Қазақстан Республикасы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін типтік бағдарламасы Астана 2015 Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ»



бет8/16
Дата25.01.2017
өлшемі3,58 Mb.
#7792
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16

Қоршаған ортамен таныстыру

Бала, оның жанұясы, үйі

Балаларды жанұя бейнеленген фотосуреттер мен қарапайым картиналарды қарауға, жанұя мүшелерін олардың іс-әрекеттерін атауға баулу.

Балаларды «Жанұя» мазмұнды-рөлдік ойынын ойнауға баулу. Балаларды ойын әрекетіне тарту: жанұя үшін бөлме жасақтау. Балаларды өз тәрбиешілерін, күтушілерін аты мен әкесінің аты бойынша атауға үйрету.

Заттық әлемді игеру, кеңістікті бағдарлау

Жақын маңайдағы заттарды қарастыру және зерттеу, шамасы, түсі, пішіні, детальдары мен бөлшектері бойынша ажырату мен атау, бірнеше сенсорлық белгілері бойынша топтастыру дағдыларын жетілдіру.

Заттарды дұрыс пайдалану, топтық бөлмені әрлеу және қазақ халқы мен басқа да халықтардың тұрмыстық заттарын дұрыс пайдалану біліктерін жетілдіру.

Заттарға мұқият қарым-қатынас, ойыншықтарды, кітаптарды, ыдыстарды дұрыс сақтау дағдыларын қалыптастыру.

Көлік, байланыс құралдары

Жергілікті жағдайларды ескере отырып көлік құралдарын тану және атау дағдыларын қалыптастыру.

Ересектер еңбегі

Мектеп, жұмыс, бала-бақша қызметкерлері мен олардың міндеттемелері туралы, жануарлар мен құстарға күтім жасау бойынша ересектердің еңбегі туралы қарапайым ұғымдарды қалыптастыру.

Еңбек әрекеттерін бөлісу және ересектер жұмысының жүйелі дағдыларын қалыптастыру.

Қазақстан – менің Отаным, ел рәміздері

Қала немесе балалардың тұратын қалашығы туралы білімдерін қалыптастыру.

Қазақстандағы үлкен жастағы адамдарға және балаларға қарым-қатынасы туралы білімдерін қалыптастыру.

Адамның тұратын мекен-жайы туралы қарапайым ұғымдарды қалыптастыру.

Мәдениеттің қайнар көзіне, қазақ халқы мен Қазақстанда тұратын басқа халықтардың дәстүрлеріне баулу.

Жол қозғалысы ережелері

Бағдаршам белгісі, көшедегі жүріс тұрыстың қарапайым ережелері, өту бөлігі мен жүргінші жолы туралы білімдерін қалыптастыру.



Күтілетін нәтижелер:

- заттарды сол жақтан оң жаққа қарай оң қолмен орналастырады;

- екі қарама-қарсы және бірдей заттарды ұзындығы, ені, шамасы бойынша салыстырады, салыстыру кезінде беттестіру және қондыру тәсілдерін қолданады;

- дөңгелек, төртбұрыш, үшбұрыш сияқты геометриялық пішіндерді таниды;

- заттарды түсі, өлшемі, пішіні бойынша топтастырады;

- қоршаған маңайдағы бір немесе бірдей бірнеше заттарды табады;

- «таңертең», «кеш», «күн», «түн» сөздерінің мәнін түсінеді;

- құрылыс материалдарының негізгі бөлшектерін біледі және атайды;

- кірпіштерді, пластиналарды тік бағытта және көлденең орналастырады;

- қағаз бетінен пішін жасайды: мыжиды, жыртады, жұмарлайды;

- табиғатқа тән мерзімдік өзгерістерді ажыратады;

- табиғатқа мұқият қарым-қатынас көрсетеді;

- ағаштың, бөлме өсімдіктерінің, жемістер мен көкөністердің, үй жануарлары мен жабайы жануарлардың, құстардың, жәндіктердің 2-3 түрін таниды және атайды;

- табиғаттағы және ауа-райындағы қарапайым өзгерістерді байқайды;

- көлік құралдарын таниды;

- бағдаршам сигналының мәнін түсінеді.


ІІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

«Көп», «біреу», «бір-бірден», «ешбір» ұғымдарын ажырату дағдыларын жетілдіру; екі тепе-тең немесе тепе-тең емес заттар тобын салыстыру; бір топтағы заттарды екінші топтағы заттарға біріктіру және жүйелі үстемелеу тәсілдерін пайдалану.

Көлем

Екі қарама-қарсы және бірдей заттарды ұзындығы, ені, биіктігі мен жуандығы бойынша біріктіру және үстемелеу жолымен салыстыру, заттарды шамасы бойынша салыстыру, беттестіру және қондыру дағдыларын бекіту.



Геометриялық пішіндер

Геометриялық пішіндерді: дөңгелекті, төртбұрышты, үшбұрышты тану және атау, көру және сипап- сезу тәсілмен пішіндердің формаларын зерттеу дағдыларын бекіту.

Кеңістікті бағдарлау

Өз денесінің бөліктерінің орналасуын бағдарлау, өзіне тікелей жақындықтағы кеңістіктік бағыттарды анықтау дағдыларын бекіту.

Уақытты бағдарлау

Қарама-қарсы тәулік бөліктерін анықтау мен білу дағдыларын жетілдіру.


Құрастыру

Құрылыс материалдарынан құрастыру

Құрылыс материалының негізгі бөлшектерін, олардың бөліктерін атау, оларды түсі, шамасы бойынша тану дағдыларын қалыптастыру. Құрылымды жоспарлау, оларды сюжетке біріктіру кезіндегі шығармашылық ойлау дағдыларын қалыптастыру.

Қағаздан құрастыру

Қағаз беттерін көлемді пішіндерге қайта келтіру, конструкциялау тәсілдерін пайдалану дағдыларын жетілдіру.
Экология негіздері

Өлі табиғат заттары мен құбылыстары

Жансыз табиғат нысандары туралы балалардың білімін бекіту. Табиғат құбылыстарына қызығушылық таныту дағдыларын жетілдіру.

Табиғаттағы мерзімдік өзгерістер

Жылдың көктем мезгіліндегі ауа-райы жағдайын анықтау және бақылау біліктерін жетілдіру.

Жылдың жаз мезгілінің бірқатар өзіне тән ерекшеліктері туралы білімді жетілдіру. Жазғы табиғатты бақылау дағдыларын қалыптастыру.

Өсімдіктер әлемі

Туған өлкенің бірқатар өсімдіктері туралы қарапайым ұғым-түсініктерді жетілдіру. Ағаштарды, дала гүлдерін, бірқатар жемістер мен көкөністерді, бөлме өсімдіктерін атау және тану, өсімдік бөліктерін білу дағдыларын қалыптастыру.

Жануарлар әлемі

Үй жануарлары мен олардың төлдері, жабайы жануарлар, таныс жануарлардан олардың сыртқы түрін ерекшелейтін айырмашылықтары туралы балалардың білімін бекіту.

Табиғат бұрышын мекендейтін құстарды, балықтарды, тасбақаларды бақылау, оларға қамқорлық көрсету дағдыларын жетілдіру.

Құстар туралы қарапайым ұғымдарды қалыптастыру

Сыртқы түрі бойынша құрбақаларды, жәндіктерді тану дағдыларын қалыптастыру.

Қоршаған орта нысандарына эмоциялы мұқият жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру.


Қоршаған ортамен таныстыру

Бала, оның жанұясы, үйі

Өз жанұясы, оған қатынасы жөнінде әңгімелеу дағдыларын қалыптастыру.

Заттық әлемді игеру, кеңістікті бағдарлау

Заттардың сапалары мен қасиеттерін тану:

- сипап сезу;

- дәмін білу;

- есту;


- заттармен іс-әрекетті атауды қалыптастыру.

Балалардың тілінде әралуан заттардың атауларын нақтылау және белсендіру, балаларға таныс емес заттардың бағдарын түсіндіру, заттар тобын белгілейтін ұғымды игеруге баулу.

Балаларды басқа адамдардың іс-әрекетін бақылауға үйрету.

Көлік, байланыс құралдары

Жер бетімен қозғалу құралдары, әуе көлігі туралы білімдерін бекіту.

Ересектер еңбегі

Балаларды ересектердің еңбегін бақылау негізінде ойын әрекетіне тарту. Аула сыпырушыға, бала күтушіге ерікті көмекті ұйымдастыру. Басқалардың еңбегінің нәтижелеріне сыйластықпен қарауға, көмектесуге тәрбиелеу.

Қазақстан – менің Отаным, ел рәміздері

Қазақтардың дәстүрлі тұрғын-жайымен таныстыруды жалғастыру. Қазақстанның туы туралы ұғымды беру.

Жол қозғалысы ережелері

Жаяу жүргіншілер мен көлік жолаушыларына арналған қарапайым ережелермен таныстыру:

- тек жүргінші жолымен жаяу жүргіншілерге жүруге рұқсат етіледі;

- балалар жолдан ересектермен бірге тек ғана жасыл түсте өту;

- жолаушылар көлікті аялдамаларда күту;

- көлікте әркім өзін байсалды ұстауы, басқа жолаушыларға кедергі жасамауы тиіс.
Күтілетін нәтижелер:

- беттестіру негізінде жиынтықты салыстыра біледі;

- заттарды салыстыру кезінде бетестіру және қондыру тәсілдерін қолданады;

- қарама-қарсы және екі бірдей затты ұзындығы, ені, биіктігі мен жуандығы бойынша салыстырады, дөңгелек, төртбұрыш, үшбұрыш сияқты геометриялық пішіндерді дұрыс атайды;

-заттарды түсі, өлшемі, пішіні бойынша топтастырады;

- дөңгелекті, төртбұрышты, үшбұрышты, бұрыштары мен ірі пішіні бар заттарды ажыратады, мына белгілердің мәнін ұғынады: жоғарыға-төменге, алға-артқа, сол жақтан-оң жақтан, үстінде, астында, жоғарғы-төменгі;

- тәулік бөліктерін дұрыс атайды;

- құрылыс материалдарының негізгі мүмкіншіліктерін біледі және атайды;

- әралуан тәсілдерді үйлестіре отырып кірпіштерді, пластиналарды орналастырады;

- қағазды көлемді пішіндерге айналдырады;

- табиғатқа тән мерзімдік өзгерістерді айқындайды және атайды;

- таныс ағаштарды, бөлме өсімдіктерін, көкөністер мен жемістердің 3-4 түрін, үй жануарлары мен жабайы жануарларды, құстарды, жәндіктерді таниды және атайды;

- табиғат пен ауа-райындағы қарапайым өзгерістерді байқайды және атайды;

- көлік құралдарын таниды және атайды;

- бағдаршам белгісінің мәнін түсінеді және атайды.
«Шығармашылық» білім беру саласы

«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны төмендегі ұйымдастырылған оқу әрекеттері арқылы жүзеге асырылады:

- сурет салу;

- мүсіндеу;

- жапсыру;

- музыка.

Мақсаты: шығармашылық ойлау мен қиялдауды дамыту, сезімдік-эмоциялы сапаны және эстетикалық талғамды қалыптастыру.

Міндеттері:



  • қарапайым заттарды, құбылыстарды, ертегі кейіпкерлерінің пішінін, түсін, бөліктердің орналасуын бере отырып, бейнелеу біліктері мен дағдыларын қалыптастыру;

  • өнер туындыларымен, халықтық ойыншықтармен және қазақ халқы мен басқа да халықтардың сәндік-қолданбалы өнер туындыларымен танысу үдерісінде эстетикалық қабылдауын дамыту;

  • қоршаған шынайы әлемнің эстетикалық жағына қызығушылыққа тәрбиелеу, балалардың өзін-өзі көрсетуі мен музыкаға бейімділігін дамыту, балалардың өнімді іс-әрекетін дамыту арқылы музыканы эмоциялы қабылдау қабілеттілігі мұқтаждықтарын қанағаттандыру.

І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ



Сурет салу

Заттық сурет салу

Әралуан бағыттағы тік сызықтарды және олардың қиылысуын жүргізе білуін дамыту.

Дағдыларды қалыптастыру:



  • жемістер мен көкөністерді, заттар мен ыдыстарды, ойыншықтарды, жануарларды бейнелеу;

  • дөңгелек пішінді заттарды салу, техникалық дағдылар мен біліктерді игеру.

Сәндік сурет салу

Дағдыларды қалыптастыру:



  • элементтер жүйелелігін, пішінін, олардың арасындағы арақашықтықты ескере отырып жазықтыққа ою-өрнектерді орналастыру;

  • қазақ ою-өрнегінің бірнеше элементтерін салу шеберліктерін дамыту;

  • элементтердің жүйелілігін және олардың арасындағы арақашықты сақтау.

Мазмұнды сурет салу

Қоршаған әлем сұлулығына, өнер шығармаларына, тұрмыстық заттарға, қазақ халқы мен басқа халықтардың ұлттық ойыншықтарына деген эмоциялы-эстетикалық талғам дағдыларын дамыту.

Қарапайым табиғат құбылыстарын, ертегі кейіпкерлерін бейнелеуге қызығушылықпен тәрбиелеу.
Мүсіндеу

Заттық мүсіндеу

Саздың қасиеттерімен таныстыру дағдыларын жетілдіру.

Саз, қамыр, ермексаз кесектерінен бөліп алу, дөңгелектеу, ширату, созу тәсілдерін пайдалана отырып жемістер мен көкөністерді, кейбір заттарды, тағамдарды мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру.

Алақандарының арасында және жазықтықта тік және домалақтау қозғалыстары арқылы кесектерді жаю және ойыншықтарды, ыдыстарды жасау, элементтерді қарапайым заттарға біріктіру білігін жетілдіру.
Жапсыру

Ересектер даярлаған ірі жәнебарынша ұсақ элементтерді орналастыру мен желімдеуге көмектесу.

Желімді қылқаламға мұқият түрде жинап алу, дайын пішіндерге жағу, желім қалдықтарын жою үшін майлықты пайдалана білуді дамыту.
Музыка

Музыка тыңдау

Дағдыларды қалыптастыру:


  • көңіл күйді және әр түрлі сипаттағы әндердің мазмұнын қабылдау;

  • әннің сипаты бойынша нәзік және тебірентетін әндерді қабылдау;

  • әр алуан сипаттағы аспаптық пьесаларды тыңдау, есте сақтау және тану;

  • көтеріңкі көңіл күйдегі пьесаға эмоциялы пікір білдіру;

  • музыкалық және шулы ойыншықтардың, балалар аспаптарының дыбысталу тембрін ажырату;

  • ересектердің орындауындағы және жазбадағы музыканы тыңдау.

Ән салу

Дыбыстаудың бірдей күшімен бірдей қарқында ән салу, ән мазмұнымен байланысты дыбыстаудың әр түрлі сипатын беру, бір қарқында ән салу, ересектермен бірге ән салу, аспаптармен қосыла отырып оның даусына бейімделе отырып ән салу дағдыларын қалыптастыру.

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар

Дағдыларды қалыптастыру:



  • бірінің артынан бірі жүру барысында ырғақты игеру;

  • әуеннің биге тән сипатын игеру;

  • әуенмен бірге би қозғалыстарының қарапайым элементтерін орындау;

  • әуен сипатына үн қату, оның бөліктерінің өзгеруін байқау;

  • жоғары және төмен дыбыстауды ажырату, оны ойын әрекеттерінде байқау;

  • аспаптарды тыңдау және олардың дыбыстау динамикасын ажырату.



Күтілетін нәтижелер:

- әр түрлі бағыттағы тура сызықтарды жүргізе біледі;

- қазақша ою-өрнек элементтерін және халықтық ойыншықтарды біледі, оларды бейнелей алады;

- қаламдарды, фломастерлерді, қылқаламды және бояуларды дұрыс пайдаланады;

- кішігірім саз кесектерін үлкен кесектерден ажыратады;

- алаққанмен тік бағытта және домалақтау қозғалыстарымен жұмыс жасайды;

- әр түрлі пішіндегі қағаздарды даяр үлгілермен безендіреді;

- дайын үлгілерден құралған зат бейнелерін қағаз бетінде құрастырады және оларды желімдейді;

- желімді пайдалана алады;

- материалдарды мұқият пайдаланады;

- музыкалық және шулы ойыншықтардың, балалар аспаптарының дыбысталу тембрін ажыратады;

- қарапайым би қозғалыстарын орындайды.


ІІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Сурет салу

Заттық сурет салу

Дағдыларды қалыптастыру:


  • төртбұрышты пішіндегі заттарды бейнелеу, оларды дөңгелек пішіндегілермен үйлестіру;

  • заттардың, құбылыстардың үлгілерін беру кезінде қол сүйектерінің әр түрлі бағыттағы қозғалыстарын дамыту;

Жануарлардың суретін салу дағдыларын жетілдіру.

Сәндік сурет салу

Бейнелеу іс-әрекетіне, халық шығармашылығы туындыларына қызығушылыққа тәрбиелеу. Қазақтың ою-өрнек элементтерін салу дағдыларын бекіту.

Дағдыларды қалыптастыру:



  • қызыл, сары, жасыл, көк, қара, ақ сияқты түстерді ажырату және атай білу;

  • бормен асфальтқа, таяқпен құмға, жолаққа және бұрыштарға қазақ оюларының екі элементін салу;

  • сурет салудың дәстүрден тыс тәсілдерін игеру;

  • қаламды, таяқшаны, бояуды, гуашты пайдалану;

  • негізгі түстер мен олардың реңктерін пайдалану;

  • таяқшамен құмға, бормен асфальтқа сурет салу;

  • ойлағаны бойынша өз бетінше сурет салу, ұжымдық жұмыстарды орындау.



Мүсіндеу

Заттық мүсіндеу

Бірнеше бөліктен тұратын қарапайым заттарды, жануарларды мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру. Саздан, ермексаздан мүсіндеуге қызығушылығын қолдау.

Табиғи материалдардан мүсіндеу дағдыларын бекіту.

Мазмұнды мүсіндеу

Жеке жұмыстарын ұжымдық композицияларға біріктіру дағдыларын қалыптастыру.

Сәндік мүсіндеу

Әшекей заттарды мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру.

Ойы бойынша мүсіндеу

Ересектің көмегімен шығармашылық ойды дамыту.


Жапсыру

Дағдыларды қалыптастыру:



  • заттардың орналасу заңдылықтарын, олардың арасындағы арақашықтықты сақтау;

  • қағазға қазақ ою-өрнегінің бірқатар элементтерінің әр түрлі пішіндерін орналастыру;

  • қылқаламға желімді мұқият жағу, дайын үлгілерді клеенкаға орналастыру, желім қалдықтарын сүрту үшін қолсүлгіні пайдалану;

  • табиғи материалдармен жұмыс жасау, олардан заттар құрастыру;

  • қағаз мүмкіндіктері туралы: жыртылады, бүлінеді, мыжылады ұғымдарын жетілдіру.

Мазмұнды жапсыру

Балаларға жалпы композицияны құрастыруға көмектесу.

Сәндік жапсыру

Ересектер даярлаған ірі және барынша ұсақ элементтерді орналастыру және желімдеу дағдыларын қалыптастыру.

Пішінін, түсі мен шамасын есепке ала отырып жазықтықтағы заттар мен ою-өрнектердің орналасу заңдылықтарын көрсету, геометриялық элементтерден ою-өрнек құрастыру.

Қазақы ою-өрнек элементтерін ортасында, шаршының бұрышында жапсыру дағдыларын қалыптастыру.

Ойы бойынша жапсыру

Тақырып таңдауға көмектесе отырып шығармашылық ойды дамыту.



Музыка

Музыка тыңдау:



  • әуенді тыңдау, оны ересектердің орындауында және жазбадан тыңдау, музыкалық туынды қарқынын ажырату;

  • музыкалық туындыны эмоциялы қабылдау дағдыларын қалыптастыру.

Ән салу:

  • музыкалық сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз ре-ля алғашқы октавасы диапазонында ән салу, дыбыстарды жоғарылығы бойынша (октава шегінде) ажырату, оның басталуы мен аяқталуына жауап қайтару;

  • әуеннің әр түрлі бөліктерін ажырату;

  • динамикалық өзгермелі қозғалыс жасау, жалғыз өзі, сыңарымен бірге би қозғалыстарын орындау, жануарлардың қозғалыстарын келтіру;

  • ойындарға, хорға қатысу, таныс билерді қайталау дағдыларын қалыптастыру.


Күтілетін нәтижелер:

- төртбұрышты пішіндерді дөңгелек пішіндермен үйлестіре біледі;

- негізгі түстер мен олардың реңктерін пайдалана біледі;

- ойы бойынша өз бетінше сурет салады;

- сурет салудың, мүсіндеудің, жапсырудың қарапайым техникасын игереді;

- 1-3 бөліктен тұратын әр түрлі заттарды жапсырады;

- дайын пішіндерден заттарды бейнелейді;

- бейнеленетін заттарға сай түс таңдайды;

- ересектер даярлаған ірі және барынша ұсақ элементтерді орналастырады және желімдейді;

- материалдарды мұқият пайдаланады;

- дыбыстарды жоғарылығы бойынша ажыратады;

- әуеннің әр түрлі бөліктерін ажыратады;

- би қозғалыстарын орындайды: сыңарымен дөңгелене айналады, аяқтарды үзіліспен тасырлатады, заттармен бірге әуен сүйемелдеуімен қозғалады;

- балалардың музыкалық аспаптарын ажыратады және атайды.


«Әлеуметтік орта» білім беру саласы

«Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны:

- қоршаған әлеммен танысу;

- экология;

- көркем әдебиет ұйымдастырылған оқу әрекеті арқылы жүзеге асырылады.

Мақсаты: балаларда жағымды іс-әрекетті және қоршаған әлемге қарым-қатынасты, әлеуметтік мәдениет негіздерін шығарма мазмұнына эмоциялы сергектікті қалыптастыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету.

Міндеттері:


  • қоршаған әлем, гендерлік, отбасылық, азаматтығына қатысты, отансүйгіштік сезім, әлемдік қауымдастыққа қатысты сезімдері туралы ұғымдарды қалыптастыру;

  • білім, білік және еңбек, ойын әрекеті дағдыларын, құрдастарымен және ересектермен өзара қарым-қатынастың жалпы қабылданған қарапайым нормалары мен ережелерін дамыту;

  • Отанға, отбасына деген махаббат сезіміне тәрбиелеу, Қазақстанның және басқа елдердің халық ауыз әдебиеті шығармашылығын қолдану арқылы үлкендерге құрмет көрсетуге тәрбиелеу.


Қоршаған ортамен таныстыру

Мәдени мінез-құлық дағдылары

Сыпайылық дағдыларын дамыту, іс-әрекет мәдениетінің қарапайым ережелерін сақтау.

Дағдыларды қалыптастыру:

- әдептің қарапайым ережелері: үлкендерді тыңдау, ойыншықтарды бөлісу, өзін қоғамдық орындарда байсалды ұстау;

- ересектермен және құрдастарымен өзара әрекет;

- өзі және өзінің туыстары жөнінде әңгіме айту;

- қарым-қатынас ережелерін сақтау және ересектермен, құрдастарымен өзара әрекет ету;

- еңбек әрекетіне қызығушылықты сіңіру;

- өзін-өзі сыйлау, өзінің ерекшелігін сезіну;

- мінез-құлық ережелерімен балаларды таныстыру;

- өз отбасына, балабақшаға, туған үйіне сүйіспеншілік сезімін дамыту.


Экология негіздері

Табиғаттағы мәдени мінез-құлық дағдылары

Дағдыларды қалыптастыру:

- өз эмоциясын көрсету және табиғат пен тірі табиғи нысандар туралы әсерін алмасу;

- табиғаттағы адамдардың іс-әрекет ережелерімен таныстыру ;

- табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарларға күтім жасау, қыста құстарды қоректендіру;

- қоршаған әлемге мұқият қарым-қатынас жасау;

- табиғаттағы қауіпсіз мінез-құлық.


Көркем әдебиет

Дағдыларды қалыптастыру:

- ертегілер мен әдеби шығармалардың кейіпкерлеріне жанашырлық;

- өзінің эмоциялық жағдайы мен көркем әдеби шығармалардағы басқа адамдардың жағдайы арасындағы байланыстарды табу;

- айналасына ересектер мен балаларға назарын аудару және қызығушылықты дамыту ;

- қоршаған әлем туралы талқылау , адами сезімдер мен өзара қарым-қатынастар әлемі туралы балалар мен ересектер қоғамындағы іс-әрекет мәдениеті туралы әдеби кейіпкерлерді мысалында ;

- іс әрекеттің дамуын қадағалау;

- туындының мағысаны ұғыну;

- көркем шығармалардағы иллюстрациялармен танысу, иллюстрацияларды қарастыру, қарым-қатынастар, кейіпкерлердің іс-әрекеті туралы талқылау және оларға өз қарым-қатынасын бейнелеу;

- кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен қылықтары туралы, басқа адамдарға, табиғат пен жануарларға қамқорлық жасау;

- әдеби кейіпкерлердің іс-әрекеттерін талдау.
Күтілетін нәтижелер:

- бірнеше ойын әрекетін біртұтас мазмұндық бағытқа біріктіреді;

- ойында заттармен іс-әрекеттерді және адамдардың өзара қарым-қатынастарын бейнелейді;

- дидактикалық ойындардағы ойын ережелеріне сүйенеді;

- ертегілерді, әңгімелерді, өлеңдерді тыңдайды, театрландырылған іс-әрекеттердің дамуын қадағалайды және оған эмоциялы үн қосады;

- белгілі жүйелілікте өз бетінше киінеді және шешіне біледі;

- әдеби кейіпкердің іс-әрекетіне өз қатынасын әңгімелейді, оны ұнамды және ұнамсыз қасиеттерінің көрініс беру тұрғысынан бағалайды;

- табиғаттағы іс-әрекет ережесін түсінеді;

- өсімдіктер мен жануарларға күтім жасауға қатысады;

- мәдени іс-әрекет дағдыларын көрсетеді.


Ойын әрекетін ұйымдастыру
Мақсаты: белсенді тұлғаны қалыптастыру, балалардың алғашқы ойын бірлестіктерінің тәжірибесін жинақтау, басқа балалармен қатар және бірге ойнай білуін дамыту.

Міндеттері:



  • ойын әрекетін іріктеу дағдыларын қалыптастыру: күрделі емес оқиғамен біріктірілген ойыншықтармен ойын әрекетін орындау, ойын үшін 1,2 затты өз бетінше таңдау;

  • еңбек дағдыларын қалыптастыру: ойыншықтарды орнына жинау, ересектердің көмегімен құрылыс материалдарын қалау;

  • ойыншықтарды өлшемі, түсі, шамасы бойынша салыстыру, заттарды, ойында қолданылатын құрылыс материалдарының бірқатар бөлшектерін дұрыс атай білуін дамыту. Құммен, сумен, қармен ойнағанда, балалардың осы материалдардың қасиеттері туралы білімін нығайту;

  • ойынның алуан түрлеріне қызығушылық дағдыларын тәрбиелеу. Белсенді іс-әрекетін ояту, ойынды таңдаудағы, ойлаған нәрсесін іске асырудағы дербестікке үйрету.

Мазмұнды-рөлдік ойындар

Дағдыларды қалыптастыру:

- таныс тақырыптардағы, қазақтың халықтық ертегілері мен басқа халықтардың ертегілерінің, Қазақстанның және басқа елдердің жазушыларының әдеби шығармаларының мазмұны бойынша ойындарды іріктеу дағдыларына мүмкіндік беру.

- қарапайым оқиғаларды ойластыру, рөлді өз бетінше таңдау, оны ойын ішінде құрдастарымен бірге орындау;

- екі әрекет етуші тұлғалармен бірге оқиғада, серіктес-ойыншықтармен ойнағанда, өзінің рөлін және ойыншықтың рөлін орындай отырып, өзара әрекеттесуі;

- рөл үшін атрибуттарды өз бетінше таңдау, ойын жағдайын жетіспейтін заттармен, ойыншықтармен толықтыру;

- ойында құрылыс материалдарын, қарапайым ағаш және пластик конструкторларды, табиғи материалды пайдалану.

Қимылды ойындар

Дағдыларды қалыптастыру:

- қазақ халқы мен басқа да халықтардың қимылды ойындарымен балалардың қозғалыс белсенділігі дағдыларын қалыптастыру: тұтас топпен және кішігірім топтармен жүргізу;

- еңбектеу, сырғанау, доптармен ойнау, шарлармен ойнау сияқты қозғалыс ептілігін дамыту;

Дербес ойындарды мадақтау, өйткені оларда дағдылар дамытылады. Ойынға барынша күрделі ережелерді енгізу және қозғалыс түрлерін ауыстыру.

Қарапайым ережелерді сақтау дағдыларын тәрбиелеу: қозғалысты үйлестіру, кеңістікке бағдарлану.

Дидактикалық ойындар

Ойыншықтар мен заттарды түсі, шамасы мен пішіні бойынша таңдау, белгілі жүйеліліктегі мұнаралар мен пирамидаларды түсі мен шамасы бойынша кезектестіре жинақтау шеберліктерін дамыту.

Дағдыларды қалыптастыру:



  • картинкалардан алдымен төрт, ал одан кейін алты бөлікті бөлек ойыншықтарды жинау;

  • қарапайым ережелерді, ойын әрекеттерін орындау;

  • музыкалық дидактикалық ойындардағы дыбыс жоғарылығын қабылдау, музыкалық аспаптардың екі түрін тембрі бойынша ажырату (үрмелі аспап және барабан), әуеннің баяу және жоғары дыбысын беру.



Күтілетін нәтижелер:

- мазмұнды рөлдік ойындағы күрделі емес оқиғаны ойластырады, рөлді таңдап, оны ойындағы құрдастарымен бірлесе отырып орындайды, ойында бірнеше өзара байланысқан іс-әрекеттерді орындайды;

- ойында табиғи және құрылыс материалдарын пайдаланады;

- қимылды ойындарда қарапайым ережелерді сақтай біледі, қозғалыстарды үйлестіреді, кеңістікте бағдарланады;

- қарапайым ережелерді, ойын әрекетін: тәрбиешінің белгісі бойынша іс-әрекетті бір мезгілде бастайды және аяқтайды, кезектесе әрекет жасауды орындайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет