138
vi
БӨ
ЛІМ
жазыЛыМ
1. Әріптестеріңіздің арасында сауалнама жүргізіңіз.
Сауалнамада қойылатын сұрақтар:
1) Бұл мамандықты кім таңдады: өзіңіз әлде ата-анаңыз немесе тағы басқа адам?
2) Қазіргі жұмысыңыз ұнай ма? Неге ұнайды? 5 себеп.
3) Қазіргі жұмысыңыз өзіңізге ұнамай ма? 5 себебін жазыңыз.
4)
Егер бұл мамандық болмаса, қандай мамандық иесі болар едіңіз? Неге? Себебін
түсіндіріңіз.
5) 5 жылдан кейін өзіңізді осы сала бойынша қандай жетістікке жетемін деп ойлайсыз?
Неге?
2. Сауалнама жауаптары бойынша сараптама жасаңыз. Қорытынды баяндама
жазыңыз.
3. Өз жұмысына көңілі толмай жүрген әріптестеріңізге қандай ақыл-кеңес берер
едіңіз?
4. Отбасы жағдайыңызға байланысты қазіргі жұмысыңыздан кетіп қалдыңыз. Енді
сізге жаңа жұмыс орнын табу керек. Газетке, интернетке жұмыс іздеу туралы хабарлама
жазыңыз.