Сейлова Бағлан Кеңесқызы
«Қызылжар ЖОББ мектебі» бастауыш сынып
Аттанайық, бала шақтан болашаққа!
Қазақстан Республикасының гимні
І – жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар, ата – аналар мен ақжаулықты әжелер!
«Аттанайық, бала шақтан болашаққа!» ертеңгілігіне қош келіпсіздер! Біз бүгін ең алғаш қалам ұстатып, әліппені үйреткен сүйікті ұстазымызға рахмет айту салтанатына жиналып отырмыз. Әр жанұяға береке, бірлік, табыс тілей отырып тойымызды бастауға рұхсат етіңіздер! Ал бүгінгі мерекеде құрбыларымызға балалық шақтың келесі бір белесіне қадам басып, білім баспалдағына өрлеген сапарларына сәттілік тілейміз!
ІІ – жүргізуші: Азамат жүрегін дір еткізер осы бір мектеп өміріндегі алғашқы күннен бастап, сол ұядағы әрбір қызықты, жылылыққа толы нұрлы бала өміріміздің балғын шағын айқындайтын қоштасар сәт те келіп жетті. Осынау алтын ұяда теңдесі жоқ ана да, дана да, жаны шуақ та, нұрлы жүрегі Сарыарқаның самалына татитын ізгі жан барын бәріміз жүрегімізбен сеземіз. Ол ұстаз!
І – жүргізуші: Қасым Аманжолов атамыз «Мектеп – кеме, білім - теңіз» деп тектен – текке айтпаған – ау, сірә. Егер адамның жүрегінде ізгілік, мейірімділік сәулесі болса, ол – мұғалімнің еңбегі. Сол нұрды әрбір жеткіншектерге жеткізіп, жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төгеді десеңізші! Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш емес пе?! Сондықтан да ұстаздардың еңбегі – ұлы еңбек.
ІІ – жүргізуші: Ғалым да, ел қорғаған батыр да, темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де – бәрі – бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған. Сондықтан да біз ұлағатты ұстаздар алдында бас иеміз!
Ертеңгілігімізді бастамас бұрын мектеп басшыларына сөз кезегін береміз.
Бүгінгі біздің ертеңгілігіміз мынандай бөлімдерден тұрмақ:
І – бөлім: «Білім кілті бастауышта»
ІІ – бөлім: «Бастауыш – бар білімнің негізі»
ІІІ – бөлім: «Бастауышым - балбұлағым»
Достарыңызбен бөлісу: |