін белгілер, рецептілер, мекен-жай жазбалары және т.б.;

  • Шығармашылық жазылым: әңгімелер, сценарийлер, шығармалар, өлеңдер.

Осы негіздемелер бойынша жазылым тестілерін топтастыру ойға қонымды. Ақпаратты қысқарту, немесе кеңейтіп жазу, өңдеу сияқты жазбаша жұмыстар мынандай тест түрлерін құрайды:
Тест-диктант. Оқытудың және бақылаудың бұл түрі ерте дүниеден белгілі.
Р. Ладо (американ лингвисі) диктанттың тест үшін маңыздылығын жоққа шығарса, басқа тестологтар керісінше диктанттың өлшемдік-бағалау мүмкіндіктерін стандартты тест формасында негіздеді. Мысалы В. Коккота тестің мұндай түрін былайша өткізуді ұсынады:
Мәтінді бірінші ұсыну – қалыпты, дауыстап оқу. Екінші ұсынысымда белгілі бір жерлерде пауза жасалынады, осы аралықта тестіленушілер естіген сегменттерін жазады. Үшінші ұсынысымда жазғандарын тексеріп, қателерін түзеу үшін паузалар екі есе қысқа жасалынады (қараңыз: Коккота, 1989, с. 102).
Бағалау барысында:

  • дұрыс жазылған сөздің саны;

  • лексика-грамматикалық;

  • семантикалық;

  • тастап кеткен жерлер (пропуск) саны ескеріледі.

Диктант-шығарма, шу кезіндегі диктант аз таралған және аз зерттелінген. Шынайы өмірде вокзалдағы хабарландырулар, ғылыми дискуссиялар, кабинеттегі телефонмен әңгіме яғни шу ішінде қажеттіні толық естімей қалу мүмкіндігі көп. Аталған тест түрі прагматикалы деп есептелінеді.
Клоуз тест – орындау барысында сөйлемде немесе аудиомәтіндегі жетпеген элменетті толтыру. Алғаш рет 1897 жылы Х. Эббингхауном ұсынған. Тілді оқытып, үйрену барысында жетпей тұрған элементтерін қалпына келтіру жолымен түсінгенін тексеру үшін жиі қолданылатын құрал.
Сөздердің немесе сөздің элементтерін қалдырып кету төменде көрсетілген негіздемелерге сүйенеді:

  • кейбір есімдіктер тобының, жалғаулықтардың, фраземалардың, сөз бен сөз тіркесі арасындағы лексика-грамматикалық байланысына орай;

  • сөз тіркесі мен сөйлемдердің арасындағы семантикалық-синтаксистік байланыстарына орай: сын есім, сан есім, үстеу және т.б.;

  • мағыналық байланыстарға орай (зат есім, қыстырма сөз, тұрақты сөз тіркестері және т.б.);

  • мәтіннен тыс мағыналық байланыстарға орай.

Тілді меңгерудің төмендегі деңгейлерінде тексеру түпнұсқамен нақты сәйкес келетін сөздермен тексеріледі, ал жоғары деңгейде – контекстік сәйкесі жүзеге асырылады. Клоуз тестінде сөздердің қалдырылып кетуі қатаң белгіленген тәртіппен де болады немесе белгіленген тәртіппен емес те болады.
Клоуз-тест еркін құрылған тапсырма түрінде және жауаптың таңдауға негізделген болуы мүмкін.
Клоуз тестінің сипаты мен қиындығы тілді меңгеру деңгейін тексеру мақсатына сәйкес келуі керек.
Клоуз-тестке мысал:
3-тапсырма: “Офистегі кездесу” мәтінін оқыңыз. Мәтінде қалдырылып кеткен тұстарды қалпына келтіріңіз (Прочитайте тест “Встреча в офисе”. Восстановите недостающие элементы текста).
Жанат: Сәлемет пе, Алмас
Алмас: Сәлем, Жанат. Сіздерді Астанада тағы да көргеніме (1....)
Жанат: Мен (2...) өте қуаныштымын.
Алмас: отырыңыз. (3....) ішесіз бе?
Жанат: (4...) кофе.
Алмас: Қалай жеттіңіздер? Біздің жаңа офисімізді (5 ...) тауып алдыңыздар ма?
Жанат: Рахмет. Өте (6 ...) болды.
Сіз телефон арқылы бәрін өте жақсы түсіндірдіңіз.
Жауаптары:
1-қуаныштымын
2- де
3-сусын
4-мүмкін болса
5-тез
6-оңай
Осындай визуалды Клоуз-тестіден басқа тестілерде аудиоклоуз тесті де қолданылады. Тестіленушілердің міндеті – оларды орындау барысында пауза кезінде, қайта оқу барысында қалдырылып кеткен сөздерді қалпына келтіру. Оңтайлы қадам 10-14 сөз, яғни орташа алғанда, бір сөйлем – бір қалдырым (бір пропуск). Тест-рефераттың бір қатар модификациясы бар. Ол ауызша да, жазбаша да орындалады, қысқа немесе кең түрде болуы мүмкін, тек қана фактілерден, түпнұсқаның негізгі ақпараттарынан тұруы мүмкін, бағалау мәнді болуы мүмкін, яғни мәселеге қатысты тестіленушінің пікірі негізделуі (оның келісімі-келіспеушілігі) мүмкін. Түпнұсқадағы ақпарат бірізді жазылуы немесе тестіленушінің логикасына сәйкес жазылуы мүмкін, тестіленуші ақпаратты репродуктивті түрде немесе продуктивті (сыни көзқараспен, теориялық ойлаумен) жазуы да мүмкін.
Тестінің мақсатына орай тестіленушіге мынандай тапсырма беріледі:

  • қысқа, түсіндірме сипатты мазмұндау;

  • яғни индикативті түрдегі реферат жасау;

  • я түпнұсқа мәтіндегі ақпаратты кеңейтілген, нақтылы сипаттама яғни ақпараттық түрдегі реферат жасау.

Тест берілген бағдарлама бойынша орындалады:

  • автор туралы ақпарат, мәтін тақырыбы;

  • мәтін түрін анықтау;

  • түпнұсқа мәтіннің композициясы мен негізгі мазмұндық компоненттерін баяндау;

  • ақпараттың (жаңалығына, өзектілігіне) және құндылығына, осы пікірдің негіздігігін көрсету.

Тест-реферат көбінесе кәсіби бағытты тестілеу барысында жиі қолданылады, нақтырақ айтқанда, кәсіби қатысым саласын оқыту барысында тілді меңгеру деңгейін анықтауда қолданылады.
Бақылау объектісіне мынандай біліктіліктер жатады:

  • бір (екі) немесе бірнеше материалдардан (источник) ақпарат бере алу;

  • негізгі мәселені бөле-жара көрсету (немесе осы материалдарға ортақ), маңызды мәселені талдай алу;

  • тест жағдаятына сәйкес автордың жаңалығын, өзекті мәселесін, рәсімдей алу, шолу барысында оның пікірінің өзгемен ұқсастығы, айырмашылығын көрсете алу;

  • логикалы, пара-пар қорытынды жасай алу; кіріспемен қорытынды арасында тығыз байланыстың болуы;

  • рефераттың міндетті құрылымдық бөлімдерін сақтау: кіріспе бөлімде автор туралы мәлімет – библиографиялық сипаттау; негізгі бөлімде – негізгі сұрақтарды анықтау, маңызды мәселелерге талдау жасау;

  • қорытынды негіздемесі қорытынды жасай алу, анықтамалық ақпаратты көрсету;

  • баяндаудың логикалылығын, байланыстылығын, ғылыми стильдің тілдік құралдарын пайдалана алуы, «өзгенің» ақпаратын-дұрыс бере алуы, цитатаны ретімен пайдалана алуы және т.б. бағалау;

  • жұмысты қажетті берілген көлемде (мысалы 300 сөз, 650 сөз) орындау.

Тест-жоспар жазбаша немесе ауызша түрде де болады.
Тестінің бұл түріндегі тапсырмалар тестіленушінің мәтіннен негізгі ақпаратты бөле, ажырата алатын біліктілігі тексеріледі. Мәтіннің мазмұнын қысқаша сөйленім немесе сөз тіркесімен беруі (тезис, сұрақ, атаулы сөйлемдер). Берілген алғашқы мәтін мазмұны жоспардың тармақтарында пара-пар (адекватты) көрінуі тиіс.
Тестіленушіден тестің бұл түрін орындау барысында мәтіннен қажетті деген фактілерді таңдай алуы, оларды өзгеше айта алуы, сығымдап қысқарта алуы немесе компрессиялай алуын талап етеді. Нәтижесінде метамәтін, (екінші мәтін) түпнұсқаның орнына жүретін мәтін пайда болады.
Тест-жоспар мынандай біліктілік кешенін тексере алуы керек:

  • басты және екінші деңгейдегі ақпаратты ажырата білу;

  • ұсынылған мәтінді мағыналық бөліктерге бөле білу;

  • сөйлеудің үнемдірек бірліктерін таңдай алуы;

  • баяндау логикасын және т.б. сақтау.

Тест-шығарманың әр түрлі функционалдық бағыты болуы мүмкін: жеке хаттар, эссе, әңгіме және т.б. Жазбаша сөйлеуді оқытуды зерттеушілер
(И.А. Зимняя, Е.В. Мусницкая, М.Г. Каспарова және т.б.) Шығармашылық тапсырманың осы түрін былайша топтастырады:

  • психологиялық тірек сипатына қарай (көру-есту, өзінің жеке тәжірибесі, байқампаздығы, елестете алуы);

  • жазатын жұмыстарының түріне қарай (сипаттама, баяндау, пайымдау, түсіндірме);

  • материалды ұйымдастыруына қарай (бейнелі-эмоционалды, хронологиялық, себеп-салдарлық);

  • мақсатты бағдарламаға қарай (мәтінге сүйеніп жазу, еркін шығарма, үлгі бойынша, белгілі бір лексика-грамматикалық материалды пайдалану).

Тест-рецензия, жазбаша сөйлеу-біліктіліктің жоғары деңгейін, қазақ тілін шығармашылықты меңгеруін тексереді. Тестің мақсаты мынадай коммуникативтік міндет шешімінің парапарлығын (адекваттығын) анықтау керек:

  • мәтіндегі мәселені, тақырыпты түсіне алу біліктілігі;

  • оның мазмұнын сығымдалған түрде талдау мақсатына сәйкес баяндай алуы;

  • фактілерге , оқиғаларға, кейіпкерлерге сипаттау, мінездеу бере алу біліктілігі т.б.

  • идеясын рәсімдей алу біліктілігі және өзінің де ойын (қатысын) және т.б. бере алу біліктілігі;

Жетік деңгей деңгей тестісі бойынша мысал:
Тапсырма: сіз өзіңіз оқыған, білетін, ұнаған әңгімеңізге мынандай ақпараттарды анықтай отырып, рецензия жазыңыз:

  • автор туралы негізгі мәлімет;

  • әңгіме тақырыбы және оның мәселелері;

  • қысқа сюжет;

  • кейіпкерлер мінездемесі;

  • автордың оларға қатысы;

  • әңгіменің негізгі идеясы;

  • автор тіліне баға;

  • оқыған әңгімеңіз бойынша сіздің пікіріңіз.

Жеке немесе іскери сипаттағы хат жаза алу біліктілігін тексеретін тест:
Мұндай тест түрі адресатқа белгілі бір ақпаратты немесе өтінішті хабарлай алатындығын тексеру мақсатында жазылады. Тапсырманы орындау барысында хаттың авторы – тестіленуші коммуникативтік ниеттерін хабарлайтын қаратпалардың түрлерін сәлемдесудің, бағалаудың, өтініш, бұйрық түрлерін пайдалана алуы керек. Мысалы: Сіздің танысыңыз Алматыға тілдік курстарға келуге жиналып жатыр. Ол сізден қалада пәтер жалдауға қандай шарттармен жалдауға болатынын білуді сұрады. Сіз оның өтінішін орындадыңыз. Хат жауабында сіз не білгеніңізді жазыңыз. Төмендегі жоспарды пайдаланыңыз:

  • қаратпа, сәлемдесу;

  • хат үшін ризалығыңызды білдіріңіз;

  • өз өміріңіз, оқуыңыз, Алматы туралы қысқаша жазыңыз;

  • танысыңыздың өтініші туралы ақпарат;

  • ақпаратты түсіндіру және бағалау;

  • танысыңызды өз ұсынысыңызға сендіріңіз;

  • түйіндеңіз;

  • болашаққа жоспардың сипаты;

  • қоштасу

Тест-редакциялау
Сөзді, сөйлемді тексеру, жеке түзетумен байланысты, қате немесе артық сөзді, сондай-ақ сөздің мазмұнына келмейтін сөздерді алып тастау, сөздердің орын тәртібін реттеу, ретсіз синтаксистік конструкцияларды дұрыстау, логикалық қателерді жөндеу, сөйлем, мәтін бөліктері, арасындағы байланыс құралдарын жөндеумен байланысты.
Мысалы:
1) тапсырма: Сізге қатесі бар дастархан мәзірі ұсынылды. Қатесін жөндеңіз.

сусындар

  1. қымз

  2. шубат

  3. айран

ет тағамдары:

  1. казы

  2. жайя

  3. шужық

  4. куырдак

нан тағамдары:

  1. баурсақ

  2. балиш

  3. самси




2) жеке хаттағы қателерді түзетіңіз: ( Профессор Т.Т. Аяпованың үй кітабындағы хатты үлгіге беруге болады)
3) Мәтінді редакциялаңыз. Тест-көшіру (тест-списывание) – мұнда күрделенген көшіру қолданылады) яғни коммуникативтік-сөйлеу бағыты бар.
Қосымша тапсырмалар:

  • грамматикалық өзгерістер енгізу (шақты өзгерту, заттың санын өзгерту т.б.

  • тест сұрақтарына орай таңдап көшіру;

  • өз атынан мазмұнын беру және т.б.

Тест – перифразаберілген мәтінді, сөйлемді, сөзді басқа сөздермен жеткізе алу біліктілігін тексеру түрі. Перифраза нақтылаумен, түсіндірмемен, тіпті ойды сипаттаумен қоса жүрсе, артықшылығы бар.
Тест – прогноз – тақырып, тақырыпшалармен сондай-ақ, вербалды емес құралдарға – картина, кесте, график, диаграммаға негізделеді.


Әдебиет

  1. Вятютнев М.Н. Понятие о языковой компетенции в лингвистике и методике преподавания иностранных языков // Иностранные языки в школе. – М., 1975. № 6.-С. 55-64.

  2. Мэдсен Х. «Techiniques in testing». 1983 г.

  3. Рапопорт И.А. Прагматические тесты: сущность, специфика, перспективы//ИЯШ. – М., 1985.№ 2. – С.70 74.




Каталог: bitstream -> handle -> 123456789
123456789 -> Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы №5 (84) 2011
123456789 -> Республикалық Ғылыми-әдістемелік конференция материалдар ы
123456789 -> Қазақ халық педагогикасы негізінде оқушыларды еңбекке тәрбиелеу
123456789 -> Ғаділбек Шалахметов бейбітшілік бақЫТҚа бастайды астана, 2010 жыл Қызыл «мұзжарғыш кеме»
123456789 -> А. Ж. Кунанбаева
123456789 -> Б. О. Джолдошева из Института автоматики и информационных технологий нан кр, г. Бишкек; «Cинтез кибернетических автоматических систем с использованием эталонной модели»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   237




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет