авторы Қыдырәлі Болманов.
– Қыдырәлі аға, «Бал-бала» компаниясын құру қалай басталды және
қазір оның жұмысы қалай алға басуда?
– Шүкір, ойға алған ісіміз рет-ретімен жүзеге асырылып жатыр.
2010 жылдан бастап қазақ тілінде ән айтып, өлең оқитын «Бал-бала»
қуыршақтарын шығарып, балаларға жеткізуді қолға алған болатын-
быз. Бүгінгі таңда компанияның Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Орал
мен Жезқазған және Өскемен өңірлерінде бөлімшелері жұмыс істейді.
Болашақта басқа облыстарға да шығартамыз.
155
vii
БӨ
ЛІМ
– «Бал-бала» ойыншықтарының бірі – «Азиада-2011» қысқы Азия ойындарының басты символы –
барыстың бірнеше түрін жолықтырдық. Ойыншықтардың біріне бала даусымен еліміздің әнұранын
орындатсаңыз, екіншісіне күмбірлетіп «Сарыарқа» күйін тартқыздыңыз. Көрген адамдар «Ой, пәлі,
мынау қандай керемет!»,- деп жатты. Қазір қуыршақтың қанша түрі шығарылады?
– Қуыршақтардың бас-аяғы 30-ға жуық түрі бар. Олардың қатарында Тазша бала, Алдар Көсе, Ер
Төстік сияқты аңыз-ертегілердің кейіпкерлерімен қатар «Айгөлек» әнін шырқайтын Сұркөжек пен
әнұранды жатқа білетін Барыс та бар.
– Компания атының «Бал-бала» аталуының себебі неде?
– Қазақта «балдай тәтті», «балдай» деген тамаша сөздер бар. Бұлар көбінесе кішкентай сәбилерге
қатысты айтылады. Қуыршақтар балаларға арналғандықтан, «Бал-бала» деген есімді беруді жөн
деп таптық.
– Қуыршақтарды жасап шығаруда қандай қиындықтар бар?
– Өмірдегі жеңістің барлығы қиындықпен келмей ме?! Қиындыққа шыдау керек. Қуыршақтарды
«сөйлетіп», «қозғалту», қазақша әндерді қуыршақтарға «енгізу» - өте үлкен жұмыс. Дайын тауарды
Қазақстанға жеткізу, оны республиканың әр аймағына апарып, тарату, түһ, айта берсең көп қой,
шіркін, бірінен кейін бірі шыға береді.
– Алға қойған мақсат-міндеттеріңізбен бөліссеңіз...
– Жуық арада сөйлесуге болатын «Қарақат» қуыршақтары қолға тиюі тиіс. Бала қуыршаққа
сұрақ қояды, ал ойыншық сәбиге тиісті жауабын береді. Екі жарым минут ішінде едәуір әңгімелесуге
болады. Сонымен қатар «Бал-баланың» қуыршақтарының бәрін мультитоптамаға кірістіреміз.
Ондағы мақсатымыз – қызықты мультипликациялық туындылар жасау. Болашақта, шіркін, бала-
лар ойыншығын жасайтын зауыт ашсақ деген ойымыз да бар. Қазірдің өзінде бұл жоба аясында жи-
ырмадан астам адам жұмыс жасап жатыр. Зауыт ашылған жағдайда, 200-300-дей адам жұмыспен
қамтылатын болады.
– Бәрекелді! Істеріңізге сәттілік тілейміз, ендеше!
«Ел» ұлттық қоғамдық-саяси экономикалық апталығынан өңделініп алынды.
Достарыңызбен бөлісу: |