Қазақстан республикасы қоршаған ортаны қОРҒау министрлігі «АҚпараттық-талдау орталығЫ» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны»



бет8/17
Дата17.06.2018
өлшемі0,83 Mb.
#42592
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17

1.3 Қазақстанда ОБЗ ұлттық кадастрын әзірлеу, ОБЗ тұтынудың өсім себебін анықтау, ОБЗ тұтыну процесін басқару сонымен қатар ОБЗ тұтыну және импорт мониторингі жүйесін әзірлеу, Қазақстандағы тұтыну озон бұзушы заттарды (ОБЗ) болжаудың және бағалаудың әдістемелік жолдарын жетілдіру



Зерттеу нысаны болып Қазақстандағы озон бұзушы заттар табылады.

Жұмыстың мақсаты – озонды бұзушы заттарды тұтынуды болжау және әдістемелік жолдарын жетілдіру, негізгі қолдану түрлері мен озон бұзушы заттарды тұтыну көлемінің бағасы, ОБЗ тұтынудың өсім себептері, ОБЗ тұтынуды болжау, ОБЗ тұтыну және импорт мониторингінің жүйесін әзірлеу сонымен қатар, ОБЗ қысқару процесін басқару.

Зерттеу нәтижесінде 2001-2006 жылдар бойынша ОБЗ тұтыну деңгейінің бағасы орындалып, ұлттық кадастры жасалды және Монреаль хаттамасының шараларын қабылдау есебінсіз 2005-2010 жылдардың ОБЗ тұтыну деңгейінің бағасы жасалды.

Монреаль хаттамасы жыл сайынғы Тараптар мәжілісі шешімдерін талдау және маңызды аналитикалық бағаларын талап ететін күрделі және өте табысты халықаралық келісім болып табылады. Жыл сайынғы шолу шешімдер оның мүдделері есебінде ҚР міндеттерін орындауды қорғау және жүйелі талдауға жіберілді;

Монреаль хаттамасының Түзетулерін бекіту туралы XVI/1 Тараптар шешіміне сәйкес Қазақстанға бромды метил және көшпелі заттарды тұтынуды қысқарту үшін грант алуға рұқсат беретін Монреаль және Пекин түзетулеріне қосылуға дайындалу процесін бастау және ҚР Копенгаген түзетуіне қосылу процесін жылдамдату қажет;

Халықаралық мәжілістің соңғы шешімі бромды метилді қолдануды қысқартуға бағытталды. Қазақстан Республикасы бромды метилді астық карантинді өңдеу үшін пайдаланылады. Озон бойынша «Тұтынудың қажет түрі» ретінде бромды метилді тұтыну туралы Секретариатқа сұраным дайындығын жылдамдату қажет;

2000 ... 2006 жылдар бойынша ОБЗ тұтыну бағасы хлорфторкөміртектердің тұтыну көлемінің (Монреаль хаттамасының А қосымшасы) кенет қысқарғанын көрсетті. Есеп кезеңінде Қазақстанда қолданылатын негізгі озон бұзушы заттар болып ГХФК-22, 141b, 142b бромды метилдер табылады. Озон бұзушы заттардың негізгі тұтынушылары суу секторы болады;

ГХФК «көшу» заттарын тұтыну өсуде.

Бұл заттарды тұтыну көлемі 2006 жылы 44,2 ОБЖ құрады. Тұтынудың жалпы көлемі 2005 жылға қарағанда 72%-ға өсті;

Монреаль хаттамасы бойынша қабылданған шара есебінсіз есептелген 2005-2010 жж., ОБЗ (ГХФК) тұтыну болжамы «көшу» заттарының тұтыну өсімі орнықты екендігін көрсетеді. Монреаль хаттамасының қол қойылуына сәйкес бұл заттарды тұтынудың қысқарту шараларды қабылдау қажет;

ОБЗ тұтынуды қысқартуға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін нақты ақпарат қажет. Бұл мақсатта ОБЗ кадастрын және ОБЗ тұтыну мониторингінің жүйесін енгізу қажет.

2007-2015 жылдарға арналған «Қазақстандағы озон бұзушы заттарды қысқарту» Бағдарлама жобасы Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік Тұжырымдамасы және озон қабаттарын бұзушы заттардың Монреаль хаттамасы бойынша Қазақстанмен қабылданған міндеттер шеңберінде әзірленген.

Қазақстанда озон бұзушы заттардың импортері болып табылатын біртіндеп қысқару проблемасы өзекті болып отыр. Бағдарламада Қазақстанда озон бұзушы заттарды тұтынудың өсу себептеріне талдау жасалды және ОБЗ қысқарту процесін басқару жүйесін ықшамдаудың, оны шешудің іс-шаралары ұсынылды.

Қазақстан Республикасы халқының денсаулығына ықпалы және озон қабатын бұзушы әлеуетті қауіптердің алдын алу және ОБЗ тұтыну деңгейін қысқарту бойынша міндеттерді шешудің жағдайларын жасауға бағытталған озон бұзушы заттарды тұтынудың қысқарту процесін ұйымдастыру бойынша негіздегі бағдарлама болып табылады.


2 ТАРАУ ОБЗ ҚАТЫСТЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ АҚПАРАТ



2.1 Экономика секторлары бойынша ОБЗ пайдалану/тұтыну және өндірістік қуаттар.

Қазақстанда құрылыста тек қана изоляциялар үшін қолданылатын қатты полиуретан көбіктерінің өндірісі бойынша қуаттар бар. Көбік материалдарды өндіруде ГХФК-141b, ГХФК-22, ГХФК-142b қолданылады.

Қазақстан аумағында көбік материалдарын өндіруде 17 аса шағын және орта кәсіпорын бар. Қазақтстанда жұмсақ көбік материалдарды қолдану жиһаз және матрастарды өндіруде үстем болып отыр. Бұл әртүрлі сападағы жұмсақ көбік материалдарының импортын ұлғайтуға негізінен Қытайдан сонымен қатар жұмсақ көбік материалдардың жеке өндірушілерінің пайда болуына алып келді.

Қазақстанда ОБЗ ірі тұтынушысы – суыту және ауа тазарту жүйесін толтыру үшін қолданылатын заттары бар суыту секторы. Хладагенттер (автомобиль және темір жол көлігі) өнеркәсіптік, тұрмыстық, коммерциялық және тоңазытқыш қондырғылар және ауа тазартудың жүйелерінің толтыруларында қолданылады. Бұл сектор көп тұтынылады.

Өндірістік тоңазытқыш жүйелерінің өндіріс процесінде еріткіш ретінде және машиналарды, жабдықтарды суытуда қолданылатын бақыланатын заттардың химиялық және металлургиялық кәсіпорындары бар.

Қазақстанның тамақ өнеркәсібі де сонымен қатар ет-сүт, балық, ішімдіксіз, кондиттерлік және наубайхана өнімдерін өндіруде ОБЗ суыту жүйесін толтыру қолданылады. Соңғы жылдары бұл салада аммияктан ХФК-12, ГХФК-22 және ГФК-134а көшу жалғасуда.

Қазақстанда жолаушы таситын вагондардағы ауа тазатқыштар, тоңазытқыш вагондар, көлік тоңазытқыш жабдықтар, мұздатқыш-вагондар сонымен көліктегі тоңазытқыш жабдықтар кең қолданылады. Бұл сектордағы реттелетін заттардың ең ірі тұтынушысы болып «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы табылады.

Республиканың географиялық орыны 4 климаттық аймаққа орналасқан салқындатқыштардың жазғы мерзімге қолдануына барлық жерде талап қойылады. Олар әкімдік ғимараттарда, ауруханаларда, мектептерде, дүкендерде, өнеркәсіптік кәсіпорындарда және көліктің кейбір түрлерінде қолданылады. Отбасыларда ГХФК-22 толтырылған жеке салқындатқыштарды қолдану кең тарады. Ұйымдарда, қонақ үйлерде, әкімдік ғимараттарда әуежайларда, мұражайларда және өндірістік кәсіпорындарда, супермаркеттерде жабдықталған жағдай жасау үшін ГХФК-22 толтырылған орталықтандырылған салқындатқыш жүйелер қолданылады. Салқындату жүйесі үшін ОБЗ қолданатын тұтынушыларға телекоммуникациялық компаниялар жатады.

Негізінен Қазақстандық миллиондаған отбасылар мен кәсіпорындарда Ресейден, Белоруссиядан, Украинадан, Корея Республикасынан және басқа да елдерде импортталған және Қазақстанда жинақталған тоңазытқыштар бар.

2006 жылы Қазақстанда 320-дан аса тұрмыстық және коммерциялық тоңазытқыштарды жөндеу шеберханалары қызметін жалғастырып отыр. Бұл салада жеке кәсіпкерлер де қызмет жасауда. Тұрмыстық және коммерциялық тоңазытқыштарға қызмет және жөндеуді жүзеге асырушы ресми емес сектор жұмыс жасайды.

«Техол» кәсіпорын тоңазытқыштар зауыты 1996 жылдан бастап (Теміртау қаласы) кәсіпорын тоңазытқыштарын шығара бастады. Қазіргі таңда зауыт модульді типтегі өнеркәсіп тоңазытқыштарын, көкөніс сақтау, сот медицина және патоанотомиялық мекемелерге арналған арнайы тоңазыту камераларын жинақтаумен айналысады.

Суыту жүйелерін жинақтаумен айналысатын мекемелер (тоңазытқыш витриналары) қатарына «Айза» ЖШС (Шымкент қаласы), «Полаир» (Алматы қаласы), «Брандт» (Алматы қаласы), «Полюс» (Көкшетау), «Калугин және К» (Алматы, Ақтөбе, Астана қалалары), «Хладотехника» ЖШС (Өскемен) сонымен қатар, Қазақстанның басқа аумақтарында тоңазыту жабдықтарын монтаждаумен және құрумен айналысатын бірқатар басқа компаниялар /В қосымшасы/.

Бромды метил тауарды тасымалдаудан бұрын карантиндік өңдеу және сақтау үшін қолданылады ал, Қазақстан бірқатар елдер үшін астық экспортері болып табылады соған байланысты астықты өңдеу бромды метилмен жүргізілді.

2000 жылдан бастап 2007 жылға дейінгі кезеңде орындалған сеторлар бойынша тұтыну бағасы 1 кестеде орналастырылған.

2000 жылдан 2007 жылдар аралығында суыту секторында тұтыну өсімі байқалды, егер 2000 жылы оның 56% аса үлесі болса, 2004 жылы 67% болды. 2005 жылыжоғары озон бұзушы әлеуеті бар ХФК қолдануды тоқтатудан пайда болған жалпы тұтынудан суыту секторын қолдану 57,6% дейін төмендеді. Сонымен қатар озонқауіпсіз заттарға көшуге шартталған 2006-2007 жылдарда ГХФК тұтыну жоғарылады. 2006 жылы ауылшаруашылығы секторы карантиндік өңдеу үшін 33 тонна бромды метил пайдаланылды.
1 кесте – 2000-2007 жж. кезеңіндегі секторлар бойынша ОБЗ тұтыну, ОБЖ тонна

Сектор \жылдар

2000

2001

2002

2003

2004

2005

2006

2007

Суыту

333

189

91

42

38,5

26,8

50,5

54,1

1 – кестенің жалғасы



Көбіктер

110

81

39

21

11

11,5

7,6

7,9

Еріткіштер

125

69

14

2

1,7

1,8

2,3

2,6

Галондар

13

7

2

0

0

0

0

0

Бромдыметил

17

15

18

6

6,9

6,4

19,8

60

Озон қабатын бұзушы заттар бойынша Монреаль хаттамасының міндеттерін орындауда негізгі міндеттердің бірі болып озон бұзушы заттарды (ОБЗ) тұтыну бағасы табылады. Бұл мәліметтер реттелетін заттарды қолдану және өндірісті кезеңді қысқарту стратегиясы және кешенді шараларды әзірлеу, реттелетін заттарды кезеңді қысқартуды бақылаудың негізі болып табылады. Сондықтан да ақпаратты жинау және талдау талап ретінде ғана емес сонымен қатар, озон қабатын қорғау туралы халықаралық келісім бойынша міндеттерді орындау үшін пайдалы және қажетті құрал ретінде қарастырылады.



Монреаль хаттамасына сәйкес елдің тұтыну көлемі өндірісте шығарылым минус әкелім плюс сияқты анықталады. Қазақстан ОБЗ өндірісі үшін қуаттылығы болмайды, сондықтан да оны тұтыну былай анықталады:
(1)
P- тұтыну болса, V және V0 – сәйкесінше реттелетін заттардың әкелім және шығарылым көлемі.

Монреаль хаттамасымен басқа Тараптармен ұсынылуы және шикізат ретінде пайдаланылуы мүмкін қайтадан өндірілетін заттарды тұтыну есебінен қабылданады.



Демек, реттелетін заттарды әкелім көлемінің бағасын (2 ) формула бойынша бағалауға болады :
(2)

Қайтадан өндіріліп әкелінген жалпы көлемі - V1 , шикізат ретінде қолданылатын ОБЗ әкелінген көлемі - V2 , қайтадан өндірілген заттар ұсынылған Тараптар көлемі - V3 . Қазақстан әкелінетін ОБЗ шикізат ретінде қабылдамаған жағдайда және Тараптарға қайтадан өндірілген заттарды ұсынуда (2) формула түрінде қабылдайды:



(3)
Әкелінген реттеуші заттар туралы ақпарат жинауда келесі мәлімет көздері қолданылады:

Реттеуші заттарды әкелу және әкету мониторингі және лицензиялаудың мемлекеттік жүйесі;



  1. Кедендік мәліметтер;

  2. Импортерлерден түсетін ақпараттар;

  3. Бағалау мәліметтері.

Бұл көздердің әрқайсысының өзінің жетістіктері мен кемшіліктері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет