Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық



Pdf көрінісі
бет86/269
Дата15.07.2023
өлшемі10,84 Mb.
#179460
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   269
Байланысты:
Қазақ тілі. Оқулық В1


БӨ
ЛІМ
2. Мәтінді оқыңыз. 
Әлемді өзгерткен 10 адам
Шыңғыс хан
(1165 -1162) – адамзат тарихындағы 
ең атақты, әлемге әйгілі өмірі құпияға толы қолбасшы. 
Оның нақты туған жылын да, қайтыс болған жылын да 
ешкім білмейді. Оның мықты әскер құрып, жүргізген 
жаугершілік саясаты, кез келген адамды таңғалдырған 
қолбасшылық қабілеті оның ерекше жан екендігін 
көрсетеді.
Мартин лютер Кинг
(1929-1968) – атланталық
арманшыл, адамдарды нәсілге бөлген нәсілшілдерге 
қарсы шыққан Америка азаматы. АҚШ-та нәсілшілдік 
мәселесінің ушыққанына қарамастан, қиындықтың 
бәрін бейбіт жолмен шешуге тырысқан адам. 1964 
жылы осы еңбегі үшін Кингке әлемдік Нобель сыйлығы 
тапсырылды.
Махатма Ганди
(1869-1948) – үнді халқын 
Ұлыбритания отарынан құтқаруға атсалысқан 
күрескер. 1947 жылға дейін ағылшындармен 
келіссөздер жүргізген. Үнді халқы үшін мәңгілік 
тәуелсіздік белгісіне айналған Гандиді өз елінде 
әрқашан құрмет тұтады. 
Альберт Эйнштейн
(1879-1955) – ақылдылық пен 
дарындылықтың белгісі. 1919 жылы қатысымдық 
теориясын дәлелдеген Альбертті әлем ғалымдары 
бірауыздан мойындап, 1921 жылы оған Нобель 
сыйлығы тапсырылды. Алайда өз жаңалығының 
адамзатқа қауіп төндірген ядролық қару жасауға 
ықпалы болғанын естігенде қатты өкінген.
Нельсон Мандела
(1918) – Оңтүстік Африкадағы 
азаматтардың бас бостандығы үшін шайқасқан, өз 
өмірінің 26 жылын түрмеде өткізуден бас тартпаған 
адам. 1933 жылы апартеидтерге қарсы күрескені үшін 
Нобель сыйлығы берілді.


105
v БӨ
ЛІМ
Адольф Гитлер
(1889-1945) – әлемдік тарихта 
маңызды орны бар адам. Ол ұйымдастырған соғыс 
зардабынан қайтыс болған жандарды естен шығару 
мүмкін емес. 
Тереза ана. 
Оны көзі тірі кезінде-ақ әулие 
ана санаған. Өзін «Құдайдың қолындағы 
қаламы» деп санаған Агнес Гонджа Бояджиу 
1910 жылы албандық көкөніс сатушысының 
отбасында дүниеге келген. Отыз алтыға
келген Тереза қайырымдылық қоғамын құрып, 
мектептер, балалар үйлерін, ауруханалар ашып, 
адамдардың тегі мен нәсіліне қарамастан 
барлығына көмектескен. 87 жасында көз 
жұмған әулие Терезадан «өміріңізде мерекелік 
немесе демалыс күндер болды ма? деген 
сұраққа «менің әр күнім мереке болған» деп 
жауап берген екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   269




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет