Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық



Pdf көрінісі
бет141/269
Дата15.07.2023
өлшемі10,84 Mb.
#179460
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   269
Байланысты:
Қазақ тілі. Оқулық В1

Серттесу батасы (Баталасу)
– құдалық, серт пен уәде, елшілік, ел арасындағы маңызды 
үлкен шараларда жасалатын жол. Ол – хан, ақсақалдар, билер алдында, әруақ орнында да жасалып, 
қол алысып орындалатын ғұрып. Оны бұзу, яғни, «бата бұзу» - қарғыспен тең. Қазақ баталасуды 
елдік, тектілік, азаматтық қасиеттердің белгісі деп таниды.
Батаны кімдер береді?
Бата, көбінесе, жастарға беріледі. Батаны көпті көрген құрметті ақсақалдар мен кемеңгерлер, 
дуалы ауызды билер, атақты адамдар, өз ісінің хас шеберлері береді. Қазақ халқында бата 
берудің өзіндік орны, жөні бар. Батаны халық арасында (қонақтар ішінде) үлкен адам болмаса, 
көптің рұқсатымен, жас болса да орны бөлек адам береді. Ерлер отырғанда әйел бата бермейді. 
Әйелдер арасында сөз білетін бір ер бала болса, әуелі сол бата беруге тиісті. Дегенмен, халқымызда 
батырларға, билерге ардақты аналардың да бата берген кездері кездеседі.
ТҰСАуКЕСЕРГЕ АйТылАТыН БАТА-ТІлЕК
Қаз-қаз балам, қаз балам, 
Қадам бассаң, мәз болам, 
Күрмеуіңді шешейін, 
Тұсауыңды кесейін. 
Тақымыңды жаз балам! 
Қадамыңа қарайық, 
Басқаныңды санайық, 
Қаз-қаз балам, жүре ғой. 
Әумин!
ЖАңА Үй – ҚОНыС БА
ТАСы
Құрметті үй иелері, мына
у жаңа 
қоныстарың – баспаналарың құт
ты болсын! 
Бірің қорғаны, бірің жылуы болып, қ
онақ 
үзілмейтін құтты шаңыр
аққа айналып, ақ 
дастарқандарың тек қана т
ойға жайыла 
берсін! Қоныстойларың құт
ты болсын!
АС ҚАйы
Ру БАТАСы
Адал тілек астарыңа,
Ұзақ өмір жастарыңа,
Жанұя тат
у-тәтті боп,
Бақыт қ
онсын бастарыңа!
Әумин!


171
viii
 БӨ
ЛІМ
тыңдаЛыМ
1. Сұхбатты тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.
№20
Сұхбат не туралы болды? Дұрыс нұсқаға
белгісін қойыңыз.
Әр елдің тағамдары туралы
Әлемдегі заңдар туралы
Әр елдегі киіну әдебі туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   269




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет