Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық



Pdf көрінісі
бет145/269
Дата15.07.2023
өлшемі10,84 Mb.
#179460
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   269
Байланысты:
Қазақ тілі. Оқулық В1

viii
 БӨ
ЛІМ
3. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1) Сіз ғаламтордан немесе бұқаралық ақпарат құралдарынан «Әлемдегі...» немесе «Ең, ең, ең...» 
деп басталатын жаңалықтарды, айдарларды, блог жазбаларын оқисыз ба?
2) Егер сіз сондай мәліметтерді оқысаңыз, оларға сенесіз бе?
3) Өзіңіз сондай қызықты оқиғаға куә болдыңыз ба? Егер болсаңыз, қашан және қай жерде?
4) Біздің елімізде әлемді таңғалдырған қызықты мәлімет болды ма?
5) Соңғы рет қашан әлемді таңғалдырған мәлімет оқыдыңыз? Ол не туралы болды? 
Әріптестеріңізге айтып беріңіз.
ОҚыЛыМ
1. 
Мәтінді оқыңыз.
 
 
Әлемде талай қызық бар...
Біз, көбіне, жерде өсетін көкөніс-жемістің ең үлкені деп қауын-
қарбызды ойлаймыз. Негізінде салмағы мен көлемі жағынан үлкен 
жеміс Сейшель аралында өсетін пальманың жаңғағы екен. Оның 
диаметрі жарты метрге, салмағы 25 кг-ға дейін жетеді екен. Бір 
пальма осындай отыз жемістен бере алады. Олардың қабығы өте 
қатты болады және баяу жетіледі. Гүлденгеннен кейін төртінші 
жылы ғана көлемі өсіп, пісуіне тағы екі жыл керек екен. Ұзындығы 
90 см, ені 50 см-ге жуық. Бұл ағаш жемісінен жергілікті тұрғындар 
қамыр илеп, нан пісіреді. Дегенмен, ең ірі жемістер ағаш басында 
өспейді деген пікір дұрыс. Көкөністің ішіндегі ең ірісі – асқабақ.
 
Бразилияда сүт беретін ағаш бар, ол Амазонка өзенінің 
жағасында өседі. Жергілікті халық оны «сорвейра» деп атайды, 
қазақшаға аударғанда «емшек» дегенді білдіреді екен. Сол 
сорвейра ағашының бір жерін кертіп қалса, одан сүт тәрізді ақ 
шырын саулап қоя береді. Өзі сүттен сәл қышқылдау. Сондықтан 
оны алғаш тағам ретінде пайдалана қоймаған. Кейіннен 
ботаниктер зерттеп, оның сиыр сүтінен ешбір кем еместігін 
анықтаған. Халықтың айтуынша, ақ шырынға аздап су қосып 
пісірсе, сүттен дәмі айнымай қалады екен. Ағашты бір сауғанда 
2-4 литрге дейін сүт алуға болады.
 
Индонезияның қалың ормандарында алып ара тұқымы 
табылды. Америкалық бір газеттің жазуына қарағанда, араның 
ұзындығы 5 см. Бір қызығы ол термиттермен бейбіт өмір сүретін 
көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   269




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет