Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық



Pdf көрінісі
бет257/269
Дата15.07.2023
өлшемі10,84 Mb.
#179460
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   269
Байланысты:
Қазақ тілі. Оқулық В1

№15 Аудиофайл
Сұхбатты тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.
– 
Мағжан Кәрімұлы, сізді табысты кәсіпкер деп білеміз. Жас кәсіпкерлерге айтар ақыл-кеңестеріңіз бар 
ма? Табысты болудың сырымен бөлісесіз бе? 
– 
Еңбекке ерте араластым. Жеке кәсібімде жетістікке жету үшін көп еңбектендім. Алғашында қиын 
болды, әрине. Бірақ еңбекқорлығым және өмірге деген қызығушылығым жеңіске жетуіме көмектесті. 
Сонымен, табысқа жеткізетін 8 қасиетті айтайын. Менің ойымша, олар өз ісіңе деген қызығушылық, 
сонымен бірге еңбекқорлық, тәжірибелілік, мақсатшылдық, алдыңа қойған мақсатыңа жетем деп 
ұмтылмасаң, кәсібіңді дамыта алмайсың. Ал табандылық, талпынушылық – өте қажет қасиеттер. Өз 
жұмысыңнан шаршамау үшін шығармашылық қасиет те керек. Үнемі жаңа ойлар тауып, өз жұмысыңды 
өзіңе қызықты етуге тырысуың қажет. Ал жауапкершілік болмаса, жоғарыда аталған қасиеттер бір сәтте 
мағынасыз болып қалады. Егер осы сегіз қасиет сіздің бойыңыздан табылса, сіз табысты кәсіпкер боласыз. 
№16 Аудиофайл
Сөйлемдерді толықтырыңыз.
Ештеңеге үлгермеуіміздің себебі
Ойланып қарасақ, кей күндеріміздің босқа өтіп жатқанын аңғармаймыз. Оған зерттеулер нәтижесінде 
анықталған жеті себеппен таныс болыңыз. 
Біріншіден, жұмыс күнін дұрыс жоспарламаушылық. Телефонмен шешуге болатын шаруалар үшін де 
кездесу жасау. «Созбалау» синдромы. Телефонмен, хаттармен, әңгімемен айналысып ұзақ отыру.
Екіншіден, өзін-өзі тәртіпке келтіре алмаушылық. Табысталған тапсырманың орындалуын 
қадағаламаушылық, нәтижесін тексермеу.
Үшіншіден, нақты мақсатты айқындай алмаушылық. Жұмысқа деген қызығушылық төмендеп, істі 
соңына жеткізе алмау. Бір істі қайталап орындай беру.
Төртіншіден, жауапкершілікті сезінбеу. Жұмысыңыз нәтижелі болсын десеңіз, алдымен бітіру керек 
істерге басымдық беру қажет. 
Бесіншіден, сапарға жиі шығу. Құжаттар мен ақпараттарды сенімді жерде сақтамау.
Алтыншыдан, әріптестерге «Жоқ» деп айта алмау. Өзгенің жұмысын орындау. 
Жетіншіден, өмірдегі, көңілдегі, ойдағы шашыраңқылық, асығыстық, шыдамсыздық. Қиын мәселеге 
қатысты сұрақтарды талқылауға дайын болмау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   269




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет