–
Сонда жеңімпаз кәсіпорын біреу ғана бола ма? Жүздеген қатысушы болады деп едіңіз? Сонда қалай?
–
«Алтын сапа» байқауына қатысушылар үш түрлі санат бойынша сайысады.
1) «Үздік өндірістік тауарлар»;
2) «Үздік халықтық тауарлар»;
3) «Үздік қызмет саласындағы тауарлар».
Нәтижесінде жүлдеге үш кәсіпорын ие болады деген сөз.
–
Нұрлан аға, ал бұл жүлдені беру қандай қажеттіліктен туды?
–
Оған үш себеп бар. “Алтын сапа” байқауы, біріншіден, отандық тауарлардың сапасын көтеру, екіншіден,
шетелге шығару мүмкіндігін арттыру және қазақстандық өнімдердің беделін жоғарылату үшін қажет.
–
Нұрлан аға, уақытыңызды бөліп, сұхбаттасқаныңызға рақмет! Көріскенше, сау болыңыз!
–
Сізге де рақмет. Сау болыңыз.
№19 Аудиофайл
Сұхбатты тыңдаңыз. Сұхбат берушілер туралы ақпаратты толтырыңыз.
–
Сәуле, тыңдармандарымызға сіздің «Рахат» акционерлік қоғамының қоғаммен жұмыс істеу бөлімінің
бас маманы деп таныстыруға рұқсат етіңіз. Қош келдіңіз!
–
Қош келдік! Айнұр, таныстырып өткеніңізге рақмет. Сәлеметсіздер ме!
–
«Рахат» акционерлік қоғамының Қазақстандағы кондитерлік өнім өндіретін ірі өндіріс орындарының
бірі екені баршаға мәлім. Алайда алғашқы өнімдеріңіздің қашан және қалай шығарылғаны туралы айтып
берсеңіз.
–
«Рахат» акционерлік қоғамының 70 жылдық тарихы бар. Кондитерлік өнімдер алғаш рет 1942 жылы
арақ - ликер зауыты алаңында соғыс кезінде Мәскеу мен Харьковтан көшіріліп әкелінген жабдықтармен
шығарылды.
–
Алғашқы тәттілерді соғыс кезінде таратқан екенсіздер ғой. Сонда сіздер елде қанша адамға жұмыс
беріп отырсыздар?
–
«Рахатта» 3500-ге жуық адам жұмыс істейді.
–
Міне, отандық өндіруші деген қандай! Қалай мақтамайсың?! Ал бүгінгі таңда тәттінің неше түрін
өндіресіздер?
–
Бүгінде біздегі тәттілердің 250-ден аса атауы бар. Сонымен бірге сусамыр ауруынан зардап шегетін
адамдарға арнап арнайы өнім шығаруды игерген Қазақстандағы бірден-бір кәсіпорын.
Достарыңызбен бөлісу: |