ОҚыЛыМ
1. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1) Сіз «көп қимылдау – ұзақ өмір сүру кепілдігі» деген ұстаныммен келісесіз бе?
Жауабыңызды нақты дәлелмен дәлелдеңіз.
2) Сіз спортпен аптасына қанша рет шұғылданасыз?
3) Сізге «көбірек қимылдайтын» жұмыс ұнай ма, әлде «көбірек отыратын» ба?
166
viii
БӨ
ЛІМ
2. Пікірлесіңіз.
Берілген ақпаратты оқып, топта талқылаңыз.
Солтүстік жүрісті үйренейік!
Солтүстік
жүрісте
жүргінші
үшін
жылдамдықтың дым да маңызы жоқ, олар
ешқайда да асықпастан табиғатта серуен
құрып жүреді. Арасында тынығып та алады.
Сол уақытта дұрыс тыныс алуға арналған
жаттығуларды жасап алады. Осы арқылы
олар төзімділікке, шапшаңдылыққа үйренеді.
Мұндай жүрісте өзін-өзі бастан-аяқ қалыпты
ұстап, жүрістің заңын бұзбаған жүргінші мен
артық майдан арылғысы келетін жүргінші
ғана жақсы нәтижеге ие бола алады.
Соңғы кездері жүрек ауруы бар
адамдардың көбі көп жүгірмеуге тырысады.
Ал мынау скандинавиялық жүріс оларға
да тиімді. Соңғы кездері тізе буыны
ауыратындар да осы жүріспен айналысуда.
Бұл жүріс оларға оңайға соғады. Өйткені
барлық салмақ «қосымша екі аяқтың» рөлін
атқаратын шаңғы таяқшаларына түседі.
Сонымен қатар, спорттың бұл жеңіл түрі
үлкен жастағы адамдардың да айналысар
жаттығуына айналып отыр.
3. Мәтінді оқыңыз.
Көп жүрген адам көп жасайды екен...
Ұзақ өмір сүргіңіз келмесе, отырған
орныңыздан қозғалмаңыз. Сіздің бүкіл
ғұмырыңыз аяқ-қолыңызға байланысты.
Егер аяқтан әл кетіп жатса, онда
өміріңізден мән де кетеді.
British Medical Journal журналының
анықтауынша, адам ның өмір сүру
ұзақтығы мен оның қозғалмауы арасында
тығыз байланыс бар болып шыққан.
Аталған тұжырымға 167 мың адамның
статистикалық мәліметіне жүргізілген
талдау себеп болған.
Осы скандинавиялық
таяқшалармен жүру қазақстандық
қалаларда танымал болып келеді. Сіз
пайдаланып көрдіңіз бе?
Сізге ұнауы мүмкін деп ойлайсыз ба?
Шынымен пайдасы бар немесе «өз-өзіңді
алдау, уақыт өлтіру» деп ойлайсыз ба?
167
Достарыңызбен бөлісу: |