Қазақстан республикасы мәдениет және спорт



бет6/42
Дата06.09.2024
өлшемі2,5 Mb.
#203888
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42

Әдебиеттер тізімі


  1. Коншин Н. Я. О памятниках старины в Семипалатинской области // Записки Семипалатинского подотдела Зап-Сиб. отдела ИРГО вып. І Семипалатинск. 1903. – 1-32 с.

  2. Айткали А. К., Жунисханов А. С., Каирмагамбетов А. М., Ахметов М. Г., Рахманкулов Е. Ж. Предварительные результаты исследования могильника Каратобе в микро археологическом районе Кокентау в 2014 году

// «Кадырбаевские чтения-2014». Материалы IV Международной научной конференции. – Астана «Мега принт»; 2014. С. 151-160.

  1. Айткали А. Предварительные результаты исследования курганов гунно-сарматского времени могильника Котыркора в микрорайоне Кокентау

// Материалы международной научно-практической конференции «VII
Оразбаевские чтения» «Казахстанская археология и этнология: прошлое, настоящее и будущее», приуроченной к 550-летию образования казахского ханства, 20-летию ассамблеи народа Казахстана 28-29 апреля 2015 г. – С. – 348 - 350.

  1. Илиуф Х. Ш. Древности Кокентау. Материалы Международной научно – практической конференции, посвященной 70-летию музея «Роль музеев на современном этапе и перспективы развития.» Павлодар 2012, с. 29- 35.

  2. Айткали А.К., Жунисханов А.С., Каримов М. К., Исин А. И. Рахманкулов Е.Ж. Новые памятники эпохи бронзы горного массива Кокентау

// Этнодемографические процессы в Казахстане и сопредельных территориях: Сб. науч. трудов XVI Междунар. науч.-практ. конф. 28-29 сентября 2017 г., Усть-Каменогорск. – Усть-Каменогорск: «МедиаАльянс», 2017. С. 18-23.


АҚБҰЛАҚ ШАЙҚАСЫ: ЖАҢА БОЛЖАМДАР МЕН ЖОРАМАЛДАР


Н.Ж. Тулепов- өлкетанушы, Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық музей меңгерушісі, Орал қаласы
Жазба тарихтың бастауы ауызша тарих, ал оның бұлағы Дала өркениетінің феномені – сарқылмас халықтың жады. Қазақ халқына тәң бұл құбылыстың арқасында дереккөздің бай қазынасы XVIII-XX ғғ. қағаз бетіне таңбаланып, осы таптырмас мирас-мұра ұрпақтан ұрпаққа табысталып келеді. Ойлап қарасан, қазақ халқы бар болмысын, дүние танымын, салт- дәстүрі мен бірнеше мыңжылдық философиясын қаз қалпында сақтап болашақ ұрпаққа осылай аманат етті. Қазақ халқының жады ауызекі әдебиетіне артылған жұқ пен қатар сезімнен туындайтын өнер мұрасын арқалап Шоқан Уалиханов, Салық Бабажанов, Александр Затаевич, Ақмет Жұбанов сынды тұлғалардың қолдарына табыстағанша, нардай көтеріп келгеніне таң қаласын. Ата-бабадан жеткен мұраны іске асыра білу тәуелсіз елдің парызы. Сондықтан, Қазақ фольклористикасы бесінші кезенге жатқызған қазақтардың ХІХ ғасырдағы хан, сұлтандарға, патшаға қарсы күресін көрсететін Сырым, Исатай, Махамбет тарихи жырлардың бірін алып, тарих ғылымының замануи талдау әдістерін пайдалана отырып зерттеп, аталған кейіпкерлер жорық кезінде өткен аймақтың жер атауларын топографиялық картаға түсіріп, нақты да маңызды тарихи дерек қөзі екенің дәлелдеу үшін өткізген зерттеуім осы мақалаға арқау болды.
Қазақ Елі тәуелсіздікке қолы жеткен жылдан бастап халықаралық қарым-қатынастың дербес субъектісі ретінде өзінің сыртқы саясатын айқындай бастады. Ол үшін бірінші кезекте Қазақстанға ғасырлар бойы ықпал еткен Ресей империясының саясатын зерттеу маңызды еді. Себебі,
замануи Ресей Орта Азия елдерін зерттеу арқылы ықпалын күшейту бағытында сыртқы саясатын жүзеге асыруда. Сондықтан орыс пен қазақтың қайшылыққа толы өзара қарым-қатынасының тарихына зер салу арқылы, замануи көзқарас пайда бола бастады. Себебі, егемендікті қорғау және тәуелсіздік жолындағы көтерілістерді зерттеу бұрынғыдай тек қана таптық тұрғыда қарау, кейбір жағдайда ата-бабалар сарқыған күш-жігері мен ерен еңбегін мардымсыз, тіпті жоққа шығаруға да жол ашады. Ондай жаңсақ пікірге тойтарыс беру үшін тың деректерді табуды қажет етеді. Сонда ғана тарихи шыңдық салтанат құрады. Расында, барлық көтерілістер қатал түрде басып-жаншылғанына қарамастан, олар патша үкіметін қазақ қоғамының болмысымен және қазақ ұлтының көзге көрінгісіз әлеуетімен санасуға мәжбүр етті. Мысалы, Сырым Датұлы бастаған көтеріліс салдарынан қазақ даласында губерниялық басқару жүйесін 1786 ж. бастап еңгізу жөніндегі патша үкіметінің жоспары кейінге қалдырылған екен. Ал, бұл реформаның түпкі мақсаты қазақтарды күштеп қоныстандыру арқылы, отарлаушыларға жерді босату еді. Ол үшін алдымен қазақ жерлерін мемлекеттік меншік деп жариялау қажет болды. Сонда ғана қазақ жерлерін отарлау, орыстандыру, төл-тарихынан айыру, салт-дәстүрлерін жоққа шығару арқылы мәнгүрт ұрпақ тәрбиелеуге жол ашылар еді. Тура айтсақ, Ұлы Даланы отарлау саясатын қолдаушы патшаның агентері осылай пайда болды. Өз заманында билік элитасының теріс пиғылын әшкерлеген Сырым Датұлына сөз берсек:

Хан мен патша қосылып, Қулықтарын асырды.


Құл қылмақшы ұлыңды, Күң қылмақшы қызыңды Шоқындырмақ халқыңды Жоймақшы қазақ салтыңды.

Міне, 11-12 уезд басын біріктіріп губерния құру жобасы кемінде 80 жылдан астам кейінге қалдырылып, патша үкіметі оған тек қана 1868-1869 жж. оралды. Соның өзінде губерния деп атауға сескеніп, Орал облысын құру туралы шешімін жариялауға ғана батылы жетті. Бұл дегеніміз, Сырым Датұлы бастаған көтерілістің заңды жалғасы Исатай Тайманұлы, Жоламан Тіленшіұлы, Есет Көтібаров, Жанқожа Нұрмухамбетов сынды тұлғалар бастаған көтерілістер де патша үкіметінің губерниялық басқару жөніндегі жоспарын және қазақ жерлерін отарлау саясатын шұғыл жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді. Патша үкіметінің 1868-1869 жж. реформасы қабылданғанымен Орал, Торғай облыстарындағы, Маңғыстау түбегіндегі көтерілістер қазақтардың қарсылығын анық көрсетті. Сайып келгенде қазақ ұлты өзіндік ерекшелігін, тілі мен ділін сақтап қалды.


Бүгін рухы биік қазақ даласы тәуелсіздікке қол жеткізді! Кейбір халықтардың тағдырын қайталап, жаһандану салдарынан жойылып кетпеді.
Мұның өзі қазақ даласында өткен көтерілістерге баға берген кезде біз ғалым, тарихшы және филолог Билял Аспандияровтың: «Қазақстан тарихын тәуелсіздік үшін күрес дәстүрлерін қалыптастыру тұрғысынан ғана қамту керек» деген тұжырымдамасын ұстануымыз керек деп есептеймін. Осы бағытты дамыту тәуелсіздікке қолы жеткен елдің, азаттық жолында жан пида болған тарихи тұлғалардың алдындағы парызы. Бостандық Туын көтергендер қатал жазаланып, басып-жаншылса да, қазақ батырларының тәні өлтірілсе де, қазақтың Рухы жеңілген жоқ. Қазақ амалсыздан шегінді, бірақ берілген жоқ! Болашақ ұрпаққа аманат етті! Сырым Датұлы бастаған көтерілістің Туын Исатай Тайманұлы, Жоламан Тіленшіұлы, Есет Көтібаров, Жанқожа Нұрмухамбетов сынды тұлғалар биік көтерді. Сайып келгенде қазақ ұлты өзіндік ерекшелігін, тілі мен ділін сақтап қалды. Әрине, хандардың, байлардың артында сарайлар мен зәулім ғимараттар қалатыны белгілі. Дегенмен де, батырлардың артында қалған төбелер де біз үшін қасиетті. Сондықтан жер үшін, қара қазан, сары бала қамы үшін семсерін сермеген аяулы қаһарман батырларымыздың әр қадамын зерттеу, тарихын жазу бізге парыз. Солардың қатарында, Исатай-Мақамбет бастаған көтерілістің орны ерекше, рухы биік, ғасырлар бойы тәуелсіздікті аңсаған қазақ халқына бағыт берер шамшырағына айналғаны ақиқат. Осы бағыттағы зерттеуіме түрткі болған Хамза Есенжановтың «Ақжайық» трилогиясындағы тарихи толғау.
...Биден пәтуа таба алмай Ханнан кегін ала алмай.
Ақ ордасын бұзып шаба алмай, Тайманның батыр баласы.
«Торы ат басы тауында Сүйтіп бір
Міне, уай, сол заман Қаза тауып, уай,
Қалған жер» - деп, кейіпкер Нұрым жырлаған тарихи толғау жолдары аңыз болып көрінсе де, түбінде бір ақиқат жатырғандай көрінді.
Барлық тарихи құжаттарда және зерттеушілердің еңбектерінде, соның ішінде Никита Савичев, Александр Рязанов, Александр Шахматов, Халел Досмұхамбетов, Исатай Кенжалиев, Көшім Есмағамбетов, Қажым Жұмалиев, Әнес Сарай, Аманкелді Шамғонов сынды ғалымдар мен өлкетанушылар, полковник Гекенің 1838 жылдың 13 шілдесінде Орынбор әскери- губернаторы Перовскийге жазған есебіне сүйеніп соңғы шайқас Ақбұлақ өзені бойында өткенін жазады. Дегенмен де, Ақтөбе облысының Қобда ауданынадағы Ақбұлақ өзенімен қатар, Батыс Қазақстан облысының Бөрлі, Шыңғырлау аудандары мен Ресей Федерациясының Орынбор облысының шекаралас территорияларында кемінде үш Ақбұлақ өзені бар екені ескерілмей қалған. Сондықтан, шайқас қай Ақбұлақтың басында өткенін анықтау үшін полковник Гекенің жазалаушы отрядымен оларға кейін қосылған сұлтан-правитель Баймағамбет Айшуақовтың отряды ізімен,
бірнеше топографиялық карта бойынша қайта жүріп өттім. 1838 жылдың 6 шілде күні Орынбор қаласынан Исатайға қарсы шыққан Геке бастаған отряд 8 шілдесінде Илецкая защитасына (бүгінде Соль-Илецк) жетеді. 9 шілде күні отряд Үлкен Қобдаға жетіп түнеді. Сұлтан-правитель Баймағамбет Айшуақов
150 адам отрядын бастап өз Ставкасынан шықты. Тыңшылар жеткізген хабарға байланысты олар жоспарлы уақыттан бұрын, 10 шілде күні Үлкен Қобдадан өтіп кешкі сағат 7-де «Ешкіқырған» өзенінде қосылады. Бірнеше сағаттан кейін жазалаушы екі отряд бір тәулік бойы тоқтамастан 50 верст жол жүріп, Баймағамбет сұлтан ауылына баратын және Байұлы қоныстарына қарай бағыт алатын жолдардың тоғысқан жері Ақбұлақ өзеніне жетіп бекінді. Осы жерге келуінің себебі Геке мен Баймағамбет «Исатай мен Қайыпқали хан, сұлтан-правитель Баймағамбет Айшуаковтың ауылына шабуыл жасамақшы, Баймағамбеттің өзін тұтқындамақшы, не өлтірмекші» деген жансыздың хабары еді. Бұл ақпарды шайқаста түтқынға түскен Қожақмет Өтемісұлы да растайды: «Шекара бойында қазақтарды жорыққа шақыру немесе күшпен мәжбүрлеу үшін Исатайды сарбаздарымен шеқара қарай аттандырған кезде Хан Ойыл өзенінде қалған». Расында, «Исатай Гекенің шыққанын естуден бұрын, Есімовтен бөлініп, тұтқыйылдан барып тиісу үшін, Илек қалашығынан 60 верст қашықтықта Суықбұлақ өзені бойындағы сұлтан ордасына (Ставкасы) қарай жөнелген еді. «Алға қойған жоспарын жүзеге асыру мақсатында Исатай 500 таңдаулы жігіттерімен шілде айының басында Қиыл өзенінен сұлтанның Ставкасына қарай аттанады» - деп А.Рязанов толықтырады. Баймағамбет Айшуақовтың Ставкасының орның аңықтау мақсатында топографиялық картаға циркульмен сызған 60 верст шеңбердің бір бүйірі қазіргі Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданындағы Суық Бұлақ өзенімен қиылысты. Баймағамбет Айшуақов өз Ставкасын шаптырмау үшін астыртын жіберген тыңшысы Балты: «мен бір Байұлы руынан келіп отырған адаммын, Айшуақов азғантай ғана адаммен Байұлы ауылдарына жүр, малымызды тартып әкетті» деп Айшуақов сұлтанның үстінен жалған шағым ете бастайды. Сөйтіп, Исатай қас жауын шабу үшін Байұлының қоныстарына қарай ат басын бұрады. Міне, осы жалған ақпаратта аталған Байұлы қоныстары Ақбұлақ өзені, Қайынды өзені, Шыңғырлау өзені мен Торатбасы тауларынан онтүстік, онтүстік-батысқа қарай орналасқан еді. Сол сияқты Жайық және Елек өзендері бойын Жетірудің Кердері, Тама, Табын рулары жайлаған. Қиыл өзені бойында Кете рулары қоныстағаны және олардың біразының көтеріліске қосылғандығы тарихтан белгілі. Осының өзі Ақбұлақ шайқасы Байұлы қоныстарына жақын жерде өткеніне бір дәлел.
«1838 ж. 16 шілдеде Орынбор әскери губернаторының, Ақбұлақтағы ұрысқа қатысқан есімі белгісіз бір қазақтың мәліметі негізінде, Орынбор шекара комиссия төрағасы, генерал-майор Генске жолдаған рапортында Баймағамбет жасағының Исатай тобымен ұрысы Илецкая защитадан 100 шақырымдай жерде болған деп атаған». Есептесек, Ақбұлақ өзенінің
маңындағы Торатбасы тауы Илецкая защитадан да, Илек қалашығынан да 100-106 км қашықтықта орналасқаны осы деректі профессор К.Есмағамбетов жариялаған 100 шақырымға дәлме-дәл келіп тұр. А.Шахматов зерттеуінде:
«1838 ж. 16 шілдеде Сухореченская және Хабарная отрядтарына тағы да шабуыл жасалып, бір казак мерт болып, екі казак тұтқынға түскен» - деген. Осы деректе Исатай бастаған көтерілісшілер шекараға жақын аймақта болғаның дәлелдейді. Егерде Ақбұлақ шайқасы Қиыл өзені маңында болған болса, көтеріліссшілер шеқарадан 226 км алыстап кетіп, шеқара бойындағы отрядтарға шабуыл жасар алмас еді. 1949 ж. шыққан «Қазақ ССР тарихы ерте заманнан осы күнге дейін» атты кітапқа еңген «Исатай Тайманов пен Кенесары Қасымов бастаған қозғалыстарының қартасында»: «Исатайдың өлген жері» деп анық көрсетілген географиялық координаттар нүктелері Торыатбасы тауының да, Ақбұлақ майданының да географиялық координаттары берілген шама шеңберінде екенін көріп тұрмыз. Сондықтан, Исатай-Мақамбет бастаған көтерілісшілердің соңғы шайқасы Шыңғырлау ауданындағы Ақбұлақ өзені бойында болғанына бұлтартпас дәлелдер айтылып, жан-жақты дәлелденді деп есептеймін. Ғылыми тұрғыдан дәлелденген осы тарихи деректің маңыздылығы, белгілі болса да еленбей келген тарихи толғаудың авторын аңықтауға жол ашады.
Ендігі мәселе, Хамза Есенжановтың «Ақжайық» трилогиясында:
«Тайманның батыр баласы Торы ат басы тауында қаза тауып, қалған жер» деген тарихи толғаудың авторы кім деген сұраққа жауап іздейік. Ол үшін Мақамбетке жүгінейік. Дауылпаз ақын Мақамбет «сенімді серігі Исатайды, өлеңдеріне қосып, сөзбен бейнелеп, санамызға өшпестей етіп құйып кетті. Әсіресе, Исатай туралы «Исатай деген ағам бар», «Исатай сөзі», «Арғымаққа оқ тиді», «Тарланым», «Соғыс», т.б. өлеңдерінде Исатай батырдың әр қадамы мен ой-арманы жан-жақты бейнеленге Исатай батырдың да, батыр-билердің де тұлғасы шынайы сомдалып, азаттық күресі жолындағы әр қадамы әсерлі суреттелген. Осы жерде, мынадай ой келеді Исатайдың өзіне және мінген атына оқ тигеніне дейін: «Арғымаққа оқ тиді, Қыл мықынның түбінен. Ер жігітке оқ тиді, Ауыз омыртқаның түбінен» деп әсерлі сөзбен өрнектеген Мақамбет, достық символына айналған сенімді серігі Исатайдың қаза тапқан жері мен сүйегі қалған жерді неге аманат етпеді ұрпаққа?! Ол, ешқандай логикаға сыймайтын, болу мүмкін емес. Нонсенс! Әрине, Мақамбет Исатай батырдың сүйегі қорланбасын деп күпияны өлендеріне жасырып кеткені сөзсіз. Тек талмастай іздену керек. Сондықтан, осы бағытта Мақамбеттің болашақ ұрпаққа арнаған аманатының бірі, ол Хамза Есенжановтың
«Ақжайық» трилогиясындағы: «Тайманның батыр баласы Торы ат басы тауында қаза тауып, қалған жер» деген тарихи толғау жолдары Мақамбеттің толғауы деп есептеймін. Дәлелдеп көрейін. Алдымен тарихи толғаудың толық мәтінің берейік:
Жайықтың бойы жайлы қиян,
Еділдің бойы елді қиян. Маңғыстаудың бойы малды қиян – Адыра қалғыр үш қиян!
Үш қиянның мына бойынан Талай жұрт босып жол салған, Көшудің жолын мол салған!
Түндігін түнде түсіріп, Іңірде сүтін пісіріп, Жас балаға ішіріп, Түні бойы дүрлігіп, Теңдеп буып мүлігін, Төртке бөліп түлігін,
Таң ата иесіз жұрт қалған, Өреде жайған құрт қалған Қаңғыған жалғыз ит қалған. Жеті жұрттың кеткен жер, Адыра қалсын неткен жер!
Ердің соңы Исатай, Ерліктің туын тіккен жер. Жауды басқа тепкен жер, Мақамбетін ертіп ап Жәңгірге шеп құрған жер. Жасқұстың арғы тұмсығы Қамал етіп тұрған жер, Уа, дүние-ай, қапыда Санын батыр ұрған жер.
Ханнан бермен ығысып, Шатыр тігіп жатқан жер Көпірі жоқ Ақ Жайық, Атын жалдап өткен жер. Мұз үстінде от жағып Ала қыстай кезген жер. Жылы төсек, ақ орда
Жар қойнынан безген жер, Қара қазан, сар бала
Қамы үшін қайғы татқан жер, Өкінішке батқан жер,
Уа-а-а, батқан жер!
Семсерін сермеп айқайлап Бір жол жүзін кескен жер. Көк сүңгісін оң сілтеп,
Жау кеудесін тескен жер. Ақ табан ақ жануар Сүрінбес тұяқ бола ма, Қапыда орға түскен жер. Биден пәтуа таба алмай, Ханнан кегін ала алмай.
Ақ ордасын бұзып шаба алмай, Тайманның батыр баласы.
«Торы ат басы тауында Сүйтіп бір
Міне, уай, сол заман Қаза тауып, уай, Қалған жер.

Расында, түсіне білген адамға бұл азаттық жолындағы күрестің кысқа тарихнамасы, өткен ұлы жолдың корытындысы. Тарихи толғауда көтерілістің мақсаты, ерлік рухы, азаттықты аңсаған ел арманы, ел тағдырын өз тағдыры санаған Исатайдың болмысы жан-жақты сипаталған. Алдымен, осы толғауда Мақамбетке тән жауынгерлік стилі бояуы анық байқалып тұр. Мысалы:


Ердің соңы Исатай, Ерліктің туын тіккен жер. Жауды басқа тепкен жер.
Әсіресе, қару-жараққа қатысты тіркестері: ерліктің туы, семсер, ақ болат, семсерін сермеп, көк сүңгі:

Семсерін сермеп айқайлап Бір жол жүзін кескен жер. Көк сүңгісін оң сілтеп, Жау кеудесін тескен жер.


Міне, барлық жолдарында күреске, тартысқа қатысты етістіктер зат есім сөздермен осылай өрнектелуі, Мақамбет тіліне тән өзіндік ерекшелік екені әдебиетану ғылымы жан-жақты дәлелдеген аксиома. Келесі, Исатайдың барында, шабытымыз келгенде: «Қара қазан, сары бала қамы үшін қылыш сермедік» десе, Исатайдан айырылғанан кейін «Қара қазан, сар бала қамы үшін қайғы татқан жер» деп өкініші мен қайғысын жасырмайды. 1974 жылы тарихшы ғалым Исатай Кенжалиев «Арыстан еді Исатай» атты мақаласында ел аузынан біз Мақамбеттің бұрын жарияланбаған, Ақтөбе облысының оңтүстігінде Атай мен Матай деген екі таудың ішінде қашып жүріп айтқан
«Уа, күндер-ай» деген толғауын жазып алғанның айтады. Сол толғаудың бір жерінде Мақамбет 1838 жылғы соғысты қысқаша баяндай келіп, мынадай шумақтарды айтқан.
Уа - заман-ай!
Сай құралдың жоғынан, Жауыз жаудың оғынан Есіл ер өмір тапсырды-ай, Тап қырық бір жасында-ай, Қапыда өткен дүние-ай!
Бір арманым сол болды- Асыл тәні ерімнің
Қалмады-ау баба қасында-ай!
Осы қысқа шумақтардың желісі мен «Уа-заман-ай», «дүние-ай!» сөздеріне қарап Хамза Есенжанов «Ақжайық» трилогиясындағы толғаудың жалғасы екенің, Мақамбеттің жыры екенің дәлелдей түседі.
Тарих ғылымдарының докторы, профессор Көшім Есмағамбетовтың
«Исатай батыр бейіті: аңыз бен ақиқат» атты мақаласындағы сөзімен түйіндейін: «Мәңгүрттіктен арылатын уақыт жетті. Бостандық жолында өмірін қиған Исатай бабамыздың бейітін анықтап, басына тағзым ету бүгінгі ұрпақтың парызы екендігін еске салған артық болмас». Әрине, бүгін менің қолымда Исатай батыр жерленген жер туралы да болжау бар, бірақ ол келесі мақала еңшісінде. Алдымен, Ақбұлақ шайқасы қай жерде болғаның аңықтап алып, сан-сала пікір бір арнаға тоғысу қажет. Осы пікірді, тарих майталманы Исатай Кенжалиев 1974 ж. жарияланған «Арыстан еді Исатай» атты мақаласында жазып, тарихшылардың алдында тұрған ең маңызды міндеттерін айқындап кеткен еді: «Ал Исатай бейіті туралы әңгімеге оралсақ, бізге сол бейітпен қатар шайқастың қай жерде басталып, қайда аяқталғаны қажет». Тәуелсіз елдің ұрпағы аманатқа қиянат жасамайтынына мен сенемін!


Анонс:
«Архив-2025» Бағдарлама аясында мақала авторы Н.Тулепов ұсынған
«WestAрхив-2025» жобаны жүзеге асыру барысында Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік архиві, Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің қоры мен Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының «Өлкетану» бөлімі қорынан тың деректі іздеу нәтижесі «Ақбұлақ шайқасы: жаңа жорамалдар мен болжамдар» атты ғылыми мақала Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен Лев Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университеті ғылыми-практикалық конференцияларында және Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті тарихшыларының ұйымдастыруымен Ғабдол Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында өткен дөңгелек үстелде талқыланып, ғылыми сараптамадан өтіп тарихшы- ғалымдардың тарапынан қолдау тапты.

Исатай мен Мақамбет бастаған көтерілісшілердің соңғы шайқасы қазіргі Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданындағы Ақбұлақ өзені мен Торыатбасы тауы аралығында өткен деген болжамды дәлелдейтін карта.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет