Қазақстан Республикасы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін типтік бағдарламасы Астана 2015 Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ»



бет5/16
Дата25.01.2017
өлшемі3,58 Mb.
#7792
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Дене шынықтыру

Қол, дене, аяққа арналған жалпы дамыту жаттығулары. Ересектердің көрсетуі және ауызша нұсқау бойынша дене жаттығуларын орындау, гимнастикалық атрибуттарды қолдануға үйрету.

Негізгі қимылдар: бір уақытта үштен аспайтын негізгі қимылдарды орындау ұсынылады.

Жүру және жүгіру: шағын топқа бөлініп және бүкіл топпен, жұптасып, шеңбер бойымен, қол ұстасып, қарқынды өзгерте отырып, жүгірумен алмастырып және керісінше (тәрбиешінің соңынан), бағытты өзгертіп, шашырап, заттарды айналып өтіп, алға қарай қырындап жүру. Аяқтың ұшымен жүру. Арқаннан, қырлы бөренеден, текшеден аттап жүру.

Доғадан, орындық, жол бойымен нысанаға дейін төрттағандап еңбектеу.

Ауданы 50х50 см, биіктігі 10 см мінбеге, саты-баспалдаққа, гимнастикалық қабырғаға өрмелеу.

50-60 см арақашықтыққа доптарды (диаметрі 10-15 см) екі қолмен бастан асыра және кеуде тұсынан лақтыру. Тәрбиешінің лақтырған добын қағып алу.

Кішкентай доптарды, қапшықтарды 50 см арақашықтықта орналасқан нысанаға дәлдеп лақтыру.

Бір орында және алға жылжи отырып қос аяқтап секіру.
Балалар тіршілігін ұйымдастыру және тәрбиелеу

Мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру.

Мәдени-гигиеналық ережелерді қолдану мен білімдерін бекіту.

Өздігінен қимыл әрекетін қамтамасыз ету.



Балалардың өз бетінше ойындарында қозғалыс белсенділігін реттеуге мүмкіндік беретін жағдайларды жасау.

Салауатты өмір салты және сауықтыру-шынықтыру шаралары дағдыларына баулу.

Балаларды шынықтыру таңертеңгілік серуен кезінде ультракүлгін сәуленің әсерінен ауа, су шараларынаң үйлесімділігімен қамтамасыз етіледі. Жергілікті және жалпы шаралар қолданылады.

Балалар жылдың салқын мезгілінде, ауа температурасы - 15°С төмен емес болғанда, 4-5 қабат киіммен далаға шығып, серуендей алады.

Ауа ваннасы бала күніне бірнеше рет киінгенде жүргізіледі, ұзақтығы 2-3 минуттан 6-10 минутқа дейін артады.

Сумен шынықтыруда бала ұсақ тастары бар ваннада жүреді. Су температурасы +35°С, +34°С-тан +23°С, +22°С-қа дейін әр үш күн сайын 2 градусқа төмендетіліп отырады. Басқа күнделікті шараларда су температурасы +30°С градустан +18°С, +16°С-қа дейін біртіндеп төмендейді.


Күтілетін нәтижелер:

- ересектердің ауызша айтуы немесе көрсетуімен сәйкес дене жаттығуларын орындайды, гимнастикалық атрибуттарды қолданады;

- топқа бөлініп және бүкіл топпен жұптасып, шеңбер бойымен, қол ұстасып, қарқынды өзгерте отырып, жүгірумен алмастырып және керісінше жүреді;

- аяқтың ұшымен, арқаннан, қырлы бөренеден, кубиктен аттап жүреді;

- доғадан, орындықпен, жолмен нысанаға дейін төрт тағандап еңбектейді;

- саты-баспалдаққа, гимнастикалық қабырғаға өрмелейді;

- допты екі қолмен бастан асыра және кеуде тұсынан, алысқа лақтырады, тәрбиешінің лақтырған добын қағып алады; кішкентай доптарды, қапшықтарды дәлдеп лақтырады;

- бір орында және алға жылжи отырып қос аяқтап секіреді;

- қолды дұрыс жуады;

- өздігінен ұқыпты тамақтанады, қасық, кесе, сүлгілерді дұрыс және орынды қолданады;

- өздігінен киіну және шешінеді, аяқ киімдерін киіп және шешіп, киімдерінің түймесін ағытады, қайта түймелейді және бәтеңкесінің бауын байлап, шешеді;

- белгіленген тәртіппен киімдерді ұқыпты бүктеп, жинайды.


«Қатынас» білім беру саласы

«Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны:

- тіл дамыту;

- көркем әдебиет ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде жүзеге асырылады.

Мақсаты: тілдің грамматикалық құрылымын, дыбыстық мәдениетті, байланыстырып сөйлеуді қалыптастыру, сөздік қорды байыту және балаларда тілдік қатысу дағдыларын мақсатты және көркем шығармаларға және ауызша халық шығармашылығына қызығушылығын дамыту.

Міндеттері:

- баланың өз айналасындағы адамдарды көрнекіліксіз түсіну қабілеттілігін дамыту, пассив сөздікті байыту;

- балалардың ауызша сөйлеуінің барлық компоненттерін (тілдің лексикалық, грамматикалық, айтылу жақтары; байланыстырып сөйлеудің (диалогтік, монологтік түрлері) балалар әрекетінің әртүрлі түрлері мен формаларында дамыту;

- көркем шығармаларға, көркем сөзге қызығушылықты қалыптастыру.
І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Тіл дамыту

Тілдің дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеу

Дағдыларды қалыптастыру:

- ана тіліндегі дыбыстар мен сөздерді анық айту;

- айналасындағы адамдардың сөзін есту және тыңдау, түрлі дыбыстарды саралау, дауыстың қаттылығы мен айтылу жылдамдығын ажырата білу;

-дыбысқа еліктеу сөздерін қолданып, дауысты дыбыстарды дұрыс айту;

-заттарды суреттеу үшін тілдегі зат есімдерді етістіктермен, сын есімдермен қолдану;

- зат есімнің көпше түрін пайдалануға, сын есімді өткен шақ түрінде зат есіммен және етістікпен үйлестіруге, сөздерді дұрыс айтуды ескеріп, сөз тіркестерін жасай білуді (сын есім + зат есім, зат есім + етістік);

- дыбыс аппаратын дамыту, дыбыстарды, сөздерді және сөз тіркестерін дауыстың биіктігін, екпінін, күшін есепке алып дәл айтуды;

- сөздік қорын молайту және жандандыру.

Байланыстырып сөйлеуді дамыту

Ересектердің бүкіл топқа бағытталған сөзін балалардың мұқият тыңдауына назар аудару. Ересектермен және құрдастарымен тілдік қатынас жасауды дамыту.

Балаларды қарапайым (Кім?, Не?, Не істейді? және т.б.) және бірте-бірте күрделі (Нені ұстады?, Нені әкеледі? және т.б.) сұрақтарға жауап беруге үйрету.

Ертегі, әңгіме, тақпақтарды мұқият тыңдау, олардың мазмұнын түсіну біліктерін қалыптастыру.

Көркем сөздерді толық қабылдауды қалыптастыру: эмоционалды ықыластылық, балалар әдебиеті шығармаларының мазмұны мен бейнесін қарапайым түсіну.

Сөйлеудің диалогты формасын меңгеруге мүмкіндік беру: тәрбиешімен, құрдастарымен әңгіме; ойыншықтар, суреттегі бейнеленгендер, оқылғандар туралы айтуы кезінде.

Ертегідегі, қысқа әңгімелердегі әрекеттердің дамуын, көптеген әрекет етуші тұлғалармен шығармалардағы жаңа кейіпкерлердің пайда болуын, олардың қарым-қатынастарын, драмалық кейіпкерлерге жаныашырлықты қадағалау. Қысқа тақпақтар мен санамақтарды жатқа айту дағдыларын қалыптастыру.
Көркем әдебиет

Дағдыларды қалыптастыру:

- ертегі, әңгіме, тақпақтарды түсіну және ондағы әрекеттердің дамуын қадағалау;

- тақпақтардың интонациясын эмоциялы қабылдау;

- кейіпкерлердің пайда болуын, олардың өзара әрекеттерін, ертегі, әңгіме, тақпақтағы қарама-қарсы кейіпкерлерді түсіну ;

- таныс тақпақтарды қайталау, ойыншықтарды қолданып, мазмұндары бойынша күрделі емес ойындарға қатысу.



