Қазақстан Республикасы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін типтік бағдарламасы Астана 2015 Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ»



бет12/16
Дата25.01.2017
өлшемі3,58 Mb.
#7792
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Мүсіндеу

Заттық мүсіндеу

Жануарларды мүсінін жасаудың әр түрлі тәсілдерін пайдалану дағдыларын қалыптастыру. Заттар мен бірнеше бөліктерді мүсіндеп жасау дағдыларын бекіту, олардың бөліктерін орналастыру, пропорцияларды сақтау, бөліктерді біріктіру.

Жұмыстағы құралдарды пайдалану дағдыларын қалыптастыру.

Мазмұнды мүсіндеу

Ертегілер мен қоршаған өмір тақырыптарына сюжеттік композицияларды жасау дағдыларын қалыптастыру. Ұжымдық жұмыстарды орындау, өзара міндеттемелерді бөлісу дағдыларын дамыту. Саз кесегінен жапсырып жасау дағдыларын жетілдіру және мүсіндеудің таныс тәсілдерін пайдалана отырып бейнелер жасау дағдыларын жетілдіру.

Сәндік мүсіндеу

Тұрмыстық заттарды мүсіндеуге қызығушылықты тәрбиелеу. Халық шеберлерінің еңбегімен таныстыруды жалғастыру, саздан жасалған халықтық бұйымдардың мотивтері бойынша ыдыстарды мүсіндеу дағдыларын бекіту. Саздың тұтас кесегінен мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру.


Жапсыру

Заттық жапсыру

-барынша күрделі заттар мен жануарлардың пішіндердің жапсыру дағдысын бекіту;

-қағаз бетінде бейнелерді құрастыру, одан кейін оларды желімдеу дағдыларын жетілдіру;

-қайшымен жұмыс;

-шаршы мен төртбұрышты екі бөлікке қию, жіңішке жолақтарды көлденеңінен қию дағдыларын қалыптастыру.

Желіммен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру.

Мазмұнды жапсыру

Ұжымдық мазмұнды композицияны құрастыру, заттарды қағаз бетіне тұтастай орналастыру дағдыларын дамытуды жалғастыру.

Дөңгелектер мен сопақша пішіндерді қию дағдыларын дамыту.

Ұсақ элементтерді ересектердің көмегімен желімдеу, алғашқыда қағаз бетінде зат бейнелерін құрастырып, содан кейін оны желімдеу дағдыларын қалыптастыру.

Сәндік жапсыру

Ересектердің көмегімен қағаз бетінде дөңгелек және сопақша пішіндегі ою-өрнекті құрастыру дағдыларын дамыту.

Элементтер жүйелілігін, олардың арасындағы арақашықтықты сақтауды, пішінін ескере отырып ұлттық ою-өрнекті пайдаланып, ұлттық ыдыстарды безендіру дағдыларын қалыптастыру.

Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерімен ыдысты безендіруімен таныстыру. Панно даярлау балалардың ойы бойынша сәндік композицияларды орындау дағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:

- геометриялық пішіндер мен өсімдік элементтерін ырғақты орналастырады;

- қазақ оюларының элементтерін салады және олармен киімдерді, тұрмыстық заттарды безендіреді;

- суретте бірнеше заттарды ортақ мазмұнға біріктіріп, пішінін, заттардың құрылысын, көлемі бойынша арақатынасын бейнелейді, бейнені қағаздың барлық бетіне орналастырады;

- мәнерлі бейнені жасау үшін түрлі бояулар мен ренктерді қолданады;

- түрлі пішіндегі және көлемдегі таныс заттарды үлгі мен елестету бойынша мүсіндейді;

- бірнеше бөліктерден тұратын заттарды мүсіндейді, әдіс-тәсілдерді қолданады;

- мүсіндеуде түрлі материалдарды біріктіреді;

- дымков ойыншықтары мен саз ыдыстарды дайындау бойынша халық шеберлерінің еңбектері туралы қарапайым ұғымдарды біледі;

- қоршаған өмір, мазмұнды ертегілер тақырыптары бойынша күрделі емес мазмұнды композицияларды жасайды;

- жұмыс орнында тәртіпті қолдайды;

- қайшыны дұрыс ұстау және онымен дұрыс әрекет етеді;

- бөлек бөліктерден тұратын заттарды орналастырады және желімдейді;

- өсімдік және геометриялық пішіндегі оюларды, қазақ оюларының элементтерін жолақта, шаршыда, дөңгелекте оларды алмастырып, ретімен желімдейді;

- ұжымдық жұмысты орындауға қатысады.
Балаларды бейнелеу өнерімен таныстыру

Балаларда бейнелеу өнері шығармаларын қарау қабілеттілігін дамыту, оларға қызығушылыққа баулу.

Балалардың бейнелік ойыншықтарды, тұрмыстық заттарды, қазақтың және басқа халықтардың ұлттық киімдерін қарауға баулу.

Балаларды сәндік-қолданбалы өнердің заттарын: оюлы ленталар, белбеулер, кілемдерді қарауға үйрету.

Балаларды әртүрлі бейнелеу өнері түрлерімен таныстыру (көркем сурет, мүсін, халық өнері).

Шағын пішіндегі мүсіндерді бояу, жан-жағынан қарауға үйрету.

Балаларды қазақ және орыс суретшілерінің А. Қастеев, М. Лизогуб,
А. Ғалымбаева, И. Шишкин, И. Левитан, В. Васнецов, В. Серов және басқалардың картинкаларымен және сурет өнімдерімен таныстыру.

Балаларды қазақ суретшілерінің кітап иллюстрацияларын, Астана қаласы, Қазақстан табиғаты туралы картинкалары мен фотосуреттерін қарауға баулу.


Күтілетін нәтижелер:

- көркем сурет, мүсін, халық өнері сияқты бейнелеу өнерінің түрлері туралы ұғымдары бар;

- кітап иллюстрацияларын, картинкалар мен фотосуреттерді қарайды;

- қазақ және орыс суретшілерінің бірнеше картинкаларын таниды.

І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ

Музыка

Музыка тыңдау

-әр түрлі сипаттағы, қарқындағы музыканы қабылдау, музыкаға деген өзіндік қатынасын, ол туралы пікірін айту дағдыларын қалыптастыру.

-әуендерді немесе музыкалық шығармаларды орындау кезінде пьесаларды тану және атау;

-пьесалардың, әндердің жекелеген эпизодтарын көргендегі және музыкалық бейнелерінің арақатынасын тану және атау, тыңдауды иллюстрация көрсетумен қатар жүргізу;

-тыңдауды қозғалысты көрсетумен бірге алып жүре отырып, музыкалық бейне мен қозғалыс тәжірибесінің арақатынасын тану және атау дағдыларын қалыптастыру.

-халықтық домбыра аспабының дауысын қабылдау дағдысын қалыптастыру.

Ән салу


Әр түрлі сипаттағы әндерді қабылдау, әуенді дұрыс, нақты интонациялау, сөздерді дәл айту дағдыларын қалыптастыру.

Дауыс пен есту қабілетін дамытуға арналған жаттығуларды қысқа әндер мен кішігірім әуендерді айту арқылы дағдыны жетілдіру, дауыстап және төмен дауыспен ән салу, қол қозғалысымен көрсету .

Дұрыс ән айту, ән сипатын ұғыну, әннің көңіл күйін бере білу дағдыларын дамыту. Хормен әр айту, күш салмай ән айту, сөздер мен дыбыстарды таза және нық айту, музыкалық көрсетілімнен кейінгі ән айту дағдыларын қалыптастыру.

Музыкалық ырғақтық қозғалыстар

Би қозғалыстарын, ойын сипатындағы музыкалық әрекеттерді орындау дағдыларын қалыптастыру.

Жаттығулар: ырғақты жүріспен марш сипатын бере білу, музыканың жеңіл, ырғақты жүгіруіндегі қозғалыстық сипаты; жартылай отырып-тұруы ырғақты орындау, қозғалысты әуенмен үйлестіру, музыканың екінші бөлігінде қозғалысты өзгерту. Екі аяқпен қозғалыстық қарқында жеңіл және еркін секектеу, әуен ырғағын дәл бере білу.

Билер: Әуеннің көңілді сипатын қабылдау; музыкалық шығарманы ажырату, қозғалысты одан кейін бастау; музыка сипатымен сәйкестікте қозғалысты өзгерту, қозғалысты әуен сипатымен үйлестіруге ұмтылу. Би қозғалыстарын, ойындар мен хормен айтылатын әндердің атауларын есте сақтау.

Ойындар мен хор әндері: әнді көңілді және мәжбүрлеусіз орындау, ән мәтінімен сәйкестіктегі ойындық қозғалыстармен қатар алып жүру. Әуен сипатымен сәйкестіктегі ойын әрекеттерін орындау; дөңгелек бойымен хор әнін айту; қозғалысты музыкалық фразалармен сәйкестікте өзгерту. Шапшаңдық пен ептілікті көрсету, пьесаның аяқталуын байқау; дыбыстарды жоғарылығы бойынша ажыратып, халықтық ойындардың көңілді сипатын бере білу, үлкен шеңберге бірігу және бытырау.

Балалар музыкалық аспаптарындағы ойын

-фортепиано сүйемелдеуіндегі балалар музыкалық аспабында ересектер орындауындағы би әуенін тыңдау дағдыларын қалыптастыру;

-оның көңіл-күйіне жауап қайтару: алақанды музыка әуеніне шапалақтау, қайырмаларды айту кезінде ырғақтық қарапайым суреттерді орындау;

-музыкалық ойыншықтар мен аспаптарды тану дағдыларын қалыптастыру;

-түрлі жанрдағы музыканы қабылдау мен анықтау дағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:

- әуенді немесе музыканы орындау кезінде пьесаларды таниды және атайды;

- жоғары және төмен қолының қимылымен көрсетіп, әуенмен және қосылып айтады;

- сап түзеп жүреді, жүрелеп жүреді, музыканың ырғағын дәл бере отырып, қимылды қарқында қос аяқпен жеңіл және еркін секіреді;

- билеу кезінде үлкен шеңберге тұра біледі;

- музыкалық ойыншықтар мен аспаптарды біледі.


II ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ

Музыка тыңдау

Музыкалық мәнерлеу құралдарын айыра білу, музыкалық шығармаларды соңына дейін тыңдау, шығарманың бөлімдерін айыра білу, музыканың сипатын анықтау, өз әсері туралы әңгімелеу.

Сипаты мен мазмұны жағынан алуан түрлі екі шығарманы эмоциялық тұрғыдан қабылдай және салыстыра білу.

Тыңдауды қимыл көрсету арқылы сүйемелдей отырып, музыкалық образ бен қимыл тәжірибесінің арақатынасын анықтау керек.

Ән салу


Жеке және хормен ән айту дағдыларын, соза дыбыстауды, таза интонациялауды, бір қарқында ән айтуды дыбыстаудың бірдей күшімен ән айтуды жетілдіру. Әр түрлі сипаттағы әндерді орындау, дауыспен секіріс үлгісіндегі және төмендеуші әуен қарқынын бере білу.

Күш салмай ән айту, сөздер мен дыбыстарды таза және анық айту, музыкалық шығармадан кейін ән айту фразалар арасындағы тыныс алу, әнді бір мезгілде бастау және аяқтау, әуенді дұрыс бере білу. Аяқталуында мұқият айту.

Музыкалық ырғақты қозғалыстар

Би қозғалыстарын, ойындық музыкалық әрекеттерді орындауға қызығушылықты тәрбиелеу.

Жаттығулар: Музыкалық бейне мен қозғалыс тәжірибесін арақатынастыру, қозғалысты орындау. Жеңіл жүгіру, қозғалыс бағытын өзгерту, адымдау, аяқты жоғары көтеру. Әндердің қозғалыстық, көңілді сипатын қабылдау. Таныс әндер мазмұны бойынша сахналандыруға баулу.

Балалар музыкалық аспаптарында ойнау

Таныс әндерді орындау кезінде әр түрлі балалар музыкалық аспаптарын пайдалану.

Билер: музыканың биге тән сипатын қабылдау; жеңіл қозғалу, ырғақты, салтанатты қозғалу; екеулеп би қозғалыстарын орындау. Ойындық музыкалық іс-әрекеттерді қолдану.

Би қозғалыстарының, ойындар мен хор әндерінің атауларын білу.

Ойындар мен хор әндері: әуен сипатымен сәйкестіктегі ойын әрекеттерін орындау, шеңбер бойымен хор әнін жүргізу, қозғалысты өзгерту, шапшаңдық пен ептілікті көрсету. Музыканың көңілді жанды сипатын ажырата білу, қол орамалды баяу бұлғау, әуен сүйемелдеуімен екеулеп жүру, көңілді ән салу.

Балалар музыкалық аспаптарында ойнау

Әр түрлі музыкалық және шулы аспаптардағы ересектердің ойынын тыңдау.

Үшбұрыштан, бубеннен, маракастан, металлофоннан қарапайым ырғақтық суреттерді өз бетінше орындау. Шулы оркестрде қатысу.

Балалар музыкалық аспаптарын тану және атау.


Күтілетін нәтижелер:

- музыкаға эмоциялы үн қатады, таныс шығармаларды таниды, ұнататындарын белгілейді;

- музыкалық шығармаларды мұқият тыңдайды;

- әуені бойынша әндерді таниды, олардың мазмұны туралы айтады;

- секста шамасындағы дыбыстардың жоғарылығы ажыратады;

- форте, меццо-форте, пианоны, қатты және баяу дыбысталуды ажыратады;

- сөздерді анық айтып, созып ән салады;

- таныс әндерді сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз айтады;

- әнді бірге бастап, бірге аяқтайды;

- музыканың сипатына сәйкес қимылдарды оларды музыкалық шығарманың түріне сәйкес өздігінен ауыстыра отырып орындайды;

- таныс емес музыкамен оның негізгі көңіл-күйін бере отырып, қимылдайды;

- би қимылдарын дәл және сүйіспеншілікпен орындайды;

- заттармен қимылдарды орындайды;

- әндерді, билерді сахналайды;

- ырғақты бейнелерді дабылды аспаптарда таза қайта жаңғыртады.
«Әлеуметтік орта» білім беру саласы

«Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны

- қоршаған әлеммен танысу;

- экология ұйымдастырылған оқу әрекетінде жүзеге асырылады.

Мақсаты: жалпы адами қабылданған нормалар мен ережелерді, тұлғаның әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттер:

- ересектердің еңбегі, оның адамның қоғамдық өміріндегі рөлі, жалпылай қабылданған нормалар мен құрдастармен және ересектермен өзара қарым-қатынас ережелері туралы білімдерін дамыту;

- гендерлік, отбасылық, азаматтық тұрғыдағы, отансүйгіштік сезім, әлемдік қауымдастыққа қатысты сезімі туралы ұғым-түсініктерді қалыптастыру;

- өз еңбегіне, басқа адамдардың еңбегі мен оның нәтижелеріне құндылықты қатынасқа, құрдастарына сыйластықпен қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.
Қоршаған ортамен таныстыру

Мәдени мінез-құлық дағдылары

-қазақтың халықтық педагогика дәстүрлеріне негізделген мінез-құлық мәдениеті ережелерін сақтау;

-өзі мен өзінің отбасы жөнінде әңгімелеу, отбасылық мерекелері, оған даярлануға қатысу;

- құрдастарымен қатынастарды бақылай отырып бірлескен іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру.

-іс-әрекеттің қарапайым адамгершілік нормаларын қалыптастыру және қазақ халқының қонақжайлылығы, өз отбасына махаббаты мен сыйластық сезімі, балабақшаға, туған өлкесіне, еліне, Қазақстанды мекендейтін әр түрлі ұлт өкілдеріне деген сыйластық сезімін қалыптастыру және дәстүрлермен таныстыру.

Құрдастарымен дауласу кезінде балаларды «келісімге келу», «татуласу» әрекеттеріне, басқаларды тыңдауға үйренуге, басқалардың қалауын ұғынуға үйрету.

Қоршаған әлеммен танысу үдерісінде сыпайылықтың қарапайым дағдыларын бекіту.

Балалар іс-әрекетінде этикеттің қарапайым ережелерін бекіту.

Өзінен кішілерге және ересектерге сыйластықпен және қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Балалардағы өз отбасының тарихына қызығушылықты дамыту.

Ересектер еңбегіне қызығушылық пен оның нәтижелеріне мұқият қарым-қатынас жасауын дамыту, балаларды ересектермен бірлескен еңбек әрекеттеріне қосу.

Адамгершілік нормалары туралы ұғымдар

Балаларды іс-әрекет нормаларымен және ережелермен таныстыру.

Баладағы өзін-өзі сыйлау сезімін, өз қасиеттерін сезінуін қолдап, балаға ересектердің оның табысына қуанатындығын, сәтсіздік жағдайында жанашырлықпен көмектесетіндігін ұғындыру.


Экология негіздері

Табиғаттағы мәдени мінез-құлық дағдылары

Қоршаған өсімдіктер мен жануарлар әлеміне қызығушылықты дамыту.

Өз эмоциясының көріну дағдыларын, тірі табиғи нысандар мен табиғат туралы өзіндік әсерлерін алмасу дағдыларын жетілдіру.

Табиғаттағы адамдардың іс-әрекет ережелері туралы білімдерін жетілдіру.

Баланың өзінің табиғаттағы іс-әрекетін оң бағалауға мұқтаждығына қолдау көрсету.

Балалардың тірі табиғат бұрышындағы және балабақша маңайындағы өсімдіктер мен жануарларға күтім жасау, құстарды қыста азықтандыратын еңбек әрекеттеріне қатысуын мадақтау.

Отбасы мүшелерінің табиғаттағы бірқатар еңбек әрекеттері туралы білімдерін қалыптастыру.

Балалардың назарын ересектердің іс-әрекеттеріне аудару, өйткені онда табиғатқа жанашырлық көрініс береді.
Көркем әдебиет

Адами қарым-қатынастар әлемі

Әдеби шығармалардың қаһармандарына және ертегілердің қаһармандарына қарым-қатынас пен іс-әрекетке эмоциялы жауап қайтарудың «жақсы мен жаманды», «болады және болмайды» дегеннің не екенін, «қалаймын және қажет» дегеннің не екендігін ұғыну шеберлігін дамытуды жалғастыру.

Өзара қарым-қатынастар мен адами сезімдер әлемі туралы, әдеби кейіпкерлерді мысалға ала отырып балалар мен ересектер қоғамындағы іс-әрекет мәдениеті туралы талқылау дағдыларын қалыптастыру.

Шығарма мәнін ұғыну, іс-әрекеттің дамуын қадағалауды үйретуді жалғастыру. Көркем шығармаларға иллюстрациялар мен таныстыру, иллюстрацияларды қарастыруға үйрету, қарым-қатынастарды талқылауға, кейіпкерлер іс-әрекетін талдауға және оларға өзінің қатынасын бейнелеуге үйрету.

Басқа адамдар, табиғат пен жануарларға қамқорлық жасайтын кейіпкерлердің іс-әрекетін ажырата білуін дамыту.

Ерлердің және әйелдердің іс-әрекетінің ерекшеліктерін ертегілер мен әдеби шығармалар мазмұны арқылы бағалау дағдыларын қалыптастыру.

Әдеби кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен мінезін талдауда балалардың мейірімін ояту, баланың табыстарына ересектердің қуануға даяр екендігін, сәтсіздік жағдайында көмектесетіндігін ұғындыру.

Эмоциялар әлемі

Ертегілер мен әдеби шығамалар қаһармандарымен бірге өмір сүру дағдыларын дамыту.

Өзінің эмоционалдық жағдайы мен басқалардың жағдайын арасындағы байланыстарды табу, қаһармандардың сезімі мен қарым-қатынастарын бейнелейтін көркем әдебиет шығармаларын пайдалану дағдыларын жетілдіру.

Қоршаған балалар мен ересектерге қызығушылығы мен зейінін дамытуды жалғастыру және қолдау көрсету.


Күтілетін нәтижелер:

- ата-аналардың жақсы көретінін, оларға қамқорлық жасайтынын әрбір балада отбасы, ата-аналары болатынын түсінеді;

- жақындары мен айналасындағы адамдарға қарапайым қамқорлықты танытады;

- құрдастарымен бірлескен әрекеттерге қатысады;

- өзін дұрыс ұстаудың қарапайым ережелерін біледі;

- адамдардың қарым-қатынасындағы жақсы деген немене, жаман деген немене екенін түсінеді;

- өзінің тәртібімен басқаларға кедергі жасамай ойынға қосылады;

- басқа балалардың тілектерімен санасу, олардың эмоциялық көңіл-күй өзгерістерін байқайды;

- ересектермен бірлескен еңбек әрекеттерін орындайды;

- халықтық дәстүрлерге негізделген ересектерге сыйластық қарым-қатынасты, адамгершілік пен өзін дұрыс дұрыс ұстау нормаларын сақтайды;

- ертегілер, әңгімелер, өлеңдерді қимылдардың дамуын қадағалайды;

- әдеби кейіпкерлердің тәртібін талдайды, олардың тек жетіспеушіліктерін емес, сондай-ақ жетістіктерін де байқайды;

- әдеби кейіпкерлердің қылықтарына өзінің қатынасын айтады, оны адамгершілік нормалары мен түсініктері көзқарасында бағалайды.



Ойын әрекетін ұйымдастыру

Мақсаты: әлеуметтік-белсенді тұлғаны қалыптастыру, алғашқы серіктестік қарым-қатынастарды жинақтау, балалардың бір-бірімен және ересектермен эмоциялы-жағымды қарым-қатынасы дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттер:

- ойынның алуан түрлеріне өзін өз бетінше ойынмен шұғылдану іскерлігін дамыту.

- ойын әрекеті дағдыларын қалыптастыру: серіктестермен оқиғаға біріктірілген ойын әрекетін орындау іскерлігі;

- балалардың ойын әрекеті үдерісіне қызығушылығын тәрбиелеу.


Мазмұны

Мазмұндық-рөлдік ойындар

Бір-бірімен әрекеттесу қажеттілігін қарастыратын бірлескен ойындарға қатысу дағдысын қалыптастыру.

-іс-әрекетті орындау, белгіленген рөлге байланысты заттар мен атрибуттарды таңдау дағдыларын қалыптастыру;

-ойындағы мәдени іс-әрекет ережелерін іске асыру дағдыларын қалыптастыру;

-шартты ойын әрекеттерін, бақылау нәтижелері бойынша күрделі емес оқиғаларды орындаудағы дербестік дағдысын қалыптастыру;

-вербальды емес тілдік құралдар көмегімен таныс ертегі және қазіргі заманғы әдеби оқиғаларды сахналандыру дағдысын қалыптастыру;

-бейнелік ойыншықтарды және театрлық қуыршақтарды театрландырылған ойындарда пайдалану дағдысын қалыптастыру;

-ойында құрылыс материалдарын, табиғи материалдарды, ағаш және пластик конструкторларды пайдалану дағдыларын қалыптастыру;

-ойын жағдайын өз бетінше ұйымдастыру және ересектердің көмегімен ойнауға қолайлы орынды таңдау дағдыларын қалыптастыру;

-сюжеттік-рөлдік ойындағы құрылыс материалынан құрастырылымдарды пайдалану дағдыларын дамыту.

Мейірімділікті, өзара көмектесуді, ойын барысында қолдау көрсетуге тәрбиелеу.

Балалардың атрибуттар мен алмастырушы заттарды өз бетінше таңдау, шартты ойын әрекеттерін орындау әрекеттерін мадақтау.

Қимылдық ойындар

Секіру, жүгіру, лақтыру, қайта тастау дағдылары дамытылатын доптармен, шарлармен, шеңберлермен, секіртпемен (скакалка) өз бетінше ойнауды мадақтау.

Балалардың ептілігін, шапшаңдығын, кеңістікте бағытталуын, өзара байланысқан іс-әрекетті талап ететін ойындарға, қозғалыс түрлерін ауыстыратын және барынша күрделі ережелерден тұратын ойындарға баулу.

Балалардың ойын ережелеріне бағыну, жауапты рөлдерді ойындау дағдыларын дамыту.

Әткеншекті ересектердің көмегінсіз пайдалану дағдыларын қалыптастыру.

Дидактикалық ойындар

Заттардың қасиеттері туралы ұғымдарды нығайтуға бағытталған дидактикалық ойын дағдыларын қалыптастыру. Заттарды сыртқы белгілері бойынша салыстыру дағдыларын қалыптастыру. Заттарды атқарымдық белгілері бойынша топтастыру шеберлігін дамыту, оларды бірте-бірте азаю немесе ұлғаю тәртібімен орналастыру. Ойындағы жетекшінің рөлін орындау шеберлігі.

Ойын барысында танымдық міндеттерді шешуге баулу. Назар аударуды, байқағыштыққа, жадыға, табандылыққа тәрбиелеу.

Дыбыстарды музыкалық-дидактикалық ойындарда тану, дауысты туындату дағдыларын қалыптастыру: жоғары және төмен дыбыстар, жануарлардың еліктеу дыбыстарын салу дағдыларын қалыптастыру.

Дауыс тембрі бойынша ойынға қатысушыларды ажырату шеберлігін қалыптастыру; бірнеше музыкалық аспаптарды дауысына қарай ажырату шеберлігін қалыптастыру.

Ән мәтінімен сәйкестікте бубенде музыканың ырғақты соққылармен дауыстап және баяу дыбысталуын туындау дағдыларын қалыптастыру.


Күтілетін нәтижелер:

- қимылдық және дидактикалық ойындарда ойын ережелерін біліп, оны қадағалайды;



- өз бетінше ойнайды және шартты ойын әрекеттерін орындайды; белгіленген рөлге байланысты заттар мен атрибуттарды таңдау әрекеттерді орындайды; мазмұндық-рөлдік ойындағы құрылыс материалынан құрастыруларды пайдаланады; бақылау нәтижелері бойынша күрделі емес оқиғаларды дамытады; басқа балалармен бірге ойнайды; құрдастарына ізгі қарым-қатынас жасайды;

- ересектер көмегімен таныс ертегілер мен заманауи әдеби оқиғаларды драмалауды қолданады.
Еңбек әрекетін ұйымдастыру

Мақсаты: балаларды еңбек әрекетіне қатыстыру, еңбекке тұрақты қызығушылыққа тәрбиелеу; еңбек дағдылары мен біліктерін қалыптастыру.

Міндеттері:

- жеке және ұжымдық тапсырмаларды орындау дағдыларын дамыту;

-тапсырмаларды орындауға жауапкершілік қатынас дағдыларын қалыптастыру;

- өз еңбегі мен ересектер еңбегіне мұқият қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.

Өзіне өзі қызмет көрсету

Дербестік дағдыларын жетілдіру.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Шаруашылық-тұрмыстық еңбек

Балаларды топтық бөлмеде тәртіпке өз бетінше қолдау көрсетуге үйрету. Тәрбиешімен бірге кітаптарды, қорапшаларды, жабыстыруға, үстелдің, орындықтардың шаңын сүртуге үйрету.

Асхана кезекшісі міндеттемелерін өз бетінше орындау дағдыларын қалыптастыру.

Екінші жартыжылдықтан бастап ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне материалдарды даярлау бойынша кезекші міндеттемелерін орындауға үйрету.

Табиғат бұрышындағы еңбек

Дербестік дағдыларын қалыптастыру: бөлме өсімдіктерін суғару, ірі жапырақтардың шаңын сүрту, балықтарды қоректендіру.

Бөлме өсімдіктерін қайта отырғызуға, аквариумдағы суды ауыстыруға, қыстайтын құстарды азықтандыруға баулу.

Жұмыс орнындағы тазалық пен тәртіп дағдыларын қалыптастыру.

Табиғаттағы еңбек

Өсімдіктерді өз бетінше суғару шеберлігін қалыптастыру.

Гүлзардағы, бау-бақшадағы жұмысқа үйрету.

Жолдарды, веранданы қардан тазалауға, скамейкалардан қарды түсіруге үйрету.

Балаларды қысқы уақытта табиғат бұрышындағы құстарды қоректендіру үшін көк шөпті өсіруге қатысуға баулу.

Балаларды еңбек әрекетінде қолданылатын құрал-жабдықтарды ретке келтіруге үйрету.


Күтілетін нәтижелер:

- кезекшінің міндеттемесін біледі;

- құрдастарына, ересектерге көмек көрсетеді; еңбек тапсырмасын орындауға жауапты қатынас жасайды;

- өз бетінше киінеді, шешінеді, гүлдерді суғарады, құстарды, жануарларды қоректендіреді, материалдарды, құралдарды жайғастырады және сабақтан соң оларды жинастырады, асханадағы кезекшілік міндетін атқарады.


4. Күн тәртібінің үлгісі


Күн тәртібінің бөлімдері

Мерзімі

(сағ, мин)

Таңертеңгі қабылдау, ойындар.

Топтық қарым-қатынастар: қызықты қысқа мерзімді істерді бірлесіп жоспарлау.



Ойындар, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне дайындық

8.00-8.10

Таңғы гимнастика

8.10-8.20

Гигиеналық шаралар. Таңғы ас

8.20-8.40

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері (үзілістерді қосқандағы жалпы ұзақтығы)

Ересектің балалармен бірлескен әрекеті

9.00-9.50

Серуенге дайындық. Серуен

Табиғатпен танысу, ойындар, еңбек.

Серуеннен оралу.

Гигиеналық және сауықтыру шаралары.


10.00-12.00

Түскі асқа дайындық, Түскі ас

12.10-12.40

Күндізгі ұйқы

12.40-15.00

Ұйқыдан біртіндеп тұрғызу жаттығулары.

Сауықтыру шаралары. Бесін ас

15.00-15.40

Сюжетті-рөлдік, шығармашылық және дидактикалық ойындар.

Серуенге дайындық.

Серуен.Қимылды ойындар.

Серуеннен оралу.

Гигиеналық шаралар.


15.40-17.00

Кешкі ас

17.20-17.40

Балалармен, ата-аналармен қарым-қатынас. Еркін ойындар.

Балалардың үйге қайтуы



17.40-18.00



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет