Технологиялық карта
МДҰ
|
Тәрбиеші:
Қасымбек Әмина
|
Уақыты: 15 мин
|
Кабинет: 201
|
Тақырыбы :
|
-Қимылды ойындар-
|
Топ атауы:
|
-Ботақан- орта тобы
|
Сәлемдесу:
|
Саламатсыңдарма балалар!
Көңіл – күйлерің қалай?
|
Сабақтың мақсаты :
|
Қимылды ойындар арқылы балаларды жемістер мен көкөністерді ажырата білуге баулу
|
Көрнекіліктер:
|
Табан жолдары , жемістер мен көкөністердің суреті , доп , кедергілер , топқа бөлуге арналған парақшалар.
|
Іс-әрекет
Кезендері
|
Тәрбиеші әрекеті
|
Балалардың іс —әрекеті
|
Дене қыздыру
жаттығулары
|
Ең алдымен жаттығу жасамас бұрын денемізді қыздырып алайық !
Пойыз жолымен шеңберге жиналайық ! Балалар!
-қолымызды жоғары көтеріп аяқтың ұшымен жүреміз
-қолымыз белде өкшемен жүреміз
-қолымызды алға созып жартылай отырып жүреміз
-терең тыныс алып сапқа жаналайық балалар!
Сапқа жиналсақ , 1-2ге саналып , жаттығуымызды бастайық!
-Басымызды оңға және солға айналдырамыз
-Қолымызды екі иыққа қойып алға екі рет артта екі рет айналдырамыз
-қолымызды белге қойып оңға және солға екі реттен айналдырамыз
-отырып тұрамыз
-Жарайсыңдар балалар! Өте керемет жасадыңдар!
|
Топқа бөлу
|
Ендеше балалар топқа бөлінейік!
Бір сапқа тұрайық!
Мен сендерге параұша беремін сол бойынша топқа бөлініп ойын ойнайық!
|
1-ойын
|
- Тапқырлар ойыны –
|
Мақсаты:
|
Балалардың шаптаң болуына және жемістер мен көкөкістерді танып білуге ,жылдамдыққа үйрету
|
Ойын барысы:
|
Табан іздері арқылы секіре отырып , суреттерге жетіп , шашалып қалған жемістердің және көкөністердің суретін жинақтау .
Балалар кім бірінші жемістерді дұрыс жинақтап келеді сол жеңіске жетеді !
|
2-ойын
|
-Тақияңды құлатпа-
|
Мақсаты:
|
Балаларды тепе-теңдікке баулу , шыдамдылыққа , ептілікке үйрету
|
Ойын барысы:
|
Балалар басына тақияны қойып кедергілер арқылы өтуі қажет
Кім бірінші мәреге келеді сол жеңеді!
|
3-ойын
|
-Допты алып жүр-
|
Мақсаты:
|
Баланың бірлесе отырып жұмыс жасауға үйрету төзімділікке тәрбиелеу.
|
Ойын барысы :
|
2 бала бірлесе отырып бір допты кедергілер арқылы алып жүруі керек
Бұл ойын уақыт арқылы есептелінеді
Кім бірінші мәреге допты құлатпай әкеледі сол ойынды жеңеді!
|
Нәтиже :
|
Балалар сонымен сендер қандай жемістерді білдіңдер ойын барысында?
Жарайсыңдар балалар! Бүгін өте керемет өнер көрсеттіңдер!
|