- қуанышын жеткізіп, кейіпкерлерге аяушылық танытып, ересектен кейін тақпақтарды айту, ойын әрекеттерін орындау, ертегілерді рөлдер бойынша ойнау.
Күтілетін нәтижелер:

- сөз тіркесіндегі, сөйлемдегі дыбыстар мен сөздерді айтады;

- заттардың қасиеттерін және олармен әрекеттерді атайды;

- сөйлеуде ыдыстардың, киімдердің, жиһаздардың атауларын қолданады;

- грамматикалық ережелерді ескеріп, зат есімдерді, сын есімдерді қолданады;

- сұраулы, лепті сөйлемдерді айтады;

- айтылым дағдыларын игереді;

- қысқа тақпақтар мен санамақтарды, өлеңдерді жатқа біледі;

- шығармалардың мазмұнына эмоциялы үн қатады.
ІІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Тіл дамыту
Тілдің дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеу

Балаларға ана тіліндегі дыбыстар мен сөздерді анық айтуға үйретуді, дауыс аппаратын дамытуды жалғастыру.

Дағдыларын бекіту

-түрлі дауыс жоғарылығымен, қарқынымен, биіктігімен дыбыстарға еліктеушілікпен айту;

- дыбысты анық айтып қана қоймай, сөйлеу тілінің екпіні мен ырғағын сақтауға талпыну;

- сөз тіркесіндегі, сөйлемдегі сөздер мен дыбыстарды айту.

Сөздік қорын қалыптастыру

Белсенді сөздік қорын байытуды жалғастыру.

Белсенді сөздікті бекіту: заттардың қасиеттерін және олармен әрекеттерді атау.

Дағдыларды қалыптастыру:

- тілдік қатынасты, сөйлеу тілін;

- күнделікті әрекетте ыдыс-аяқ, киім, жиһаздарды, түрлі сөз табын қолдану;

- заттардың белгілерін білу, жануарлар мен олардың төлдері, көкөніс, жеміс, өсімдік, еңбек әрекеттерін білдіретін сөздерді қолдану.

Тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыру

Дағдыларды қалыптастыру:

- тәрбиешінің сөзін түсіну;

- зат есімнің көпше түрін дұрыс пайдалану, сын есімді зат есіммен түріне және санына қарай үйлестіру;

- сауалды және лепті дауыс екпінін меңгеру.

Байланыстырып сөйлеуді дамыту

Дағдыларды бекіту:

- сөйлеудің диалогтық түрлерін дамыту;

- балаларды тәрбиешіге, құрдастарына ойыншықтар, суреттегі бейнеленгендер, оқылғандар туралы сұрақтар қоюды.

- қоршағандардың сөздерін көрнекіліксіз, тұрмыстық және ертегілер тақырыптарындағы әңгімелерді тыңдау.

Дағдыларды қалыптастыру:

- сөз тіркестерін айту (3-5 сөзбен) таныс шығармалардың қарапайым мазмұндарын ойнау.

- кітаптағы суреттерді қарап, олардың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру, көлемі бойынша шағын өлеңдер мен тақпақтарды жаттау.



Көркем әдебиет

Дағдыларды қалыптастыру:

- болған жағдайларға жанашырлық, ертегі, әңгіме кейіпкерлеріне аяушылық;

- көптеген кейіпкерлермен тақпақтардың мазмұнын, ырғақты ойындарды қайталауды эмоциялы қабылдау ;

- ересектермен тақпақтарды, өлеңдерді, әңгімелерді оқу, кітаптарды көрсету, ертегілерді әңгімелеуге тұрақты қызығушылық;

- шығарма мазмұнына эмоционалды түрде үн қата білу, кейіпкерлер бейнесіне ене білу қабілеттерін;

- қысқа мереке туралы қуаныш сезімдері берілген тақпақтарды жаттау;



- таныс шығармалардың қарапайым мазмұндарын ойнау. Таныс тақпақтарды асықпай, анық айтуға баулу.
Күтілетін нәтижелер:

- белсенді сөздікте барлық сөз таптарын қолданады;

- шағын әңгімелерді көрнекіліксіз тыңдайды;

- 3-5 сөзден тұратын тіркестермен, сөйлемдермен сөйлеу, ақпараттармен бөліседі;

- ертегіні, әңгімені, әлдиді алаңдамай, құрбыларының шағын тобымен тыңдайды, олардың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, таныс тақпақтарды, қысқа өлеңдерді анық, асықпай айтады;

- ертегідегі, қысқа әңгімедегі әрекеттің одан әрі өрбуін, шығармаларда жаңа кейіпкерлердің пайда болуын, олардың қарым-қатынасын қадағалайды;

- драмалық оқиғалардағы кейіпкерлерге жанашырлық танытады, бұрыннан таныс кейіпкерлермен кездесуге қуанады;

- таныс шығармалардың қарапайым мазмұндарын ойнайды.

«Таным» білім беру саласы
«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны:

- қоршаған ортамен таныстыру;

- экология негіздері;

- сенсорика;

- құрастыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде жүзеге асырылады.

Мақсаты: зияткерлік және танымдық қабілеттерін дамыту, балалардың ой-өрісін кеңейту.

Міндеттері:

- қоршаған орта құбылыстары, қоғамдық өмір және мамандықтар туралы ұғымдарды қалыптастыру;

- тілін және ойлауын , сөздікті белсенділендіру, дыбыстың дұрыс айтылуын дамыту;

- қарапайым құрылыстарды құрастыра білуге үйрету;

- қоршаған ортаны сақтау және оған жанашырлық қарым-қатынасты сіңіру.
I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Қоршаған ортамен таныстыру және экология негіздері

Қоғамдық өмір құбылыстары

Ересектердің еңбегіне қызығушылығын дамыту. Еңбек және жекелеген еңбек әрекеттері туралы ұғымдарын қалыптастыру.

Заттардың қасиеттері мен кеңістік ортаны бағдарлау негізінде танымдық-практикалық дербестігін («Мен өзім») және көру-қозғалыс үйлесімділігін қалыптастыру.



Өзі және жақын адамдарының туыстық байланыстары, жасы туралы жалпы ұғымдарын қалыптастыру.

Баланың заттарды, объектілерді және айналасындағы құбылыстарды зерттеу қызығушылығын ояту. Балаларды заттардың түсі, көлемі, олардың орналасуын ажыратуға; адамдар мен жануарлардың қимылдарына еліктеуге үйрету.

Балаларды үй тұрмысына қажетті заттарды бағдарлауға: заттарды және олардың қасиетін – қарапайым түрдегі пішінін, құрылысын, ашық түсін, көлемін танып, атауға үйрету. Заттардың бөлшектерінің атауларын (орындықтың аяғы, арқалығы, отырғышы) кейбір қасиеттерін (түсі, көлемі, пішіні), заттардың қолданылуын білу.

Табиғат ортасы

Өсімдіктер әлемі. Сыртқы түріне, түсіне, дәміне, атауы бойынша тану және танысу.

Ағаштарды (1-2 түрі), шөпті, гүлді атау және ажырату, алаңдағы гүлдердің, шөптердің түстерін атай білуді қалыптастыру.

Жануарлар әлемі

Үй жануарлары мен оның төлдерін, аңдарды, құстарды атап, ажырату және оларға тән ерекшеліктерін атап көрсету.

Табиғат құбылыстары

Табиғат құбылыстарына қызығушылығы мен зейінділігін арттыру.

Тұрмыстағы, табиғаттағы судың қасиеттері туралы білімдерін қалыптастыру.

Ауа райындағы және табиғаттағы өзгерістерді ажырату біліктерін қалыптастыру.


Сенсорика

Заттық әрекет

Зат-құралдарын қолдану дағдыларын жетілдіру, біркелкі заттарды сенсорлық белгілері бойынша топтастыруға, ауызша нұсқау мен үлгіге сүйене отырып, тапсырмаларды орындауға үйрету.

Қол мен саусақ ұштарының қимылдарын және «көз – қол» сенсомоторлық кеңістіктік үйлесімділігін дамыту.

Біліктерді жетілдіру:

- көлемі, пішіні, түсі бойынша ерекшеленетін біркелкі заттарды және түрлі көлемдегі геометриялық пішіндерді топтастыруға үйрету;

- сенсорлық қасиеттерді анықтау және салыстыру: негізгі түстен, түрлі көлемдегі геометриялық пішіндерді, қасиеттері жағынан ұқсас және әртүрлі заттарды.
Құрастыру

Құрылыс материалдарынан және ірі құрылыс бөлшектерінен құрастыру

Құрылыс үлгілерін қарап, оның бөліктерін атап көрсетуге, қандай бөлшектерден құралғанын анықтауға, үйдің, машинаның, жиһаздардың құрылысының жетіспейтін бөліктерін таба білу біліктерін қалыптастыру.

Білімдерін қалыптастыру:

- әртүрлі түстегі және пішіндегі геометриялық пішіндерден тұратын ағаш, пластмасса құрылыс материалдары туралы;

- үстел үстінде орналасқан материалдармен (кубиктер, кірпіштер), олардың әр түрлі пішіндерімен, көлемімен және жайпақ үстел бетінде орналасуымен (кірпіш жатыр, тұр) және тұрысына байланысты әртүрлі орналасуы туралы;

- кірпіштерді көлденеңінен орналастыруға, кірпіштерді бірінің үстіне бірін қоюға (мұнара), текшелерді кірпіштермен қатар қою туралы;

- кірпіштерді түрліше орналастыра отырып (қақпа, үй) құрастыру. Балаларға бөлшектерді түзу сызық бойына орналастыру және кеңістік белгілерін ескере отырып, біріктіру туралы дағдыларын қалыптастыру.


Күтілетін нәтижелер:

- еңбек және жекелеген еңбек әрекеттері, өзі және жақын адамдарының туысқандық байланыстары туралы ұғымдарды біледі;

- ересектің нұсқауы бойынша: түсі, көлемі бойынша заттарды табады;

- заттар мен олардың қасиеттерін тану және атайды;

- көкөністер мен жемістерді сыртқы түрі, түсі, дәмі бойынша ажыратады;

- ағаштарды (1-2 түрі), шөпті, гүлді, атау және ажырату, түстерін айтады;

- үй жануарлары мен оның төлдерін, аңдар, құстарды атап, ажыратады;

- тұрмыстағы, табиғаттағы судың қасиеттері туралы біледі;

- ауа райындағы және табиғаттағы өзгерістерді ажырату;

- зат-құралдарды қолданады, біркелкі заттарды сенсорлық белгілері бойынша топтастырады, ауызша нұсқау мен үлгіге сүйене отырып, тапсырмаларды орындайды;

- көлемі, пішіні, түсі бойынша ерекшеленетін біркелкі заттарды және түрлі көлемдегі геометриялық пішіндерді топтастырады;

- негізгі түстерден, түрлі көлемдегі геометриялық пішіндерді сенсорлық қасиеттері бойынша іріктейді және салыстырады;

- ағаш, пластмасса құрылыс материалдары туралы біледі;

- олардың бөліктерін анықтайды, үй, машина, мебель құрылыстарының жетіспейтін бөлшектерін табады;

- түрлі пішіндегі кірпіштерді орналастыру туралы біледі;

- құрастырылған қарапайым құрылысты атайды;

- бөлшектерді біріктіреді, оларды орналастырады;

- кеңістік белгілерін (бірақ әзірге атамайды) ескереді.


IІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Қоршаған ортамен таныстыру және экология негіздері

Көлік құралдары (жолаушы және жүк) және оның маңыздылығы, автокөлікті басқару, сонымен қатар жүк автомобилінің негізгі бөліктерін атап, ажырата білу туралы қарапайым білімдерді қалыптастыру.



Жақын адамдарының туыстық байланыстары, жасы туралы ұғымдарды бекіту. Адамның денесінің құрылысы, түрлі жыныстағы адамдардың сыртқы түрі, олардың киімінің ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастыру.

Адамның сыртқы дене және эмоционалдық ерекшеліктері, балаға жақын адамдардың кәсіптік әрекеттері туралы білімдерді бекіту.

Заттарды қолдану белгілері бойынша топтарға біріктіру.

Балалардың заттардың санын, кеңістікте орналасуын, қозғалыс бағытын сипаттай білуін жетілдіру. Сөйлегенде сәйкес үстеулер мен сын есімдерді қолдану.

Заттарды пішініне, түсіне, көлеміне, қолданылуына байланысты іріктеп алып, топтастыру, қарама-қарсы, бүтін және бөлшекті белгілері бойынша олардың арасындағы қатынасын орнату, заттармен, материалдармен әрекет жасауды атауға, қарама-қарсы әрекеттерді ажырату дағдыларын жетілдіру.

Табиғат ортасы

Өсімдіктер әлемі

Балаларды өсімдіктің, ағаштың негізгі бөліктерін меңгеруге, жапырақтардың түсіне, көлеміне, пішініне қарай ажыратуға, өсімдіктерге күтім туралы ұғымдарын қалыптастыруға, оларды күтіп-баптауға баулуға үйрету.

Жануарлар әлемі

Жануарлар денесінің кейбір бөліктерін ажырату және атау.

Құстарға және олардың қылықтарына бақылау жасау. Балаларды аквариумдағы балықтарды, құстарды қоректендіруге үйрету.

Табиғат құбылыстары



Сыртқы белгілері және атаулары бойынша жыл мезгілдерін ажырату дағдыларын қалыптастыру. Табиғат құбылыстарына қызығушылық пен зейінділікке тәрбиелеу.

Табиғаттағы жыл мезгілдерінің ауысуын және олардың ерекшеліктерін ажырата білу.


Сенсорика

Балалардың көлемі, пішіні бойынша біртекті заттарды топтастыру біліктерін, 2 қасиеті бойынша қарапайым ауыстыру қағидасымен 3 және біртіндеп саны азаятын бөлшектерден түрлі-түсті пирамидалар құрастыру, қалыптастыру (түсі мен нысаны, нысаны мен көлемі, көлемі мен түсі және т.б. бойынша).

Әртекті заттарды түсі, түрі, көлемі бойынша салыстыра келе, мүмкін болатын 3-4 сенсорлық қасиетін таңдай отырып, сәйкестендіре білуді бекіту.

Бейнелеу өнері, құрастыру әрекеті түрлерінде заттардың сенсорлық қасиеттерін ескеруге, заттар мен құбылыстардың сенсорлық қасиеті мен сапасын вариативті түрде қолдану біліктерін қалыптастыру.


Құрастыру

Құрылыс материалдарынан және ірі құрылыс бөлшектерінен құрастыру.

Біліктерді қалыптастыру:

- жиһаздың бөлек заттарын түрлі нұсқада құрастыру, екі-үш құрылысты (үстел және орындықтар, үстел және диван және т.б.) бірден жасау, құрастырудың ерекшелігін ескере отырып, материалдарды алдын-ала іріктеп алу;

- құрылыс ауқымымен бірдей сюжетті ойыншықтарды қолданып жасалған қарапайым құрылыстарды атау және оларды ойнау, құрылысты бұзу және бөлшектерін қораптарға ұқыпты жинау.

Қағаздан құрастыру

Қағазбен жұмыс істеу - жұмарлау және жырту дағдыларын қалыптастыру, оларға кесектеліп жұмарланған және жыртылған қағаздан «бейне» көре алуға көмектесу.


Күтілетін нәтижелер:

- көлік құралдарының, автомобиль бөлшектерінің, өсімдіктердің, ағаштардың, жеміс-жидектердің, үй жануарлары, аңдар және олардың төлдерінің атауларын біледі;

- заттарды пішіні, көлемі, түсі, тағайындалуы бойынша іріктейді және топтастырады;

- құстарға, олардың қылықтарына бақылау жасайды;

- табиғаттағы жыл мезгілдерінің ауысуын және олардың ерекшеліктерін ажырата алады;

- көлемі, пішіні бойынша біртекті заттарды топтастырады;

- 3 және біртіндеп саны азаятын бөлшектерден түрлі-түсті пирамидалар құрастырады;

- заттардың түрлі көлемдерін, олардың түсін, пішінін білдіретін сөздерді түсінеді;

- құрылыс материалдарының негізгі түрлерін (текшелер, кірпіштер, пластиналар) ажыратады;

- қарапайым құрылысты атайды, құрылыс ауқымына сәйкес мазмұнды ойыншықтарды қолдана отырып, олармен ойнайды;

- қағазды жұмарлайды және жыртады, жұмарланған және жыртылған қағаздан «бейнені» көреді;



- құрылысты бөлшектеп бұзып, қорапқа ұқыпты салады.
«Шығармашылық» білім беру саласы

«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны:

- сурет салу;

- мүсіндеу;

- жапсыру;

- музыка ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде жүзеге асырылады.

Мақсаты: эстетикалық сезімдерін дамыту, бейнелеу өнеріне шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру.

Міндеттері:

- балалардың сурет салуға, мүсіндеуге, музыкаға, ән салуға, қарапайым аспаптарда ойнауға қызығушылықтарын дамыту, ғажайып сезімдерін қалыптастыру;



- эмоционалдық-сезімдік қабілеттерін қалыптастыру;

- балаларды шығармашылыққа тәрбиелеу.


I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Сурет салу
Балаларға бейнелеу әрекеттеріне деген қызығушылықты, суретте бейнеленгенді түсінуді сіңіру.

Дағдыларды қалыптастыру:

- «жаңбыр тамшылайды», «жапырақтар жерге түсті», «қар жауып тұр», «ормандағы аңдар» және т.б. сияқты құбылыстарды көрсететін бояулар мен сызықтар ритмін мұқият қарастыру;

- таныс заттардың, кейіпкерлердің бейнелерін тану, не (кім) бейнеленгенін, не істеп жатқанын түсіну.

Қол қимылдарын дамыту. Түрлі-түсті қарындаштармен сурет салу дағдыларын қалыптастыру.

Қарындаш пен қылқаламды үш саусақпен ұстауға, қатты қыспау, түзу, тұйық сызықтарды сурет салудың қарапайым элементі ретінде қағаз бетіне жеңіл түрде түсіру; қарындаш ұстаған қол қимылын бақылау; қағаз бетінде сурет салу қимылдарын реттеу, бұл қимылдарды ырғақты түрде қайталау. Балаларды бояудың ашық түстеріне эмоциялық-эстетикалық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.


Жапсыру

Дағдыларды қалыптастыру:

- фланелеграфта жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру: қарапайым композиция құру және орналастыру;

- фланелеграфтің кенебін қолдану, геометриялық пішіндерді, мәшине, үйлер, доптар, гүлдер, қазақтың ұлттық бас киімдерін орналастыру.


Мүсіндеу

Саздың қасиеті туралы білімдерін қалыптастыру. Сазды дұрыс пайдалану біліктіліктерін қалыптастыру.

Техникалық дағдыларды қалыптастыру: қарапайым заттарды және одан күрделісін мүсіндеуге үйрету.
Күтілетін нәтижелер:

- таныс заттардың, кейіпкерлердің бейнелерін таниды, не (кім) бейнеленгенін, не істеп жатқанын түсінеді;

- түрлі-түсті қарындаштармен сурет салу;

- қағаз бетіне тура, тұйық және дөңгеленген сызықтар сызады;

- қарапайым дөңгелек пішінді заттарды бейнелейді, сызықтың анықтылығын байқайды;



- сурет салудың белгілі бір ережелерін орындайды;

- фланелеграфта түрлі заттарды салу тәсілдерін меңгереді;

- берілетін бейнені әрлендіре түсу үшін сурет салу дағдыларын қолдана біледі;

- қарапайым композициялар құра біледі;

- саздың қасиеттерін біледі;

- жұмыстарды орындауда қарапайым техникалық дағдыларды меңгереді.



II ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет