Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық



Pdf көрінісі
бет256/269
Дата15.07.2023
өлшемі10,84 Mb.
#179460
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   269
Байланысты:
Қазақ тілі. Оқулық В1

№14 Аудиофайл
Сұхбатты тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.
– 
Сәлем! Таныс болайық. Есімім - Асқар. 
– 
Сәлеметсіз бе! Мен Олжаспын. 

Танысқаныма қуаныштымын. Мазаңды алған жоқпын ба? Кітап оқып отырған жас азамат өзің ғана 
екенсің.
– 
Жо-жоқ, бәрі дұрыс. Көмек қажет пе? Бір нәрсе сұрайын деп пе едіңіз? 

Мен қазақ киносы туралы мақала жазайын деп едім. Соған байланысты әңгімелессек, қалай қарайсың? 
– 
Жарайды. Қарсы емеспін. Қазақ киносы туралы дейсіз бе? Бірақ мен біздің отандық киноны жасауға 
үлес қосқан адамдарды білмейді екенмін. Сіз білесіз бе?

Қазақ киносын Шәкен Аймановсыз, Сұлтан Қожықовсыз елестету мүмкін емес. Осы екеуі негізін 
қалаған десем, ешкім қарсы болмас. Ал кинода ойнаған қазақ әртістерін білесің бе?
– 
Маған Асанәлі Әшімов, Тұңғышбай Жаманқұлов секілді ағаларымыздың рөлдерді келістіріп 
ойнаулары қатты ұнайды. Олар театрдың да гүлі ғой.

Иә, дұрыс айтасың. Бекежанның рөлін Асанәлі ағамыз керемет ойнады. Ал Тұңғышбай ағамыз Абылай 
хан рөлін театр сахнасында тамаша ойнады. Маған да қатты ұнайды.
– 
Маған екі әртістің де түрлері, мінездері ұнайды. Менің ойымша, екеуі де қатал мінезді, бірақ мейірімді 
адам сияқты. 

Ал сен өзіңді сахнада батырды ойнаған әртіс сияқты елестетіп көрші. Сенің әртіс болғың келе ме? 
– 
Иә, бала күнімде әртіс болуды, мәнерлеп өлең оқыған ақын болуды армандайтынмын. Інім екеуміз 
үйде әртіс болып рөл бөлісетінбіз. Мен үнемі хан болғанды ұнататынмын, ал ол жаумен шайқасқан батыр 
болғысы келетін. 

О-о, жақсы екен. Уақыт бөліп, әңгімелескеніңе рақмет! Аман бол! 
– 
О не дегеніңіз! Сізге де рақмет! Сау болыңыз!


330


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   269




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет