Қазақстан Республикасы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін типтік бағдарламасы Астана 2015 Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ»



бет13/16
Дата25.01.2017
өлшемі3,58 Mb.
#7792
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

5. Ата-аналармен жұмыс

Мектеп жасына дейінгі бала үшін отбасы – оның тұлғасының даму жолын анықтайтын өмірлік қажетті әлеуметтік орта. Ол баланы эмоционалды қорғау мен психологиялық қолайлылықты қамтамасыз етеді, оған өмірлік тірек береді. Отбасы махаббаты баланың жеке қасиеттері мен өзін-өзі сыйлау сезімін туындату мен нығайтуға мүмкіндік береді.

Мақсаты: ата-аналық құзыреттіліктің қалыптасуындағы және баланың есею шамасы бойынша оған жеке ата-аналық қатынасты түзетуді жүзеге асырудағы білікті көмекті қамтамасыз ету.

Міндеттері:

- әрбір тәрбиеленушінің отбасымен серіктестік қарым-қатынасты орнату;

- балаларды дамыту және тәрбиелеу үшін күш біріктіру;

- мүдделердің ортақтығы, бір-бірінің мәселесінде эмоциялы қолдау және түсіну атмосферасын құру;

- ата-аналардың тәрбиелеу біліктілігін жандандыру және байыту, олардың өзіндік педагогикалық мүмкіндіктеріне сенімділігіне қолдау көрсету;

- баланы жақын адамдарына сыпайы қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.

Педагогтың ата-аналарда бала тәрбиелеудегі өзіндік көзқарастар мен ой-пікірлерге саналы қарым-қатынасты дамытуға, ал балаларда – өз туыстарына сыйластықты қатынасты дамытуға бағытталған отбасымен ынтымақтастықты ұйымдастыруы.

Ашықтық атмосферасын құру. Ата-аналарға балабақшадағы бала өмірі мен еркін танысу құқығын ұсыну, оның құрдастарымен қарым-қатынасын білу, баланы іс-әрекеттің алуан түрлерінде көру: ойындар, еңбекте, компьютер алдында, тамақтану кезінде, серуендеуде, бассейнде және спорттық залда көруге мүмкіндік беру. Балалар мен ересектердің өзара әрекеттестігі үшін ситуацияларды құру қажет: баламен бірге жабыстыру, желімдеу, сурет салу, ойнау, билеу, бір-біріне сұрақ қою, жұмбақтарды шешуді ұсыну, педагогтар ата-аналарды білім беру үдерісіне қатысуға шақырады, ата-аналарға ұйымдастырылған оқу әрекетінің әралуан түрлерін көрсетеді.

Педагогтар мен ата-аналардың диалогқа ұмтылысы. Педагогтар отбасы мүшелеріне күннің жарқын әсерлері, бала сәттілігі жөнінде әңгімелейді. Ата-аналар мен педагогтар мәселені бірге талқылайды және баланың ата-анасы өзін сүйетіндігін және оны қандай болса, сондай күйінде қабылдайтындығын сезінуі үшін отбасы мүшелеріне эмоциялы қолайлылық пен қамқорлық атмосферасын құруы қажет. Балалардың ата-аналары мен қатынас жасау кезінде, тәрбиеші оларды баламен қарым-қатынас жасау тәсілдерімен және отбасындағы педагогикалық ықпалдастықтың тиісті тәсілдерімен таныстыруды жалғастырады. Ол ата-аналарды тіл дамыту және тілдік қатысымды дамыту тәсілдерімен байытады. Отбасының балада сүйіспеншілікті, назар аударуды, есте сақтауды, қабылдауды, бейнелі ойлауды, ойлауды дамытуы үшін отбасы мүмкіндіктерін көрсетеді. Ата-аналармен бірге балалардың дербес көріністері, оның іс-әрекет ерекшеліктері, әдеттері мен басым сипаттары жөнінде ойластырады. Ата-аналармен қарым-қатынас жасау үшін педагог әр түрлі белсенді түрлерді, атап айтқанда, тренингтерді, пікірталастарды, практикумдарды, дәрістерді пайдаланады.

Ата-аналардың мамандармен, психологтармен, логопедтермен құпия қарым-қатынас жасауы үшін жағдай құру да маңызды. Ата-анаға психолог, логопед, медициналық қызметкерлер құрамымен, қосымша білім беру мамандарының жұмысымен, баланың дамуындағы ілгерілеу мен оның мәселелері туралы танысу құқығы берілуі қажет.

Педагогтардың тәрбиеленуші өмірімен үй жағдайында танысуы. Тәрбиешіге мәселеге және отбасының ішкі мұқтаждықтарына жақындау мүмкіндіктері ашылады, ол ата-аналардың тұлғалық ерекшеліктерін, олардың тәрбиелеудегі көзқарастарын жақсы ұғынуға, бала тұлғасының ерекшеліктерін жақсы түсінуге мүмкіндік алады. Қиын отбасылық жағдайдан шығу жолын отбасылық құпияларды әйгілемей-ақ, отбасымен бірге іздестіру қажет. Оң отбасылық тәжірибе туралы ақпарат ата-аналардың келісімімен басқа ата-аналарға айтылады.

Жұмыс түрлері:

- рөлдік ойындар;

- педагогикалық сандықша (отбасы, балабақша тәжірибесі);

- жеке әңгімелесу;

- түрлі халықтардың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын пайдалана отырып, ересектер мен балалардың бірлесе тынығуы;

- фольклорлық отбасылық кештер;

- танымдық ойындық викториналар;

- педагогикалық тренингтер;

- пікірталас клубы;

- «Сенім» клубы (ата-аналардың мамандармен құпия қатынасы);

- көрмелер ұйымдастыру;

- ақпараттық және тақырыптық стендтер мен фотомонтаждар;

- радиохабарлар және бейнефильмдер;

- конференциялар;

- дәрістер;

- отбасына бару.




VІІ. ЕРЕСЕК ТОП

1. 5 жастан бастап 6 жасқа дейінгі балалардың сипаттамасы

Алты жаста баланың денесі және психикалық дамуында бірқатар маңызды өзгерістер орын алады. Баланың дене салмағы айына шамамен 200 г-ға, бойының ұзындығы 0,5 см артады. 6 жасқа қарай балалардың бойы орташа 116 см, дене салмағы 21,5 кг жетеді, кеуде қуысының шеңбері 57-58 см тең болады.

Балалардың мінез-құлықтарын реттеуде ми қабығының рөлі артады. 6 жасқа қарай балалардың қимыл-қозғалысы біршама жігерлі және нақты болып, жеңілдік пен әсемдікке ие болады. Балалар екпінімен биіктікке және ұзындыққа сенімді секіреді, лақтыру кезінде заттарды жігерлі түрде сермейді және лақтырады.

Бұл жаста қол саусақтарының қимылдарының дамығандығы соншалықты, бала өздігімен қағаздан түрлі пішіндерді – тік төртбұрыштарды, сопақшаларды, дөңгелектерді қайшымен қияды; сазбалшықтан ыдыс-аяқ, адам мен жануарлардың мүсіндерін жасап, бояу қарындаштармен және майлы бояумен еркін сурет сала алады.

Мектепке дейінгі ересек жас баланың психикалық дамуындағы біршама өзгерістермен сипатталады.

Бұл кезеңнің жаңадан пайда болған маңыздысы – албырт және өзіндік ерікті мінез-құлық. Бала өзінің мінез-құлқын үлгімен салыстыра отырып игеріп және басқара алады. Еріктілік бала психикасының дамуындағы орталық желі болады.

Тұрақты түрткілер иерархиясы қалыптасады. Бала өзінің нені қалайтынын біледі және өз мақсатына қол жеткізеді; оның мінез-құлқы қоршаған ортамен емес, өзіндік шешімімен анықталады, бұл өзгерістер өз көрінісін тауып психикалық дамудың барлық саласында – коммуникативті, танымдық, жігерлілік, мотивациялық салаларда айқындалады.

Ішкі психологиялық өмірі мен ішкі өзін-өзі реттеуінің қалыптасуы – танымдық салада бірқатар жаңа құрылымдардың пайда болуымен байланысты.

5-6 жаста сөздік-логикалық ойлау қабілетінің күрт дамуы байқалады. Сол арқылы балада көзге көрінбейтін заттар мен құбылыстар арасындағы байланысты түсіну қабілеті қалыптасады.

Балалардың іс-әрекеттерінің күрделенуіне және олардың қимыл-қозғалыстарына байланысты назар жалпы ақыл-ой дамуында жоғары шоғырланушылық пен тұрақтылыққа ие болады, ойынның ұзақтығы 2 сағатқа дейін артады.

Ерікті есте сақтауы дамиды, балаларға тек механикалық қана емес, байыптап есте сақтау тән болады.

5-6 жаста сөздік-логикалық ойлау жеткілікті түрде дамымаған, негізгі мәнге көрнекі-бейнелік және эмоциялық есте сақтау ие болады.

Байланыстырып сөйлеу, диалогтік және монологтік сөйлеудің кейбір түрлері дамиды. Балалардың сөйлеуінде кеңейтілген сөздіктер, сондай-ақ осы жаста құрылатын сезім-түйсіктердің сипаттары да көрініс табады. Балалар жалпылама зат есімдерді, синонимдерді, антонимдерді, сын есімдерді және т.с. белсенді қолдана бастайды.

Аталған жас өзіндік сана-сезімнің қарқынды өсімімен сипатталады, мұнда өзінің «Мен»-ін оқшау, жақындарына да, достарына да қарама-қарсы қояды. Тұрмыстық жағдайлардың, қоғамдық өмірдегі оқиғалардың, ересектердің еңбектеріндегі элементтердің көріністері көрініс табатын ойын әрекеті жетекші болып қалады.

2. Балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру

Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру ойын және оқу-танымдық әрекет кезінде дербестігін тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Режимдік сәттер барысында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің түрлері кезінде құрбыларымен және ересектермен қарым-қатынас жасаудың мәдени мінез-құлық дағдылары қалыптасады, денсаулықты нығайту бойынша іс-шаралар кешені жүргізіледі.

Балалар ережелерімен қимылды ойындарды қолдана отырып, негізгі қимылдардың әртүрлі түрлерін жаттықтыра отырып, оларды саналы игеруге және дәл орындауға қол жеткізеді.

Әртүрлі әрекет түрлерін орындау кезінде қолдардың ұсақ маторикасын дамытуға мүмкіндік береді.

Тәрбиеленушілердің тұрмысын ұйымдастыру кезінде балалардың өскелең дербестігін, өзінің және құрбыларының мінез-құлықтарын бақылай білу бейімділігі, яғни ересектер тарапынан қамқорлықтың азаю мүмкіндігін ескеру қажет. Киінуге, шешінуге, ас ішуге, жуынуға жұмсалатын уақыттың қысқаруы есебінен ойынға, балалардың еңбегіне, олардың қозғалыстарын дамытуға, өзіндік көркем шығармашылықтарына уақыт бөлу қажет.

Аталған топта ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті түрлеріне арналып бөлінген уақыт көлемі артады, бағдарламалық материал күрделіленеді. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті күннің алғашқы жартысында өткізіледі. Жұмыстың әдіс-тәсілдері баланың эмоциялық көңіл-күйі мен қимылына жағымды ықпал етуі тиіс.

Педагог әртүрлі ойын түрлерін қолданып, балалардың шығармашылықтарын, дербестіктерін, ерік қасиеттерін дамыту үшін жағдай жасауы керек.

Бала әрекетінің жүйелі даму үлгісін көрсететін, бағдарлау мен әрекеттерге арналған кеңістікті ашу, онда балалардың өздері әрекет ету мүмкіндігімен және вариативтілігімен ерекшеленетін дамытушы орта құру өте маңызды рөл атқарады. Ересек топтағы заттық-дамытушы орта балалардың бір-бірімен, ересектермен қарым-қатынасын дамытуын қамтамасыз етуге бейімделіп жасалуы керек. Ол балалардың дене дамуына, әлеуметтік, эстетикалық және танымдық дамуына ықпал етуі керек және ыңғайлы болуы керек.

Топта еңбек әрекетінің әртүрлі түрлерін жүргізуге қолайлы жағдай жасалуы керек. Өзіне-өзі қызмет ету еңбек әрекеті біртіндеп балалардың қажеттілігіне айналуы тиіс. Тұрмыстық-шаруашылық еңбек пен табиғат аясындағы еңбек түрлерін жеке және ұжымдық тапсырмалар мен кезекшілік түрінде ұйымдастырылады.

Тәрбиеші келесідей ережелерді ұстанады: алғашқы қиындықтардың өзінде-ақ балаға көмек көрсетуге асығудың қажеті жоқ, оның орнына өз бетімен шешім қабылдауға итермелеу пайдалы, егер көмексіз болмайтын жағдайда бұл көмек алдымен мардымсыз болуы керек, бірақ бәрінен бұрын кеңес, жетекші сұрақтар беру, балада бар іс-тәжірибені белсендіру керек.

Жыл соңында балаларда болашақ мектеп оқушысы ретінде пайдалы әрекеттер түрлері: экспериментті-зерттеу әрекеттеріне, үстел ойындарын ойнауға, түрлі суреттерді қарап, суретті ойындардағы тапсырмаларды орындауға, кітапшаларды қолдан жасауға, құрастыру мен мүсіндеуге деген қызығушылық тәрбиеленуі қажет.

Ересек жастағы балаларды ойдағыдай дамыту мен тәрбиелеудің қажетті шарты педагог пен ата-аналардың ықпалдастығы болып табылады. Тәрбие мен оқыту мәселелерін бірігіп шешу мақсатында отбасылармен сенімді қарым-қатынас орнату маңызды.


3. Тәрбиелеу және оқыту мазмұны

5 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту олардың денесінің, ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық дамуы, денсаулығын нығайтуға және білімін, білігін мен дағдыларын жетілдіруге бағытталған.

Үлгілік оқу жоспарына сәйкес 25-30 минуттан ересек топта аптасына 17 сабақ өткізіледі. Осы жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту мазмұнын игерту білім беру салаларын кіріктіру жолымен және заттық-дамытушылық ортаны қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.
«Денсаулық» білім беру саласы

«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны:

- дене шынықтыру;

- қауіпсіз мінез-құлық негіздері,

- валеология ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.

«Денсаулық» білім беру саласын ұйымдастыру мен өткізу балалардың өмірін қорғау, денсаулығын нығайту және негізгі қимыл түрлерін қалыптастыру мақсатына қол жеткізуге бағытталған.

Мақсаты: баланың денсаулық қорғау және нығайту.

Міндеттері:

- салауатты өмір салтын ұстауды, дене сапаларын дамыту;

- тұрмыста, көшеде, табиғат жағдайларында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және негізгі қимылдарды жетілдіру арқылы балалардың қозғалу тәжірибелерін байыту;

- тәрбиеленушілерде шығармашылық, танымдық және сөйлеу қабілеттерін қолдана отырып қимыл белсенділігіне сұраныстарын қалыптастыру.

I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ


Дене шынықтыру

Негізгі қимыл түрлерін дамыту бойынша жаттығулар

Ортаңғы топта үйренген жаттығуларды қайталап, балалардың біліктері мен дағдыларын жетілдіру және бекіту.

Негізгі қимыл жаттығулары

Жүру: түрлі қарқында бір қатармен, аяқтың ұшымен, өкшемен жүру жаттығуларын белгі бойынша орындау; бүгілген тізені жоғары көтеріп, жартылай отырып; заттарды аттап, заттар арасымен; қолды түрлі қалыпта ұстап; тәрбиешінің белгісімен тоқтап; қозғалыс бағытын өзгертіп, шашырап, заттар арасымен; адымдап алға қарай жүру; жүгіруді алмастыра жүру.

Жүгіру: бір қатармен, шашырап, жұптасып, түрлі қарқында; заттарды аттап; бір сызыққа қойылған заттар арасымен «жыланша» ирелеңдеп, кедергілерден өту арқылы; табиғи жағдайларда кедергілерден өту арқылы; түрлі жылдамдықпен – баяу, жылдам, орташа қарқынмен 1,5-2 мин.



Секіру: бір орында тұрып, алға қарай 3-4 м қашықтыққа жылжу арқылы секіру; тізенің арасына қапшықты қысып, қос аяқтап; түзу бағытта (арақашықтығы 6 м); қос аяқтап заттар арасымен (арақашықтығы 4 м), оң және сол аяқтарымен кезектесіп заттар арасымен (арақашықтығы 3 м); орнынан биіктікке; жіптен, сызықтан секіру; оң және сол аяғын кезектестіріп; биіктіктен; 20 см дейінгі биіктіктегі зат үстіне секіру.

Лақтыру, қағып алу, домалату: қос қолмен допты жоғары, жіптің үстінен лақтыру, допты еденнен ыршытып жоғары лақтырып қос қолмен қағып алу (4-5 рет); допты бір қатарға қойылған заттар арасымен домалату; допты қабырғаға ұрып және еденнен ыршытып қос қолмен қағып алу; 2-2,5 м арақашықтықтағы нысанаға допты, қапшықты, тасты, асықты дәлдеп лақтыру; допты екі қолымен бір-біріне (арақашықтығы 1,5-2 м) басынан асыра лақтыру; допты екі қолымен заттар арасымен жүргізу (арақашықтығы 4 м); алға қарай жылжып қос қолмен допты лақтырып, қайта қағып алу (арақашықтығы 4-5 м).

Еңбектеу және өрмелеу. Биіктігі 40 см болатын жіптің астынан қолды еденге тигізбей, жанымен еңбектеу; гимнастикалық орындық үстінде ішпен, арқаға қапшық қойып еңбектеу; көлбеу басқышпен өрмелеп гимнастикалық қабырғаға өтіп, сатыдан ұстай отырып қайта түсу; гимнастикалық орындық астынан еңбектеу; доға астымен еңбектеу (биіктігі 50 см); доғаның астымен қолына допты ұстап еңбектеу (биіктігі 50 см); көлбеу басқышқа шығу, доғаның астымен төрттағандап допты басымен итеріп еңбектеу; кедергілер арасынан және қолды еденге тигізбей доға астынан еңбектеу; қолды еденге, шеңбердің шетіне тигізбей оң және сол жақ бүйірімен топталып шеңбердің ішінен өту.

Тепе-теңдікті сақтау: заттардан аттап жүру; кедергісі бар тақтай үстімен адымдап, аяқ ұшымен жүру; орындық үстімен текшелерден аттап, әр қадам сайын допты алдынан немесе артынан қолдан қолға ауыстыра отырып, басына қапшық қойып жүру; арқан бойымен бір жақ жанымен қырындап (өкшені арқанға, аяқ ұшын еденге) жүру; кедір-бұдыр тақтай үстімен жүру.

Сапқа тұру, сап құрылымын өзгертіп қайта тұру. Сапқа бір қатармен тұру; сап түзеп жүруден бір және екі қатармен қайта тұру; бір орында және қимыл үстінде оңға, солға бұрылу; қатарда – қолды алға, сап түзеп жүргенде және шеңбер жасағанда – қолды жан-жаққа созып тік тұру; секіріп және аттап оңға, солға, айналып бұрылу.

Музыкалық-ырғақты жаттығулар. Музыка ырғағына сәйкес түрлі қарқында қимылдар жасау. Өздеріне таныс дене жаттығуларын музыка әуенімен әсем де, ырғақты етіп орындау. Аяқты өкшеге кезектестіріп қойып, топылдату. Бір қырымен тізе бүге отырып жүру. Қарапайым музыка ырғағына сай қолды шапалақтау. Түзу бағытта шоқырақтап жүру. Жұптасып шеңбер бойымен қозғалу.
Жалпы дамыту жаттығулары

Қол мен иық бұлшық еттеріне арналған жаттығулар. Қолды кеудеге қою, жан-жаққа созу, қолды желкеге қою, жоғары көтеру, жан-жаққа созу. Қол саусақтарын айқастыру - «құлып», жоғары алға көтеру (алақанды сыртқа қарай айналдыру). Қолды жоғары артқа бір мезгілде және кезектесіп көтеру.

Аяққа арналған жаттығулар. Аяқтың ұшымен тұру. Аяқтың ұшын жерден алмай, өкшені жоғары көтеріп, түсіру. 2-3 рет қатарынан жартылай отырып, тұру. Қолды алға созып, қолмен тізеге сүйеніп, қолмен тізені құшақтап және басты иіп жүрелеп жүру. Аяқты кезекпен алға және жан-жаққа қойып, отыру. Ұсақ заттарды аяқтың саусақтарымен қысып алып, орнын ауыстыру.

Кеудеге арналған жаттығулар. Допты басынан асыра (алға және артқа) бір-біріне беру. Қолды алға созып оңға, солға бұрылу. Гимнастикалық қабырғаға қарап тұрып белінің тұсынан рейканы ұстап алға еңкейіп, иілу. Гимнастикалық қабырғаға арқасымен тіреліп тұрып, қолын белінің тұсына сай рейкадан ұстап аяқты кезектестіре бүгу және тік көтеру. Алға еңкейіп, алақанын еденге тигізу, айқасқан қолдарын артына көтеру, екі жанына созылған қолдарын жоғары көтеру. Тізерлеп тұрып, алға еңкею, отыру.



Дене күшін арттыратын жаттығулар. Қолдарын орындыққа тіреп, аяқтарын артқа созып, қолды шынтақтан бүгіп жазу (5-6 рет); 5 метрге дейін қолмен жүру (екінші бала бірінші баланың аяғынан ұстап жүреді).

Іштің бұлшық еттеріне (пресс) арналған жаттығулар. Екі бала жұптасып жасайды: бірінші бала қолын желкесіне қойып, шалқасынан жатып, денесін көтереді, екіншісі оның аяғына отырады (5-6 рет); гимнастикалық қабырғада қолдарымен тартылып тұрып, аяқтарын қосып сермейді (5-6 рет).

Арқаға арналған жаттығулар: топтасып отырған күйі алға, артқа «әткеншек» жасап домалау (5-6 рет), 3 метрге дейін қолдың көмегімен етпетінен жатып еңбектеу.



Спорттық жаттығулар

Шанамен сырғанау. Төбешіктен бір-бірлеп және екі-екіден шанамен сырғанау. Шанамен төбешікке көтерілу.

Сырғанау. Өздігінен мұз жолымен жүгіріп келіп сырғанау; сырғанау кезінде тізені бүгіп және орнынан тұру.

Шаңғымен жүру. Оң және сол аяқтарымен сырғанай отырып, бірінің артынан бірі кезектескен адыммен алға жылжу. Қиылысқан бос жерлермен жүру. Бір орнында тұрып айналып оңға, солға аттау, екі жаққа шеңбер жасау.

Велосипед және самокатпен жүру. Шеңбер бойымен және тура жолмен қос дөңгелекті велосипедпен жүру. Оңға және солға бұрылу.

Жүзу. Судың таяз жерінде отырып және жатып аяқпен қимыл жасау (жоғары, төмен). Судың ішінде қолымен алға, артқа жүру (аяғы денесімен деңгейлес созылған). Иек, көз деңгейіне дейін суға отыру, суға бетін батыру, суға үрлеу.

Судағы аэробика. Бұрылыстар, секірулер жасай отырып суда қимылдар жасау.

Спорттық ойын элементтері

Городки. Бастапқы қалыпты дұрыс ұстап тұрып, таяқты бір қырындап лақтыру. 3-4 пішінді білу. Городкиді (1-2 м) және (3-4 м) аралықтан таяқ лақтырып құлату.

Баскетбол. Кеуде тұсынан қос қолдап допты бір-біріне лақтыру. Допты оң және сол қолмен алып жүру.

Бадминтон. Ракетканың воланын белгілі бағытқа қағып лақтыру.

Футбол. Берілген бағытқа допты оң және сол аяқпен домалату. Доппен затты айналдыра жүру. Допты шұңқырға, қақпаға домалату. Допты қатарынан бірнеше рет қабырғаға соғу.

Хоккей. Берілген бағытқа, қақпаға доптаяқпен шайбаны сырғанату, оны қақпаға енгізу.
Күтілетін нәтижелер:

- дұрыс дене сымбатын қалыптастыруға бағытталған жаттығулар кешенін орындайды;

- түрлі қарқынмен жүреді, қол мен аяқтың түрлі қалыптарымен бағытты өзгерте біледі;

- қойылған заттардың арасымен «ирелеңдеп» 1,5-2 мин аралығында үздіксіз орташа қарқынмен түрлі жылдамдықпен жүгіреді;

- 3-4 м қашықтыққа алға жылжу арқылы секіреді, аяқтың арасына зат қыстырып қос аяқпен және кезекпен аяқты алмастыра отырып 3-4 м алға жылжып секіреді;

- 4-5 м қашықтыққа алға жылжу арқылы допты екі қолмен лақтырып, қағып алады;

- заттардың астынан (50 см) еңбектеп өтеді, кедергілерден еңбектеп өтеді;

- орындықпен, текшелерді аттап өтіп өкшемен және аяқтың ұшымен адымдап жүру арқылы шектелген қабаттарда, арқанда қырындап жүру кезінде тепе-теңдікті ұстайды;

- сапқа бір қатармен тұрады; сап түзеп жүруден бір және екі қатармен қайта тұрады, бір орнында бұрылады;

- түзу бағытта жорғалап жүреді, жұптасып шеңбер бойымен қозғалады;

- төбешіктен шанамен өздігінен сырғанайды, бұрылады;

- шаңғымен ауыспалы сырғанай отырып жүреді, төбешекке шығып және одан түседі; қос дөңгелекті велосипедпен жүреді, жүзеді.
II ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Негізгі қимыл жаттығулары

Бұрын үйренген жаттығуларды қайталап, балалардың біліктері мен дағдыларын жетілдіру және бекіту.

Жүру: белгі бойынша бір қатармен бір-бірлеп, екінші жаққа бұрылу арқылы жүру; тізені жоғары көтере отырып секіргішпен аттау арқылы; допатрмен қырындап; кегльдер арасында шашырай; 40 см қашықтықта қойылған жіптерден оң және сол аяқты алмастыра отырып аттау арқылы жүру.

Жүгіру: Заттарды аттап өтіп бір-бірден бір қатарда; тізені жоғары көтере отырып; 2 мин дейін заттардың арасымен үздіксіз жүгіру; жылдамдыққа; кегльдер арасымен шашырай; жүрумен алмастыра отырып 100-120 м қашықтыққа; белгіленген жерге дейін жылдамдыққа (ұзындығы 20 м) жүгіру; қырлы бөренелерден аттау арқылы орташа қарқынмен бір-бірлеп бір қатарда жүгіру; үш қатарға қайта сап түзеу арқылы (жолай кегльді алу); жылдамдатусыз бірнеше рет жүгірумен алмастыру арқылы жылдамдыққа; сап түзеу арқылы жылдамдыққа; ирелеңдеп жүгіру; қиылысқан жерлермен баяу жүгіру.



Секіру: ұзын және қысқа секіртпемен қос аяқтап, ыршып-ыршып, бір аяқтан екінші аяққа алға айналдыра отырып және қос аяқтап ыршып секіруді алмастырып алға, артқа секіру; бір орында және 6-8 м қашықтыққа алға қарай жылжу арқылы секіру; арақашықтығы 40 см құрсаудан келесі құрсауға бір аяқтап және қос аяқтап; екпінмен биіктікке; екпінмен ұзындыққа; бір орыннан ұзындыққа; қос аяқтап, аяқтың оң бүйірімен (3 рет), одан соң 180 градусқа бұрылып сол бүйірімен секіруді жалғастыру.

Лақтыру, қағып алу, домалату: 4 м арақашықтықтан қапшықты тік нысанаға иықтан асырып, оң және сол қолмен лақтыру; допты бір қолмен еденнен ыршытып, қос қолмен қағып алу, бір қолымен жоғары лақтырып, бір қолымен қағып алу.

Еңбектеу және өрмелеу. Құрсауларды айналдырып, олардың ішінен өту; орындықтан еңбектеп өтуді жүрумен алмастыру. 3-4 доғаның астынан еңбектеп өту; гимнастикалық қабырғаның басына дейін сатыдан аттамай бір және бірнеше тәсілмен өрмелеп, басқа аралыққа ауысып төменге түсу; арқаға қапшық қойып төрттағандап еңбектеу; қырынан қойылған сатының тақтайшалары арасынан еңбектеп өту.

Тепе-теңдікті сақтау: арқан, жіп бойымен басына қапшықты қойып, бір жақ жанымен қырындап адымдап жүру; гимнастикалық орындық үстімен арақашықтығы баладан екі қадам алыс қойылған толтырылған доптардан аттап жүру; бір-бірінің қолдарынан ұстап жұптасып айналу; көтеріңкі заттың үстімен жүру; көлденең және көлбеу бөрене бойымен жүру және жүгіру; «Қарлығаш» жаттығуын орындау.

Сапқа тұру, сап құрылымын өзгертіп қайта тұру. Сап түзеу және сапқа қайта тұрудың бұрын игерілген әдістерін қайталау және жетілдіру. Жүру барысында жұптасып және қайтадан бір қатарға тұру; педагогтің тапсырмаларын орындай отырып, жүру және жүгіру кезінде сапта тұрып бір қатардан үш қатар құру; қимыл процесінде жұптасу және қайтадан бір қатарға тұру; саптағы бір қатардан үш, төрт қатарға қайта сап түзеп тұру.

Музыкалық-ырғақты жаттығулар. Музыка ырғағына сәйкес түрлі қарқында қимылдар жасау. Өздеріне таныс дене жаттығуларын музыка әуенімен әсем де, ырғақты етіп орындау. Түзу бағытта шоқырақтап жүру. Жұптасып шеңбер бойымен қозғалу. Жұптасып шеңбер бойымен қозғалу. Жұптасып үйлесумен және айырылу арқылы сапқа қайта тұру. Басты екі жаққа еңкейту арқылы «серіппелі» отырып-тұру арқылы қосалқы қадам басу, қолдың қимылдары бірге жасалады.
Жалпы дамыту жаттығулары

Қолға арналған жаттығулар. Бір қолдан екінші қолға затты алға, арқаға, басына қайта қою. Қолды алда шапалақтау және арқаға қою. Қолды буыннан айналдыру. Қолдың саусақтарын ашып, жұму.

Аяққа арналған жаттығулар. Аяқтың басын таяққа, арқанға тірей отырып, өкшемен бір жағымен қырындап жүру. Таяқ, білікше бойымен (диаметрі 6-8 см) табанның ортасын тірей отырып, бір қырындап жылжу. Табанды бүгу, түзулеу, айналдыру.

Кеудеге арналған жаттығулар. Отыру, бұрылып затты артына қою, қайтадан артқа бұрылып затты алу. Шалқасынан жерде жатып, аяқты жоғары көтеру, велосипед тепкендей аяқты қимылдату. Тізерлеп отырған қалыптан оң және сол аяққа кезекпен салмақ түсіре отыру. Етпетінен жатып аяқты бүгу, қайта жазу (алдымен бір аяғын, содан соң екі аяғын бірге). Шалқасынан жату, етпетіне ауысу. Етпетімен жатып қолды жан-жаққа созу, иығын бүгу және аздап жоғары көтеру.



Дене күшін арттыратын жаттығулар. Қолдарын орындыққа тіреп, аяқтарын созып, қолды шынтақтан бүгіп жазу (7-10 рет); 6 метрге дейін қолмен жүру (екінші бала бірінші баланың аяғынан ұстап жүреді).

Іштің бұлшық еттеріне (пресс) арналған жаттығулар. Екі бала жұптасып жасайды: бірінші бала қолын желкесіне қойып, шалқасынан жатып, денесін көтереді, екіншісі оның аяғына отырады (7-10 рет); гимнастикалық қабырғада қолдарымен тартылып тұрып, аяқтарын қосып сермейді (7-10 рет).

Арқаға арналған жаттығулар: топтасып отырған күйі алға, артқа «әткеншек» жасап домалау (7-10 рет), 5 метрге дейін қолдың көмегімен етпетінен жатып еңбектеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет