Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық



Pdf көрінісі
бет249/269
Дата15.07.2023
өлшемі10,84 Mb.
#179460
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   269
Байланысты:
Қазақ тілі. Оқулық В1

№3 Аудиофайл
Тыңдаңыз. Сұхбатты тыңдап, бос орынды толтырыңыз.
Досымның аты – Сәния. Ол – менің жақын құрбым. Ол менен ұзынырақ. Әдемілеу. Мен солай ойлаймын. 
Мінезі кейде жұмсақтау, кейде қаталдау. Бірақ оның мінезі маған ұнайды. Ол барлық жұмысты баяу 
жасайды. Асықпайды. Сол үшін кейде ренжісіп те қаламыз. Қайтадан тез татуласамыз. 
№4 Аудиофайл
Тыңдаңыз. Сұхбат не туралы? Дұрыс жауаптың тұсына белгісін қойыңыз.
– 
Құралай, журналистер газет-журналға, теледидарға беретін ақпаратын қалай қызықты етеді?
– 
Оқырманды, көрерменді қызықтыру үшін кез келген ақпарат нақты болуы керек. Күнделікті өмірдегі 
оқиғалар. Сонда адамдар мақаланы оқығанда тез түсінетін болады.
№5 Аудиофайл
Тыңдаңыз. Айтылу ретімен нөмірлеңіз.
– 
Құралай, журналистер газет-журналға, теледидарға беретін ақпараттарын қалай қызықты етеді?


326
– 
Кез келген ақпарат оқырман оқығанда, көрермен көргенде қызығатындай болуы керек. Екі өте 
маңызды нәрсе бар. Бірінші, күнделікті өмірдегі оқиғалар. Сонда адамдар мақаланы оқығанда тез 
түсінетін болады.
– 
Ал екіншісі ше?
– Екінші атақты адамдар, киножұлдыздар, спортшылар, саясаткерлер, олардың отбасы туралы оқыған 
қызығырақ деп ойлаймын.
– Басқа бір адамның жеке өмірі туралы жазу дұрыс деп ойлайсыз ба?
– Бұл дұрыс деп ойлаймын. Себебі олардың өмірі оқырмандар үшін қызық.
– Кейбір газет-журналдар 24 сағат бойы атақты адамдарды аңдып, суретке түсіріп жүреді. Сол дұрыс 
па?
– Дұрыс. Өйткені кейбір газет-журналдар тек атақты адамдар, жұлдыздар туралы ғана жазады. Халық 
та сол себепті сол газет-журналды сатып алады. Сонымен қатар кейбір жұлдыздар баспасөз қолдауын 
қажет етеді.
– Суретшілер де сізбен келіседі деп ойлаймын.
– Мен де солай деп ойлаймын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   269




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет