Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық



Pdf көрінісі
бет258/269
Дата15.07.2023
өлшемі10,84 Mb.
#179460
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   269
Байланысты:
Қазақ тілі. Оқулық В1

№17 Аудиофайл
Сұхбатты тыңдаңыз. Сұхбат берушілер туралы ақпаратты толтырыңыз.
– Бауырым, таныс болайық. Менің атым – Мұрат. 
– Есімім – Нұрлан. Алматыда тұрамын. Өзіңіз ше? Қай жақтансыз?
– Мен де. Шымкенттен, іссапардан келе жатырмын. “Әсем-ай” фирмасының тарату бөлімінде менеджер 
болып жұмыс істеймін. Төрт жарым жыл болды, міне. Өзің не істейсің?
– О-о, үлкен кәсіпорын ғой ол. Мен шағын фирмада есептеу бөлімінің маманымын. Жұмыс өтілім көп 
емес, екі-үш жыл болды. Жалғыз келесіз бе?
– Иә, жалғыз келемін. Әйелім – жұмысбасты адам. Балабақшада, күндіз-түні балалармен бірге. 
– А-а, ал мен жалғызбастымын. Бала-шаға дегенді енді ойлап жүрмін. Жұмыс реті енді болғандай. 
– Е-е, дұрыс екен. Үйлі-күйлі болғаның дұрыс. Жұмысың ұнай ма өзіңе? 
– Жұмысым ұнайды. Бір кемшілігі компьютерде ұзақ отыруға тура келеді. Өзіңіз ше?
– Аздап шаршап жүрмін. Жұмысымды ауыстырғым келеді. Демалыссыз жұмыс істеуге тура келеді кейде.
– Сонда кім болғыңыз келеді?
– Әзірге білмеймін. Кеңседе отырып істейтін бөлімге ауысатын шығармын. Көрерміз. 
№18 Аудиофайл
Сұхбатты тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.
– 
Нұрлан аға, еліміздегі тауар сапасын анықтап, сол үшін берілетін жүлде «Алтын сапа» сыйлығы 
туралы айтып өтсеңіз. Қалай өткізіледі, қанша кәсіпорын қатысады? Отандық өндірушілер бұрынғыдай 
он шақты емес, қазіргі таңда анағұрлым көп емес пе?
– 
Дұрыс айтасыз. Бүгінде отандық өндірушілер саны едәуір көп, қуаныштысы жылдан-жылға артып 


331
келеді. Сондықтан мұндай байқау өте қажет. Бұл байқау жыл сайын өткізіледі. Қазіргі таңда қатысамын 
деген кәсіпорындар саны анағұрлым көп. 3-4 жыл бұрын қатысушылар саны жүз шақты болатын.
– 
Ал бұл байқауға қатысудың шарттары қандай?
– 
Байқауға қатысудың негізгі шарттары – бесеу. Онша қиын да емес. Ең бірінші, тауардың сапасын 
қадағалау керек, екіншіден, тауардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сосын сапаны жақсартудың тиімді 
әдістерін пайдалану, төртінші, халықаралық стандарттарды енгізу және соңғысы, тұтынушылардың 
сұраныстарын қанағаттандыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   269




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет