Сабақтың тақырыбы Диктант Жылан мен кірпі Сабақтың мақсаты



Дата27.10.2023
өлшемі250,99 Kb.
#188812
түріСабақ

Күні: .11.2018ж.




Сынып 4 «»

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы

Диктант Жылан мен кірпі

Сабақтың мақсаты

Диктант жазу кезіндегі грамматикалық тапсырмаларды орындау. Жай және құрмалас сөйлемдерді табу. Тақырып бойынша сөйлемдер құрастыру. Білім, білік дағдыларын жетілдіру

Бағалау критерийлері

Диктант жазу кезіндегі грамматикалық тапсырмаларды орындайды. Жай және құрмалас сөйлемдерді табады. Тақырып бойынша сөйлемдер құрастырады. Бөлім бойынша білім,білік дағдылары қалыптасады.



Тілдік мақсаттар

Жай және құрмалас сөйлемдер




Құндылықтарды дарыту

Сауатты, көркем жазуға дағдыландыру.

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу

АКТ қолдану дағдылары




Бастапқы білім

Қыстырма сөздер

Сабаққа жоспарланған уақыт

Сабақтағы жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Сабақтың басы
5 мин



1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік,жарық мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
3.Диктант жазуға дайындықтарын, оқу-құралдарын толықтыру


Сабақтың ортасы
30 мин



Сабақ тақырыбымен таныстыру
«Жылан мен кірпі»
Таңертең бөлмеден бір нәрсе ысқырғандай жат дыбыс Қабидың құлағына естілді. Қаби дереу оянып кетті. Төсектен басын көтерді. Ол Есеннің кереуетінің астында ұстасып жатқан жылан мен кірпіні көрді. Жылан басын жалт көтерді. Аузын ашып, тілін шығарып ысылдап тұр. Қаби мұны көргенде қорқып , Есенді дереу оятты. Есен басын көтерді.
Жылан айыр тілімен кірпіні шақпақ болды. Бірақ жылан кірпіні шаға алмады. Себебі, кірпінің тікенектері үрпіиіп тұр еді. Кірпі жыланның құйрығынан тістеп, кеміріп жатты. (70)
Тапсырма:
1.Жай, құрмалас сөйлемдерді тап, сана:
Жай сөйлемдер...............
Құрмалас сөйлемдер:......................
2.Кірпі мен жылан жайында бір жай сөйлем және оны құрмалас сөйлемге айналдырып жаз.
Диктантты аяқтау.
Дәптерлерін жинап тексеру, бағалау.
***Сергіту сәті***
«Қар кесектері» ойыны
1.Сөйлемнің түрі
Жолда түсіп қалған нанды көрсең, адам баспайтын жерге алып қой.

        1. лепті сөйлем Б)жай сөйлем

        2. сұраулы сөйлем С)құрмалас сөйлем

2.Қосымша жалғанғанда сөз мағынасы өзгерген сөзді белгіле:
А)арбакеш Б)арбасыз
В)арбалар С)арбамен
3.Атауы біріккен сөз болатын сурет

4.Берілген құрмалас сөйлем неше жай сөйлемнен құралған?


А)екі Б) үш В) төрт С) бір
5.Сөйлемді толықтыратын бірыңғай мүшелерді белгіле
Біздің ауыл сыртында ..., ..., ... өседі.
А)қолтырауын, керік, мүйізтұмсык Б)жусан, изен, ажырық
В)қобыз, сыбызғы, дауылпаз С)сазан, шортан, табан



Диктант дәптерлері
Өлке баспасы
Диктанттар
Жинағы 103-бет
Тест сұрақтар

Сабақтың соңы


5 мин

Қорытындылау. Кері байланыс
Бүгін мен _______________ білдім.
Маған __________________қызық болды.
Маған _________________қиын болды.
Мен___________ тапсырмаларын орындадым.
Мен енді__________________ жасай аламын.
Мен_____________________үйрендім.
Үйге тапсырма: қайталау
Бағалау.

Кесте


Сабақ бойынша рефлексия




Саралау: Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?




Бағалау: Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?




-Қандай екі нәрсе табысты болды?

-Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды?


-Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиындықтары туралы нені білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?





1.

2.


1.

2.


1.

2.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет